- •7. Әлеуметтік-экономикалық әдісі, нормативті талдау, позитивті талдау және экономикалық-математикалық үлгілеу әдістеріне мысал келтіре отырып, анықтама беріңіз:
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың атқаратын қызметтері:
- •29. Әлеуметтік жұмыстағы қаржыландырудың түрлері мен қайнар көзін атаңыз және тұжырымдаңыз
- •30. Әлеуметтік жұмыстағы қаржыландырудың атқаратын қызметтерін анықтаңыз және мәнін ашып көрсетіңіз (ұқсас сұрақтар)
- •45.Жалпы профильдік және арнайыландырылған әлеуметтік қызметтер экономикасына тоқталыңыз
- •46.Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің экономикалық іс-әрекетін түсіндіріңіз және әлеуметтік қызметті қаржыландырудың қайнар көзін атаңыз
- •3. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері мен нысандары
- •48. Денсаулық сақтау мен осы бағыттағы әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудағы мемлекеттің рөлін сыни талдаңыз: Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілері
- •4. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың деңгейіндегі және аитв/житс алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі
- •56. Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 1 қаңтарындағы «күн көріс минимумының» мөлшерін атаңыз. «Күн көріс минимумы» қалай және қандай құзіретті органдармен тағайындалатындығына түсіндірме беріңіз:
- •57. Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері мен оның экономикалық негізін анықтаңыз
- •58. Қр зейнетақы жүйесіндегі реформаға талдау жасаңыз және зейнетақыны тағайындау және мөлшеріне тұжырымдама жасаңыз
Әлеуметтік қамсыздандырудың атқаратын қызметтері:
Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;
Бала тууға және бала бір жасқа толғанға дейін оны күтуге жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу;
Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу;
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан базалық зейнетақы төлемі есебімен зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу;
Мүгедектікті растау туралы ақпарат алу;
Мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу;
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу;
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу;
Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) турал ақпарат алу;
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау
Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алу;
Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау;
Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау;
Әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: жұмысынан айрылу;
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру;
Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама алу;
Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама алу;
Асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау;
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға), қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу;
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама алу;
Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою;
Жұмыссыздық туралы анықтама алу.
19. ҚР 2014 жылдың 1 қаңтар айынан бастап тағайындалатын әлеуметтік жәрдемақылар мөлшеріне талдау жасаңыз: Қазіргі кезде халықты әлеуметтік қорғаудың төрт деңгейлі жүйесі қалыптасқан:
бірінші деңгей - мемлекеттік бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар: базалық зейнетақы төлемдері, мемлекеттік жәрдемақылар, баланың туылуына арналған біржолғы төлемдер;
екінші деңгей Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан ортақ зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу, яғни барлық жұмыскерлер аударым жасайтын, ал зейнеткерлікке жасы толғандар немесе тиісті сақтық жағдайы орын алғандар ғана алатын орнықтылық қағидаттарымен жүзеге асырылатын төлемдер;
үшінші деңгей - міндетті зейнетақы жарналарының есебінен төленетін зейнетақы төлемдері, яғни адамның жеке салымдарына тәуелді жүзеге асырылатын төлемдер;
төртінші деңгей - ерікті сақтандыру есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер.
Үкіметтік бағдарламалармен халықтың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша нысандары қарастырылған. Мәселен, кедейлікті жою және әлеуметтік-демографиялық жағдаятты жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатымен 2005 жылдан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақылар енгізуді, ал перспективада отбасынының табыстарына қарай балалардың жәрдемақылар төлеуді қоса, балаларды қорғаудың біртұтас жүйесі жасалуда.
Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.
Зейнетақы - бұл қартайғанда, толық немесе ішінара еңбек ету қабілеттігінен, асыраушысынан айырылған және заңда көзделген басқа жағдайларда азаматтарды қамтамасыз ету үшін берілетін ай сайынғы ақшалай төлемақы, қызмет атқарған уақыттағы табыстың бір бөлігі. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері тек қана жұмыс өтіліне және зейнетақыны есептеу үшін берілген орташа айлық табыс деңгейіне байланысты болады.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылы маусымның 20-сындағы заңның қабылдануымен байланысты зейнетақы реформасы басталды. Оның мәні - 1997 жылғадейін өмір сүрген зейнетақымен қамтамасыз етудің зейнетақы қорларын қалыптастыру кезіндегі ұрпақтардың ынтымақтастық қағидатынан дара қорланымдардың қағидатына көшуде болды. Бұл үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының жүйесі (соның ішінде Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры) және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қарастырылған. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры жалақының барлық түрлерін, әр алуан сыйлықақыларды, үстеме ақыларды, үстемелерді қоса, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын заңи тұлғалардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің, адвокаттар мен жекеше нотариустардың ай сайынғы ақшалай немесе натуралдық нысандағы табысынан (жұмыс берушінің материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе басқадай материалдық пайда түріндегі табыстарын қоса) он пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары нысанында аудару жолымен қалыптасады. Бұл кездің есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорланымдары қалыптасады. Зейнетақы қорланымдарын қалыптастырудың басты мақсаты азаматтарды қартайғанда әлеуметтік қамтамасыз ету. Осыған байланысты жұмыскердің ай сайынғы табысынан ұсталатын және азаматтардың дара шоттарында жиналатын міндетті зейнетақы жарналары - бұл қатаң нысаналы ақша, график бойынша дүркін-дүркін төленетін төлемдер негізінде оның арналымы қарттықты қамтамасыз етуде болып табылады.
Зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде жинақтаушы зейнетақы жарналарының жүйесі - зейнетақы төлемдерін төлейтін Орталық 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақшаны, жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларға зейнетақы қорланымдарын төлейді.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынғы табыс ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселік мөлшерінен аспауы тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары Салықтық кодексте белгіленген бірқатар төлемдерден ұсталынбайды. Кейін зейнетақы төлемдері мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларындағы әркімнің дара зейнетақы шотынан төленеді. Сондықтан зейнетақының мөлшеріне бюджеттің жай-күйі, қанша адамның жұмыспен қамтылып, қаншасы жұмыссыз жүргені әсер етпейді.
Салымшылар немесе жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарына қосымша ретінде ерікті зейнетақы жарналарын төлей алады, олардың мөлшері шектелінбейді, жарналар бірақ рет немесе дүркін-дүркін, ұдайы немесе тұрақсыз, қолма-қол ақшамен немесе аудару жолымен (қолма- қолсыз ақшамен) төленеді.
Қазақстанда аралас зейнетақы жүйесі жұмыс істейді, өйткені 1998 жылға дейін зейнеткерлікке шықкан зейнеткерлер немесе бұл уақытқа дейін зейнеткерлік өтілі барлар үшін ынтымақтастық зейнетақы жүііесінің жұмыс істеуі жалғасуда. Олардың зейнетақымен қамтамасыз етілуін қаржыландыру үшін қаражаттар республикалық бюджеттен Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына және одан ары зейнетақылар төлем жөніндегі орталыққа аударылады. Негізінде мұндай қаражаттардың көзі әлеуметтік салық болып табылуы тиіс, бірақ зейнеткерлік бағдарламаларды жабуға және оларды толық қаржыландыруға оның түсімдерінің жеткіліксіздігі жакдайларында мемлекеттік бюджет кірістерінің басқа түрлері тартылады.
Зейнетақы төлемдері салымшының таңдауы бойынша Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына немесе Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына бағытталады, салымшыға зейнетақы келісімшартының негізінде дара зейнетақы шоты және жекеше нөмір дара сәйкестендіру нөмірі (ДСН) ашылады.
Салымшылардың қордаланған жарналарын зейнетақы қорлары уәкілетті орган - банк (кастодиан) арқылы зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне және басқа қаржылық құралдарына орналастырады. Орналастыру кезінде алынған табыс инвестициялық табыс деп аталады, ол салымшылардың дара шоттары бойынша қордаланған қаражаттардың сомасына сәйкес бөлінеді; инвестициялық табыс қорланудың ұлғаюын және оның инфляциядан қорғалуын қамтамасыз етеді.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға - еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58 жасқа толғанда және еркектерге кемінде 25 жыл еңбек өтілі болғанда, әйелдерге 20 жыл еңбек өтілі болғанда тағайындалады. 2008 жылдың екінші жартысында қор индекстерінің опырыла төмендеуі зейнетақылық активтердің табыстылығына әсер етті, жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларын көбірек шығынға ұшыратты.
Зейнетақылық активтерді инвестициялаудан алынған «таза» инвестициялық табыс сомасы (2008 жылдың аяғындағы комиссиялық сыйақыларды шығарып тастағанда) өспек түгіл, ол тіпті 306,9 миллион теңгеге дейін қысқарды. Зейнетақылық активтерді инвестициялаудан шеккен залал 2008 жылы 30 миллиард теңгеден асып түсті.
Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері азаматтарға, олардың нақты еңбек өтілінің болуына қарай Орталықтан толық көлемінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалалуы мүмкін.
Төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигоныңдағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлерге», мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға: еркектер - жалпы еңбек өтілі 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер жалпы өтілі - 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы. Төтенше және осы өңірдің ең жоғары радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда жұмыс істейтін (жұмыс істемейтін), тұратын, сондай-ақ 1949 жылдан 1990 жыл кезеңінде тұрған азаматтарға республикалық бюджеттен бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу жаңғыртылды.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін белгіленген орташа айлық табыстың 60 пайызы есебінен жүргізіледі және жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. 1998 жылы қаңтардың 1-іне дейін қажетті еңбек өтілінен тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспауы тиіс.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін үкімет белгілейтін өзге табыстар енгізіледі. Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталып, орташа айлық жалақы шығарылады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері (зейнетақы алушылардың бірқатарын шығарып тастағанда) Республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 32 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 пайызынан аса алмайды. Бұған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің үкімет бекіткен №1 тізімдегі 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін зейнетақы тағайындалған адамдар жатпайды.
Үкімет 2003 жылдын 4 шілдедегі қаулысымен «Міндетті зейнетақы салымдарынан құрылған жинақтаушы зейнетақы қорлары мен ерікті кәсіптік зейнетақы салымдарынан зейнетақы төлеудін ережесін» бекітті.
Бұл ретте мамандықтары бойынша анықтап белгілегендерге жұмыс берушілер тарапынан ерікті кәсіптік салымдар салу енгізілді.Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жұмыс берушілер жұмыскерлердің пайдасына меншікті қаражаттары есебінен аударады, бұл ретте жұмыс берушілер үшін салық преференциялары қарастырылған. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақталған қорланымдарды төлеу 50 жастан, яғни белгіленген зейнеткерлік жастан ертерек жастан жүзеге асырыла бастайды. Сол сияқты, егер азамат 55 жасқа дейін міндетті жинақтаушы зейнетақы қорына өмірінің сонына дейін жететін ең төменгі төлем деңгейін жинап үлгерсе, зейнетақы демалысына шығуына мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда зейнетақы төлемдері аталмыш азаматтардың зейнетақы салымдарын сақтық ұйымдарына өзімен келісім негізінде аударылатын болады.
Әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, басқа тәртіп сақтау органдарының (тергеу, ұлттық қауіпсіздік, Республикалық ұлан, жоғары лауазымды адамдарды қорғау службасы органдарының) қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыздандыруды қаржыландырудың ерекшеліктері бар. Бұл санаттардың зейнетақы төлемдерін қаржыландырудың көзі - сайып келгенде бірден бір республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары.
Сонымен бірге жасына байланысты азаматтар мен мүгедектігі мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектер сақтық ұйымдарымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы қорланымдарын пайдалана отырып сактық төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақылық аннуитет келісімшартын жасауға құқығы бар. Бұл ретте сақтық ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтық төлемдері зейнетақылық аннуитет келісімшарты жасалған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.
Зейнетақымен қамтамасыз ету жайындағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі зейнетақылардың деңгейін көтеру болып табылады. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап, енді оның ең төменгі мөлшері 12344 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5981 теңге болып белгіленген.
Базалық зейнетақының өсуін есепке алғанда, зейнетақы төлеудің ортақ жүйесіндегі ең төменгі зейнетақы мөлшері 18 235 теңгені, орташа мөлшері 27 481 теңгені, зейнетақының ең жоғарғы мөлшері 40 001 теңгені құрап отыр. Соңғы 3 жылда орташа зейнетақы алатындар саны 1,6 есеге өскен. 677 мыңға жуық адам жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы ала бастаған.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дара зейнетақы шоттарының саны 2008 жылы 7,7 миллион, ал алушылардың саны 2,5 миллион адамды (бұл әр түрлі зейнетақы қорларында бір салушының бірнеше шоттарының барын білдіреді) құрады. 2008 жылы Зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы алатындардың саны 1633,9 мың адамды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны (жасына қарай, мүгедектігі бойынша, асырушысынан айырылған жағдайда, отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері) 636,2 мың адамды, арнаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 231,6 мың адамды құрады. Зейнетақылар бюджеттен тыс жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдері ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60 пайызы деңгейіне дейін өсіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық зерттелімдер, актуарлық есеп-қисаптар жүргізілуде, осылардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін дамытудың бағдарламасы әзірленетін болады.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі екінші бағыт әр түрлі жәрдемақылар төлеу болып табылады.
