Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
416-453.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

15.2 Дисбактериоз

Цисбактериозга микробиологиялыц диагноз цою. Адам денесінің микрофлорасы-бұрыннан белгілі,; сонымен бірге жаңа өзекті мәселе. Осы күнге дейін көмей, мұрын, жұтқыншақ, ауыз қуысы, қынап, ішек жолы, тері т.б. микрофлорасының құрамы туралы көптеген мәліметгер жинақталған. Организмнің кейбір экотоптарында кездесетін микроб түрлерінің «нормативтері» белгілі дәрежеде анықталған. Облигатгы, факультативті және транзиторлы микрофлораны бір-бірінен ажырата алатын мүмкіндіктер анықталды.

Микрофлораның көптеген процестерге қатыса алатыны жеткілікті дәрежеде белгілі болды: тұз-су алмасуы; газ алмасу; оның ас қорьпудағы маңызы; ақуыздар, майлар және көмірсуларды ыдырату; микро- организмдердің биологиялық белсенді заттарды- витаминдерді, гормондарды, антибиотиктерді синтездеу қабілеттілігі; оның иммуногендік рөлі, соның ішінде табиғи иммунитет қалыптастыруға қатысуы т.б.

Соңғы 15-20 жыл шамасында медиктердің лексиконында, «дисбактериоз» термині жиі қолданыла бастады. Соңғы жылдары барлық елдерде балалар мен ересектер арасында дисбактериоздардың меншікті үлесі күрт көбейгені байқалады. Ол экологиялық жағдайдың нашарлағанымен, антибиотиктерді, гормон- дарды орынсыз пайдаланумен, стресстік жағдайлардың өсуімен, тағамдық өнімдердің, ауыз су сапасының төмендеуімен т.б байланысты болып отыр. Міне, осылардың барлығы дисбактериозды әлеуметтік құбылыс деп қарауға мүмкіндік береді.

____________________________________________________________________________________429

Қазіргікездетұрғындардыңденсаулығынсақтауда, науқастанушылықпенөлімтуғызушылықтыазайтудадисбактерноздардыемдеуменпрофилактикасыжалпы-ұлттықмаңызыбармәселегеайналды. Тұрғындар арасында іс жүзінде дисбактериоздан сақтану жұмысы жүргізілмейді. Дисбактериоз клиникасы, оны емдеу, сақтану, микробиологиялық диагноз қою мәселелері бойынша практикалық дәрігерлерді оқыту жеткіліксіз жүргізіледі.

Кесте 15.5.

Қалыпты микрофлораның пайдалы функциясы

Функциясы

Іске асыру механизмі

Колонизациялық резистенттілік.

Нормафлорага тұрақтылық беретін және макроорганизмге патогенді, ШПМ енуіне кедергі жасайтын механизмдер жиынтыгы. Антиинфекциялық төзімділік жүйесіне (АИТЖ-САИР) жатады

  1. Микробаралық антгонизм (қорғаушы микрофлора сірке қышқылын, сүт қышқылын т.б қышқьшдарды, ферменттер, антибиотиктер ж.б өндіреді)

  2. Ішектің шырышты қабатын жабатын биологиялық үлбір (микробтардың экзополисахарңдты гликокалисінен шырышты қабаттың бокал пішінді жасушаларының муцинінен түрады). онда қоргаушы микробтар болады.

  3. Иммундық жүйе кызметінің күшеюі (бактериялардың жасуша қабатының мурамилпептиді жэне басқа молекулалардың көмегімен).

Детоксикациялық

Ақуыз, липидтар, көмірсулар метаболизмі нәтижесінде п.б. өнімдерді гидролиздеу т.б.

Синтетикалық

Витаминдер, гормондар, антибиотиктер, аминқышқылдар синтездеу.

Асқорытушылық

Асқазан-ішек жолының (АІЖ-ЖКТ) физиологиялық белсенділігін күшейту (протеаза, липаза. амилаза. целлюлаза т.б. өндіру)

Өкінішке орай, дисбактериоздарды кез-келген дәрігер емдейді. Дисбактериоз проблемасымен айналысатын жетекші мамандардың ойынша бұл паталогияны емдеуді медициналық микробиология бойынша маманданған дәрігер-терапевт, педиатр немесе инфекционист жүргізуі тиіс. Мұндай көмек түрін түрғындарға берілетін арнайы медициналық көмек деп есептеу керек.

Сонымен, дисбактериоз дегеніміз не? Дисбактериоз туралы түсінік және де терминдер өте көп. Дисбактериоз-облигатгы, факультативті микрофлора құрамының сандық-сапалық қатынасының өзгеруінен дамитын, ішек жолының бейспецификалық аурулары патогенезінде қосымша, ал кейде жетекші звеносы болып табылатын патологиялық үрдіс. Микрофлораның өзгеруімен аурудың негізгі белгілері байланысты болатыны айқын.

Көпшілік жағдайда дисбактериоз басқа инфекциямен ауырып тұрғаннан кейінгі асқыну ретінде пайда болады. Керісінше дисбактериоз бар жағдайда басқа инфекциялар әлде қайда жиірек дамиды.

Дисбактериоз феноменін анықтайтын терминдер көп: дисбактериоз, дисбактерия, дисмикробиоз, дисбиоз, дисбиоценоз, микробтық дисбаланс, дисбактериалдық реакция.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]