- •Қазақ тілін оқыту әдістемесі – дербес ғылым саласы
- •Әдебиеттер:
- •Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі
- •3.Қазақстандағы халық педагогикасының және этнопедагогиканың даму тарихы мен қалыптасу кезеңдері.
- •Әдебиеттер:
- •Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
- •4. Саналылық пен белсенділік ұстанымы
- •5. Теорияны тәжірибемен байланыстыру ұстанымы
- •6.Түсінуге жеңіл қолайлылық ұстанымы
- •7. Оқытудың психологиялық ерекшелігін ескеру ұстанымы
- •Әдебиет:
- •"Қазақ тілі" пәні арқылы меңгертілетін құзыреттіліктер
- •1.Құзіреттіліктер:
- •Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі
- •2.Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі әдістер: 2.1Қатысым әдісі мен оның ұстанымдары, белгілері.2.2 Дарадан жалпыға бағдарлап оқыту әдісі 2.3 Интерактивтік оқыту әдісі.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. Астана, 2000.
2. Лапатухин М.С. Очерки по методике казахского языка в русской школе. Алматы, 1940.
3. Шонанов Т. Самоучитель киргизского языка для русских. 4-ое перераб.изд. Кызылорда, Каз.гос.изд., 1927 – 122с.
4. Сарыбаев Ш. Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен. Алматы,1940
5. Сарыбаев Ш. Методика преподавания казахского языка в русской школе. Алматы, 1943 – 125б.
6. Орынбаев А.Ә. Ш.Сарыбаевтың әдістемелік мұрасы.алматы, 1995.
7. Оралбаева Н. Қазақ тілін үйрену курсының программасы. Алматы, Мектеп, 1987 – 75б.
8. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы. Ана тілі, 1996 – 20б.
9. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т.Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1999.
10. БектуровШ. БектуровА. Казахский яык. Алматы, Рауан.1994 -240б.
11. Аяпова Т. Қазақ тілі. Алматы, 1998.
12. Байсақалова Ұ. Қазақ тілі. Астана.Фолиант, 2007.
2-дәріс
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі
Мақсаты – әдістеменің өзіндік әдіснамалық негіздемесін таныту
Сұрақтар:
1.Қазақ мектептеріндегі және Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі әдістеменің философиялық негізі, тұлға қалыптастыру негізі; әлеуметтік, танымдық негізі; қазақ тілін оқыту әдістемесінің, лингвомәдениеттанымдық негізі.
2.Қазақ тілін оқытудың лингвистикалық негізі. Қазақ тілін оқытудың психологиялық, педагогикалық негізі. Педагогикалық зерттеу әдістері.
3.Қазақстандағы халық педагогикасының және этнопедагогиканың даму тарихы мен қалыптасу кезеңдері. М.Жұмабаев, С.Ғаббасов, Ә.Табылдиев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, т.б. зертеулердегі көзқарастардың қазіргі кезеңдегі алатын орны. Қ.Жұбановтың ұлттық дидактика проблемеларытуралы көзқарастары.
4.Өзге тілді мектептерде қазақ тілін меңгертуде басшылыққа алынатын жалпы дидактикалық (дамыта оқыту, ғылымилық, жүйелілік, оқу мотивтерін ескеру, түсініктілік, т.б.) және арнайы бағыттар (катысымдық тұрғыдан оқыту, әрекеттік бағыт, құзыреттілік бағыт, т.б. ұстанымдар).
Мазмұны:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру болып табылады.
2.а) Әдістемнің тіл білімдік негізі. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогикалық қана емес, тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады. Ендеше әдістемелік негізде мектеп грамматикасы мен ғылыми грамматика бір-бірімен тығыз байланысты.Әдістемнің психологиялық негізі. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды. Қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, тәжірибе жүзінде шешуге мүмкіндік береді.Мұғалім әрбір оқушыны, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасап, оқушыларды білімдендіреді. Оқушының психологиясын білмей, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес.Әдістемнің педагогикалық негізі. Жалпы тұрғыда педагогика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады. Дидактика – педагогиканың маңызды бір бөлігі, ендеше ол оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Қазақ тілі әдістемесі дидактика ұсынған оқыту ұстанымдарына, оқыту әдістерінің теориясына сүйенеді. Қазақ тілі сабақтарында тәрбие жолдарын (тәрбиеге мазмұны сәйкес материалды, мысалдарды сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалану т.б.) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақты қарастырады.
ә) Зерттеу әдістерінің белгілеріне нысан, зерттеу мәні, зерттеу мақсаты, зерттеу міндеттері, гипотеза жатады.Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжам жиынтығы.
Педагогикалық зерттеу əдістері – педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3) математикалық əдістер.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт-теудің жолдары. Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау. Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін. Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеталық әдіс материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады, сырттай орындалады.(Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі). Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу əдісімен де алынады. Олар: шəкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық жəне бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пəн дəптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік жəне дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу əдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дəрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие , білім игеру процесін ұйымдастыру тәжірибесында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.
Педагогикалық эксперимент әдісі, оның міндеттері:1) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мəнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: – теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);
- əдістемелік (зерттеу əдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақ-тылау);
- эксперимент жұмысы – бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап əрекеттерін бағалау);
- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, тәжірибелік ұсыныстар енгізу.
Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тəрбие процесі жағдайында) жəне зертханалық – қандай да əдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты жəне т.б. орай ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі. Эксперименттік əдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен əдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді.
Аталған əдістер тобы педагогикалық құбылыстар танудың эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара ғылыми-педагогикалық деректерді жинақтауға арналады. Ал осы топталған алғашқы деректік материалдың мəн-мағынасын ашып, заңдары мен заңдылықтарын анықтау зерттеудің теориялық талдау əдісімен орындалады.Теориялық талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, əрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстамдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мəн-жайына енеміз.
Индуктив жəне дедуктив əдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық əдістері. Индуктив əдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.
Теориялық əдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық əдіс көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
- жалпы жəне арнайы педагогикалық əдебиеттер;
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар ;
- мектеп, тəрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика жəне онымен сыбайлас пəндер бойынша оқулықтар мен – əдістемелік қолданбалар.
Əдебиеттермен жұмыс істеу əдістері арасында көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мəселеге байланысты іріктеліп алынған деректік əдебиеттер тізімі; реферат жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата) беру – əдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мəтінге ендіре жазу.
Педагогикадағы математикалық жəне статистикалық əдістер сауалнама, эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тəуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып, эксперимент нəтижесін бағалауға, қортындылар сенімділігін арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге жəрдемдеседі. Математикалық əдістер арасында педагогикада ең көп қолданымға келетіндері: тіркеу (регистрация), ранжирование (тəртіпке келтіру), өлшемге түсіру (декодирование). Статистикалық əдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа сандық шамасы айқындалады: орта арифметикалық (салыстырып бақылау жəне эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа санын шығару үшін); медиана – тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта он екі оқушы болса, бағаның өсу дəрежесімен өрнектелген тізімде алтыншысының бағасы - медиана ); таралу дəрежесі – дисперсия немесе орташа квадраттың ауытқу, баламалар коэфиценті жəне т.б.
