- •Студенттің пәндік
- •«Пісіру сапасын бақылау»
- •5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығына арналған алматы 2017
- •© Қ.И.Сәтбаев атындағы
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
- •1.2 Пән тұралы мәліметтер
- •1.3 Пререквизиттер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі
- •1.7 Пән бойынша оқу- әдістемелік материалдар
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1. Өріс берү жүйесі; 2. Бақылау нысанасы; 3. Датчик; 4. Санақ жүйесі; 5. Өлшеуші аспап.
- •2.3. Лабораториялық сабақтардың жоспары
- •1.Бұрыштық пісіру жіктерін бақылау тәсілдерімен танысу.
- •В) Пісіру нүктесін уз- бақылау
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6. Өзін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар
- •2.7. Пісіру сапасын бақылау пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •« Пісіру сапасын бақылау»
- •5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығына арналған
1. Өріс берү жүйесі; 2. Бақылау нысанасы; 3. Датчик; 4. Санақ жүйесі; 5. Өлшеуші аспап.
Әсерлесу нәтижесінде бақылау нысанасының айналасында өріс теқ қана осы нысанаға тән құрылым қалыптастырады . Нысананың сырт бетіндегі өрістің құрылымын бақылау нысанасының бетінің бойымен жылжытатын тіркеуіш-датчик 3, санауыш жүйесі 4 және өлшеуіш аспап 5 көмегімен анықтауға болады. Бақылайтын нысананың көрсеткіштері руқсат етілмейтін ақау және көрсеткіштер ауытқуы, қасиеттері мен геометриясы эталоннан ауытқығанда, сондай-ақ тұтастық ақаулары байқалғанда, бақылайтын нысананың бетіне жақын жердегі өріс құрылымы өзгереді. Бақылайтын нысана өрісінің эталонмен салыстарғандағы көрсеткіштерінің өзгерісін өлшеумен, бақылайтын нысана көрсеткіштерінің өзгеруін салыстырып, ондағы ақау барлығын айтуға болады. Ферромагнитті болаттардан жасалған бұйымдардың пісіру жіктерінің сапасын бақылағанда бақылаудың магнитті (магнит статистикалық) тәсілдері көбірек өндірістік қолданыс тапты және дамыды.
Тоқ өткізгіш ферромагнитті және ферромагнитті емес материалдардан жасалған бұйымдардың пісіру жіктерін бақылау үшін, жарамды электромагнитті (құйын тоқты) тәсілдері қарқынды дамуда.Бақылаудың магнитті және электромагнитті тәсілдері өрістерді тіркеу және қоздыру әдістерімен бөлінеді.Бақылаудың магнитті тәсілдерінің жіктелу сұлбасы 18- суретінде және электромагнитті (құйын тоқты) тәсілдерінің жіктелу сұлбасы 19- суретінде келтірілген. Магнитті бақылауға импульсті, тұрақты, айнымалы (100 Гц-ке дейн) және құрама магнитті өрістерді пайдаланады.
Бақылаудың
магнитті тәсілдері
18- сурет
19– сурет
Бұйымды магниттеумен де, магниттегеннен кейін де (қалдық өріспен) бақылауға болады. Бақылаудың бірінші ережесін тұрақты, айнымалы және құрама магнит өрісімен, екіншісін - тек қана бұйымды тұрақты немесе импульсті магнит өрісімен магниттегенде пайдаланады. Магнитті өрістер мен олардың біріңғай еместігін тіркеу тәсілдеріне байланысты бақылаудың магнитті тәсілдерін магнит-ұнтақты, магнитографиялық, магнит феррозондты, индукциялы, магнит - жартылай өткізгішті болып бөледі.
Электромагнитті (құйын тоқты) тәсілдерді, негізінде, өріс беру жүйелерімен бөледі, өйткені электрмагниттік өрістің өзгерістерін тіркеуші болып, көпшілігінде өткізгіш контур (орауыш) қолданылады.
Өріс беру жүйелері өтпелі (қойылатын) және жанастырмалы болуы мүмкін. Бірінші де орауыш тоғымен бөлшекті орап жасайды немесе оның ішіне ортатылады (мысалы, құбырға 20а суреті), екіншіде –орауыш тоғымен бөлшекке бүйір жағынан жанастарылып орнатылады.(20в)
20 – сурет. Бұйымды электромагнитті бақылауға арналған өріс беру жүйелері.
а) өтпелі орауыш; б) ендірмелі орауыш; в) жанастырмалы орауыш
Н – магниттік өрістің кернеу векторы
V – электромагниттік толқындардың таралу бағыты.
Бақылаудың электромагнитті тәсілдерінде бақыланатын бөлшектің температурасының бөлінуі және жылу шығару мен құйынды тоқтың өрісінің бөлінуін тіркеу тәсілдері қолданылуы мүмкін. Электромагнитті өрістің көрсеткіштері жөніңде алғашқы ақпаратты ажырату тәсілдерімен төмендегідей бақылау сұлбасына бөлінеді:
электр сигналына өзгертпей бақылау (көзбен көру);
электр сигналына өзгертумен бақылау .
Бірінші топтың бақылау сұлбасында ақау тұралы ақпарат электрмагнит өрісінің өзгерістерін болдырушы жанама белгілерін (бақыланатын бұйымның бетіндегі магниттелген немесе полярланған бөлшектердің ақау орналасқан жерге жақын шөгуін) тікелей байқаумен алынады.
Сұлбаның екінші тобы электромагнит өрісінің көрсеткіштерін электр сигналына өзгертуге негізделген. Бақылау сұлбасының бұл тобы, біріншімен салыстырғанда ақпараттылау. Екінші топтың сұлбасы өлшеген ақпараттарды автоматты өңдеу жүйелерімен, сондай-ақ технологиялық процестерді автоматты басқару жүйелерімен де жеңіл үйлеседі. Бақылау бұйымына қарағанда өріс беру жүйесі мен тіркеуіштің өзара орналасуына байланысты, бұйымға жақындатудың бір жақты және екі жақты (экранды) бақылау сұлбасына бөледі. Бірінші жағдайда, өріс беруші және тіркеуші жүйелер бақыланатын бұйымның бір жағында орналасады. Екіншіде – бұйым өріс беруші және тіркеуші жүйелердің арасында орналасады.
Магнитті тәсілдер. Бақылаудың магнитті тәсілдері ферромагнитті материалдан жасалған бұйымда тұтас еместік (ақаулар немесе құрылымның біркелкі еместігі) жасайтын магнит ағынының (өрісінің) шашырауын айқындауға негізілдеген.
Магнит-ұнтақты тәсіл. Магнит-ұнтақты тәсілдің мәнісі мынада: ферромагнит ұнтағын керосин, май, немесе сабын ерітіндісімен араластырып, магниттелген бөлшектің бетіне жағады. Магнитті өрістің шашырауының тарту күші әсерінен ұнтақ бөлшектер бұйымның бетінде жылжып, ақаулардың бетінде жолақ түрінде топтасады. Ұнтақтардың осы топтасуы анықталған ақаудың түріне сай келеді (21-сурет).
21- сурет. Магнит ұнтағының шөгісі
а) сызаттарда, б) пісіру ақауларында.
