- •7. Әлеуметтік-экономикалық әдісі, нормативті талдау, позитивті талдау және экономикалық-математикалық үлгілеу әдістеріне мысал келтіре отырып, анықтама беріңіз:
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың атқаратын қызметтері:
- •29. Әлеуметтік жұмыстағы қаржыландырудың түрлері мен қайнар көзін атаңыз және тұжырымдаңыз
- •30. Әлеуметтік жұмыстағы қаржыландырудың атқаратын қызметтерін анықтаңыз және мәнін ашып көрсетіңіз (ұқсас сұрақтар)
- •45.Жалпы профильдік және арнайыландырылған әлеуметтік қызметтер экономикасына тоқталыңыз
- •46.Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің экономикалық іс-әрекетін түсіндіріңіз және әлеуметтік қызметті қаржыландырудың қайнар көзін атаңыз
- •3. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері мен нысандары
- •48. Денсаулық сақтау мен осы бағыттағы әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудағы мемлекеттің рөлін сыни талдаңыз: Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілері
- •4. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың деңгейіндегі және аитв/житс алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі
- •56. Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 1 қаңтарындағы «күн көріс минимумының» мөлшерін атаңыз. «Күн көріс минимумы» қалай және қандай құзіретті органдармен тағайындалатындығына түсіндірме беріңіз:
- •57. Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері мен оның экономикалық негізін анықтаңыз
- •58. Қр зейнетақы жүйесіндегі реформаға талдау жасаңыз және зейнетақыны тағайындау және мөлшеріне тұжырымдама жасаңыз
45.Жалпы профильдік және арнайыландырылған әлеуметтік қызметтер экономикасына тоқталыңыз
46.Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің экономикалық іс-әрекетін түсіндіріңіз және әлеуметтік қызметті қаржыландырудың қайнар көзін атаңыз
Қызмет көрсету географиясы, тұрғындар географиясының дербес тарауы ретінде қалыптасып, қазіргі таңда экономикалық география пәндерінің жеке салалары-өнеркәсіп, ауылшаруашылық және көлік географиясы тәрізді осы географиялық ғылыми бағыттың негізгі курсына айналды.
Қызмет көрсету географиясы негізінен еңбектің аумақтық бөлінісі ықпалымен халықтың қажетін өтеу саласы мекемелерінің кеңістіктік жүйесінің (қызмет көрсету көлемін, сапасын және құныны есепке ала отырып,) дамуы мен қалыптасу заңдылықтарын оқытып-үйрету мәселесін қарастырады.
Қызмет көрсету географиясының мақсаты - әлемдік экономиканың болашағы зор және аса қарқынды әрі жан-жақты дамып келе жатқан халықтың қажетін өтеуші салаларды қамтитын қызмет көрсету географиясы жайлы жүйелі түрде түсінік беру. Егемен еліміздің шаруашылық субъектілерінің экономикалық дербестілігі жағдайы, бұл саланың серпінді дамуына себепші болды. Республикамыздың тұтыну базары нарқында бәсекелестік пайда болып, ол өз кезегінде біртіндеп қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың артуына әрі олардың халықтың қажетін өтеу бағытының көлемін көбейтуге және оның сан-салалы дамуына жағдай жасады.
Бұл бағдарлама пәннің мазмұнын ашу барысында тек қана қызмет көрсету салалары мен олардың шаруашылық іс-әрекетінің қазіргі жүйесі жайлы ғана емес, сол сияқты жалпы халықтың қажетін өтеу кәсіпорындары мен жеке тұлғалардың мінез-құлық өзгерістері мен дәлелді даму себептері туралы да білікті түсінік беруді қарастырады. Сонымен қатар «Қызмет көрсету географиясы» халықтың қажетін өтеу саласы бағытында студенттердің соңғы тұрғыда білім алып шығуына көмектеседі. Пән бағдарламасы негізінен жоғарғы курс студенттеріне арналып жасалған. Осы курстың шеңберінде – баршаға мәлім фактілер, идеялар, терминдер және теориялық түзілім жүйесімен қатар, қызмет көрмету салаларының құбылмалы өзгерістері туралы түсінік беріді алдын-ала қамтамасыз ету тұрғысындағы жаңа материалдар қарастырылады.