Жәрдемақы - бұл жұмыстағы уақытша үзіліс кезінде, сондай-ақ белгілі бір жағдайларға пайда болатын көтеріңкі шығындарды өтеуге арналған кепілдік берілген ақшалай өтемақы.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру шеңберінде төленетін жәрдемақылардан басқа азаматтар уақытша еңбек қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылған жағдайда, сонымен бірге жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуына байланысты. Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жәрдемақыларды кіріктіреді.
Алып жүрген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан басқа еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақы өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, әлеуметтік төлемақы алуға өтініш берген уақытта жұмысы тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан, тағайындалады. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақылар қордан төленетін әлеуметтік төлемақыларға құқық туындаған күннен бастап еңбек ету қабілетінен айырылды деп белгіленген барлық кезеңге тағайындалады.
Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде белгіленген әлеуметтік аударымдар объекті ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың заңнамалық актілерде белгіленген ең төменгі жалақының сексен пайызын шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты ауыстырудың, еңбек ету қабілетінен айырылу мен қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.
Сөйтіп, еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақылардың мөлшері орташа айлық жалақысына, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткен кезде еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайында берілетін әлеуметтік төлемақылар тоқтатылады. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады және қажетті құжаттар 12 ай мерзім ішінде тапсырылуы тиіс. Ата-анасының екеуінен де айырылған балаларға (тұлдыр жетімдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкіліне (асырап алушыға, қамқоршысына) төленеді.
Оған қоса, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға сәйкес, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспаған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Оның мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің айырмасы түрінде есептелінеді.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар - бұл мемлекет кепілдендірілген ең аз әлеуметтік төлемдер, олар қайтыс болған асыраушысының жұмыс өтіліне және орташа айлық табысына байланысты емес, жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне байланысты белгеленеді.
Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының мына отбасы мүшелері асыраушынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақылар тағайындалуға және алуға құқылы:
1) он сегіз жасқа толмаған болса, олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері;
2) жасына және еңбек қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының біреуі немесе жұбайы, не атасы, әжесі, аға-інісі немесе апа-сіңлісі, егер ол қайтыс болған асыраушысының үш жасқа толмаған балаларын, аға-інілерін, апа-сіңлілерін немесе немерелерін күтіп-бағумен айналысатын болса.
Сонымен бірге, асыраушысынан айырылғандардың «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңға сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнына төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар.
Өздері үшін міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілген ата-ананың-міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтік төлемақылар заңнамалық актіге сәйкес айырылып қалған әрбір ата-ана үшін асырап алушыға, қораншыға (қамқоршыға) төленеді.
Қайтыс болған асыраушысының асырауында болған, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақы тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлемақы тағайындалады.
Табысты ауыстыру коэффициенті - әлеуметтік төлемақының әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде негізге алынған табыс мөлшеріне қатынасын айқындайтын коэффициент;
еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенті - өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтаңдыру жүйесіне қатысушының еңбек қабілетінен айырылу дәрежесіне қарай айқындалатын коэффициент;
қатысу өтілінің коэффициенті - мінетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне (күнтізбемен есептегіндегі уақыттың жалпы мөлшерін) қарай айқындалатын коэффициент.
Бала кезінен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемақылар мүгедектер белгіленген мерзімге тағайындалады.
Асыраушысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемақылардың мөлшері әлеуметтік аударымдар объекті ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі жалақының сексен пайызы шегерілген орташа айлық мөлшері табысты ауыстыру, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады. 2009 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерлері екі рет - 1 қаңтардан және 1 маусымнан арттырылды. Нәтижесінде әлеуметтік жәрдемақылар 9%-ға артты.
Сонымен қатар мемлекетік әлеуметтік жәрдемақы көлемі де өсу үстінде. Мысалы, мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы 2007 жылы 9 331 теңге болса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 14 415 теңгеге жеткен. Асыраушысын жоғалтқан жағдайда төленетін жәрдемақы 12086 теңге болса, жасқа байланысты ол 4670 теңгеден 6858 теңгеге өскен. Балатуу бойынша берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшері 2 есеге көтерілсе, нәрестені 1 жасқа дейін багу үшін ай сайын берілетін жәрдемақы 1,6 есе- ге өсті. Бұл атаулы көмектерді елімізде 410 мың отбасы алады.
Бұған қоса жергілікті атқару органдары есебінен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында қосымша 1,2 миллиард теңге бөлінген. Сол сияқты, 2,1 миллиард теңге балаларға арналған жәрдемақыға бөлінді. Бұл 1 миллионға жуық қазақстандыққа қосымша әлеуметтік көмек болып отыр.
Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бапа бір жасқа толғанга дейін оның күтіміне баііланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінін Қордан әлеуметтік төлемақы алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған.
Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін төлемақы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген барлық кезеңге тағайындалған.
Табыстың орташа айлық мөлшері, әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған ай үшін қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы он екі айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер соммасын 12-ге бөлу жолымен айқындалады.
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап төрт және одан көп бала туған аналарға берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшерін 70 650 теңгеге дейін және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі үшін төленетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері
бірінші балаға - 7 772 теңге,
екінші балаға - 9 185 теңге,
үшінші балаға - 10 598, 4 және
одан кейінгі балаларға 12 011 теңгеге дейін көбейту қарастырылған.
Соған сәйкес көп бала туған және тәрбиелеген аналарды «Алтын алқа» белгісімен марапаттау үшін балалар саны 10 нан 7 ге дейін, «Күміс алқа» белгісімен марапаттау үшін 8-ден 6-ға дейін төмендетілді. Оларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 3,9 АЕК-тен 6,0 АЕК- ке дейін жеткізілді. Бұрын бұл белгілермен марапатталған немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері де 8 478 теңгеге өсті. Мүгедек баланы тәрбиелеуші ата ананың біреуіне немесе асырап алушыға, қамқоршыға ең төмен жалақы мөлшерінде (14 952) ай сайынғы жаңа мемлекеттік жәрдемақы түрі енгізілді. Бұл жәрдемақыны 2010 жылдан бастап 28 мыңға жуық азамат алатын болады. Отбасында 2 және оданда көп мүгедек бала болған жағдайда жәрдемақы әрбір азаматқа бөлек тағайындалады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан «Балалы отбастарына мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы заңымен төртінші және одан артық бола туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 50 АЕК-ке көбейту қарастырылған.
Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға адам жұмыссыз ретінде тіркеуге өтініш берген күннен бастап тағайындалады және оның мөлшері әлеуметтік аударымдар объекті ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың орташа айлық мөлшерін тиісінше табысты алмастыру коэффициенттеріне және қатысу өтілінің коэффициенттеріне көбейту арқылы тағайындалады. Бұл ретте кірісті алмастыру коэффициенті - 0,3 болады, ал қатысу өтілінің коэффициенті «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңға сәйкес есептеледі.
Әлемнің көптеген елдерінде жұмысынан айырылғанда әлеуметтік қорғау шаралары қолданылады. Бұл шаралар жұмыскерлердің еңбек қызметінен жоғалтқан табыстарына өтемақы төлейтін әр түрлі әдістерін кіріктіреді; олардың біліктілікке, жұмыс өтіліне, жұмысынан айрылу себептеріне, отбасының табысы денгейіне және т.б. байланысты саралануы мүмкін. Тиісінше, жұмысынан айырылғандарға төлемақылар үшін қорларды қалыптастырудың әдістері, бұл қорлардың деңгейі және олардан төленетін төлемақылардың мезгілдері ажыратылады.
Жұмысынан айырылғандар қысқартылғандар және жұмыссыздар мәртебесіне бөлінуі мүмкін. Бірінші жағдайда жаңа жұмыс іздеу кезінде (белгілі бір мезгілде) орташа жалақысының, жұмыс өтілінің сақталуына рұқсат етіледі, әлеуетті жұмысқа орналастырудың басқа мүмкіндіктері болуы мүмкін.
Жұмыс іздеуші, жұмыспен қамтудың мемлекеттік службасында тіркелген және өзінің біліміне, кәсібіне, еңбек машығына сай келетін жұмыс алуға нақты мүмкіндігі жоқ еңбекке жарамды азаматтар жұмыссыздар деп саналады.
Жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақылар төленеді. Жәрдемақы жұмыссыз ретінде тіркелген мезеттен жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешілгенге шейін, бірақ заңнамамен белгіленген мезгілден аспайтын уақытқа төленеді.
Әр түрлі елдерде жұмысынан айырылғанда әлеуметтік қолдауды қаржыландыру үшін қаражаттарды қалыптастырудың өзіндік механизмдері қолданылады. бірақ негізінен жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды (зейнетақыларды) қаржыландыру еңбекке ақы төлеу қорынан жұмыс берушілердің сақтық жарналары есебінен жүргізіледі. Мұқтаж адамдарда жұмыссыз мәртебесі болмаған жағдайда (мысалы, өтілі бойынша) олар әлеуметтік көмекті көбінесе жергілікті бюджеттерден немесе қайырымдылық қорларынан алады.
Үкімет және жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік-экономикапық дамудың индикативтік жоспарлары негізінде халықты жұмыспен қамтудың бағдарламаларын әзірлеп, бекітеді. Мемлекет халықты жұмыспен қамту сферасында азаматтарға әлеуметтік қорғандыруды кепілдендіреді.
Қазақстан Республикасы заңнамасымен жұмыспен қамту бағдарламалары жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатыны аннықталған. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау мына шараларды кіріктіреді:
1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2) кәсіптік даярлау, біліктілікті жоғарылату және жұмыссыздарды қайта даярлау олар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;
3) қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
4) табысы аз азаматтардан шыққан жұмыссыздарға мемлекеттік атаулы көмек көрсету.
Қоғамдық жұмыстарды орталық және атқарушы органдар ұйымдастырады, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан және олардың өтінімдері бойынша жұмыс берушілердің қаражаттарынан қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасындағы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңыңда және оған сәйкес қабылданған өзге заңнамалық актілерінде көзделген негіздерде және тәртіппен азаматтардың арнаулы мемлекеттік жәрдемақы - әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарға және жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Арнаулы бұл жәрдемақы 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтардың 14 санатына заңда көрсетілген мөлшерде төленеді.
Бір мезгілде әр түрлі арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалатынын атап айту қажет.
Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің Үкімет бекітетін №1 тізімі бойынша жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс өтілі бар азаматтарға мемлекеттік арнаулы жәрдемақы қарастырылған. Мұндай жәрдемақы еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде; әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс өтілі 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде оларға тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. Ал осындай №2 тізім бойынша еркектер - 58 жасқа толғанда және жұмыс өтілі кемінде 25 жыл болып, оның кемінде 12 жылын аталған жұмыстарда істегенде; әйелдер - 53 жасқа толғанда және жұмыс өтілі 20 жыл болып, оның кемінде 10 жыл аталған жұмыстарда істегенде оларга сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
Еңбек жағдайлары ауыр (ерекше ауыр) жұмыстарда және зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және уәкілетті орган бекіткен еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне (тізбесіне) сәйкес қосымша ақы төлеу көзделген.
2000 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарга берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы шілдедегі Қазақстан Республикасынын заңы күшіне енді. Осы заңға сәйкес 1-ші тізімге енген азаматтар республикалық бюджеттен әлеуметтік жәрдемақыны зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін алады. Ал зейнеткерлік жасқа толған соң, ол азаматтардың мәселесі қайта қаралып, еңбек өтіліне және табысының мөлшеріне қарай зейнетақы тағайындалады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы Жолдауына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтарға ауыр және зиянды өндірістерде белгілі бір өтіл жинаған азаматтар үшін 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап №2 тізім бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы енгізілді.
Көрсетілген жәрдемақылар, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген аға буын азаматтарға жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасына жеткенде әлеуметтік қолдау алу құқығын бере отырып, оларды әлеуметтік қорғау проблемасын белгілі бір деңгейде шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ең төменгі күнкөріс деңгейінен еселенген мөлшерде белгіленеді (2006 жылдың басына дейін - айлық есептік көрсеткіштен ). Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемақылар, сондай-ақ азаматтың қайтыс болуы нәтижесінде залал шеккен адамдардың зияндарын өтеуді сақтық компаниялары өздеріне алған. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылған жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды мемлекет төлейді. Барлық төлемақылар кездейсоқ жағдайға дейін адамның алып жүрген жалақысына тікелей байланысты болып келеді.