Ұнтақ бөлшектердің мөлшері тәсілдің сезімталдығына магнит қасиеттерінен де сан есе күштірек әсер етеді. Қойылған өрістің кернеуліктілігі көбейген сайын (қанығу индукциясына жеткенге дейін), анықталған ақаулардың санының көбеюінен байқалатын, тәсілдің сезімталдығы ұлғаяды.
Бақылауды жүргізідің тиімді жағдайларын сақтағанда, бақылаудың магнит-ұнтақты тәсілінің жіңішке және майда сызаттарға сезімталдығы өте жоғары. Ол, ені 0,01 мм-ден, терендігі (ақаудың биіктігі) 0,05 мм-ден және жоғары сырттық бетте және беттің астындағы ақауларды айқындауға мүмкіндік береді. Пішіні дөңгелек (мысалы кеуектер) ақаулар нашарлау айқындалады. Күшейтілген пісіру жіктерін немесе беті кедір-бұдыр бұйымдарды бақылағанда, магний-ұнтақты тәсілдерінің сезімталдығы жоғары емес, әсіресе ішкі ақауларға. Ұнтақ дайындауға арналған материал есебінде, негізінде майда ұнтақталған темір тотығын (Fe3O2) (бөлшектерінің мөлшері 5-10 мкм) қолданады. Кейде, соққылау мен илемдегенде алынатын таза темір қабыршағын, сондай-ақ болат бұйымдарын ажарлағанда алынатын болат үгіндісін пайдаланады.
Бақылаудың магний-ұнтақты тәсілінде бұйымды тұрақты, айнымалы немесе импульсті тоқпен магниттеуші орамаға немесе электромагнит орамасына тоқ берумен, сондай-ақ бақыланатын бұйым арқылы немесе қуыс бұйым ішінде орнатылған тоқ өткізгіш сырық арқылы тоқ жіберу жолымен магниттейді. Жоғарыда көрсетілген әдістерден басқа бақылайтын бұйымды магниттеу үшін, П – тәріздес өзектен тұратын, жанастырып бекітетін электромагнитті кеңінен пайдаланады (22-сурет).
22 - сурет. Жанастырып қоятын электр магнитімен магниттеу.
1 – магниттеу орамасы, 2 – бұйым, 3 – ақау, 4 – шөккен ұнтақ.
Магнит-ұнтақты бақылау үшін, өндірісте алып жүретін және тұрақты ақаукөргіштер шығарылады. Магнит-ұнтақты тәсіл өте кең таралған. Бұл оның негізгі артықшылықтарымен байланысты: майда және жіңішке сызаттарға жоғары сезімталдығы, тәсілдің қарапайымдылығы, бақылау нәтижелерін жылдам алу және олардың көрінетіндігі. Еліміздің және шет елдердің тәжрибесінде түйістіріп электр түйіспелі пісірумен орындалған құбырлардың бойлық пісіру жіктерін бақылауға, сондай-ақ электр доғалы пісірумен орындалған құбырлардың түйіс жіктерінің сызаттары мен енсіз шалапісірімдерін айқындауға қолданылады. Екі жағдайда да жіктердің күшейтілуін алып тастайды.
Магнитографиялық тәсіл. Ақаукөргіштіктің магниттік тәсілдерінің арасында пісіру жіктерінің сапасын бақылау үшін көбірек таралғаны магнитографиялық тәсіл. Бұл тәсілдің мәнісі –бақыланатын пісіру жігінің учаскесін және оған жақын жатқан жік жаны аумағын магниттеп, сонымен қатар оның магнитті өрісін магнитті таспаға жазып аламыз, содан кейін таспада алынған магнитограмманы магнитографиялық ақаукөргіштің арнайы қайта жаңғырту қондырғысымен оқылады (23- сурет). Магнитті таспада ақаудың мөлшері мен сипаты жөнінде ақпараты бар, магниттік өрістің тангенсиалды құрамасы тіркеледі. Магнитографиялық бақылауда ақау туралы ақпараттың көзі-ол жаңғырту қондырғысының магниттік бастиегіндегі сезімтал элементте пайда болатын электр дабылы болып табылады. Бұл дабыл өзгертіледі де, ақаукөргіштің электронды сәулелі түтігінің экранында көрінеді.
23 - Сурет. Пісіруді магнитографиялық бақылау тәсілі.
1- магниттеуші қондырғы, 2 – пісіру жігі, 3 – ақау, 4 – магниттік таспа, 5 – ротор, 6 – магнитті индукциялы бастиек, 7 –электр қозғалтқыш, 8 – электронды күшейткіш, 9 – ажырату генераторы, 10- қоректендіру блогі, 11- электрон- сәулелі түтік.
Бақылаудың бұл тәсілі заводтың технологиялық циклында, сондай-ақ әртүрлі жинастыру жағдайында ойдағыдай пайдаланылады.
Электр-магнитті тәсілдер. Электр-магнитті құйынды тоқты тәсілдері электр магнит өрісі мен бақылау нысанасының өзара қатыснастарының өзгерісін тіркеуге негізделген. Электр-магнитті тәсілдің қағидасы мынадай: қорек көзінің (өріс беруші жүйенің) және бақылау нысанына түсірілген құйынды тоқ өрістерінің өзгерісін тіркеу.
Құйынды тоқ өрісінің өлшейтін катушкаға әсірі бергіш-катушканың индуктивті (Хl), және белсенді (R) кедергісінің өзгерісіне сай.
Бұл, бірінші ақпараттық көрсеткіш есебінде қабылдауға болатын, кернеудің құрамасы мен тіректі және өлшенетін кернеу фазасының ығысуына алып келеді.
Құйынды тоқ тәсілін ұзындығы 1,5 мм –ден жоғары, диаметрі 0,6 мм-ден жоғары және тереңдігі 1 мм-ге дейінгі беттік немесе бет асты ақауларын (сызат, ойшық, металл емес қосындалар т.б.) айқындауға пайдаланады. Құйынды тоқ тәсілдері ағынды өндіріс үрдісінде бұйым сапасын тексеруді автоматтандыруға мүмкіншілік береді. Қазіргі кезде ТМД және алыс шет елдерде – Германия, АҚШ, Швеция, Англия т.б., бірқатар заводтарда жаппай бұйымдарды ағында бақылаудың автоматтандырған тізбектері мен қондығылары табысты қолданылады. Құйынды тоқ тәсілі, пісіру жалғастарының сапасын бақылауға пайдалану жағынан, әзірше аз зерттелген.
Әдебиеттер: 1 негізгі [189-234]. 3 негізгі [135-158] 5 негізгі [424-433].
Бақылау сұрақтары:
Бақылаудың магнитті тәсілі қандай түрлерге бөлінеді?
Бақылаудың магнит-ұнтақты тәсілін түсіндірініз.
Магнит-ұнтақты тәсілдің артықшылықтары?
Магнитографиялық тәсілдің мәнін айтыныз?
Электр-магнитті тәсілдер тұралы түсінік?
11 - дәріс. Пісіру жалғастарын бақылаудың қылтүтікті тәсілдері. Негізгі түсініктер. Жіктелуі. Ақаукөргіштік материалдар. Бақылаудың аппаратурасымен әдістемесі.
