Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 Ебек орау блімі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110 Кб
Скачать
☆

5.4 Электр қауіпсіздігі

Жобалайтын бөлімшеде әртүрлі жабдықтар қауіпті жағдайлар туғызады: электрлік жетек (іске қосып қадағалау аппаратыда жатады), жүккөтеру – транспорттардың электржабдықтары, зауытішіндегі электрленген транспорт. Тоғы бар қондырғылардан сақтану үшін келесі шараларды іске асырады:

- оқшаулау, ЖЖТ қондырғысын қоршау, тоқ жүретін бөлімдерін алыстату;

- дистанциялық басқаруды пайдалану арқылы; ескерту қағаздары мен оқшаулау арқылы, сигнализация орнату, магнитті іске қосқыш арқылы дистанциялық қосылу мен өшуді пайдалану;

- қауіптің бар екенін ескертетін жарнамалық қағаздарды кеңінен пайдалану.

Егерде жұмысшы электрмен жалғанған металдық бөліктерге қолы тиіп кетсе, онда электрі бар металдық бөліктерді жерлендірген жөн. Яғни электрлі метал бөліктерін жермен байланыстыра отырып жалғау.

Жалпы жұмыс істеу барысында жұмысшы электрге түсіп қалмас үшін өте мұқият істеу қажет. Демек қандай да бір қарапайым жұмысшының өміріне қауіп төндіретін жерде жұмыс істейтін болса онда, сол жұмысшыны сақтандыратын белгілер немесе еңбек қорғау барысындағы қарастырылған мәселелер ескерілуі тиіс.

Электр қауіпсіздіктерінде қорғаныс бұйымдары 2 түрге бөлінеді:

1.жалпы қорғаныс бұйымдары (коллективное вещество);

2.жеке қорғаныс бұйымдары (индивидуальное вещество).

Барлық оқшауланған қорғаныс құралдары негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі оқшауланған құралдарын қолданып адам кернеуге қосылған тоқ өткізгіш бөліктерді ұстауға болады. Сондықтан, бұл заттардың оқшаулағышы электр құралдарының жұмыс кернеуін сенімді ұстауы керек.

Қосымша қорғаныс құралдары негізгі қорғаныс құралдарымен бірге қолданылады, сонымен қатар қадам кернеуінен қорғану шараларына жатады.

1000 В қа дейінгі және жоғары кернеулерге арналған қондырғыларда әр түрлі қорғаныс құралдары қолданылады.

Кернеуі 1000 В электр құрылғыларды оқшаулайтын негізгі оқшаулағыштарға оқшаулағыш штангілер, оқшаулағыш және тоқ өлшегіш қысқыштар, кернеу көрсеткіштері, оқшаулағыш құрылғылар және жөндеу жұмыстарына арналған құралдар (оқшаулағыш сатылар, аудандар, габариттер және т.б.) жатады.

Қосымша оқшаулағыш құралдарға диэлектрлік қолғаптар, диэлектрлік резеңке кілемшелері және қосалқы қойғыштар жатады.

5.5 Тау-кен жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік

Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2 -бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, жабу және жою барысында өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

Қазбалардың көлденең қимасы, таукен-геологиялық, таукен техникалық жағдайларды және қолданылатын қондырғыларды ескере отырып анықталады.

Қазбалардың жарықтағы ең аз көлденең қимасы:

1) желдеткіш және аралық штректер және көлбеулер, дренаждық шахта қазбалары үшін 3,0 шаршы метрден кем емес;

2) желдетілетін көтерілгіштер, сбойкалар үшін 1,5 шаршы метрден кем емес;

3) тасымалдау қазбалары, адам жүретін жерлер үшін 4,0 шаршы метрден кем емес;

4) жыныс түсіргіштер ретінде қызмет ететін көтерілгіш қазбалар үшін 2,2 шаршы метрден кем емес болып анықталады.

Қазбаның барлық ұзындығында адам еркін жүретін өтпелілер бір жағынан жасалады және биіктігі 1,8 метрден кем болмайды.

Жүк тасымалданатын барлық көлденең қазбалардың тіксызықты учаскелерінде тіреуіш (опалубка) немесе қазбада орналастырылған қондырғылар, құбырлар, сымдар және жылжымалы рельстік тасымалдау құралдарының шығып тұрған жері ара қашықтығы (адамдардың еркін өту жолу) 0,7 метрден кем емес, екінші жағынан темір бетон және бетон бекітпенің ағаш, темір және рамалық құрылымы кезінде 0,25 метрден кем емес және де тұтас бетоннан немесе темір бетоннан салынса 0,2 метрден кем емес болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]