Тұтас алғанда 2009 жылы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері орта есеппен 14 пайызға арттырылды.2009 жылдың 1 желтоқсанына қарасты деректер бойынша, республикада 638,9 мың мүгедек міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен қосымша әлеуметтік төлемдер алады. Елімізде 43,4 мыңнан астам азамат 1 және 2-ші тізімдер бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақылар алады. Бұл жәрдемақы мөлшері 2009 жылы 11 пайызға артты. 2015 жылға қарай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе арттыру көзделген.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға сәйкес жан басына шаққанда өңірлерде белгіленген кедейлік деңгейінен төмен орташа табыс алатын халықтың бәрі атаулы көмекпен қамтылады. Негізінен олар кәмелетке толмаған балалары, жұмыссыздары, мүгедектері бар отбасылар. Кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейі өңірлер бойынша сараланатындықтан, заң әрбір отбасының табысын нақтылауға мүмкіндік береді. Азаматтардың қайда тұратынына қарамастан, өздерін отбасында жан басына шаққанда кедейлік шегі деңгейінде орташа табыспен қамтамасыз ететіндей әлеуметтік көмек алады. Мысалы, жергілікті бюджеттерде табысы аз отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеу қарастырылған. Заңға сәйкес, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдарда тіркелмеген енбек жасындағы жұмыссыздардың әлеуметтік көмек алуға құқылары жок. Мүгедектер, айдан астам уақыт стационарлық емдеуде жатқан адамдар, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жасы 80-нен асқан кісілерге, 7 жасқа дейінгі балаларға күтім жасаумен айналысатын азаматтар, оқушылар мен студенттер бұл санатқа жатпайды. Сонымен бірге, жұмыспен қамту органдарына өтініш берген жағдайда, еңбекке жарамды адамдарға лайықты жұмыс немесе қоғамдық жұмыстарға қатысу ұсынылады. Бұл жұмыстардан бас тартқан жағдайда олар алты ай мерзімге дейін атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады. Заңда атаулы көмек тағайындату үшін өтініш білдірудегі рәсімдер жеңілдетілген.
Қазақстанда мынадай жәрдемақылар төленеді:
1) жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау;
2) жүктілігіне және босануына байланысты;
3) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты;
4) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты;
5) жерлеуге берілетін жәрдемақылар;
6) саноторийларға жолдама сатып алу шығыстары.
Бұл бағыт бойынша қаржыландыру: 1,6 тармақтар шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс берушілердің қаражаттары есебінен, 2,3,4,5 тармақтар жергілікті бюджеттердің есебінен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек бойынша төлемақылар мыналарды кіріктіреді:
а) отбасының жиынтық табысын ескере отырып тағайындалатын, балалы отбастарына жәрдемақы (18 жасқа дейінгі балаларға);
ә) балалары бар мерзімділік қызметтің әскери қызметшілерінің отбасына жәрдемақы;
б) мүгедек - балалары бар отбасыларына жәрдемақы;
в) ВИЧ - инфекцияланған балалар мен ересектерге жәрдемақы;
г) әкелері алимент төлеуден жалтарынған балаларға уақытша жәрдемақы;
д) 4 және одан көп 7 жасқа дейін жастағы балалары бар жұмыссыз аналарға жәрдемақы және т.б.
Әлеуметтік қорғау жүйесімен сондай-ақ мыналар қарастырылған:
отбасының жиынтық табыстарын ескере отырып тағайындалатын тұрғын үй жәрдемақысы;
тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, отынды, көлікті, соғыс және еңбек ардагерлеріне, табысы аз зейнеткерлерге және басқаларға медициналық қызмет көрсету жеңілдіктерінің жүйесі;
қарттарға, мүгедектерге, үйсіздерге және ауру балаларға арналған мекемелерді ұстау;
оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау.
Табысы екі айлық есептік көрсеткіштен артық емес жұмыссыздарға материалдық көмек белгіленген.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заңына сәйкес мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығы бар. Осы заңға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен есептеледі.
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмен күнкөріс деңгейі көлемінің ұлғаюына байланысты мүгедектер үшін жәрдемақы мөлшері арттырылды.
Жергілікті бюджеттерден әлеуметтік көмек көрсету түрінде төлемақылар мыналарға төленеді:
1) экологиялық апаттардан, нәубеттерден, ядролық сынақтардан зардап шекендерге;
2) жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына, көп балалы аналарға, жан басына шаққанда табыс деңгейі төмен аз қамтылған отбасыларына, халықтың біркатар басқа санаттарына.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер, басқа жұмыс берушілер меншікті әлеуметтік қорларынан өздерінің жұмыс істеп жүрген жұмыскерлеріне, бұрынғы жұмысскерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне қосымша материалдық және ақшалай көмек көрсете алады.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (бала туғанда, жерлеуге, балалары бар отбасыларына, табысы аз отбасыларына азаматтарға) тұрғын үй көмегі, жұмыссыздарға материалдық көмек жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан төленеді.
Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету жөніндегі бағдарламада азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жолымен, жалпы орта білімге және денсаулық қызметіне қолжеткілікті жақсарту, атаулы әлеуметтік көмекті арттыру және басқа іс-шараларды іске асыру проблемаларын шешуге кешенді тәсілдеме қарастырылған. Бұл үшін кезең-кезеңімен әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік қызмет көрсетудің нормативтері енгізілді.
Жыл өткен сайын Қазақстанда әлеуметтік міндеттемелер қомақты бола түсіп, ол ТМД мемлекеттері арасында көшбасшылар қатарында болып отыр. Бүгінде бес миллионға жуық қазақстандық, яғни азаматтардың үштен бірі түрлі әлеуметтік жәрдемақымен қамтылған. Егер 2003 жылы бұл салада 17 әлеуметтік жәрдемақы түрі болса, 2008 жылы олардың саны 29-ға жетті.
Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмекке бағытталған шығындар 2009 жылы 813 милиард теңгені құрады, бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 22,8 пайызға артық.
2010-2012 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің үштен бір бөлігінен жуығын әлеуметтік салаға жұмсау көзделіп отыр.
Әлемнің көптеген елдерінде жұмыстан айырылған кезде мемлекеттік әлеуметтік қорғаудың шаралары қолданылады.
Қазақстан Республикасы заңнамасымен отбасыларына, жекелеген азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер деп аталатындарды беру кепілдендірілген.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер - қиын өмірлік жағдаятта (жетімдік, ата- аналар қамқорлығының болмауы, кәмелетке толмағандарды қадағалаусыздық, баспанасыздық, бас бостандығынан айыру орнынан босану және басқалары бойынша) адамға (отбасына) пайда болған әлеуметтік проблемаларды жою үшін жағдайды қамтамасыз ететін және қоғам өміріне қатысуға оларға басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беретін субъектілер - арнаулы әлеуметтік қызметтер беру бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңи тұлғалар.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру сферасындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
қиын өмірлік жағдаятты (егер ол пайда болған жағдайда) жою үшін жағдайлар жасау;
арнаулы әлеуметтік қызметтерді кепілденілген көлеммен қамтамасыз ету;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;
мониторинг және берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалау жүйесін дамыту;
арнаулы әлеуметтік қызметтер берудің жүйесін дамытуды қамтамасыз ету;
арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
арнаулы әлеуметтік қызметтер беру сферасында халықаралық ынтымақтастықты дамыту және басқалары.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді кіріктіреді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі бюджеттік қаражаттар есебінен берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады. Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адамдарға көрсетіліп, казіргі заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемінің тізбесі
әлеуметтік-тұрмыстық;
әлеуметтік-медициналық;
әлеуметтік-психологиялық;
әлеуметтік-педагогикалық;
әлеуметтік-еңбек;
әлеуметтік-мәдени;
әлеуметтік-экономикалық;
әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер қатарынан дене немесе ақыл ой мүмкіндіктеріне байланысты ағзасының функциялары тұрақты бұзылған адамдарға ұсынылады.
Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденілген көлемінен тыс ақылы негізде беріледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақпараттық, консультациялық, делдалдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер беруді кіріктіре алады.
Мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаттары есебінен береді. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және анықтау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер айқындайтын қиын өмірлік жағдаяттағы адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалау және анықтау негізінде жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және анықтауды жүргізу кезінде мыналар критерийлер болып табылады:
өмірлік қызметтің шектелімі;
әлеуметтік бейімделім;
әлеуметтік депривация;
қолайсыз әлеуметтік орта және басқалары.
Кепілденілген көлемнен тыс берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденілген және қосымша көлемін беру аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі негіздемесінде жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беретін субъектілерді қаржыландыру:
Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен бюджеттік қаражаттардың;
ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді бергені үшін алынған қаражаттардың;
Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзгедей көздердің есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстанда рыноктық қатынастардың кеңеюі қоғамда тез жіктелуді және халықтын әлеуметтік-мүліктік жіктелуін тудырды. Мұны жақсы қамтамасыз етілген және нашар қамтамасыз етілген үй шаруашылықтарының делдалдық топтарын салыстыра отырып көруге болады. Үй шаруашылығы қимасында табыстылықты талдау жиынтық табысты, соның ішінде оның ақшалай емес және натуралдық нысанында да бөлудің және пайдаланудың демографиялық, өңірлік және ішкі отбасылық факторларын есепке алуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, үй шаруашылықтарының ақшалай табыстарына тұрған жері (қала немесе ауылдық жер), сондай-ақ саны, соның ішінде отбасындағы балалардың саны үлкен әсер етеді. Қазақстанда халықтың бір бөлігі кедей болып қалуда.
Кедейлік - бұл негізгі өмірлік (биологиялық) қажеттіліктерді -тұрғын үйді, тамақты, киім-кешекті, қызметтерді қанағаттандыру үшін жеткіліксіз ақшалай және натуралдық табыстардың төменгі деңгейі. Ел кедейлігінің көрсеткіші деп экономикалық әдебиетте ең төменгі тұрмыс деңгейінен төмен болатын табысы бар халықтың үлес салмағын айтады.
Үй шаруашылықтарының бюджеттерін тексеру кедейліктің көпбейінді сипаттарының болатынын көрсетеді және тұрғылықты жерімен, әлеуметтік факторлармен, жұмыспен қамтылу мәртебесімен, білім деңгейімен және басқаларымен айқындалады. Кедей үй шаруашылықтарының үлесі қалаға қарағанда ауылды жерде жоғары. Әлжуаз және өте кедей үй шаруашылықтары - бұл үш және одан көп бала тәрбиелегі отырған отбасылар.
Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету бағдарламасы азаматтарды жұмыспен қамту, орта жалпы білімге және денсаулық сақтау қызметтеріне жетушілікті жақсарту, әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру және басқа іс-шараларды іске асыру жолымен кедейлік проблемасын шешудің кешенді тәсілдемесін қарастырады.
Азық-түлік себетінің құнынан төмен табыстары бар халықтын үлесі 2001 жылы 16,1%- дан 2007 жылы 1,4%-га дейін қысқарды. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 2001 жылы айына 4546 тенгеден (31 АҚШ долларының) 2005 жылы 7618 теңгеге (57,8 долларга) дейін және 2007 жылы 9653 теңгеге (78,7 долларға) дейін көбейді. Алайда бұл көбею (2,1 есе) 58,2%- ға осы жылдары қордаланған инфляциямен (158,2%), ал долларлық баламамен өлшеу кезінде қосымша доллардың орташа жылдық бағамының 16,4%-ға төмендеуімен жабылды. Сөйтіп, 2008 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері - күніне 2,5 доллар БҰҰ критерийі бойынша күніне 1 долларлық табыстармен өлшенетін кедейліктің төменгі шегінің белгісінен асып түсті, бірақ айтылған мөлшер Дүниежүзілік банктің тиісінше арттырылған критерийінен (күніне 4 доллар) төмен.
Қазақстанда табыс тұрғысынан кедейліктің біртіндеп қысқаруы байкалуда. Алайда оның деңгейі әлі де жоғары болып отыр.
Сонымен бірге әлеуметтік реформаларды одан ары тереңдету бағдарламасына сәйкес халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту жөнінде бірқатар іс-шаралар іске асырылды:
жалақыны көбейту, әсіресе айтарлықтай дәрежеде бюджет сферасы жұмыскерлеріне және мемлекеттік қызметшілерге;
мүгедектердің барлық санаттарына, жасына байланысты жәрдемақылар алушыларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
асыраушысынан айырылған отбастарына қолдау көрсету;
қосымша базалық зейнетақы төлемдерін енгізу;
көп балалы анапарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды арттыру;
баланы біржасқа дейін қарауға жәрдемақылар тағайындау;
балалардың, жасөспірімдердің, жүкті әйелдердің бірқатар санаттарын дәрілермен ақысыз қамтамасыз ету.
Кедейлікті қыскартуға ең төменгі күнкөріс деңгейімен салыстырғанда табыстардың деңгейін арттыру, жұмыссыздықты қысқарту және жеткілікті арнаулы әлеуметік көмек көрсету әсер етеді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі бар табыстар арақатынасы мен кедейлік арасындағы корреляция тығыз - 0,9 деңгейінде болатынын есеп-қисаптар көрсетіп отыр. Кедейлікті жою үшін халық табыстарының орташа деңгейін көтеру қажет.
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 14952 теңге болып белгіленген.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделген.
2008 жылы Қазақстан экономикасында 7,9 миллион адам жұмыс істеді (экономикалық жағынан белсенді халықтың саны кезінде - 8,4 миллион адам жұмыспен қамтылу деңгейі - 95,2%, соның ішінде жолданым бойынша - 5,2 миллион адам немесе барлық жұмыс істегендердің 65,9%, өздігінше жұмыспен айналысу - 2,7 миллион (34,1%); жұмыссыздардың саны 562,4 миллион адамды құрады.
Жұмыссыздықты қысқарту да кедейлікті қысқартуға әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі 6,3%-да қалыптасты. Есептер бойынша, жұмыссыздықты 2,8% деңгейге дейін қысқарту кедейлікке бұл фактордың әсерін іс жүзінде жоюға жеткізеді, яғни бұл көрсеткіштің мәнділігі біртіндеп төмендейді. Сонымен бірге еңбекке ақы төлеудің рөлі жоғарылайды: кедейліктің негізгі себебі - еңбекақының төмен болуы, екінші орында - жұмыстың жоқтығы.