Қылтүтікті (пенетрациялық) ақаукөргіштіктің алдындағы мәселесі – ақау участкелердің жарық қайтаруын өзгертуге мүмкіншілік беретін жабдықты пайдаланып, сыртқы ақауларды айқындау. Осылайша ақау және зақымдалмаған жерлердің айқындылық айырмашылығын қолдан өзгертеді. Қылтүтікті ақаукөргіштік тәсілін, негізінде ферромагнитті емес, ыстыққа берік қорытпалардан жасалған жалғастарды, сондай-ақ энергетикалық, көліктік және арнайы машина жасауда бөлшектерді дайындағанда пайдаланылатын металл емес материалдарды, радиоэлектрондық құрылымдардың, қышбұйымды және металл- қышбұйымды бөлшектерін бақылау үшін қолданады. Қылтүтікті ақаукөргіштік көпшілігінде мына құбылыстарға негізділеді: қылтүтікті өтулік, сорбция мен диффузия, жарық және түстік айқындылық айырмашылығы.
Беттік жағынан ашық, ақаулы қуыстарды арнайы жарық және түстік айқындылық индикатор заттармен толтыру- қылтүтікті ақаукөргіштіктің бірінші кезеңі. Беттік ақаулардың микроскопиялық қимасы мен микроскопиялық ұзақтығы оларды, қылтүтік күштері әсерінен ылғалдайтын сұйықтарды өзіне тарту ерекшелігі бар, қылтүтікті ыдыстарға ұқсатады. Ақаулардың қуыстығын ылғалдайтын сұйықтық-пенетранттар есібінде қажетті қосынды-сымен органикалық люминофорлар мен бояғыш заттардың қоспаларының ерітіндісі қолданылады. Бояушы сұйықтың артығын, арнайы тазартатын құраммен, әртүрлі тәсілмен кетіреді. Содан кейін, бөлшекке ультракүлгін жарықпен жарық түсіргенде, люминисценттік ертіндімен толтырылған олардың жарқыраған іздерінен, сырт ақауларды анық айқындауға болады (люминисценттік тәсіл).
Бояумен толтырылған ақауы бар бөлшекке жарық түсірсе, олда ақау аумағындағы түрлі-түсті жолақ бойынша, ақауды анықтауға мүмкіндік береді (түрлі-түсті тәсіл).
Жіктеулуі. Ақаулардың индикаторлық іздерінің жарық-колористік ерекшеліктеріне байланысты қылтүтікті ақаукөргіштік үш тәсілге бөлінеді:
люминисценттік (Л);
түрлі-түсті (Ц);
люминисцентті-түсті (Л-Ц).
Люминисценттік тәсіл – үш түрлі вариант белгілерімен дамуда: сорбциялы, диффузиялы және еш белгісіз. Люминисценттік тәсілдің сорбциялы варианты – көне және көбірек таралғаны (бірақ тиімдірегі емес). Индикаторлы сұйықтықпен тазарту құрамының іздерін бөлшектен тазартқаннан кейін, ұнтақ күйіндегі сорбентті (құрғақ тәсіл) немесе қою қойыртпақ үнтақ тәріздес сұйықтықтағы сорбентті (ылғалды тәсіл) жағады. Ақауда сақталған индикаторлы ертіндінің іздерін алу үшін, бақылайтын бетте сорбентті берілген уақыт аралығында ұстайды. Содан кейін, бақыланатын бетке ультракүлгін жарық түсіріп қарайды.
Сорбент сіңірген индикаторлы ерітіндінің люминисценттігі (жарқырауы), ақау орналасуының дәл және айқын суретін береді.
Бақылаудың аппаратурасы мен әдістемесі. Тұрақты орында пайдаланатын ақаукөргіштер ішінде пайдалануға ұсынылатындары – шағын ақаукөргіш ЛД-4 және үлкен ақаукөргіш ЛДА-3, түрлі-түсті ақаукөргіштікке арналған, алып жүретін жиынтықтың ішінде – ДМК-4 құрамасы. Пісіру жіктерін қылтүтікті ақаукөргіштікпен бақылаудың ең қарапайым әдістемесі төмендегідей.
Бақылаудың люминисценттік тәсілінде бұйымның бетіне, ультракүлгін сәулесі әсерінен жарқырайтын, сүйықтық (жиірек 15 % трансформатор майы мен 85 % керосиннен тұратын қоспа) жағады. Содан кейін, бұйымның бетіне тальк немесе көмірқышқыл магний ұнтақ-анықтағышының жұқа қабатын жағады. Біршама уақыт өткеннен кейін, ұнтақты кептіріп, ПРК-2, ПРК-4 т.б. кварц шамдарының ультра күлгін жарығымен пісіру жігіне жарық түсіреді. Ақаулар олардың сары-жасыл жарқырауынан көрінетін болады.
Боялу тәсілімен бақылағанда бұйымның тазартылған бетіне боялған өтімді сұйықтықты (жирек 20 % скипидар, 80 % керосин және 1 дм3 сұйықтыққа 10г. бояудан тұратын қоспа) жағады. Осыдан кейін бетті 50 % -ды каолиннің судағы немесе спирттегі ертіндісімен жуады. Ақаудағы бояу кептірген кезде диффузияланып, каолинді қызыл түске бояйды.
Әдебиеттер: 1 негізгі [235-241]. 3 негізгі [159-162] 5 негізгі [434-438].
Бақылау сұрақтары:
Қылтүтікті ақаукөргіштіктің мәнісі, оның негізделуі.
Қылтүтікті ақаукөргіштіктің тәсілдерін пайдалану ауқымы.
Сұйықтық-пенетранттар есебінде қандай ертінді қолданылады?
Қылтүтікті ақаукөргіштік тәсілінің жіктелуі.
Түрлі-түсті тәсілдің орындалу ерекшіліктері.
12 - дәріс. Пісіру жалғастарын ағыс іздеу тәсілдерімен бақылау. Тәсілдердің жіктелуі және физикалық негіздері. Газ-электрлі ағысіздегіштер. Ағыс іздеумен бақылаудың басқа тәсілдері. Пневматикалық сынақтар. Ағысты химиялық индикациялау. Гидравликалық сынақтар. Керосин және пенетранттармен сынау.
Тәсілдердің жіктелуі және физикалық негіздері. Бітеу көлемді ыдыстар мен басқа бұйымдардың пісіру жалғастарына қойылатын пайдалану талаптарының ең маңыздысы, өтпестікті немесе тығыздықты сақтау болып табылады. Тығыздық – бұл пісіру жалғасының жұмыс жағдайында бұйымдағы заттың бастапқы мөлшерін сақтау қабілеттілігі. Тығыздық дәрежесін әдетте бірлік уақыттағы ағыстың (ағудың) шамасымен өлшейді. Пісіру жалғастарының тығыздықты жағалтуының кеңірек тараған себебі - өтпелі ақаулар. Олар әдетте кеуек каналдары, сызаттар, шалапісірім және басқа ақаулар түрінде болады. Өзінің пайда болу себептеріне байланысты бұл ақаулардың бірінші және екінші түрлері болады.
Екінші түріне - агрессиялық орта, дірілді жүктемелер т.б. әсерінен пайда болған салқын және шаршау сызаттары, тесіп өткен кеуектер мен жырықтар жатады. Ақаудың екінші түрін анықтау қиын, өйткені өндірісті бақылау үрдісінде олар айқындалмайды. Ағатын жерден өтетін сұйықтық немесе газ қозғалысының сипаты ағыс мөлшеріне, орта құрамына және қысымның айырмашығына байланысты. Ол тұтқырлықты, молекулярлы-тұтқырлықты және молекулярлы болуы мүмкін. Тығыздықты сынауға арналған жұмыс денесін – газ немесе сұйықтықты нақты пайдалану жағдайы және жұмыс ортасына байланысты таңдау керек. Осы тәсілдердің әрқайсысы өзінше бақылау сезімталдығын қамтамасыз етеді. Кеңірек тараған ағыс бірлігі – л·мкм/с, яғни 1 мкм сынап бағанасы қысымында, 1 секунд ішінде ағатын литр.
