Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak_tili__1241_dist_lektsia-2015-16.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттер:

1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.

2. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.

3. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.

4. Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М.Қазақ халқының салт-дәстүрлерi.Алматы: “Рауан” 1995 ж.

2. Жұмабаев.М. “Педагогика” – Алматы: “Ана тiлi” 1992 ж.

3. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр Антологиясы, 2 томдық. – Алматы: “Рауан” 1т. 1994., 2 т. 1998 ж.

4. Қыраубаева А. Ежелгi дәуiр әдебиетi. – Алматы: “Мектеп” 2003 ж.

5. Аймауытов Ж. Шығармалары. А; “Жазушы” 1989 ж. Психология. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.

6. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1-7 том. – Алматы, 1998-2005 ж.

7. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика”. - Астана. 2005 ж.

8. Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi.Алматы:“Рауан” 1995 ж.

9. Асыл сөз. //Құр. Асанов Ж. – Алматы. 2000.

10. Жарықбаев Қ.Б., Табылдиев Ә. “Әдеп және жантану”. – Алматы: “Атамұра” 1994 ж.

11. Дүйсембинова Р.Қ.Қазақ этнопедагогикасын мектеп программасына ендiру.Алматы:“Ғылым” 2000 ж.

12. Беркiмбаева Ш.К., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы.Алматы: ҚызмемПИ. – 2005 ж.

13. Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi.Алматы; 1993 ж.

3-дәріс

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары

Мақсаты: Қалыптасқан ұстаным түрлерін талдап, түсіндіру

Қаралатын мәселелер: Қазақ тілі әдістемесіндегі ұстаным түрлері (7-8)

Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың формалары мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемені анықтауда дидактикалық ұстанымды басшылыққа алады.(Латын сөзінен алынған: оқытуда басшылыққа алынатын қағида).

Дидактикалық ұстанымды алғашқы зерттегендер: чех педагогі Я.А.Коменский, орыс педагогі К.Д.Ушинский, қазақ халқында – Ы.Алтынсарин. Кеңес дәуірінде Н.А.Сарокин – оқыту ұстанымының 8 түрін, М.А.Данилов – ("Дидактика средней школы",1975 ж.) 7 түрін; Т.А.Ильина ("Педагогика") 7 түрін; Ю.К.Бабанский /Педагогика, І977 ж./ 13 түрін атаған.

"Қырғыз хрестоматиясы" оқулығында Ы.Алтынсарин оқыту ұстанымдарын түсініктілік ұстанымы, көрнекілік ұстанымы, жаттығу ұстанымы, өз бетінше оқыту, саналылық ұстанымын ұсынған.

Одан соңғы Қазақ тілін оқыту әдістемелерінде оқытудың 4, 7 түрлері беріледі:

1. Қазақ тілін оқытудың ғылымилық ұстанымы

2. Жүйелілік ұстанымы

3. Көрнекілік ұстанымы

4. Саналылық пен белсенділік ұстанымы

5. Теорияны тәжірибемен байланыстыру ұстанымы

6. Түсінуге жеңіл қолайлылық ұстанымы

7. Оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымы

Оқытудың ғылымилық ұстанымы

Қазақ тілінің негізгі салаларын оқыту ғылыми дәлелдеулерге, ұғымдарға, негізделеді. Профессор Ә.Исабаев: «Оқушыларға берілетін тілдік мәліметтер төмендегі өлшемге сәйкес болуы қажет: Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет, мәселен төртінші және бесінші сынып оқушыларына берілетін және онымен таныстырылатын терминнің аясын аса ғылыми дәрежеде кеңейтіп беруге болмайды: айталық дауысты дыбыстарды – вокализм деп, дауыссыз дыбыстарды – консонантизм деп түсіндіруге келмейді. Сондай-ақ қосынды дауыстыларды – дифтонгит деп түсіндіруге болмайды» - дейді.

Жүйелілік ұстанымы

Сыныптың жас ерекшелігіне байланысты білім көлемінің бір жүйеде берілуі. Бағдарламада берілген материалдың орналасу жүйесі бастауыш сыныпта, орта және жоғарғы сыныпта көрсетілген. Материал сабақтасып, кеңейтіліп, сатыдан сатыға өткен сайын тереңдеп ғылыми жағынан толықтырылады. Мысалы: 6-сыныпта «Зат есім» тақырыбы бойынша алдымен анықтамасы, сұрақтары, мағыналары, түрлері оқытылса 7-сыныпта «Зат есімнің түрленуі» тақырыбымен толықтырылады. Жүйелілік ұстанымы жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағды бекітуде, біріккен сабақ құрылымында, тексеруде, пысықтау мен қайталауда, үй тапсырмасын беруде тексеріп, еске түсіруде іске асырылады.

Көрнекілік ұстанымы

Көрнекілік ұстанымы тілді оқытуда ерекше қызмет атқарады. К.Д.Ушинский таныс емес бес сөзді қаншама қайталап қиналатын оқушы сурет арқылы көрсетілген жиырма сөзді лезде үйреніп алады деп айтады.Көрнекілік ұстанымы оқушылардың қазақ тілінен берілген білімді көрнекілік арқылы оқытуға бағыт береді. Ең алғаш оқытудағы көрнекілік туралы айтып, құнды пікір қалдырған Я.А.Коменский болатын. Оның көрнекілік туралы айтқан "Алтын ережесінде": "...бала сезімі қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғыза білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты, жұмсақтығын, т.б. байқасын..." - деген болатын /Я.А.Коменский. "Ұлы дидактика"/.

Көрнекіліктің түрлерін педагогиканың дидактика тарауында көрсеткен.

1. Жаратылыс көрнекілігі. Оқушыларды табиғатқа экскурсияға апару арқылы шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру;

2. Көлемдік көрнекілік: фото, суреттер, картиналар, диафильм, диапозитив, кинодан фрагмент, т.б. көрсету арқылы тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру.

3. Дыбыстық көрнекілік: күйтабақ, грампластинка, магнитофон, үзінді оқып, талдату.

4. Графикалық символдық көрнекілік: картина, схема, таблица, диаграммалар.

Көрнекі құралдар оқушыны қызықтыру қызметін атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]