Кедейліктің себептерін үнемі қадағалап отыру және жекелеген факторлардың оның қысқаруына әсерін бағалау бұл үдерісті басқарылатын етуге жағдай жасайды және елде кедейлікті қысқарту жөнінде баптық (статьяланған) мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.
Кедейлік керсеткіштерінің динамикасы 18.1 кестеде келтірілген, одан оның бірте-бірте төмендеуі байқалынады. Соңғы 10 жылда өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды.
Сурет:Табыс тұрғысынан Қазақстандағы кедейлік деңгейі.jpg
Add caption here
Кедейлік ауқымы - сандық көрсеткіш, ең төменгі күнкөріс деңгейінен (кедейліктің азық- түліктік шеңберінен және кедейліктің белгіленген шеңберінен) төмен табыстары бар халықтың үлесі (саны); бір адамдық тұтыну (табыс) деңгейінің белгілі бір шеңберден төмен халықтың үлесі.
Кедейлік тереңдігінің коэффициенті ең төменгі күнкөріс денгейінің мөлшерінен ең төменгі күнкөрістен төмен болатын адамдардың табыс (тұтыну) деңгейінің орта ауытқуын көрсетеді және үй шаруашылықтары мүшелерінің жалпы санымен арақатынасы белгіленген табыстың жиындық тапшылығының мөлшерімен тұлғаланады. Ол олардың табысы (тұтыну) деңгейінің қаншалықты төмен болуына қарай әлжуаз адамдардың әр түрлі топтарын айырады.
Кедейлік өткірлігінің коэффициенті - үй шаруашылықтарының ең төменгі күнкөріс деңгейінін мөлшерінен орташа безбенделген ауытқуын сипаттайды және зерттелетін үй шаруашылықтары мүшелерінің жалпы санымен ара қатынасы белгіленген табыстың жиынтық квадратикалық тапшылығынын мөлшерімен тұлғаланады. Кедейлік өткірлігінің көрсеткіші табыс тапшылығынын анағұрлым жоғары мөлшері бар отбасы үшін үлкен салмақты есепке ала отырып есептеп шығарылады. Кедейлік қиындылығы дәрежесін сандық өлшеу үшін қажет, яғни кедейлер арасындағы теңсіздікті сипаттайды.
Қорлар коэффициенті - оныншы және бірінші децилдық топтарда бөлу қатарының ішіндегі халықтың салыстырмалы топтарының орташа табыстарының арасындағы ара салмақты өлшейді.
Халық арасында табыстарды бөлу теңсіздігінің коэффициенті (Лоренцтің табыстарды шоғырландыру коэффициенті немесе Джини индексі) тенсіздік дәрежесін санмен бағалауға мүмкіндік береді. Ол халықтың сан жағынан тең топтары бойынша табыстарды нақтылы бөлудің оларды тендей бөлудің сызығынан ауытқу дәрежесін анықтайды.
Табыстар теңдігінің статистикалық өлшемі 0 кезінде - халықтың барлық топтары табыстарының жасалған теңдігін, 1 кезінде - барлық табыс адамдардың бір тобына жатқызылғанда жасалған теңдікті білдіре отырып, 0-ден 1-ге дейін ауытқиды
20. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі және оның қаржыландыру жолдары қалай жүзеге асырылатындығына талдау жасаңыз: Әлеуметтік сақтандыру – әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі;
экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны;
азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі.
Әлеуметтік сақтандырудың ерекшелігі – жұмыс берушілердің және мемлекеттің қолдауымен жұмыскерлердің мақсатты жарналарынан құралатын мамандандырылған қорлардан қаржыландыру, яғни әлеуметтік сақтандыру кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың міндетті жарналарынан құралатын ерекше қорлардың есебінен жүзеге асырылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесі мынадай негізгі элементтерді қамтиды:
мемлекеттік көмек берудің дәстүрлі нысаны (әлеуметтік көмек);
әлеуметтік жеңілдіктерді қоса халықтың жекелеген санаттарына берілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер жиынтығы;
Әлеуметтік сақтандырудың екі нысаны бар, олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру және ерікті әлеуметтік сақтандыру. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бюджеттен тыс мақсатты (мемлекеттік немесе қоғамдық) қорлар арқылы қамтамасыз етілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің бір түрі. Бұл қорлардың тапшылығы жағдайында мемлекет оларға мемлекеттік бюджет қаражатынан көмек көрсетеді. Сөйтіп, ол осы қорлардың қаржылық орнықтылығының және міндетті Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасының іске асырылуының кепілі болып табылады.
Екі түрі бар, олар: міндетті жалпы сақтандыру және міндетті кәсіптік сақтандыру. Міндетті жалпы сақтандыру еңбек шартымен немесе келісімшартпен жұмыс істейтін барлық тұлғаларға қолданылады. Міндеті кәсіптік сақтандыру жарақаттану қауіпі жоғары, ерекше қауіпті және еңбек етуге жағдай қолайсыз жұмыстарда істейтін тұлғаларға қолданылады. Ерікті әлеуметтік сақтандыру мемлекеттің (мемлекеттік бюджеттің) сақтандыруды қолдауы жоқ болғанда ұжымдық ынтымақ және өзара көмек қағидаты негізінде құрылады. Адам және бүкіл қоғам үшін барынша мәнді қажеттіліктерді қанағаттандырудың мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктері халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізі болып табылады.
Әлеуметтік сақтандыру деп әдетте еңбек ету қабілетін жоғалтқан және (немесе) жұмысынан айырылған жағдайларда азаматтарды материалдық қолдау және олардың денсаулығын қорғау үшін қоғамдық өнім құнын қайта бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың жүйесін айтады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы №886 қаулысымен мақұлдаған Қазақстан Республикасында Халықты әлеуметтік қорғаудың тұжырымдамасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың мүмкін болатын әлеуметтік қатер туған жағдайда халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудағы бағыттарын айқындап берді. Рыноктық экономика жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмектен басқа халықты әлеуметтік қорғаудың басым түрлерінің бірі әлеуметтік сақтандыру болып табылады.
Қазақстанда 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуіне 2004 жылдың 27 ақпанында мамандандырылған институт - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы себеп болды.
Әлеуметтік сақтандыру қоғамдық игілік туралы қамқорлық идеясына негізделген және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігін құрады. Ол, бір жағынан, осы саясатты іске асыру механизмі ретінде, халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың негізі ретінде; басқа жағынан, объекті жалпы бүкіл халық, сол сияқты әлеуметтік тәуекелдердің болу критерийлері бойынша бөлінген жекелеген әлеуметтік топтар болып табылатын қартайған, денсаулықты, мүліктік мүдделерді қорғау жағдайында азаматтарды материалдық қамтамасыз ету жүйесі ретінде болып келеді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қаржылық механизмі әлеуметтік салықтар мен сақтық жарналары есебінен сақтық қорларын қалыптастыруға негізделген.
Әлеуметтік сақтандыру тым жалпы жүйе - әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының бірі болып табылады. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.
Әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілеттігін уақытша немесе үнемі жоғалтқан азаматтар үшін сақтық әдісін қолданумен қорды қалыптастыруға және пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастарды білдіреді. Бұл ретте жұмыс істеген немесе уақытша ауру себепті жұмыс істемейтін азаматтардың контингенттерін ойға алу; сөйтіп, әлеуметтік сақтандырудың маңызды ерекшелігі сол, оның бүгінгі немесе бұрынғы жұмыскерлердің еңбек қызметімен тікелей байланысты болып табылатындығы.
Әлеуметтік қамсыздандыру еңбек ету қабілеттігін немесе оған иелік етуден айырылған азаматтарды қолдау үшін, яғни барлық азаматтар үшін еңбек қызметіне олардың қатысуына қарамастан қорлар қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қатынастарды білдіреді, бұл үшін айтылған қорларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі пайдаланылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің, атап айтқанда, оның құрамды бөліктері бірінің - жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен - еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.
Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:
1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;
2) әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.
Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
1) зейнетақымен қамсыздандыруга мемлекеттік монополия;
2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;
3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.
90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауына да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға оларды толық және уақтылы аударып отыруға төлеушілер мүдделігінің болмауы да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдылығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөрістің ең төменгі деңгейіндегі қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді және қорлар қаражаттарының аса шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өнбойы индекстеп отыру қажеттігін тудырады.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттьің іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.
1) зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
2) зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін күнкөрістің ең төменгі денгейін сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
3) зейнетақы жинақақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;
4) зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
5) еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;
6) инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
7) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
8) қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
9) зейнетақы жинақақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемдеседі.
Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан басқа мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру - зейнетақылық келісімшартқа сәйкес жұмыскерлердің және (немесе) олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша зейнетақы қалыптастыру арқылы және мамандандырылған мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақылар төлеу жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғау қатынастары қолданылады.
Қорланымдардың ынтымақтастық негізіндегі жүйесінен дербес қорланымдар жүйесіне өтпелі кезең зейнеткерлердің еңбек сіңірген зейнетақыларын алу құқықтарын сақтау қажеттігімен, сонымен бірге зейнеткерлік алдындағы жасы келген азаматтардың көбінің мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде жеткілікті зейнетақылық жинақтаудың мүмкін еместігімен сипатты болып отыр. Сондықтан зейнеткерлер болғандарға мемлекеттік зейнетақы қорларынан алатын зейнетақылары мөлшерінің сақталуын мемлекет кепілдендіреді. Зейнетақы реформасы басталғаннан кейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың мемлекеттік зейнетақылырының мөлшері олардың мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде мүмкін болған қатысуының жылдар санына үйлесімді түрде қысқартылады.
Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің мынадай негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады.
1. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.
Әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік салық төлейтін жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар төлейді. Сонымен қатар төленген әлеуметтік аударымдар сомасына төлеушілер әлеуметтік салық сомасын азайтатындықтан әлеуметтік сақтандыруды енгізу салық ауыртпалығын түсірмейді. Бұл жағдайда әлеуметтік салық қаражаты мақсатты түрде әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталады. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдар міндетті сипат алатынын атап өткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүйеге қатысушылар, яғни әлеуметтік аударымдар төленген тұлғалар ғана алады және әлеуметтік төлемдердің мөлшері төленген әлеуметтік аударымдар көлеміне байланысты болады.
2. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды ерекшелігі - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып табылады.
Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Қордың акционерлік қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды. Ең бастысы заңи тұлға мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді. Соңғы жағдай сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара байланысты.
3. Резервтерді қалыптастыру - әлеуметтік сақтандыруды қаржыландыру әдісі.
Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік сақтандыруды қаржыландырудың екі негізгі әдісі қалыптасқан. Ынтымақтастық қаржыландыру («pay-as-you-go» немесе «бірден төле» деген мағынаны білдіреді) - бұл жүйеге төленетін ағымдағы жарналар ағымдағы жәрдемақыны төлеу үшін пайдаланылатын қаржыландыру әдісі.
Қолданыстағы жүйенің бастапқы кезеңіндегі жарна мөлшері жоғары болмайды, одан әрі әлеуметтік төлемдер алушылар санының біртіндеп өсуі себебінен жарналар жылдам қарқынмен көбейеді. Сонымен бірге, алғашқы кезеңде, әсіресе, экономиканы көтеру кезеңінде осы тәсілмен қаржыландырылатын әлеуметтік сақтандыру «арзан» болып көрінуі мүмкін. Ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдерді алушылар (мысалы, мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақылар) санының өсуіне қарай экономикалық құлдырау кезеңдерінде ағымдағы жарналардың азаюы себебінен және әлеуметтік төлемдер бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелердің болуынан жүйенің қаржылық тұрақтылығына байланысты мәселелер туындайды. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады, бірақ жоғарыда айтылған мәселелер қатар жүреді.
Резервтік әдіс - бұл ағымдағы жарналардан активтер қалыптастыру үшін қолданылатын қаржыландыру әдісі, бұдан болашақта алушыларға әлеуметтік төлемдер төленеді. Бұл әдістің ерекше сипаттрына жарналардың тұрақты деңгейін, жүйенің қаржылық тұрақтылығының бұзылу тәуекелділіктерін уақытында бағалау мүмкіндігін жатқызуға болады. Халықаралық тәжірибелерге жасалған талдауларды ескере отырып, Қазақстанның әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландырудың моделін жасағанда басымдық резервтік әдіске беріледі.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің тәжірибесінде бұл әдіс былайша жүзеге асырылады:
Еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу бойынша Қордың алушылардың алдындағы міндеттемесі ұзақ мерзімді сипатта болады. Мысалы, еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлемдер алушы зейнеттік жасқа толғанша төленуі мүмкін; өз кезегінде асыраушысынан айрылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлемдер асырауында болған балалар кәмелеттік жасқа толғанша төленеді, не олар оқу орындарының күндізгі бөлімінде (колледждерде, ЖОО-ларда) оқуларын жалғастырған жағдайда сол оқу орнын бітіргенше төленеді.