Ағыс іздеумен бақылау тәсілін таңдау жобалаушы белгілеген тығыздық дәрежесіне байланысты. Қазіргі кезде қаталдау талап атом энергетикасында бар, мұнда жауапты жалғастарда шекті ағыс мөлшері 10-7- 10-9 л.мкм/с немесе 4· 10-4 см3· ат/жылына дейінгі көрсеткіштен аспауы керек. Бақылаудың осындай сезімталдығын қазіргі кездегі гелийлі ағыс іздегіштер ПТИ-6, ПТИ-7 қамтамасыз етеді. Ағыс іздегіштердің сезімталдығын тексеру және ағыс іздеу сұлбасын баламалау үшін, бақылау ағыстарын пайдаланады. Бұйымның тығызсыздығын бағалаудың негізгі көрсеткіші ретінде, бақыланатын жалғастың тығыз еместігінен және бақылау ағысынан байқалатын газ өтуінен алынған нәтижелердің салыстырмалы түрдегі талдауы болып табылады. Бақыланатын ағыс диффузиялы және қылтүтікті болады. Диффузиялық бақылау ағысының жұмысы кеуек материалдардан өткенде гелийдің диффузиялануына негізделген. Олардың жұмыс көлемі таза гелиймен толтырылады. Қылтүтікті бақылау ағысының жұмысы бақылау газының қылтүтік (жарық, сызат т.б.) арқылы өтуіне негізделген.
Газ-электрлі ағыс іздегіштер. Газ-электрлі ағыс іздегіштер ешқандай басқа тәсілдермен айқындалмайтын өте аз ағыстарды анықтауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, бұл ағыс іздегіштер күрделі және қымбат, сондықтан оларды ерекше жауапты бұйымдар үшін, мысалы атом энергетикасында, қолданады. Ағыс іздегіштердің екі түрі бар:
а) масс- спектрөлшеумен (гелийлі);
б) галоид-электрлі (галоидты).
Гелийлі ағыс іздегіштердің жұмыс қағидасы масс - спектрөлшегіштің ағыс іздегіш бөлмесіне толатын газдар кешенінен гелийді ажыратуға негізделген. Бұл газды көсеткіш (индикатор) есебінде пайдаланады.
Гелийдің масс- спектрөлшегішінің бөлмешігіне түсүі, ағыс іздегішті вакуумдалған бұйымға немесе біршама артық қысыммен гелиймен толтырылған, бұйым орналасқан бөлмешікке жалғастырумен қамтамасыз етіледі. Гелийдің ақау арқылы өткенінен, масс- спектрөлшегіштің бөлмешігіндегі қысымның көбеюі бір уақытта сыртқа қойылған меңзерлі аспаппен және дыбыс дабылымен тіркеледі. Тәсілдердің бөлінуі: гелийлі сүңғіш, бұйымның сыртқы бетін гелиймен үрлеп вакуумдеу, бақыланатын бұйымның жеке учаскелеріне арнайы бөлмешіктер қою, т.б.
Ағыс іздеумен бақылаудың басқа тәсілдері. Ағыс іздеумен бақылаудың басқа тәсілдеріне пневматикалық сынақтар, химиялық индикациялау, гидравликалық сынақтар, керосин және пенетранттармен сынау, т.б. жатады.
Пневматикалық сынақтар. Қысылған ауамен сынау. Қысылған ауамен ақырғы сынау ыдыстардың жалпы тығыздығын бақылау үшін жүргізіледі. Тығыз еместікті қысымды 10-100 сағат ішінде ұстап, оның төмендеуімен анықтайды (манометрлік индикациялау). Сынақ қысымы әдетте 1,0-1,2 жұмыс қысымының шамасында.
Ағысты химиялық индикациялау. Бұйымдардың тығыздығын бақылаудың химиялық тәсілдері ағыстарды индикациялау (көрсету) үшін химиялық реакцияларды пайдалануға негізделген. Бақылайтын түйіске индикаторлық майұнтақ жағады немесе индикаторлы таспаны (қағаз, дәкеден, т.б.) жапсырады. Бұйымда бақылау газының артық қысымы жасалады. Бақылау газы (аммиак, СО2 және олардың ауамен немесе азотпен қоспалары) жіктің тығыз емес жерлерінен өтеді және индикатормен химиялық реакцияға түсіп, дақ жасайды.
Гидравликалық сынақтар. Бұл сынақты әдетте пісіру жіктерінің тығыздығы сияқты, беріктігінде тексеру мақсатында жүргізеді. Олар пневматикалық сынақтарға қарағанда қауіпсіздеу, өйткені сұйықтық аз қысылады және ағыс жарылыссыз бірден қысымның төмендеуіне алып келеді. Гидравликалық сынақ тәсілі, ұстау уақыты, қажетті қысым шамасы және шекті ағысы осы бұйымға қойылатын техникалық шарттарға сай белгіленеді.
Бұйымды қажетті уақыт ұстап, балғамен соғып байқайды. Ағыстар шашыранды немесе ылғалдану түрінде айқындалады. Бақылаудың сезімталдығын жоғарылату үшін, жоғарырақ өтү қабілеттілігі бар су ертінділерін қолданады.
24- сурет
Керосин және пенетранттармен сынау. Жіктерді керосинмен сынауды ашық ыдыстар, сұйыққоймалар, сиымдылықтар және басқа бұйымдарға қолданады. Тәсіл керосиннің жоғары өту қабілеттілігіне негізделген. Сұйықтықтың түтікке өтуіне оның полярлығы да үлкен ықпал етеді. Тығыздықтың қабырғасында жылжымайтын адсорбциялық қабыршақ құрамайтын, полярлығы жоқ сұйықтық – керосин, бензин, спиртті пайдаланған дұрыс.
Іс жүзінде, жіктің тығызсыздығын айқындау үшін, оларды бақылауға және ақауды кетіруге болатын жағынан борлы бояу жағады. Содан кейін, жіктің басқа сырт жағына керосин жағып, есептеу бойынша оны қажетті уақыт (15-60 мин.) ұстайды. Ақаулар бор жағылған жағынан тотты жолақ және дақ күйінде байкалады. Бұйымдарды сумен ылғалдауды қолданбау керек, өйткені оның молекулаларының полярлығына байланысты ақауды айқындаулық азаяды. Бұйымды бақылау алдында кептіру қажет.
Пенетрант-бояу және люминофорларды пайдалану, әдістемелік жағынан қылтүтікті бақылауда қолданумен уқсас. Айырмашылығы тек бақылайтын сұйықтық құрамына пенетрант қосылады және ол өтпелі ақаулар арқылы өткенде, ақауларды үлкен сезімталдықпен айқындауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер: 1 негізгі [242-255]. 5 негізгі [445-446].
Бақылау сұрақтары:
Тығыздық туралы түсінік және оның өлшемі?
