Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМП - ЭТАЛОН.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39 Кб
Скачать
☆

1.1.3. Сұрақ: Жоғары мектептегі «тәрбие» категориясының қоғамдық мәніне сипаттама беріңіз.

Жауап: Тәрбие ұғымы қоғамдық категория ретінде үнемі жаңарып, жаңа мәнге ие болып отырады. Қоғамның әрбір даму кезеңінде тәрбие ұғымына әртүрлі анықтамалар берілген. Еліміздіің егемендік алуына байланасты тұңғыш тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбие дегеніміз халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына сіңіру», - деп атықтама берілген. Кейіннен нарық экономикасының келуіне байланысты: «тәрбие дегеніміз жастарды қоғамда өмір сүруге және еңбек етуге бейімдеу», -деп анықтама берілді. Бұдан шығатын тұжырым қоғамның дамуына сай тұлға болмысы мен оның сұранысы өзгереді. Соған сай оны тәрбиелеудің ұғымы мен мәніде өзгеріске ұшырайды.

1.1.4. Сұрақ: Жоғары мектеп педагогикасы пәнiнiң негiзгi категорияларына салыстырмалы сипаттама беріңіз.

Жауап: Жоғары мектеп педагогиканың пәні оның негізгі категорияларын өзіне қамтиды. Педагогика ғылымының негізгі категориялары:

  1. тәрбие

  2. оқыту

  3. білім беру.

Тәрбие ұғымы қоғамдық категория ретінде үнемі жаңарып, жаңа мәнге ие болып отырады. Қоғамның әрбір даму кезеңінде тәрбие ұғымына әртүрлі анықтамалар берілген. Еліміздіің егемендік алуына байланасты тұңғыш тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбие дегеніміз халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына сіңіру», - деп атықтама берілген. Кейіннен нарық экономикасының келуіне байланысты: «тәрбие дегеніміз жастарды қоғамда өмір сүруге және еңбек етуге бейімдеу», -деп анықтама берілді. Бұдан шығатын тұжырым қоғамның дамуына сай тұлға болмысы мен оның сұранысы өзгереді. Соған сай оны тәрбиелеудің ұғымы мен мәніде өзгеріске ұшырайды.

Оқыту – студенттер бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған оқытушылар мен студенттердің мақсатты түрде өзара әрекеттесуі. Оқыту ол таным үрдісі. Оның барысында психикалық үрдістер дамиды және олардың көмегімен студенттер білім, білік, дағды, шығармашылық әрекет тәжірибесін, эмоционалдық қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді, ерік-жігерін дамытады. Оқыту тәрбие үрдісімен тығыз байланысқан үрдіс.

Білім беру – бұл әлеуметтік құбылыс ретінде дербес жүйе, оның негізгі функциясы қоғам мүшелерін оқыту және тәрбиелеу, белгілі бір білімді, идеяларды, адамгершілік құндылықтарды, іскерлік, дағдылар, мінез-құлық нормаларын меңгеруге бағытталады, олардың мазмұны қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты және қоғамның материалдық техникалық даму деңгейін анықтайды. Салыстырмалы түрде жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары бір-бірлерін толықтырады.

1.1.5. Сұрақ: Жоғары мектеп педагогикасы пәнiнiң басқа ғылымдармен байланысын түсіндіріңіз.

Жауап: Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының екі түрі бар: әдіснамалық және пәндік.

Әдіснамалық байланыс:

  • Басқа ғылымдарда қалыптасқан негізгі идеяларды, жалпы тұжырымдамаларды педагогикада қолдану (мысалы, философиядан);

  • Басқа ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін пайдалану (мысалы, әлеуметтанудан).

Пәндік байланыс:

  • Басқа ғылымдардың нақты нәтижелерін пайдалану (мысалы, психологиядан, медицинадан, физологиядан және т.б.)

  • Кешенді зерттеулерге қатысу.

Педагогика ғылымының нысанына адам және оның қалыптасып дамуы кіргендіктен, бұл ғылым адамды зерттеу нысаны ретінде қарастыратын барлық ғылымдармен байланыс жасайды. Бұл байланыстардың ішінде философия және психологиямен байланыстары ерекше.