Қордың актуарлары алушылардың болашақ әлеуметтік төлемдерінің келтірілген құнын көрсететін провизиялардың есебін үнемі жүргізіп отырады. Қордың қаржылық тұрақтылығынын жағдайын сипаттайтын көрсеткіш Қордың активтері мен провизияларының айырмасы ретінде айқындалатын Қор резервінің мөлшері болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылгы 11 маусымдағы №654 қаулысымен қаржы жылының басында есептелетін резервтің ең төменгі мөлшері Қор провизиясының 10 пайызынан кем емес деңгейде айқындалады. Бұл көрсеткіш өзінше «қорғанды» білдіреді, яғни оның мағынасына қарап Қордың қаржылық тұрактылығы туралы саралауға болады. Егер резервтің мөлшері рұқсат етілетін ең төменгі мөлшерлерден төмен болса, бұл жүйеге ағымдағы аударымдар есебінен әлеуметтік төлемдер алушылардың алдындағы Қордың міндеттемесін орындауға байланысты алда тұрған мәселелер туралы алдын ала (екі-үш жыл бұрын) берілген белгі болып табылады. Сондай-ақ Қорда, уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Қазақстан Республикасының Үкіметінде әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін арттыру, не уақытша қаржылық көмек және т.б. алдын алу шараларын қабылдау үшін уақыт жеткілікті болады.
4. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің тағы бір ерекшелігі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары арасындағы қызметтерді бөлу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қордың қызметіне бақылау және қадағалау жұмыстары бекітілген.
Қорға - әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру, әлеуметтік төлемдерді қаржыландыруға Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (ЗТМО) өтінішін уақытында орындау, әлеуметтік аударымдарға, әлеуметтік төлемдерге мониторинг, Ұлттық банк арқылы инвестициялық қызмет бекітілген.
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа - әлеуметтік аударымдарды дербес есепке алу, жүйедегі төлемдер трансферттері, аудандық бөлімшелер жүйесі арқылы әлеуметтік төлем алушыларға тікелей қызмет көрсету бекітілген. Бүл жерде Ресей Федерациясының Әлеуметтік сақтандыру қоры (ӘСҚ) қызметінен айырмашылық бар, оларда әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін әлеуметтік төлемдерді жұмыс берушілер төлейді де соған сәйкес сақтық жарналарын азайтады, яғни «есеп беру әдісін» қолданады. Сондай-ақ сақтық жарналарын жинау бойынша ӘСҚ- ға бақылау қызметтері жұмыс берушілерден бөлінген.
Қазақстан Республикасында әлеметтік аударымдардың уақтылы және толық төленуін бақылау қызметтері Қаржы министрлігінің салық органдарына жүктелген.
Қордың активтерін сенімді басқару оларды қаржылық құралдарға инвестициялау жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта Қордың және әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық қатысушыларының арасында Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік қорғапу деңгейін арттыру және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық мушелерімен бірігіп жүйені жетілдірудің жаңа міндеттері тұр.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;
2) асыраушысынан айрылған жағдай;
3) жұмысынан айрылған жағдай;
4) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай;
5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдай;
6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдай.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;
2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;
3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;
4) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;
5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi;
6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;
7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың қызметiндегi жариялылық.
21. Өмір сапасы және негізгі көрсеткіштерін атаңыз. Сапалы өмір сүру мен экономикалық шешімдердің байланысын ашып көрсетіңіз: Алайда «өмір сүру деңгейі» және «өмір сапасы» - мәні жағынан ұқсас ұғымдар ретінде қарастырылғанымен, олар барабарлығы жағынан алшақ. Материалдық қамтамасыз етілген болып, бұл ретте таза суға, сапалы медициналық қызмет көрсетуге, сапалы тамаққа және басқа да өркениет өнімдеріне қол жетімді болмауы мүмкін. Бұл қиыстырылған өмір сапасы болып табылады.
Өмір сапасы және адамның жанжақты дамуы – бұл санаттар экономикалық өсу және қоғамның дамуы проблемаларының қазіргі заманғы тәсілдерінің мазмұндық сипаттамасын құрайды. Бұл проблемалардың қойылуы және өзектілігі XX ғасырдың соңында жаңа болып көрінген жоқ. Ғылыми ойдың дамуының әртүрлі кезеңдерінде ойшылдар бұл тақырыпқа жүгінген. философиялық, экономикалық, әлеуметтану жұмыстарының негізгі мәселесі болды. Адамның өмір сапасы және дамуының қазіргі заманғы тұжырымдамаларын көне ойшылдардың еңбектерінен, көптеген мәдениеттерден және діндерден табуға болады. Бірақ адамның проблемалары – оның өмір сапасы және дамуы – екінші кезекте болған кезде экономикалық ғылымда ерекше айқын пайда болған ұзақ мерзімді кезең бар. Өткен ғасырда экономикалық мақсаттарға қол жеткізу ретіндедамуға қадам басу басым болды. Адам экономикалық теорияларда тек қана өндіріс құралы ретінде түсіндіріліп, «адам факторына» айнады. Дегенмен 60-жылдардан бастап адамның өмір сапасы және дамуы проблемалары қайтадан әлемдік экономикалық ғылымның әртүрлі мектептері мен бағыттарының назарын барынша аудара бастайды.
Танымал халықаралық ұйымдар және зерттеу орталықтары бұл проблемаларды өздерінің ғылыми әзірлемелері мен талқылауларында көтере бастады. Алайда тек қана XX ғасырдың соңғы онжылдықтарында экономикалық және әлеуметтік теорияда бұл проблемаларға елеулі бетбұрыс байқалды. Бұл процесте мынадай факторлар елеулі орын алды: ол үшін адамның экономикалық мақсаттарға және міндеттерге бағынышытылығы ерекше тән даму проблемаларының неоклассикалық тәсілінің барынша айқын болып келе жатқан шектелгендігі; әлеуметтік қарама-қайшылықтардың күрт тереңдеуі және оларды экономикалық теорияның дәстүрлі тәсілдері негізінде шешудің мүмкін еместігі; институционализмнің қарқынды дамуы және институционалдық тәсілдің қолдану аясының кеңеюі; экономикалық өсуді қамтамасыз етуде адамның орнын өзгерту; әлеуметтанудың экономикалық ғылымға әсерінің күшеюі.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының (ағылш. Universal Declaration of Human Rights, UDHR) 25 бабына сәйкес Әр адам өзінің және отбасы мүшелерінің ден-саулығын әл-ауқатын қамтамасыз ететіндей, тамақты, киімді, баспананы, медициналық күтімді қамтыйтын өмір сүру деңгейіне құқылы және де жұмыссыз қалған күнде, науқас болған кезде, мүгедек болып қалған, жесір болып қалған күнде, қартайған шақта, немесе өзіне байланысты емес басқа да себептермен тіршілік ету мүмкіншілігінен айырылып қалған жағдайда қамсыздандырылуына құқылы.
Дегенмен, мұндай түсіндірме әдебиеттерде «тар мағына» деп аталады. Оның аясында өмір сүру деңгейі игіліктер мен қызметтерде халықтың тұтынуын қанағаттандыру деңгейі мен дәрежесі ретінде анықталады. Керісінше – тұтынуды қанағаттандыру деңгейі халықтың өмір сүру деңгейімен анықталады.
Халықтың өмір сүру деңгейі, кең мағынасында – материалдық және рухани игіліктерді пайдалану өлшемдерін білдіретін қоғамдық үдерістердегі қалыптасқан белгілі бір талаптар мен нормалар аясынан туындаған әлеуметтік-экономикалық категория деп түсіндіруімізге болады. Ал тар мағынасында белгілі бір параметрлер бойынша құрылған халықтың әл-ауқатының жалпы бағдарын анықтайтын сапалық көрсеткіш болып табылады. Себебі, бұл ұғым өмір сапасымен де тығыз байланысты болғандықтан, сандық көрсеткіштерден гөрі нақты практикалық параметрлерге бағындырылады.
Өмір сапасы, кең мағынасында алғанда – өмір ағымындағы адам қызметі мен жағдайларының алғышарттары болып табылатын биологиялық қажеттіліктері мен рухани мүдделерінің бірлігінен тұратын жүйелі ұғым десе де болады. Тар мағынасында алғанда, салыстырмалы түрде ұсынылатын заманауи талаптардың қойылған шарттарының тікелей өмір сүруге қатысты деңгейлері. Себебі, «сапаның» өзі біріншіден, заман ағымына байланысты өзгеріп отырады, екіншіден, ол бәрібір басқа мемлекеттердегі жағдайлармен барып салыстырылғанда ғана толық ашыла түседі. Әлемдік өркениет ілгерілеген сайын өмір сапасына қойылатын талаптар да күшейе түседі, заманауи техника мен ғылымның жетістіктерінің адамзатқа қызмет етуі тиістілігі және қаншалықты деңгейде қызмет етіп отырғандығы өмір сапасын жаңа белестерге ұмтылдырады.
Бұл әрбір мемлекеттегі дамудың деңгейімен де байланысты болып келеді.
Сондықтан, өмір сапасының өзі дамушы мемлекеттердегі саяси-экономикалық жағдайлар мен дамыған елдердегі осындай жағдайларға да тікелей қатысты, осыдан, тұрмыс қалпының сапалы деңгейін өркениетті мемлекеттер өзгелер үшін идеалға айналдырады.
Бірақ осы тұста өмір сапасының идеалдандырылуы мен ұмтылатын басты құндылық деп есептелуі және оған қарсы көзқарастар бар екендігін атап өткіміз келеді. Өмір сапасын жақсарту және оған деген шексіз ұмтылыс адамзаттың гедонистік мүдделерінен туындайды, яғни, адамның тәндік және рухани ләззат алуы, биологиялық, психологиялық, рухани қажеттіліктерінің табиғи мөлшерлерін қанағаттандырып қою ғана емес, адамзат өзі тудырған жаңа талаптарды да қоса қамтып отыруды көздейді. Сондықтан да ол ұмтылыс шексіз және заманға байланысты салыстырмалы болып келеді. Мысалы, ол техника жетістіктерін пайдалануда анық байқалады: бос уақытты көбейтуге ұмтылуда, физиологиялық жағынан күш шығындамауда, тіпті есте сақтауға салмақ түсірмейтін компьютерлік жүйелерді пайдалануда т.б. тұрмыстың сапалылық өлшемі болып белгіленеді.
Ал бұған қарсы бағыт ұстанушылар, өмір сапасын арттыруды тежеуді қолдаушылардың өзі бірнеше дүниетанымдық бағдарлар арқылы жіктеле береді: діни, антисциентистік, антитехницистік, экологияшылдар, жасылдар қозғалысы т.б. Мысалы, көптеген діндерге ортақ аскеттік өмір кешу идеалын ұстанатындар: исламдағы сопылар, буддизмдегі, христиандықтағы монахтар, дәруіштер т.б. өмір сапасы мен тұрмыс деңгейінің ең төменгі шарттарымен қанағаттануды қолдайды және өздері де оны талап етпей өмір сүру шарттарын ұстанады. Немесе, 1970 жылдары Рим клубының өкілдері ұсынған «Өсудің шегі», «Нольдік өсім» сияқты теорияларда.
Жер планетасындағы табиғи ресурстардың шектеулілігіне, осыншама адам санын планетамыздың асырай алмауы қаупіне байланысты адамзат өзінің экономикалық-өркениеттілік өсуін саналы түрде шектеу қажеттігі, сол сәтте адамның тұтыну мөлшері де азаятындығы туралы пікірлер айтылады. Міне, осы тұста, адам өмірінің сапасының шексіз емес, белгілі бір дамудың көрсеткіштерінде шектелуі тиіс екендігі туралы тұжырым өздігінен туындайды.
Дегенмен, қазіргі адамзат өркениеті мен мемлекеттер ұстанып отырған әлеуметтік саясат өмір сапасы мен халықтың күн көріс деңгейін арттыра түсуді, тіпті, оның бәсекелестік жағдайында болуын, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері баршаға қолжетімді болуын қалап отыр және соған ұмтылу үстінде. Сонымен қатар, тұрмыс сапасына күннен-күнге жаңа талаптар мен бұрынғы таалптардың жаңа деңгейлері келіп қосылып жатыр десе де болады. Бірақ белгілі бір қалыптасқан өлшемдер жүйесі бар екендігін де атап өтуіміз керек. Сонымен қазіргі заманғы өмір сапасына қандай белгілер кіреді және оны қалай топтастырып түсінуге болады деген сауал қойылады.
Кейбір зерттеушілер өмір сапасын анықтаудың екі түрлі идикаторларын ұсынады: обьективті және субьективті. Обьективті индикаторының өзін екі бөліп қарастырады: табиғи және әлеуметтік. Субьективті индикаторларды когнитивтік (өмірге жалпы қанағаттанушылықты бағалау және өмірдегі әр түрлі саладағы қанағаттанушылық) және сезімдік.
Сондай-ақ, оны жалпы белгілері бойынша топтастырып көрсететін көзқарастар да бар. Макрокөрсеткіштер: халықтың номиналды және реалды жалақылары, демографиялық көрсеткіштер, жұмыс аптасының ұзақтығы, бос уақыт, инфляцияның деңгейі, ішкі жалпы өнім т.б. Микрокөрсеткіштер: жанұя мен жеке адамды қанағаттандыруды білдіретін негізгі қажеттіліктер.
Өмір сүру деңгейі категориясының мәнінің бейнеленуін сипаттауы бойынша: тікелей – өмір сапасына тікелей қатысты нәрселердің өлшемі, мысалы, негізгі азық-түлік өнімдерінің тұтыну деңгейі т.б.; жанама – тікелей әсер етпейтін жағдайлар мен шарттар, мысалы, демографиялық жағдай.