Пайда болу себептеріне байланысты ақаулардың түрлері?
Тығыздықты сынауға қолданылатын заттар түрлерін айтыныз?
Газ-электрлі ағыс іздегіштердің жұмыс қағидасын айтып берініз?
Пневматикалық сынақтар қандай бақылау жүргізуге арналған?
13-дәріс. Пісіру икемділігін бағалау және пісіру жалғастарын механикалық сынау. Металдардың пісіру икемділігін бағалау. Механикалық сынақтар.
Металдың пісіру икемділігін бағалау. Пісіру икемділігі деп, біртекті немесе әртекті металдар мен қорытпалардың, әртүрлі пісіру тәсілдері мен пісіру материалдарын пайдаланып орындалған, жұмыс қабілеттілігі бар, пісіру жалғастарын құрау мүмкіншіліктерін түсінеміз. Пісіру икемділігін, пісіру жалғасы қасиеттерінің негізгі металдың аттас қасиеттеріне сай келу дәрежесімен және жалғас металында кеуек, қосындылар, сызаттар, т.б. ақаулар қалыптасу мүмкіншілігімен бағалайды.
Жақсы пісірілетін металдар, пісіргендегі термиялық циклдің әсерін пісіру жалғасының қасиеттерін елеулі төмендетпей және жоғарыда аталған ақауларды болдырмай пісіріледі. Қиын және шектеулі пісірілетін металдар бұл үшін, арнайы таңдалған әдістер мен пісіру ережесін және әртүрлі технологиялық шараларды-қыздыру, пісіруден кейін бірден бәсендету т.б., қажет етеді.
Кейбір металдар, әсіресе әртектілері, пісірудің ешқандай тәсілдерімен, тіптен технологиялық шараларды пайдаланғанда да ешқандай жұмыс қабілеті бар жалғас құрамайды. Мұндай металдарды пісірілмейтін топқа жатқызады.
Пісіру икемділігінің көрсеткіштерін анықтау үшін арнайы үлгілер және тәсілдер көмегімен сынауды пайдаланады. Технологиялық беріктік түсінігінде, пісіру көмегімен орындалған технологиялық өңдеу үрдісінде металл қирамай, өзінің біртүтастығын сақтау қабілеттілігін айтады. Пісіргенде металдардың технологиялық беріктігін қарсыласу көрсеткіштерімен және сызат қалыптасуына қарсы шыдамдылығымен бағалауға болады.
Сызат қалыптасуына қарсыласуын пісірілген үлгілерді сыртай жүктеме беру жағдайында машинамен сынап аңыктайды. Ол, пісіру жалғасының әртүрлі аумағындағы металдың технологиялық қасиеттерін сипаттайды. Технологиялық беріктік көрсеткіштерін металдарды салыстырмалы түрде бағалау үшін пайдаланады.
Ыстық сызат қалыптасуына арналған технологиялық үлгілер, жік қату температурасында пісіру деформацияларының қарқынды дамыуын қамтамасыз ететін, құрылғы үлгілерін пісіру жолымен сынау болып табылады.
Механикалық сынақтар. Механикалық сынақтар пісіру құрылғысының беріктігі мен жұмыс сенімділігін анықтайды. Пісіру жалғастары мен оның бөлек аумақтарында механикалық қасиетін анықтаудың негізгі тәсілдері МЕСТ 6996-66-да қарастырылған. Бұл МЕСТ мөлшерлі, кейбір жағдайларда төмен немесе жоғары температурада статикалық және соққы сынақтарын қарастырады. Жоғарыберіктікті материалдардан жасалған жауапты құрылғылардың пісіру жалғастары үшін немесе төмен температура жағдайында және дірілді жүктемелерге арналған пісіру жалғастарына, морт қирауға қарсы шыдамдылығына және қажу беріктігіне косымша сынақ жүргізеді.
Жауапты бұйымдарды пісіргенде, сынақ нәтижесі пісіру сапасының көрсеткіші болып табылатын, бақылау үлгілерін жасайды. Үлгілерді механикалық сынау сипаты пісіру жалғастарын пайдаланғанда ол қандай жүктемемен істейтініне байланысты. Механикалық сынақтар статикалық (жүкте тұрақты немесе оны баяу өсірумен), динамикалық (соққы жүктемемен) және діріл сынактары болып бөлінеді.
Статикалық сынақтар. Статикалық сынақтар жататындар:
а) пісіру жалғасының және балқытылған металдың әртүрлі учаскелерін созылуға сынау;
б) пісіру жалғасын – созылуға сынау;
в) пісіру жалғасын –иіліске сынау.
Динамикалық сынақтар. Соққы иілісі. Оларды орындағанда сынақтарды квадратты немесе төрт бұрышты үлгілерде, олардың үстінен бір жағынан оның түбіндегі шеңберлеу радиусы 1,00 немесе 0,25 мм-дей кесіп жүргізеді. Сынағанда жалғастардың берілген аумағындағы металдың соққы тұтқырлығын анықтайды.
Қажуға сынау. Қажу беріктігіне сынаумен металдың айнымалы жүктемелер әсіріне иілісте, созылуда және бұралудағы қарсыласу қабілеттігін анықтайды.
Айнымалы жүктемелер кернеулердің өзгеру амплитудасымен сипатталады және осыған байланысты симметриялы, асимметриялы және лүпілді циклдарымен болуы мүмкін.
Сынағанда шыдамдылық шегін анықтайды, яғни сынақтың берілген цикл санында үлгі қирамай көтерітін ең көп кернеуі. Пісіру жалғастары үшін сынау циклы (2÷10)·106 циклды құрайды.
Металлографиялық және химиялық талдау. Тоттануға сынауды –оны пісіру жалғастарының немесе бөлек аумақтарының әртүрлі ортада (ылғалды кір ауада, суда, қышқылда, сілтеде және олардың ертіндісінде, т.б.) тоттануға беріктігін анықтау үшін жүргізеді. Бұл сынақтарды жалпы (бірқалыпты және бірқалыпты емес) және жергілікті тоттануға сынау деп бөледі.
Сынақтарды берілген мөлшерлі үлгілерді белгілі тоттану ортасында, еркін қалпында немесе кернеу жасап ұстау жолымен жүргізеді.
Әдебиеттер: 1 негізгі [292-302]. 3 негізгі [163- 170, 179- 188].
Бақылау сұрақтары:
Металдардың пісіруге икемділігі туралы айтып берініз.
Пісіру икемділігі қалай бағаланады?
Пісіру құрылғыларына механикалық сынақ жасағанда нені анықтайды?
Статикалық және динамикалық сынақтардың құрамдары?
Тоттануға сынауды қалай жүргізеді?
14 -дәріс. Жалпы жағдайлары. Пісіруді бақылау қызметтерін ұйымдастыру. Бақылау қызметтерінің құрылымы мен міндеттері. Завод жағдайында бақылау. Жинастыру жағдайында бақылау. Пісіру сапасының құжаттамалары.
