Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМП - ЭТАЛОН.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39 Кб
Скачать
☆

2.1.4. Жоғары мектеп оқытушысының ғылыми-зерттеушiлiк мәдениетi түсінігінің мәнін нақтылы мысалдармен ашыңыз.

Жауап: ЖМ оқытушысы ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде белгілі бір әрекет мәдениетін меңгеруі тиіс. Яғни ғылыми ақпараттарды іздеу, іріктеу, негізгіні бөліп алу, конспектілеу, талдау секілді дағдыларға игеру тиіс. Бұл оқытушының зертеушілік мәдениеттін құрайды. Зерттеу жұмысында:

  • Ақпаратты талдау, салыстыру, жүйелеу;

  • Ақпаратты конспектілеу;

  • Аннотациялау;

  • Ақпараттар каталогын жасау;

  • Цитата келтіру және т.б. қабілеттерге ие болғанда оқытушы ғылыми зерттеу жұмысын тиімді ұйымдастырады және дұрыс нәтиже алуға икемді болады.

2.1.5. Сұрақ: Жоғары мектеп педагогикасының методологиялық негiздерiн айқындап көрсетіңіз, оларға салыстырмалы талдау жасаңыз.

Жауап: Ғылымда методологияның төрт деңгейi анықталған:

  1. Танымның жалпы принципi - философиялық методология.

  2. Жалпығылымдық методология (барынша көп ғылыми пәндерге ықпал ететiн жалпығылымдық концепцияның мазмұны - жүйелiлiк ыңғай, кибернетикалық ыңғай және т.б.).

  3. Нақты-ғылымдық методология (нақтылы бiр зерттеп отырған пәнде қолданылатын зерттеудiң тәсiлдерi принциптерiнiң жиынтығы).

  4. Берiлген нақтылы зерттеудiң методологиясы - эмпирикалық мәлiметтердi алуды және оның бастапқы күйiн бiлудi қамтамасыз ететiн әрекеттер жиынтығы мен зерттеудiң техникасы мен әдiстемесi.

ЖМП оқытушының болашақ қызметіне даярлығын қалыптастыруда көптеген педагогикалыө теорияларды әдіснамалық негізге аламыз. Мысалы, болашақ маманның тұлғасы қарастырылатындықтан тұлға теориясын (Леонтьев Н, Ананьев, Рубинштейн), тұтас педагогикалық процесс теориясы (Н.Д.Хмель), пән аралық байланыс теориясы (А.А. Бейсенбаева), іс-әрекет теориясы (Леонтьев Н, Ананьев, Рубинштейн) және т.б. теорияларды әдіснамалық негізге аламыз.

3.1.1. Сұрақ: Жоғары мектеп педагогикасының теориялық проблемаларын жасаудағы жеке тұлға теориясы мен iс-әрекеттiк теориясына талдау жасаңыз.

Жауап: Тұлға -  жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік,  психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым.

Тұлға теориясына Леонтьев, Ананьевтердің берген анықтамасы бойынша: Тұлға - іс-әрекетпен тікелей байланысты, адам қаншалықты көп іс-әрекет жасаған сайын соншалықты дамиды, яғни адам өз іс-әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.

Абайдағы толық адам туралы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алып, ақынның «Адам болам десеңіз» деген тезисінен бастау алады. Толық адамның тұла бойын толтырар ізгі қасиеттерді "Бес нәрседен қашық бол,  Бес нәрсеге асық бол", "Қашан бала ғылым білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады"- деп адам болудың шарттарын нақты көрсете білген

Абай адам болудың психологиялық қасиеттеріне де тоқтала кетеді: "Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек " - деп нақтылай түседі. «Ыстық қайрат» - бұл үнемі ізденіс үстінде болу, тек қана алға ұмтылу, жасампаз болу. «Нұрлы ақыл» - елге сәуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, Алла берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек» - иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау, олардың мұң-мұқтажын, көңіл-күйін ұға білу. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта пайдаланылған жағдайда ғана толымды адам деген мәртебеге ие болуға болады. "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек",- дейді. Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толымды адам. Абайдың арманындағы толық адамның іргетасы дінмен ұштасып, дінмен дамиды және дінмен жетіледі. Адамзат өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. бойында жетілдіре білген, дамытқан адам – Абай ұсынған «толық адам» концепциясы.