Қажеттіліктер бойынша қойылған жіктеулер былайша басшылыққа алынады, оның ішінде үшеуі негізгі нысанға қойылады: физикалық қажеттіліктер, рухани (интеллектуалдық қажеттіліктер), әлеуметтік қажеттіліктер. Сондай-ақ, бұларды іргелі жеті топқа жіктеп барып түсіндіретін пікірлерді де мысалға алуымызға болады:
1. Халықтың сапасы; репродуктивті жағдайларға байланысты – туу мен өлім саны, ауру мен мүгедектік, күтілетін өмір ұзақтығы; жанұяны құру мен сақтау – неке мен ажырасу көрсеткіштері; білім беру мен мамандану деңгейі – қол жетімді білім деңгейі, ондағы адамдардың үлес салмағы т.б.
2. Әл-ауқат. Әл-ауқаттың материалдық жағы кірістерді, тұтыну мен халықтық жинақтар, оның көлемі, ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар және мүлік пен басқа да материалдық құндылықтардың қордалануы, макроэкономикалық жағдайлар, тұтынушылық құнының индексі, жұмысыздық пен кедейшілдік т.б.
3. Халықтың өмір сүру шарттары. Ол тұрғын үй, денсаулық сақтаумен қамтамсыз етудің мығымдылығы, білім беру мен мәдениет, бос уақыттың тиімді пайдаланылу жағдайлары, әлеуметтік және географиялық мобильділік т.б.
4. Ақпараттарға қол жетімділік. Ақпараттық инфраструктура мен телекоммуникацияларға деген мүмкіндіктердің болуы (ақпараттық ресурстар, интернет-технологиялар, ұялы байланыстар т.б.).
5. Әлеуметтік қауіпсіздік. Еңбек шарты, әлеуметтік қамсыздандырылу мен әлеуметтік қорғалулар, физикалық және мүліктік қауіпсіздік т.б.
6. Қоршаған ортаның сапасы. Ауа кеңістігінің бүлінуі, су қорының ластануы, топырақ сапасының қалыпты еместігі т.б. жергілікті халыққа тікелей қатысты жағдайлар.
7. Табиғи-климаттық жағдайлар. Форс-Мажорлық ахуалдарға сәйкес келетін өзіндік ерекшеліктер (су тасуы, жер сілкінісі, дауылдар мен басқа да табиғи апатты құбылыстар).
Ал Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейін анықтайтын ресми орган, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің дереккөзіне сәйкес халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі индикаторлары:
Халықтың табыстары: нақты түпкілікті тұтынуға шығыстар, халықтың атаулы ақшалай табыстары, халықтың нақты ақшалай табыстары, халықтың 20 пайыздық топтары бойынша ақшалай табыстардың жалпы көлемін бөлу, 10% неғұрлым ауқатты және 10% неғұрлым аз қамтылған халық табыстарының арақатынасы, халықтың ақшалай шығыстары, орташа айлық атаулы жалақы, нақты жалақының индексі, тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері, тағайындалған айлық зейнетақының нақты мөлшері, тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері, тағайындалған мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақының орташа айлық мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесі, ең төменгі күнкөріс шамасымен арақатынасы, азық-түлік қоржынының құны, табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі, жалақының ең төменгі мөлшері, жасы бойынша зейнетақының ең төменгі мөлшері.
Денсаулық сақтау: ауруханалар төсегінің саны, барлық мамандықтағы дәрігерлер саны, орта медициналық қызметкерлер саны, халықтың 10 000 адамына шаққанда.
Білім беру: мектепке дейінгі мекемелердің саны, мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың орындарды толтыруы, мектептер саны, жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың саны, жоғары оқу орындарының саны, халықтың 10 000 адамына шаққанда жоғары оқу орындардағы студенттердің саны, колледждер саны, халықтың 10 000 адамына шаққанда колледждердегі студенттердің саны.
Жылжымайтын мүлік: тұратын тұрғын үйдің жалпы алаңы, 1 тұрғынға шаққандағы жалпы алаңның шаршы метрі, өз пайдалануындағы жері, ауыл шаруашылықпен шұғылданатын жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылыққа пайдаланылатын жердің алаңына пайызбен.
Халықтың ұзақ қолданылатын заттармен қамтамасыз етілуі: тұрмыстық заттар.
Демография: туған кезден күтілетін өмір ұзақтығы, туудың жалпы коэффициенті, өлім-жітімнің жалпы коэффициенті, халықтың еңбекке жарамды жасындағы өлімінің коэффициенті, нәрестелер өлімінің коэффициенті, ана өлімінің коэффициенті, некелесудің жалпы коэффициенті, ажырасудың жалпы коэффициенті.
Қауіпсіздік: жол-көліктік жарақаттар, жылына тіркелген қылмыстар саны.
Бұл жерде көрсеткіштерді анықтау кезінде салыстырымдылықты қамтамасыз ету мақсатында жалпы қабылданған халықаралық әдіснама пайдаланылғанын ескерген жөн.
Бұл тұжырымдар мен пікірлер халықтың тұрмыс деңгейі мен өмір сапасының негізгі өлшемдерін толықтырып, жүйелеп беруге арналған идеялар болып табылады. Яғни, бұл ұғымның жоғарыдағы талданған жуықтайтын түсініктерге қарағанда неғұрлым кең түрде қамтылғандығын аңғара аламыз. Сондықтан, олардың көпшілігі осы тұрмыс деңгейі категориясына келіп енгізіледі және оның концептуальдық деңгейін көрсетеді. Шындығында, халықтың тұрмыс деңгейі оның барлық параметерлерін тұтасымен қамтып отыруы тиіс.
Бұл жердегі тағы бір маңызды мәселе, біз қарастырып отырған халықтың өмір сүру деңгейі мен өмір сапасы ұғымдарының көп жағдайда синонимдес мағынада қолданылатындығын ескере отырып, олардың мағыналас жақтары мен айырмашылықтарын ашып көрсетудің маңыздылығы болып отыр. Екеуі әрине, туыстас ұғымдар, бірақ негізгі айырмашылықтарын біз былайша ажыраттық.
1. Халықтың өмір сүру деңгейі жалпы және оның төменгі мөлшерін бағалауға жақындау келсе, өмір сапасы оның жоғары деңгейін бағалауға арналғандай болып тұрады. Өмір сапасы төмен деп бағалағаннан гөрі оның неғұрлым жоғары немесе соған ұмтылатындығы туралы сипаттама ақылға қонымды. Ал өмір сүру деңгейі жоғары емес, төмен деген сияқты түсініктемелер, оның күн көріс деңгейі деген мағынаға жуықтайды. Ол әсіресе, «күн көрісі жоғары» деген бағалаудың қайшылықты екендігінен-ақ көріне алады.
2. Халықтың өмір сүру деңгейі деген ұғымда кей жағдайда бұқара мен көпшілік енгізілсе, өмір сапасында жалпы мемлекеттің барлық адамдардың немесе адамзаттың сапалық дәрежесі туралы айтылады. Себебі, халықтың өмір сапасы дегеннен гөрі «адам өмірінің сапасы» деп келтірген неғұрлым логикалы. Сондықтан, өмір сапасы жалпыадамзаттық бағалауға жақынырақ болса, халықтың өмір сүру деңгейі белгілі бір аймақ немесе мемлекеттің шеңберінде қолданылуға лайықты деп айта аламыз.
3. Өмір сапасында құндылықтық бағдар нысанаға алынады. Яғни, сапа – игілік, жетістік, оңды құндылық, экономикалық-саяси мәртебелер т.б. екендігі белгілі болса, халықтың өмір сүру деңгейінде оның қарсы жағындағы мағыналар да қолданылады: халықтың өмір сүру деңгейі жоғары емес, нашар т.б.
Сонымен қатар, халықтың өмір сүру деңгейі мен өмір сапасын анықтаудың жоғарыда көрсетілген индекстерімен, параметерлерімен келісе отырып, мынадай ұсыныстар енгізуге болады. Қазіргі заманғы ғаламдық мәселелер мен жаһандану бұл өлшемдерді анықтауда өзіндік бір парадигмалар ұсынуы ықтимал деп ой түйіндей аламыз. Атап айтқанда, ұлт мәселесі, психологиялық идеологиялардың ықпалы мен адамның психикалық күйі, адам еркіндігі мен еріктігі т.б. біздіңше халықтың өмір сүру деңгейі мен өмір сапасын арттыруда қажетті маңызды түйткілдер болып саналады.
22. Қоғамның және адамның экономикалық мәртебесіне анықтама беріңіз. ҚР экономикалық мәртебесін сипаттаңыз: Әрбір тұлға коғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Жалпы мәртебені әлеуметтік және жеке статус деп бөледі. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) коғамдағы орны. Жеке мәртебе деп индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің (таныстары, туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады. Таныстары мен туыстарының оны қабылдауы индивидтің жеке сапаларына орай болады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын жұмысының сипатын, қызмет - лауазымын, материалдық жай-күйін, саяси ықпалын, партия мен кәсіподаққа мүшелігін, іскерлік байланысын, ұлтын, дінін, жас мөлшерін, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды. Бұлардың бәрін Р. Мертон «мәртебелік жиынтық» деп атаған. Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен белгіленген, яғни субъектінен тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің әз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастықтардың, ұйымдардың, т.б. субъектісі болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т.б. Бір адам әртүрлі адамдарға қатынасына сәйкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінін балалары үшін - әке, ал өзінің анасы үшін ол - ұлы болады. Бірақ сол мәртебелердің бірі адамның коғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көбіне-көп негізгі жұмыс орнындағы кызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін - тұрғылықты жерімен (бибі) айқындалады. Бұдан да басқа варианттары болуы мүмкін. Бұл басты мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді.
Жоғарыда аталған мәртебелермен адамзат коғамындағы мәртебелер бітпейді. Маңдайға жазылған, әзі жететін, аралас, әлеуметтік, жеке мәртебелер, солармен катар кәсіптік, экономикалық, саяси, демографиялық, діни және қандас - туыстық негізгі мәртебелердің бір түріне жатады. Бұлардан басқа көптеп саналатын эпизодтық негізгі емес мәртебелер де бар. Мұндай мәртебелерге жаяу жүрушінің, куәгердің, демонстрацияға қатысушының, оқырманның, тыңдаушының, теледидар көрерменінің, баспана кезегінде тұрушының және т.б. жатқызуға болады. Әдетте, бұлар уақытша жағдайлар. Мұндай мәртебені алып жүрушілердің құқықтары мен міндеттері көбінесе тіркелмейді. Оларды анықтау да өте киын, айталық, жаяу жүрушінің мәртебесі. Бірақ мұндай мәртебелер бар, олар адамның бастысына болмаса да, екінші қатардағы жүріс-тұрыс, ойлау және сезім белгілеріне ықпал етеді. Мысалы, профессор мәртебесі осы адамның өмірінде кәп нәрсені анықтайды, ал оның уақытша мәртебесі - жаяу жүруші екенін анықтамайды. Сөйтіп, адамның негізгі және негізгі емес мәртебелері болады, бірақ оның біріншісінің екіншісінен мәнді өзгешелігі бар. Бірде-бір адам мәртебеден немесе мәртебелерден тыс өмір сүре алмайды. Егерде ол бір мәртебеден кететін болса, міндетті түрде екінші бір мәртебені иемденеді.
Индивидтің коғамдағы немесе топтағы сыртқы жағдайы үйлесімді бола бермейді. Мұны мәртебелердің сәйкессіздігі (немесе алшақтауы) деп атайды. Индивид кептеген мәртебені иеленеді және көптеген әлеуметтік топтарға жатады, ал олардың қоғамдағы беделі бірдей емес: коммерсанттар сантехниктерден немесе өр түрлі жұмыскерлерден жоғары бағаланады; еркектердің өндіріс саласында әйелдерге қарағанда үлкен әлеуметтік салмағы бар; негізгі ұлтқа жатумен аз ұлттарға жату бірдей емес.
Ешбір құжатта тіркелмеген, бірақ қоғамдық пікірде қалыптасып, ауыздан-ауызға беріліп, мойындалған мәртебелер мен әлеуметтік топтардың иерархиясы бар. Бұл иерархия бойынша біреулерді басқаларға қарағанда көбірек құрметтеу мен бағалау орын алған. Мұндай иерархиядағы орынды ранг деп атайды. Ол жоғарғы, ортаңғы немесе төменгі рангқа бөлінеді. Иерархия бір коғам шеңберінде топтар арасында (мұндайда иерархияны топаралық деп атайды) және бір топтың шеңберінде индивидтер арасында (топ ішінде) өмір сүре алады. Бұл жерде де адамның орнын «ранг» термині білдіреді. Мәртебелердің сәйкессіздігі топтар арасындағы және топтар ішіндегі иерархиядағы қарама-қайшылықты көрсетеді. Осы қарама-қайшылық екі жағдаймен байланысты пайда болады:
— индивид бір топта жоғарғы ранг те, ал екінші топта төменгі ранг те болғанда;
— бір мәртебенің құқы мен міндеттері екінші бір мәртебенің құқығы мен міндеттеріне қарама-қарсы немесе кедергі келтіргенде.