Жалпы жағдайлары.Пісіру өнімдерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мәселесі тек қана сапаны басқару жүйесін пайдаланғанда ғана шешілуі мүмкін. Сапаны бақылауды осы жүйенің бөлшегі деп түсінеміз. Өнім сапасының тиімді деңгейі деп, халық шаруашылығының ең үлкен тиімділігіне жетіп, пайдалану талаптарына жауап беру деңгейін түсіну қажет. Мөлшерлі деңгейі, құрылғы сенімділігінің тиімді қорында, ең төмен шығынды қамтамасыз ететін, мүмкіншілігінше тиімді сапа деңгейіне жақындау болуы керек. Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру деп, сапаның мөлшерлі деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған, техникалық және әкімшілік шаралардың жүйесін айтады.Ол төмендегілерге жауап беруі керек:
пісіру өнімінің сапа деңгейі мен сенімділігінің жоғарылауын қамтамасыз ету; бірінші ретте пісіру мен құрастыру технологиясын бақылауға белсенді ықпал ету жолымен;
жұмысқа адал көзқарас дамытуға ықпалын тигізуі және жоғары сапа үшін тұрақты істейтін және нақты ынталандыру жүйесінің болуы;
техникалық бақылау органдырының өндірістік персоналдан тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
нормативті құжатамаларды сақтауды сөзсіз қамтамасыз ету.
Бақылау қызметтерінің алдындағы мәселелерде, оны орындағанда жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік жасайтындай болуы керек:
кіретін шикізат, материалдар, жартылай өнім, жинақтау бұйымдарына кіріс бақылау жүргізу; жеткізуші өндіріс мекемелерінің өнім сапасының тұрақтылығы туралы ақпарат жинау; өндірушілерге тиісті шағым ресімдеу;
қабылдау бақылауын, оның барлық түрлерінде жүргізу - дайын бұйымның конструкторлық құжаттамаларға және стандарттарға сай сапасын бақылау, таңбалау және тиісті құжаттарды ресімдеу;
бұйымды бақылау үрдісін тұрақты бақылау;
бірқатар арнайы бақылау операцияларын орындау (шикізат сақталуын инспекциялық бақылау, орау және консервациясын бақылау, таңбалаудың барлығын бақылау);
нормативті –техникалық құжаттамалардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету;
жұмысқа шын ықыласымен қарауды дамытуды қолдау.
Бұдан да басқа, бақылау қызметтерінің бірінші мәселелері бұйымның сапасын бақылау жөнінде ұйымдастыру–зерттеу жұмыстары болып табылады:
өндірістің әртүрлі сатысында айқындалған ақауларды статикалық талдау;
ақаудың себебін талдау және оны болдырмау шараларын жасау;
өнім сапасын жоғарылату жөніндегі белгіленген шаралардың өз уақытында орындалуын бақылау.
Жоғарыда аталған өндірістегі негізгі қызметтерді іске асыру мәселесі мекеменің жеке құрылымы болып табылатын техникалық бақылау бөліміне жүктеледі (ОТК). ОТК бастығы бірден мекеме басшысына бағынады. ОТК құрамына: цехтық техникалық бақылау бюросы (БТК), бақылаудың сынау және физикалық тәсілдерінің лабораториясы, техникалық бюросы кіреді. Кейбір ірі мекемелерде бөлек өзінше болім – бақылаудың қиратпайтын тәсілдері бөлімі ұйыдастырылады.
Пісіру өндірісінде бақылауды ұйымдастырудың кеңірек таралған түрлері:
Сырғанақ бақылау – бұл бақылау орнына жетілкізілген арнайы жабдықпен (ақаукөргішпен) өнімді қабылдау немесе операциялық бақылау. Бұндай бақылау, бақылау орнына тасымалдау киын немесе мүмкін болмайтын жағдайларда өте ірі құрылғылар (реакторлар, кемелер, т.б.) үшін қолданылады;
Тұрақты бақылау - сериялы және жаппай өндіріске тән арнайы жабдықтармен цехтың бақылау орнында жүргізетін бақылау (құбырларды, клапандарды бақылау, т.б.);
«Ұшпа» бақылау – алдын ала бақылаудың түрі, мұнда бақылаушы немесе оператор-ақаукөргіш бірнеше бұйымдардың немесе учаскелердің сапасын оқтын-оқтын таңдап бақылау жүргізеді, сондай-ақ жұмысшылардың технологиялық процесс талабын сақтауын бақылайды;
Инспекциялық бақылау – операциялық немесе қабылдау бақылаудан кейін, арнайы топпен жүргізетін өнімді немесе технологиялық процесті таңдап бақылау. Бұл топтың міндетіне жабдықтарды, саймандарды, айлабұйымдарды, технологиялық тәртіпті, сондай-ақ ОТК қызметінің жұмысын кешенді тексеру кіреді.
Жинастыру жағдайында бақылау қызметі. Құрылыс алаңдарында және құбыр жолдарында сапаны бақылау далалық сынақ лабораторияларында жүргізіледі. Бұл лабораториялар әдетте құрылыс немесе жинастыру басқармасына, нысананы салғанша, оның қарамағына жіберіледі.
Әкімшілік жағынан бұл лаборатория пісіру-жинастыру бірлестігі жанындағы орталық далалық сынақ лабораториясының құрамына кіреді.
Ерекше атап өтетін жағдай – завод және жинастыру жағдайында қатаң ойластырып ұйымдастырған бақылау, ақауды азайту мен оның алдын алудың ерекше үлкен тиімділігін береді.
Бақылаудағы техникалық құжаттамалар. Бақылау-техникалық құжаттамаларды қатаң және анық жүргізу - өнім сапасын жоғарылатудың маңызды шарты. Пісіру сапасын бақылаудың құжаттамалары МЕСТ-терді сақтауды, сапаны бағалаудың нақты жүйесін, жарамсыз өнімді жарамсыздауды, сондай-ақ технологияға жедел араласуды қамтамасыз етуі қажет. Бақылағанда әдетте құжаттар келесі мәліметтерді қамтиды:
бұйымның түрімен оны пісіру тәсілі;
негізгі және пісіру материалдарының сипаттамалары;
бақылау нәтижелері;
түзетулер туралы ақпарат.
Өндіріс жағадайына байланысты құжаттардың түрлерін өзгерту қажет.
Әдебиеттер: 1 негізгі [307-310].
Бақылау сұрақтары:
Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру түсінігі.
Кіріс бақылауында қандай өнімдер бақыланады?
Тұрақты бақылау қандай жағдайларда жүргізіледі?
Инспекциялық бақылау дегеніміз не?
Бақылау құжаттары қандай мәліметтерді қамтиды?
15 - дәріс. Пісіру сапасын бақылау кезіндегі еңбек қауіпсіздігі. Жалпы талаптар. Электр қауіпсіздігінің ережелері. Бақылауды әртүрлі тәсілдермен орындағанда қойылатын қауіпсіздік талаптары.
Жалпы талаптары. Қиратпай бақылау жұмыстарын жүргізу еңбек қаупсіздігінен бекітілген бағдарлама бойынша теориялық білім алған, жалпы және арнайы сынақтарды ойдағыдай тапсырған мамандарға рухсат етіледі. Егер жұмыстар кәсіби зиян жағдайлармен байланысты болса, мысалы иондаушы сәуле шашыруымен, онда жұмыскерлер медициналық бақылаудан өтіп, денсаулығы туралы оң шешім алулары қажет. Олардың денсаулықтары жыл сайын тексеріліп тұруы керек. Жақындауға қиын орындар мен биікте жұмыс атқарғанда, елдегі және осы өндірістегі нұсқаулар мен ережелер сақталуы қажет. Бақылау процесін жүргізгенде бақылайтын бұйым мен ақаукөрғіштік жабдықтардың орнықты қалпы және оператордың жұмыс атқаруына ыңғайлы жағдайы қамтамасыз етіледі. Бақылау жұмыстарын биіктікте жүргізу үшін жұмыс орнына көпірше немесе шарбақтар тұрғызады. Оператор биіктікте бас киіммен істеп, сақтандыру белдігін пайдалануы қажет.