Бұдан басқа, қызмет көрсетуді материалдық және материалдық емес деп бөлуге болады. Біріншісі материалдық қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталады, мысалыға: халықтың тұрмыстық қызмет көрсету және көліктік қызмет көрсетулер, қоғамдық тамақтану; екіншісі материалдық емес – рухани қажеттілікті қанағаттандырады. Оған білім беру, консультация беру, мұражай мен театр, ақпарат көрсету, тарату, діни қажеттілікті қанағаттандыру жатады.
Стандартталған және шығармашылық қызмет көрсетулер олардың алгоритмизациясы дәрежесі бойынша бөлінеді. Стандарттық қызмет түрі қатаң ереже бойынша көрсетіледі. Шығармашылық қызмет көрсету тұтынушының жекелей талаптарына байланысты қалыптасуы және өзгеруі мүмкін. Мысалығ туристік бизнесте қызмет көрсетудің экзотикалық түрлері туындауы мүмкін. Айтар болсақ, турист – белгілі бір тарихи тұлғаға ұқсап киініп алған, боянған экскурсоводты жалдауы мүмкін.
Жеке және ұжымдық қызмет көрсетулер әр түрлі тұтынушыларға бағытталған. Қызмет көрсетудің бөлігі – мысалы репетитрлік пен дәрігерлік әрекет – олардың тек жеке тұлғалар үшін ғана пайдасы бар. Хирург бір ұжымға операция жасай алмайды. Басқалары, керісінше әрқашан арамдардың бүкіл ұжымына қызмет көрсетеді: бұл лектордың студенттер аудиториясындағы қызметі, қоғамдық тәртіпті мемлекеттің қамтамасыз етуі, қоғамдық көлікпен тасымалдау, бұқаралық коммуникация құралдарының жұмысы.
Өндірістік пен өндірістік емес қызмет көрсетулер қоғам әрекетінің көптеген салаларында іске асады. Өндірістік саласына жүк тасымалдау мен жабдықтардың техникалық қызметі, ал өндірістік емесіне – денсаулық сақтау, мәдениет, туризм, демалыс көрсетулер жатады.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет көрсетулер соңғы мақсатпен ерекшеленеді. Біріншіден пайда алу мақсатымен және коммерциялық тиімділік мақсатпен өндіріледі. Екіншісі, пайдалылыққа бағытталған. Оған қайырымдылық қорлары мен ұйымдары, бірқатар мемлекеттік қызмет көрсету (ел қорғанысы, қоғамдық тәртіпті реттеу, азаматтардың білімі мен денсаулығын қамтамасыз ету) түрлері жатады.
Қызмет көрсетуді ұйымдастыру формасы бойынша оны мемлекеттік пен мемлекеттік емес болып бөлінуі мүмкін. Олардың арасындағы айырмашылық сол – мемлекеттік қызмет көрсету тек мемлекет үшін ғана болады. Олар ел қорғанысы, қоғамдық қауіпсіздікті тұрақсыздандыру, азаматтар есебін жүргізу, көлік құралын тіркеу, т.б. Қоғамда туудың, өлімнің, некеге тұрудың, меншікке қатынастың мемлекеттік есебіне деген қажеттілік бар. Жеке фирма мемлекеттік қызмет көрсете алмайды, мысалы: некені немесе баланың тууына тіркей алмайды.
47. Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптар және мамандарды дайындау жүйесінің мәнін ашып көрсетіңіз: Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Осы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Әлеуметтік қызметкерге мынадай біліктілік талаптары белгіленеді: 1) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша жоғары білім немесе «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, техникалық және кәсіптік білім (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өткендігі туралы сертификат (куәлік); 2) балалық шақты әлеуметтік-құқықтық қорғау мәселелері бойынша жәрдем көрсету, сырқат балаға жалпы күтудің практикалық дағдыларына, баланың дамуына мүмкіндік беретін әдістерге үйрету, сондай-ақ мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға, үйде көмек алуына, қажетті компенсаторлық техникалық, протезді-ортопедиялық және қосалқы құралдарды алуға ықпал ету, өзіне-өзі қызмет көрсету, тәртіп, өзін-өзі бақылау мен тілдесу дағдыларына үйрету; 3) баланың отбасымен қосылу жағдайын, отбасыларды қолдау ата-ана құқықтарын қайта қалпына келтіру, бала асырап алуды, қорғаншылықты, қамқоршылықты рәсімдеу үшін материалдар ұсыну және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік патронажды жүзеге асыру; 4) туындаған қиындықтардың, шиеленісті жағдайлардың себептерін анықтау және оны шешуге, әлеуметтік қорғауға, отбасылық тәрбиеде көмек көрсетуге, кәмелетке толмаған балалары бар адамдарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге еңбек шартын жасасуға, жұмысқа орналастыруға, патронаж жүргізуге, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен қамтамасыз етуге, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен білім алушылардың жинақ салымдарын рәсімдеуге, құнды қағаздарды пайдалануға жәрдем көрсету; 5) арнайы әлеуметтік қызмет көрсету, арнайы әлеуметтік қызмет (тұрақты немесе уақытша) немесе қорғаншылық пен қамқоршылық алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу мәселелері бойынша кеңес беру, мұқтаждарды стационарлық емдеу мекемелеріне орналастыруға, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға, оқытуға, біліктілігін арттыруға ықпал ету; 6) әлеуметтік жетімдіктің, қадағалаусыздықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік оңалту және бейімдеу, құқыққа қайшы іс-әрекеттерге бейім балаларға әлеуметтік патронаж ұйымдастыру, отбасы және неке мәселелері бойынша кеңес беру, ассоциативтік мінез-құлықты балалармен жұмыс жасау; 7) кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау, өмірлік қиын жағдайдағы баланың және оның отбасының құқықтарын қорғау кезінде қоғамдық қорғаушы ретінде сотқа қатысу, бас бостандығынан айыру орындарындағы арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерінен келген адамдарды және тұрғылықты жері бойынша сотқа дейінгі сатыдағы қалпына келтіру сөт төрелігі бағдарламаларына оның қатысуы кезінде әлеуметтік бейімдеуді және оңалтуды ұйымдастыру; 8) балаларға қатысты қатігездіктің алдын алу, анықтау және қөңіл бөлу, виктимді балаларды тіркеу және оңалтуға қолдау көрсету. 3. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби қызметіне қойылатын талаптар: 1) әлеуметтік мазмұнды және әлеуметтік қызмет көрсету және перспектива жүйесін, халықаралық практиканы, әдістерді, технологияларды; баланың тұлғалық дамуының жас ерекшелігін, адамдардың этникалық және діни ерекшелігін; отбасында және әлеуметтік топтарда балаға қатысты қатігездікпен жұмыс жасай білуі; суицидтік мінез-құлықтың белгілерін және онлармен жұмыс жасай білуі; этикалық нормалар мен кемсітушілікке қарсы қағидаларды білуі қажет; 2) әлеуметтік ортаны тарта отырып, балалар мен отбасыларға арналған әлеуметтік көмек көрсету бағдарламаларын, әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологияларын қолдана отырып, әлеуметтік көмек көрсету бағдарламаларын әзірлей білуі, модельдей және қолдана білуі, өзара іс-қимыл жасай білуі, консультация бере білуі, тренинг өткізе білуі, оқыта білуі, баламен және отбасымен әлеуметтік жағдайларда алып жүру технолгияларын білуі, зорлық-зомбылық қолданған жағдайларды анықтай білуі және ондай жағдайларда қолдау көрсете білуі; 3) мынадай дағдылар мен жеке сипаттарының: айналамен қарым-қатынас жасау, әртүрлі нысаналы топтардың қажеттіліктерін түсіну, адамдармен өзара іс-қимыл жасау және олардың арасындағы қарым-қатынасты түсіну, әртүрлі әлеуметтік статустағы адамадарға сену, икемділік, әдептілік, жағдайға баға бере білу қабілеті, күрделі жағдайларды қарау, құжаттармен жұмыс жасау үшін әкімшілік дағдылары болуы қажет. 