Қазақстан Республикасы экономикасы
Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімі - $188 млрд. (2011 жылға), адам басына шаққанда $11,245 құрайды . Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан орташа экономика ретінде қарастырылады..
Қазақстан экономикасының әлемдік экономикадағы үлесін анықтаудың негізгі көрсеткіші - елдің халықаралық саудадағы үлесіне қарап анықтауға болады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жылдан жылға өсіп келеді: 1995 жылы $9 млрд болатын болса 2008 жылы $109 млрд болды. Негізгі өсім мұнай өндіру және металлугрия саласыныңеншісіне тиесілі. Экспорт өндірілетін өнім көлемінің өсуіне жәнебағаның қымбаттауына байлнысты. Ал импорттың өсуі тиісінше өнімді өндіруге қажетті машиналар мен жабдықтарды сатып алудың нәтижесінде өсті.
2009 жылы сыртқы сауда айналымы 34%-ға төмендеп кеттті, оның негізгі себепшісі мұнай мен металл бағасының төмендеуі. Дегенмен, 2010 жылдан бастап бағалардың қайта өсуіне байланысты қарқынды даму байқалды, Нәтижесінде экспорттық-импорттық операциялар көлемі $137 млрд. құрады. Экспорт ($92 млрд) иморттан екі есе көп болды ($45 млрд).
Экспорттың 75% – минералды ресурстар, ең үлкен бөлігі мұнай, газ, көмір, уран сияқты пайдалы қазбаларға тиесілі. Қалған 13% - металлдар және 3,4% - ауылшаруашылық өнімдері құрайды (негізгісі бидай), 4,2% - химия өнеркәсібінің өнімдері. Негізгі өндіретін тауар - өңделмеген табиғи қазбалар құрайды. Қазақстан әлемдік сауда нарығында табиғи ресурстарды қамтамасыз етуші ретінде қызмет етеді.
Қазақстан дүинежүзілік сауда ұйымына 2015 ж. 22 маусымда мүше болды.
23.ҚР баланың туылуына байланысты жәрдемақылардың тағайындалуы, жәрдемақының мөлшері мен төлену мерзіміне тоқтала отырып, негіздеме беріңіз: Жәрдемақының төлемнен ерекшелігі жәрдемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатындар және қатыспайтын адамдарға бюджеттен төленеді, төлемдер болса әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысынан жүзеге асырылады және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын адамдарға ғана төленеді.Жүктілік және босануына байланысты әлеуметтік төлемдер бір рет, ал бала бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлем – ай сайын төленеді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік төлемлерді тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін 4 жұмыс күні ішінде оларды мемлекеттік әлеуметтік қорына (кейін-Қор) береді.
Қор 4 жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды. Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартқан жағдайда ол өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге және ұсынылған құжаттарды өтініш берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қайтаруға міндетті. Сондай-ақ ол сараптамаға ұсынылған құжаттарды жіберуге және оларды берудің негізі болған құжаттардың болуын тексеруге міндетті. Бұл ретте әлеуметтік төлемдер тағайындау және шешімді қабылдауды ұзарту мерзімдері туралы шешімді қабылдаудағы орын алған кешігу туралы өтініш беруші жазбаша түрде кем дегенде бір ай бұрын хабардар болуы тиіс.
Әлеуметтік төлемдер алушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін әр айдың 20 жұлдызына дейін төленеді.
Жүктілік және бала тууына байланысты жәрдемақы тағайындауға құжаттарды еңбекке жарамсыздық парағын берген күннен бастап беру.
Сонымен бала туғанда келесі жәрдемақылар мен төлемдер ұсынылады:
Баланың тууына байланысты мемлекеттік бір рет төленетін жәрдемақы (жұмыс істейтіндер үшін де, жұмыс істемейтіндер үшін де) – бекітілген жәрдемақы.
Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін).
Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін).
Табысының жоғалуына байланысты жүктілік және босануы бойынша бір рет төленетін әлеуметтік төлем (жұмыс істейтіндер үшін).
Егер декреттік демалыста болған уақыт ішінде екінші балаңызға жүкті болсаңыз, онда төлемдердің 4 түрін тек баланың тууына байланысты жәрдемақыны ғана және баланың күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақыны ғана ала аласыз. Екінші бала туғанда жұмыс берушіге еңбекақының сақталуынсыз декреттік демалысты ұзарту туралы өтінішпен жұмыс берушіге жүгіну қажет.
Бала тууға және күтіміне байланысты берілетін жәрдемақылар.Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан 7 пайызға, ал 2017 жылғы 1 шілдеден тағы 20 пайызға арттырылады. 2017 жылы 1 қаңтардан – 71 270 теңге.
2017 жылы 1 шіледен 86 222 теңгеге өседі.Төртінші баланың тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2016 жылы – 111 035 теңге болды.
2017 жылғы 1 қаңтардан — 118 мың теңге.
2017 жылдың 1 шілдесінен – 142 947 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы төленетін жәрдемақы мөлшерінің төлемі мынадай болады:
* Бірінші балаға 13 070 теңге; * Екінші балаға 15 452 теңге; * Үшінші балаға 17 812 теңге; * Төртінші және одан кейінгі балаларға 20 195 теңге төленеді
24. ҚР жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемнің тағайындалуы, мөлшері мен мерзіміне негіздеме беріңіз: Жүктілік және босану бойынша демалыстан басқа баланың 3 жасқа дейінгі күтімі бойынша еңбекақы сақталмайтын демалыс ұсынылуы мүмкін. Кодекстің 195-бабына сәйкес осындай демалысты баланың әкесі немесе анасы, ал егер бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалса, онда баланың тәрбиесімен нақты айналысатын жақын туыстары ала алады. Бала күтімі бойынша демалыс уақытында жұмыстан айрылып қаламын деп уайымдамауыңызға болады. ҚР Кодексінің 59-бабына сәйкес жұмыс беруші сізді жүктілік және босану бойынша демалысқа байланысты жұмыстан шығара алмайды. Бұдан басқа 104-бапқа сәйкес, бала күтіміне байланысты демалыста болған уақыт еңбек өтілі ретінде есептеледі және кезекті төленетін демалыс ретінде есептеуге мүмкіндік береді. Егер сіз декреттік демалыстан бір жыл толмай шығу туралы шешім қабылдасаңыз төлем үшін қауіптену керек емес, жұмыстан шығу төлемдерді тоқтату себебі болып табылмайды. Баланың тууына байланысты төлемдер және жәрдемақылар Жәрдемақының төлемнен ерекшелігі жәрдемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатындар және қатыспайтын адамдарға бюджеттен төленеді, төлемдер болса әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысынан жүзеге асырылады және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын адамдарға ғана төленеді. Жүктілік және босануына байланысты әлеуметтік төлемдер бір рет, ал бала бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлем – ай сайын төленеді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік төлемлерді тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оларды әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын уәкілетті органға (Халықты әлеуметтік қорғау және бақылау бойынша аумақтық департаментке) береді. Әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын уәкілетті орган 10 жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды. Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартқан жағдайда ол өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге және ұсынылған құжаттарды өтініш берушіге қайтаруға міндетті. Сондай-ақ ол сараптамаға ұсынылған құжаттарды жіберуге және оларды берудің негізі болған құжаттардың болуын тексере алады. Бұл ретте әлеуметтік төлемдер тағайындау және шешімді қабылдауды ұзарту мерзімдері туралы шешімді қабылдаудағы орын алған кешігу туралы өтініш беруші жазбаша түрде кем дегенде бір ай бұрын хабардар болуы тиіс. Әлеуметтік төлемдер алушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін әр айдың 20 жұлдызына дейін төленеді. Жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақы тағайындауға құжаттарды бала туғаннан бастап 12 айдан кешіктірмей беру керек. Сонымен бала туғанда келесі жәрдемақылар мен төлемдер ұсынылады: Баланың тууына байланысты мемлекеттік бір рет төленетін жәрдемақы (жұмыс істейтіндер үшін де, жұмыс істемейтіндер үшін де) – бекітілген жәрдемақы. Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін). Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін). Табысының жоғалуына байланысты жүктілік және босануы бойынша бір рет төленетін әлеуметтік төлем (жұмыс істейтіндер үшін). Егер декреттік демалыста болған уақыт ішінде екінші балаңызға жүкті болсаңыз, онда төлемдердің 4 түрін тек баланың тууына байланысты жәрдемақыны ғана және баланың күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақыны ғана ала аласыз. Екінші бала туғанда жұмыс берушіге еңбекақының сақталуынсыз декреттік демалысты ұзарту туралы өтінішпен жұмыс берушіге жүгіну қажет.
25)ҚР зейнетақы жүйесі және тағайындау тәртібі және жасына байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшерін атаңыз және сипаттаңыз:
Зейнетақы
жүйесі
Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру қазіргі уақытта ынтымақтастыққа негізделген және жинақтаушы жүйелер механизмдерін бірге қамтитын үш сатылы жүйеден тұрады.
Бірінші деңгей – Бұл Қазақстанға КСРО тараған соң, одан мұра боп қалған және «ұрпақтар ынтымақтастығына» негізделген ынтымақтастықты зейнетақы жүйесі, онда халықтың жұмыс жасайтын бөлігінің салық төлемдері мен басқа түсімдер есебінен құралған мемлекеттік бюджет зейнетақы төлемдерінің көзі болып табылады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері еңбек өтіліне байланысты айқындалады. Қазіргі уақытта бұл деңгей шеңберінде 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақыға шығу сәтінде еңбек өтілі алты айдан кем емес адамдар үшін зейнетақы төлемдері қалыптастырылуда. Екінші деңгей – бұл Қазақстан азаматтары үшін ай сайынғы кірістен 10 пайыз көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналары, Қазақстанда үнемі тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жұмыстар мен мамандықтар, өндірістер тізіміне енгізілген жұмыскерлердің айлық табысының 5 пайызы көлемінде міндетті кәсіби зейнетақы жарналары белгіленген міндетті жинақтаушы зейнетақы қоры. Үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналарына (ЕЗЖ) негізделген жинақтау жүйесі. ЕЗЖ көлемі, оларды төлеу тәртібі мен кейінгі төлемдер тараптардың ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы келісімдері бойынша анықталады. Осылайша, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне қатысы бар халқына зейнетақыға шыққан соң өз кірісінің деңгейі үшін жауапкершілікке ие болу қажет, себебі олардың жеке зейнетақы шоттарында өздері қалыптастырған жинақтар зейнетақы төлемдерінің көзіне айналады. Әрбір азаматқа ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз жинағын арттыруға және соның арқасында еңбек жолын аяқтаған соң өзіне көбірек кіріс қамсыздандыру мүмкіндігі беріледі.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының 11-бабына сәйкес Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау: 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі. Бұл ретте Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін әйелдерге тағайындау: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі. Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес: 1) ерлердің – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыстағы еңбек өтілі кемінде жиырма бес жыл болған жағдайда, 50 жасқа толғанда; 2) әйелдердің – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыстағы еңбек өтілі кемінде жиырма жыл болған жағдайда, 45 жасқа толғанда зейнетақы төлемдерін тағайындатуға құқығы бар. 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқығы бар. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1 – 3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына: 1) ерлерге – 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде жиырма бес жыл еңбек өтілі болғанда және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан ерлерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi кезеңдегі қызметi, осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары төленбеген жағдайда, есептеледi; 2) әйелдерге – 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде жиырма жыл еңбек өтілі болғанда және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi кезеңдегі қызметi, осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары төленбеген жағдайда, есептеледi. Жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері осы баптың 1 – 3-тармақтарында аталған азаматтар санаттарына олардың Орталықтан зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдарға қызметтен босатылған кезден бастап тағайындалады. Жасына байланысты толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, толық зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға болған еңбек өтіліне барабар үлес ретiнде есептеледi. Бұл ретте осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi кезеңдегі қызметi, осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары төленбеген жағдайда, есептеледi.
«Базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту: 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана тағайындалатын болады. Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне ынтымақты жүйесінде (1998 жылғы 1 қаңтарына еңбек өтілі) істеп шыққан өтілін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналар аударылған кезеңін (зейнетақы жарналары аударылған нақты өтілі) қосады», - делінген хабарламада. Ведомствода түсіндіргендей, егер де азаматтың еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе еңбек өтілі мүлде болмаса онда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 50%-ын құрайды. Базалық зейнетақының мөлшері 10 жылдан артық әрбір жыл үшін 2 пайызға ұлғайтылады, өтілі 35 жыл және одан көп болған жағдайда КД 100 %-ын құрайды. «Бұл өзгерістер бір жағынан, еңбек өтілі көп болғанымен, табыстары туралы мәліметтердің болмауы себепті төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге қатысты әлеуметтік әділдік орнатуға, екінші жағынан, бүгінгі және болашақ қызметкерлер буынын еңбек қатынастарын заңдастыруды ынталандыру үшін мүмкіндік береді», - деп атап өтті министрлікте. Аталған норманы іске асыру үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі зейнеткерлердің зейнетақы істеріндегі құжаттардың негізінде базалық зейнетақы механизмі өзгертіледі. Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, заң ережесіне сәйкес Қазақстанда жұмыс берушінің қосымша 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын белгілеу есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышы енгізіледі. «Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын аударған қызметкерлер шартты-жинақтаушы құрамдауыштың қатысушылары болып табылады. Бұл жарналар азаматтардың меншігі болып саналмайды және әрбір қызметкердің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған шартты зейнетақы шотында тіркелетін болады», - деп нақтылады ДСӘДМ-де. Міндетті салымдар есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық атына шартты зейнетақы шоты ашылып, кемінде 60 айға жарналар аударылған жағдайда зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, сондай-ақ мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген I және II топтардағы мүгедектерге беріледі.