Электр қауіпсіздігінің ережелері. Қиратпай бақылаудың құралдары (ақаукөргіштер, қондырғылар, аспаптар, механикаландыру мен автоматтандыру құралдары) жұмыс процесінде көпшілігінде толық немесе бөлшектері кернеу жағдайында болады. Сондықтан оларды пайдаланғанда Госгортехнадзор бекіткен «Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелері», «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдаланғандағы қауіпсіздік техникасының ережелері» қатаң сақталуы қажет. 1000 В-тан жоғары кернеу қолданылатын жабдықтармен жұмыс істегенде ол ең қауіпті жұмыстар тобына жатқызылады. Бұл, ең алдымен рентген түтікшесіне 10-400 кВ кернеу берілетін, рентген аппараттарын баптау. Бұл қондырылғыларды баптаумен айналысатын жұмыскерлер, олармен жұмыс істеу жөнінде, бекітілген тәртіп бойынша, өндірістік дайындықтан өтулері қажет және емтиханды ойдағыдай тапсырғаннан кейін, белгілі дәрежесі көрсетілген құжат алады. Барлық шығарылатын ақаукөргіштік қондырғылар мен аспаптарда кез-келген кернеуде, абайсызда тиіп кетпес үшін, оқшауланбаған тоқ өткізетін бөлшектер қоршалуы тиіс. Қондырығылар мен аспаптардың тұрқылары міндетті түрде жермен қосылуы керек. Рентген аппараттарының басқару пульті алдында резиналы оқшаулаушы кілемше төселеді.
Электр қондырғыларының ақаулығынан және тоқ өткізгіш бөлшектердің оқшаулама-ларының зақымдануынан, өткізгіштер қатты қызып, үшкын шығады, ол өрт шығудың себебі болуы мүмкін. Электр қондырғыларын өрттен сөндіру алдында, оларды электр торабынан ажырату қажет. Кіші-гірім жанулар көмірқышқыл газды өрт сөндіргіш көмегімен өшірілуі мүмкін. Мұндай өрт сөндіргіштермен кернеуде тұрған электр қондырғыларын да сөндіруге болады, өйткені көмірқышқыл газы электр тоғын өткізбейді.
Ультрадыбысты ақаукөргішпен істегендегі қауіпсіздік техникасы. Ультрадыбысты ақаукөргішпен аспаптар және қондырғылармен істегенде, электр кауіпсіздігінің барлық ережелері қатаң сақталуы керек. Сұйыққоймалар, ыдыстардың ішін тек қана кернеуі 12 В-ті ақаукөргіштермен бақылайды. Ақаукөргіштерді әрбір қосудың алдында аспаптардың қимасы 2,5 мм2 –ден кем емес мыс сыммен сенімді турде жермен қосылғанына оператор қозін жеткізуі керек. Егер жұмыс орнында қосқыштар болмаса, онда ақаукөргішті электр торабына кезекші электрик қосуы керек. Бақылау кезінде ақаукөргішті ашуға және жөндеуге болмайды. Бақылау жүргізетін орын пісіру орындарынан алыстатылып, сәулелі энергияның түсуінен қорғалады. Бақыланатын құрылғыларда ақаукөргіш жұмыстарын жүргізген кезде діріл шығаратын механикалық жұмыстар жүргізілмеуі керек.
Ашық жерде күндіз немесе басқада өте жарық жерде бақыланғанда, ақаукөргіштің экранын көлеңкелеуге шара қолданады.
Радиациялық ақаукөргішпен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасы. Өнеркәсіпте радиациялық ақаукөргіштік тәсілдері мен жабдықтарын пайдалану, адам организіміне зиянды әсер ететін, әртүрлі иондаушы сәуле шығару қолданумен байланысты. Денеге сіңген энергия заттың атомдары мен молекулаларын иондандырады, ал ол клеткалардың бұзылуына алып келеді.
Сәуле шығарудан болған өзгерістер қайтарымды (аз мөлшерде сіңгенде) және қайтарымсыз (үлкен мөлшерде) болады. Бұл өзгерістер жеке органдар мен барлық организмде өтуі мүмкін. Бір рет сәулеленгенде адамдың бүкіл денесіне сіңген мөлшердің қосындысына байланысты мына өзгерістер болады:
< 0,025 Дж/кг (0-25 рад) – көрінетін өзгеріс жоқ;
0,025 -0,05 Дж/кг (25-50 рад) – қанда өзгерістер болады;
0,05 -0,1 Дж/кг (50-100 рад) – жұмыс қабілеттілігінің қалыпты жағдайы бұзылады;
0,1 -0,2 Дж/кг (100-200 рад) – жұмыс қабілеттілігінен айырылады,
> 0,2 Дж/кг (> 200 рад) – өліп кетуі мүмкін.
Сәуле әсеріне көбірек сезімтал мына органдар:
без құрылымдары мен түйіндері;
кежек, зоб бездері, сүйек миы және үрық клеткалары.
Сәуленің организмге ықпал ету уақыты денеде өтетін процестерге елеулі әсер етеді. Сәуленің әсері адамға бірден білінбейді, мұнда организмге сіңген мөлшер қосыла береді де, біршама уақыттан кейін ғана біліне бастайды. Барлық айтылған факторлар радиациялық қауіпсіздіктің ережелерін қатаң орындалуын қажет етеді.
Радиациялық ақаукөргіштегі қауіпсіздік техникасы «Радиоактивті заттармен және иондаушы сәуле шығару қөздерімен істеудің негізгі санитарлық ережелері» және «Радиациялық қауіпсіздіктің нормаларын» сақтаумен қамтамасыз етіледі.
Осы нормаларға сай шекті рұқсат етілген мөлшер және шекті сәулелену мөлшері (ПДД) белгіленген.
Шекті рұқсат етілген мөлшер деп, мөлшер біркелкі жинақталғанда, 50 жыл ішінде сәулеге шалдыққан адамның және үрпағының денсаулығында қолайсыз өзгерістер болдырмайтын жағдайды, жылдық сәулелену деңгейін атайды. Қазіргі нормалар мен ержелерге сай адамдардың сәулеге шалдығуының төмендегі категориялары белгіленген:
А категориясы – жұмыс атқарушылар;
Б категориясы – басқа жеке адамдар;
В категориясы – жалпы халық.
Б категориясына А категориясы істейтін бөлмеге таяу бөлмеде жұмыс істеушілер жатады. Барлық организмге сәулеленудің шекті рұқсат етілген мөлшері төмендегідей:
А - категориясы жұмыскерлеріне 5 бэр/жылына (бэр-рентгеннің биологиялық эквиваленті)
В – категориясына – 0,5 бэр/жылына.
Апат болған жағдайда адам организміне радиоактивті заттардың түсуін және сыртқы сәулеленуді төмендетудің барлық іс-шараларын қолдану қажет. Өндірістерде немесе құрылыс алаңдарында радиоактивті заттарды пайдаланғанда, жұмысшылардың апатты сәулеленуімен және апатты жағдайда қоршаған ортаны ластауымен байланысты, аппараттарды және өрттерді жою жөніндегі нұсқаулар жасалып, жергілікті санитарлы эпидемиологиялық және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтермен келісіледі.
