Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 Ебек орау блімі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110 Кб
Скачать
☆

5.6 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі

Термиялық цехтарды жобалау және ұйымдастыру металдарды термиялық өңдеу кезіндегі қауіпсіздік техника ережесінің талаптарын және өндірістік санитарияны толық қанағаттандыруы қажет.Технологиялық қарекеттерді өңдеу мен жүк тасымалын ұйымдастыру кезінде физикалық ауыр қол еңбегін жеңілдету және алып тастау және жұмыскерлерді жарақаттанудан сақтау мәселелерін қарастыру керек.

Ереже бойынша жаппай өндірісте шыңдалманы термиялық өңдеудің көрсетілген талаптары үздіксіз әсермен автоматтандырылған және механикаландырылған сапқа сәйкес болады.

Термиялық цех пен бөлімшелердің бөлмелерінің тартып қысу фермасына дейінгі биіктігі 8-10 м төмен емес, ал жүккөтергіш аралық кезінде жүккөтергіш астындағы жолына дейін болуы тиіс.

Термиялық цех ғимаратының сыртқы периметрінің 60% кем емес бөлігі қосымша тұрғызулардан бос болуы қажет. Итергіш және конвейерлі агрегаттардың арасындағы арақашықтығы 3-4 м аз емес, камералық пештер арасы 1,5-2,0 м, басқа жабдықтар үшін 1,5 м аз емес болуы тиіс.

Ереже бойынша термиялық цех бөлмелерінде сәулелік аэрациялық жарық шамдар орнатылуы керек. Отының жануына пешке берілетін ауа тазартқыш, шудың көзі ретінде оқшаулау жерге, ал қажетті жағдайда агрегатқа жақын жерге орналастырады.

Жану өнімдерін пештен алып тастау жүйесін, сонымен қатар бытыралы камералардан сору жүйелерін дыбыс оқшаулау бойынша жұмыстарды пайдаланумен биіктігі 4,0-4,5 м болатын алаңдарда орнықтырады.

Май суыту және ерітінді суыту қондырғылары үшін астыңғы қабатта міндетті түрде автоматты өрт сөндіру құрылғысы орналасқан оқшау бөлмелер қарастырылады.

Май жинау және қауіпті ыдыстарды автоматты өрт сөндіруді азайту мақсатында оны отқа төзімді аралық бөлгіштермен қоршап қою қажет. Цехтарда май шынықтыру ыдыстарының жанында жеке өрт сөндіру қондырғысы қарастырылады.

Цех бойынша капиталдық шығындар тізімінде қауіпсіздік техника бойынша жұмыстарды қаржыландыруға арналған арнайы бөлек қаржы бөлінуі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]