Зейнетақының аталмыш құрамдас бөлігі өмір бойы төленеді және мұраға қалдырылмайды. Зейнетақылардың мөлшері жыл сайын БЖЗҚ экономикалық мүмкіндіктеріне және демографиялық көрсеткіштеріне қарай индекстелетін болады. Бұдан өзге, заң ережесіне сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру жоспарланған.
25)ҚР зейнетақы жүйесі және тағайындау тәртібі және жасына байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшерін атаңыз және сипаттаңыз
Зейнетақы жүйесі
Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру қазіргі уақытта ынтымақтастыққа негізделген және жинақтаушы жүйелер механизмдерін бірге қамтитын үш сатылы жүйеден тұрады.
Бірінші деңгей – Бұл Қазақстанға КСРО тараған соң, одан мұра боп қалған және «ұрпақтар ынтымақтастығына» негізделген ынтымақтастықты зейнетақы жүйесі, онда халықтың жұмыс жасайтын бөлігінің салық төлемдері мен басқа түсімдер есебінен құралған мемлекеттік бюджет зейнетақы төлемдерінің көзі болып табылады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері еңбек өтіліне байланысты айқындалады. Қазіргі уақытта бұл деңгей шеңберінде 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақыға шығу сәтінде еңбек өтілі алты айдан кем емес адамдар үшін зейнетақы төлемдері қалыптастырылуда.
Екінші деңгей – бұл Қазақстан азаматтары үшін ай сайынғы кірістен 10 пайыз көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналары, Қазақстанда үнемі тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жұмыстар мен мамандықтар, өндірістер тізіміне енгізілген жұмыскерлердің айлық табысының 5 пайызы көлемінде міндетті кәсіби зейнетақы жарналары белгіленген міндетті жинақтаушы зейнетақы қоры.
Үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналарына (ЕЗЖ) негізделген жинақтау жүйесі. ЕЗЖ көлемі, оларды төлеу тәртібі мен кейінгі төлемдер тараптардың ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы келісімдері бойынша анықталады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне қатысы бар халқына зейнетақыға шыққан соң өз кірісінің деңгейі үшін жауапкершілікке ие болу қажет, себебі олардың жеке зейнетақы шоттарында өздері қалыптастырған жинақтар зейнетақы төлемдерінің көзіне айналады.
Әрбір азаматқа ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз жинағын арттыруға және соның арқасында еңбек жолын аяқтаған соң өзіне көбірек кіріс қамсыздандыру мүмкіндігі беріледі.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының 11-бабына сәйкес Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау: 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі. Бұл ретте Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін әйелдерге тағайындау: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі. Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес: 1) ерлердің – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыстағы еңбек өтілі кемінде жиырма бес жыл болған жағдайда, 50 жасқа толғанда; 2) әйелдердің – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыстағы еңбек өтілі кемінде жиырма жыл болған жағдайда, 45 жасқа толғанда зейнетақы төлемдерін тағайындатуға құқығы бар. 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқығы бар. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1 – 3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына: 1) ерлерге – 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде жиырма бес жыл еңбек өтілі болғанда және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан ерлерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi кезеңдегі қызметi, осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары төленбеген жағдайда, есептеледi; 2) әйелдерге – 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде жиырма жыл еңбек өтілі болғанда және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi кезеңдегі қызметi, осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары төленбеген жағдайда, есептеледi. Жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері осы баптың 1 – 3-тармақтарында аталған азаматтар санаттарына олардың Орталықтан зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдарға қызметтен босатылған кезден бастап тағайындалады. Жасына байланысты толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, толық зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға болған еңбек өтіліне барабар үлес ретiнде есептеледi. Бұл ретте осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi кезеңдегі қызметi, осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары төленбеген жағдайда, есептеледi.
«Базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту: 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана тағайындалатын болады. Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне ынтымақты жүйесінде (1998 жылғы 1 қаңтарына еңбек өтілі) істеп шыққан өтілін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналар аударылған кезеңін (зейнетақы жарналары аударылған нақты өтілі) қосады», - делінген хабарламада. Ведомствода түсіндіргендей, егер де азаматтың еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе еңбек өтілі мүлде болмаса онда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 50%-ын құрайды. Базалық зейнетақының мөлшері 10 жылдан артық әрбір жыл үшін 2 пайызға ұлғайтылады, өтілі 35 жыл және одан көп болған жағдайда КД 100 %-ын құрайды. «Бұл өзгерістер бір жағынан, еңбек өтілі көп болғанымен, табыстары туралы мәліметтердің болмауы себепті төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге қатысты әлеуметтік әділдік орнатуға, екінші жағынан, бүгінгі және болашақ қызметкерлер буынын еңбек қатынастарын заңдастыруды ынталандыру үшін мүмкіндік береді», - деп атап өтті министрлікте. Аталған норманы іске асыру үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі зейнеткерлердің зейнетақы істеріндегі құжаттардың негізінде базалық зейнетақы механизмі өзгертіледі. Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, заң ережесіне сәйкес Қазақстанда жұмыс берушінің қосымша 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын белгілеу есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышы енгізіледі.
«Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын аударған қызметкерлер шартты-жинақтаушы құрамдауыштың қатысушылары болып табылады. Бұл жарналар азаматтардың меншігі болып саналмайды және әрбір қызметкердің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған шартты зейнетақы шотында тіркелетін болады», - деп нақтылады ДСӘДМ-де. Міндетті салымдар есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық атына шартты зейнетақы шоты ашылып, кемінде 60 айға жарналар аударылған жағдайда зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, сондай-ақ мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген I және II топтардағы мүгедектерге беріледі. Зейнетақының аталмыш құрамдас бөлігі өмір бойы төленеді және мұраға қалдырылмайды. Зейнетақылардың мөлшері жыл сайын БЖЗҚ экономикалық мүмкіндіктеріне және демографиялық көрсеткіштеріне қарай индекстелетін болады. Бұдан өзге, заң ережесіне сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру жоспарланған. «2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық әлеуетті құрылымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру толық мемлекеттік қамсыздандыруға ауыстырылатын болады. Олардың зейнетақысының мөлшері қызметтен босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымына қарай есептелетін болады. Бұл ретте, 2016 жылдан бастап әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің ақшалай қамтылымынан 20 % міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша мемлекеттік бюджеттің міндеттемелері жойылатын болады», - делінген хабарламада. Сонымен қатар, бюджеттің кірісіне олардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50 % сомалары аударылатын болады. Сондай-ақ, қызмет өткеру жағдайлары бірдей болып, әр түрлі кезеңде запасқа шыққан әлеуетті құрылымдар зейнеткерлерінің зейнетақы төлемдері мөлшеріндегі диспропорцияларды жою үшін 2016 жылы бұрын толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін еңбек сіңірген жылдарына және зейнетақы ісіндегі қызметтен босатылған күніндегі еңбек өтіліне қарай, олардың толық көлеміне жеткізу бойынша біржолғы қайта есептеу іске асырылады.
«10 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары азаматтарға дәл сол қалпында төленетін болады. Оның мұраға қалдырылатыны айқын. Ал 5 пайыздық аударым мұраға қалдырылмайды. Оларды жұмыс беруші аударатындықтан, жұмыскердің меншігі болып есептелмейді. Аталмыш сома ЖМЗЖ активінде болады және зейнеткерлер арасында қайта үлестіріледі», - деп түсіндірді С. Жақыпова. Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған шаралар ауыстыру коэффициентін Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған - 40 %-дан кем емес деңгейді қамтамасыз етеді және одан әрі сақтай алады.
26)«Отбасы микроэкономикадағы қоғамның бастапқы ұяшығы ретінде» деген анықтамаға талдау жасаңыз: Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабына сәйкес «неке, отбасы, аналық, әкелік және балалық шақ мемлекеттің және отбасының қорғауында». Біздің қоғамымыңыздың ең бастысы жағы отбасы негізділігі, жаңа ұрпақты тәрбиелеу рөлі, отбасы тұрақтығын және үрдесін қамтамассыз ету, отбасы және балалардың негізін есептеу қажеттілігін тану, сонымен әлеуметтік қолдаудың арнайы шараларын алу. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы неке-отбасы қатынастарын реттейді және белгілейді. Олардың басты негіздері – ерлі зайыптылардың отбасында құқықтарының тендігі, балаларды отбасында тәрбиелеу приоритеті, кәмелетке толмағандарды және еңбекке жарамсыз отбасы мүшелелерінің құқықтарын және мүддесін қорғау.
27)Отбасының экономикалық қызметіне сипаттама беріңіз және оның қоғамға тигізетін әсерін нақты мысалдар негізінде ашып көрсетіңіз: Отбасының құрылымы мен қызметтері. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады. Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметті. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметті болып келеді. Бірақ жұбайлардыңн балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазіргі де солай. Мысалы патриархальды отбасы – шаруашылық экономикалық қажетіліктен туған. Қоғам әр түрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі – зайыптылардың өз тілегінен көп не аз баласы болуына интермелейді. Мыс. Қытай отбасында бір бала ғана болу саясаты жүргізіледі. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы – отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек ресустарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді. Бірақ халқының саны 1 млрд-тан асқан Қытай шектеулі жер аумағына шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға мәжбүр етті. Отбасының екінші маңызды қызметі - материалдық – экономикалық және тұрмыстық - шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметті қазіргі уақытта бірінші орынға көтеріледі, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Сонымен бірге отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты., әсіресе көп балалы отбасында. Отбасы мүшелелерінің шаруашылық - тұрмыстық қызметін ерлі – зайыптылар бірігіп атқаруы қажет. Бұрынғы кезде әйел үйде үй шаруасын жүргізді, бала туды, оны тамақтандырып тәрбиеледі, ал ері шаруашылық жұмысын жүргізді, отбасының экономикалық дербестігіне жағдай жасады. Қазіргі жағдай өзгерді. Әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан шаруашылық – тұрмыстық қызметті бірігіп атқару өмір талабына айналды. Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік – психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір – біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.
28. Отбасының экономикалық қызметін арттырудың бағыттарын атаңыз және олардың мәнін ашып тұжырымдаңыз: Жастарды отбасы -некелік өмірге дайындау мазмұны ретінде алынатын мәселенің бірі — отбасының экономикалық қызметі. Экономикалық қызмет немесе шаруашылық-тұтынушылық қызмет моногамия заңдастырылған тарих кезеңінде отбасын қоғамның ұясы ретінде анықтады . Патриархалдық немесе дәстүрлі отбасында көпбалалықтың себебі тек көп балалық өлім-жітім ғана емес, балалардың отбасының экономикалық өміріне қатысуы еді.
Экономикалық немесе шаруашылық-тұрмыстық қызмет патриархалдық отбасында, негізгі болмаса да, орасан зор рөл атқарады. Өйткені, сол кезде отбасы еңбек ұжымына ұқсатылды (көбіне ауылдық жерде, ал қалада сирек). Мысалы, ауылдық жерде жалғыз еркектің табысының жалғыз көзі болған ша-руашылығын жүргізуге шамасы келмейтін. Өнеркәсіпті қоғам-ның дамуымен отбасында экономикалық қызмет әлеуметтік қызметтен шеттеді. Өндіріс отбасынан сыртқа орын ауыстырды. Қазіргі қоғамда күн көру үшін отбасымен шұғылдану міндетті емес. Сөйтіп, отбасы молшылықтың негізгі көзі болудан қалды. Біздің заманымызда отбасының экономикалық қызметі отбасылық қарым-қатынастың әртүрлі аспектілерін қамтиды: үй шаруашылығын жүргізу, отбасын басқару, отбасы қаражатын орнына келтіру, отбасының кооперативтік іске қатысуы, отбасылық бақ шаруашылығының және қосалқы шаруашы-лықтың дамуы. Мұның бәрі материалдық игілікті өндіруге, отбасы молшылығын жақсартуға елеулі үлес қосады, оның тәрбиелік потенциалын кеңейтеді. Экономикалық қызметтің әлеуметтендіру рөліне келсек, ол өте маңызды. Отбасында бала алғашқы еңбек дағдысына үйренеді : үй шаруашылығында үлкендерге көмектеседі, өзіне қызмет етеді және т.б. “Эконо-микалық қызметтің отбасылық ұжымның өзара қатынасына әсері екі жақты болуы мүмкін: отбасында үй міндеттерін жұбайлардың, үлкендердің және жастардың арасында әділ болу, көбіне , жұбайлардың қарым-қатынасының нығаюына, бала-ларды құлықтық және еңбекке тәрбиелеуге жағдай жасайды. Отбасында үй міндеттерін әділетсіз бөлгенде, олар негізінен әйелге жүктелгенде, еркек “патриарх” рөлінде, ал балалар — тұтынушылар рөлінде болады, сөз жоқ, мұндай жағдай да кері ықпалын тигізеді”.