Бұл нұсқау радиоактивті заттармен істейтін барлық адамдар үшін міндетті құжат болып саналады.
Иондаушы сәуле шығаруынан қорғану үшін, бақылауды жүргізетін жерде сәулеленуден қорғанатын шаралар қарастырылады.
Көбірек таралған тәсіл экрандау – яғни ауыр материал қабатымен сәуле шашырауын бәсеңдету болып табылады. Сәуле шығару көздерін – изотоптор мен рентген түтікшелерін, арнайы қаптамаларда орналастырады, ал радиоактивті заттарды сақтауы және қайта зарядтауы қоймаларда орындалады.Қорғаушы қондырылғылардың материалдары есебінде қорғасын, вольфрам, барий, бетон, кірпіш, т.б. қолданылады.
Кез келген материалдардан қорғаушы қабатының қалындығын есептегенде, берілген жұмыс үшін қажетті қорғасын қалыңдығын анықтайды, содан кейін берілген материалдың қорғау қабатының эквивалентті (балама) қалыңдығын табады. γ сәуле шығару көздерін зарядтау мен қайта зарядтауды мамандандырылған мекеме іске асыруы керек.
Радиоактивті көздерді тасымалдағанда «Радиоактивті заттарды тасымалдаудың қауіпсіздік ережелерінің» талаптарын орындау қажет.
Иондаушы сәуле шығару көздерімен жасалған ақаукөргіштер арнайы жабдықталған бөлмеде – қоймада сақталады.
Алу, сақтау тәртібі және ақаукөргіштердің сақталуы зауыт нұсқауларымен реттеледі. Радиациялық ақаукөргіштік жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі, көп жағдайда, жұмыс жағдайын дер кезінде бақылап, оны дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Осы мақсатта иондаушы сәуле шығарумен жұмыс атқарғанда дозиметриялық бақылау өткізеді. Дозиметриялық бақылау ақаукөргіштік лабораториясы жұмыскелерінің алатын сәуле мөлшерін және қорғаныс сенімділігін аңықтауға мүмкіншілік береді. Сәуле шығару мөлшерінің шамасы мен қуаты дозиметрлермен, радиометрлермен, т.б. өлшенеді. Жеке адамдарды бақылау аспаптарын, жұмыскерлердің жұмыс күнінде немесе жұмыс аптасында алатын сәулелену мөлшерінің қосындысын өлшеу үшін қолданады.
Жұмыс күнінің немесе аптаның соңында жұмыскерлердің жеке дозиметрінің жинақталған мөлшерін өлшеп, оны арнайы журналға тіркейді.
Бұл үшін жеке дозиметрлер – КИД-2, ДК-0,2 т.б. бөлмелерді өлшеуге – КУРА -1 аспаптары пайдаланылады.
Бақылаудың қылтүтікті тәсілдерін жүргізгендегі қауіпсіздік техникасы.
Бақылаушылар қылтүтікті ақаукөргішпен жұмыс атқарғанда, дем алу жолдарымен және тері арқылы адам организміне түсетін және онда теріс, келеңсіз жағдайлар тудыратын, улы заттармен араласады.
Мұндай жағдайларды болдырмас үшін, бұйымдарды түсті тәсілмен бақылағанда, барлық жұмыстарды арнайы киіммен (халат, бас киім, медициналық резеңке қолған) жүргізеді.
Қылтүтікті тәсілдермен бақылауға арналған жұмыс орындарында ауа алмасуы үш еседен кем болмайтындай, жергілікті және жалпы желдеткіштермен жабдықталады.
Құрылғылардың жабық түрінің ішкі бетін бақылағанда, бу мен ертінділердің көп жинақталмауы үшін, бақылау нысанасының ішіне тұрақты түрде таза ауа беріліп тұруы қажет. Люминисценттік ақаукөргіште, адамның терісіне сіңгенде, сонда биохимиялық және биофизикалық өзгерістер енгізетін, қосымша зиянды әсер, ультракүлгін түсті сәуле шығару көзі болып саналады. Бұдан басқа, ультракүлгін сәулесі оператордың денсаулығына зиян келтіретін, көз ортасының флоуресценциясын болдырады.
Қылтүтікті ақаукөрғіштік жүргізгенде өрт қауіпсіздігі шараларын қарастырады. Бұл, көп ақаукөргіштік материалдардың жанғыштығына байланысты, олардың ұшқыннан, кездейсоқ оттан жануын болдырмауды қажет етеді. Осы мақсатта барлық жанғыш заттарды арнайы темір шкафтарда немесе жәшіктерде сақтайды, ал жұмыс орындарында өрт сөндіру құралдары, оның ішінде қөмірқышқылды өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етіледі.Бақылау өткізетін орындардың жанында тамақ ішуге қатаң тиім салынады. Қол жуу үшін жылы сумен сабын қолдану қажет, бұл мақсатта керосин, бензин және басқа ерітінділермен жууға тиім салынады. Қылтүтікті ақаукөргішпен жұмыс жүргізіп жатқан бөлмелерде электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға болмайды.
Ағыс іздеу сынақтарын жүргізгендегі қауіпсіздік техникасы. Тығыздыққа сынағанда бақылайтын нысананың ішіне артық қысым жасаумен байланысты тәсілдердің ерекше маңызы бар. Мұндай тәсілдерге пневматикалық және гидравлиқалық сынақтар жатады.
Сынақтарды жүргізгенде Қазақстан Республикасының «Госгортехнадзоры» бекіткен «Қысыммен істейтін ыдыстардың құрылымдары және қауіпсіз пайдалану ережелерің» басшылықа алу қажет. Осы ережелерге сай сынақтардың төменгі міндетті реті қарастырылған:
- пісіру жалғастарын ақаукөргіштікпен бақылау;
- гидравликалық немесе пневматикалық сынақтар;
- сынақтардың басқа түрлері. (мысалы тығыздыққа сынау)
Тығыздыққа қысылған газ қолданып бақылау процесінде және гидравликалық немесе пневматикалық сынақтарда бұйымды соққылауға тыйым салынады.
Ағыс іздеу тәсілдерімен бақылау жүргізгенде, бақылау орнынан 5 м жақындықта пісіру жұмыстары рұқсат етілмейді. Бірден, сынақ аяқталғаннан кейін, газды баллонның кранын жабу қажет.
Әдебиеттер: 1 негізгі [117-124]. 3 негізгі [104-109]. 4 негізгі [473-483].
Бақылау сұрақтары:
Бақылау жұмыстарын биіктікте жүргізу талаптары.
Қандай кернеу қолданылатың жабдықтармен істегенде, ол ең қауіпті жұмыстар тобына жатқызылады?
Қондырғылар мен аспаптардың тұрқылары неліктен міндетті түрде жермен қосылуы керек?
Сұйыққоймалар, ыдыстардың ішін бақылағанда ақаукөргіштерді қандай кернеумен қолданады?
Шекті рұқсат етілген мөлшер және шекті сәулелену мөлшері туралы түсінігіңіз?
Қысыммен істейтін ыдыстарды сынағанда қандай құжаттар басшылыққа алынады?