4. Біліктілігі жоғары деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар: 1) жоғары санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, немесе (және) арнаулы әлеуметтік қызмет ұсыну бойынша мамандығы/магистратура, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі; 2) бірінші санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі; 3) екінші санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық) және біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі; 4) санаты жоқтарға - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), жұмыс өтіліне талап қойылмайды. 5. Біліктілігі орта деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің (әлеуметтік педагогтің) біліктілігіне қойылатын талаптар: 1) жоғары санатқа - техникалық және кәсіптік арнаулы орта, кәсіптік орта (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санаттағы маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі; 2) бірінші санатқа - техникалық және кәсіптік арнаулы орта, кәсіптік орта (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі; 3) екінші санатқа - техникалық және кәсіптік арнаулы орта, кәсіптік орта (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі; 4) санаты жоқтарға - техникалық және кәсіптік арнаулы орта, кәсіптік орта (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
1991 жылы елімізде «Әлеуметтік жұмыс маманы» мамандығы ресми түрде қолданысқа енді. Әлеуметтік жұмыс - бұл қиын жағдайларға тап болған адамға немесе адамдар тобына көмек көрсетуге, адамның өзіне-өзі көмек көрсете алуын тәрбиелеуге, қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынастың үйлесімділігін орнықтыруға бағытталған кәсіби мамандық. Қазіргі кезде әлеуметтік жұмысты мемлекеттік мекемелер мен діни ұйымдар жүзеге асырады. Бүгінде қайырымдылық көрсетумен айналысатын мың бес жүзге жуық қоғамдық бірлестіктер бар, олардың біреулері айықпас дертке шалдыққандарға көмек көрсетумен және оларды әлеуметті оңалтумен айналысса, екіншілері әсери қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды жүзеге асырады, енді біреулері балаларға, жұмыссыздарға, қаңғыбастарға әлеуметтік қорғау мен көмек көрсетеді және т.б. Сонымен қатар қайырымдылық ұйымдарының бірнеше типтері қалыптасты:
1) жергілікті орталық билік органдары жанындағы қорлар;
2) ірі өнеркәсіптер мен ведомствалар жанындағы қорлар;
3) ірі банктер немесе коммерциялық фирмалар жанындағы фондтар;
4) жеке қайырымдылық қорлары мен ұйымдары.
ҚР әлеуметтік жұмыс мамандығы енді-енді қолға алынып, Республикамыздын басты
бағытына айналды.
Қазақстан бүгінгі таңда өз алдына жаңартылған, әсерлі мемлекеттер қатарына кіреді. әлемдік бірлестік Қазақстандағы өзгерулерге оң көзбен қарайды. Қазақстанда әлеуметтану өз алдына қатаң ғылыми тәртіп қояды. Жоғары деңгейлі Ресей оқу орындарына сүйене келгенбіз. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде 1910ж. әлеуметтік салада жоғары оқу орындарында әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша бөлімдер ашыла бастады. Қазақ мемлекеттік университеті, жаңа атауы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде әлеуметтік жұмыс бөлімі ашылды. Осы уақыттан бері жоғары білікті әлеуметтік қызметкерлер дайындала бастады. 1190ж. әлеуметтік қызметкерлердің дайындықтары күшейе түседі. Республиканың басқада жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік жұмыс бөлімі ашыла бастады. Қазіргі таңда еліміздің жеті жоғарғы оқу орындарында әлеуметтану кафедрасы құрылған. Әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде және Л.Румилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде әлеуметтік қызыметкердің жоғары деңгейде дайындау жүзеге асырылуда. Бұл жоғары оқу орнында педагоктар, әлеуметтік жұмыс саласын зерттейтін ғалымдар, әлеуметтік жұмыс ғылымы саласындағы ғалымдар жұмыс жасайды.
