- •Студенттің пәндік
- •«Пісіру сапасын бақылау»
- •5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығына арналған алматы 2017
- •© Қ.И.Сәтбаев атындағы
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
- •1.2 Пән тұралы мәліметтер
- •1.3 Пререквизиттер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі
- •1.7 Пән бойынша оқу- әдістемелік материалдар
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1. Өріс берү жүйесі; 2. Бақылау нысанасы; 3. Датчик; 4. Санақ жүйесі; 5. Өлшеуші аспап.
- •2.3. Лабораториялық сабақтардың жоспары
- •1.Бұрыштық пісіру жіктерін бақылау тәсілдерімен танысу.
- •В) Пісіру нүктесін уз- бақылау
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6. Өзін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар
- •2.7. Пісіру сапасын бақылау пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •« Пісіру сапасын бақылау»
- •5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығына арналған
1.Бұрыштық пісіру жіктерін бақылау тәсілдерімен танысу.
2. СД-С түйіспелі пісіру үлгілерін бақылаудың 2,3,4,5 пунктерін қайталау.
3. Бұрыштық және таврлық жіктерді бақылау сұлбасына сәйкес сүңгінің жылжу аумағын есептеу (7- сурет).
4. Пісіру жіктерін бакылауды орындап, бақылау нәтижесін дефектограммаға жазу.
7- сурет. Бұрыштық жіктерді УЗ-бақылаудың сұлбасы
В) Пісіру нүктесін уз- бақылау
1. Үлгіні дайындау (тазарту, май жағу).
2. Қосарланған сүңгішті пайдаланып, бақылау жүйесін жинастыру (8-сурет).
3. Пісіру нүктесін бақылауды орындау және оның сапасын эталонмен бағалау (9- сурет).
8- сурет. Пісіру нуктесін УЗ-бақылау:
1, 2 – пъезоэлементтер
9- сурет. Пісіру нүктесін УЗ-бақылағанда ақаукөргішті
баптауға арналған эталон
Әдебиеттер: 1 негізгі [174-183]. 3 негізгі [124-133]. 3 қосымша [301- 304]
Бақылау сұрақтары
1. УЗ- бақылауда сезімталдықты бағалау тәсілдері қандай?
2. Бұрыштық және түйіспе жалғастарды бақылағанда, іздегішті жылжыту аумағын есептеу тәртібі қандай?
3. Пісірілген нүктенің сапасын бақылаудың ерекшелігі неде?
4. УЗ- бақылауды пайдалану ауқымы қандай?
№3 Лабораториялық жұмыс. «Пісіру және дәнекерлеу жалғастарын ультра-дыбыстың (УЗ) көлеңкелі және иммерсиялы тәсілдерімен бақылау»
Жұмыс мақсаты – пісіру және дәнекерлеу жалғастарын көлеңкелі және иммерсиялы УЗ- бақылауға арналған аппаратура және тәсілдерімен танысу. Қажетті жабдықтар (саймандар, материалдар):
- УЗ-бақылаудың түйіспе көлеңкелі тәсілі мен аппаратының құжаттары;
- УЗ-бақылаудың иммерсиялы тәсілі мен аппаратының құжаттары;
- жалғастарды УЗ-бақылаудың көлеңкелі тәсілінің қондырғылары;
- жалғастарды бақылаудың иммерсиялы тәсілінің қондырғылары;
- дәнекерленген жалғастардың үлгілері;
- диффузиялық пісіру жалғастарының үлгілері;
- жасанды жазық ақаулары бар жалғастардың эталоны.
Жұмыс орындау тәртібі
а) Түйіспе көлеңкелі УЗ-бақылау
1.УЗ-бақылаудың түйіспе көлеңкелі тәсілдері мен аппаратының құжаттарымен танысу.
2.10-суретте көрсетілгендей сүңгішті пайдаланып, бақылау жүйесін құрастыру.
3.Құралды сынақтау және болат эталон үлгілерінде – «балқымаулық»типті жасанды жазық ақауы бар тілікшелерде, импульстерді өлшеу.
4.Бақылаудың сезімталдығына келесі факторлердің әсерін зерттеу:
а) сүңгіш-іздегіштердің материалы, пішіні мен өлшемі;
ә) сүңгішке жасалған қысымның әсері;
б) үлгі материалдары қалыңдығының әсері.
5.Болат тілікшелердің дәнекер жалғастарына бақылау жүргізу.
10-сурет.Дәнекерлеу жалғастарын көлеңкелі тәсілменУЗ-бақылау сұлбасы:
Г- генератор; Н – қабылдағыш; Р – қысу күші; Э – пъезоэлемент
ә) Көлеңкелі иммерсиялы УЗ-бақылау
1.Көлеңке иммерсиялы УЗ-бақылаудың тәсілдері мен аппараттары жазбаларымен танысу.
2.11-суреттегі сұлбаны пайдаланып бақылау жүйесін құрастыру.
3.Бақылау жүйесін сынақтау және болат эталон үлгілерінде – «балқымаулық»типті жасанды жазық ақауы бар тілікшелерде, импульстерді өлшеу.
4.Бақылаудың сезімталдығына келесі факторлердің әсерін зерттеу:
а) бақылау үлгісінің бағытын;
б) сұйықтық сапасын;
в) үлгі материалының қалыңдығын.
5.Пісіру жалғастарының бақылауын орындау.
11-сурет. Диффузиялық пісіру жалғастарын иммерсиялық тәсілмен УЗ-бақылау сұлбасы: сәуле шығарғыш; 2 –бақыланатын үлгі; 3- қабылдағыш;
4 –органикалық шыныдан ванна; 5 – су
Әдебиеттер: 1 негізгі [170-183]. 3 негізгі [110-133]. 3 қосымша [304-306]
Бақылау сұрақтары
1.УЗ- бақылауда көлеңке түйіспелі және иммерсиялы тәсілдердің қағидалы сұлбаларының айырмашылығы қандай?
2.Екі тәсілдің де ақауды анықтауда салыстырмалы бағалаулары қандай?
№4 лабораториялық жұмыс. «Пісіру жалғастарын бақылаудың магнит-ұнтақты және индукциялы тәсілдері»
Жұмыс мақсаты-пісіру жалғастарын бақылаудың магнит-ұнтақты және индукциялы тәсілдерімен танысу.
Қажетті жабдықтар (саймандар, материалдар):
- магнитті бақылаудың физикалық негізі (қысқаша жазбасы);
- магнитті ақаукөргіштің ДМП-2 техникалық нусқауламасы;
- Хренов-Назаровтың индукциялы ақаукөргіш жүйесінің жазбасы;
- ДМП-2 типті магнитті ақаукөргіш жазбасы;
- Хренов-Назаров ақаукөргіш жүйесі;
- тасымалы электромагнит;
- эталон кертпелерімен;
- магнитті ұнтақ және магнитті таспа;
- пісіру үлгілері ақауларымен.
Жұмысты орындау тәртібі
а) Бақылаудың магнит- ұнтақты тәсілі
1.Заводтың нұсқауламасы бойынша ДМП-2 ақаукөргішімен танысу.
2.Кертпесі бар эталон үлгімен бақылаудың магнит-ұнтақты тәсілінің сезімталдығын анықтау (12 -сурет). Магниттеу үшін П –тәріздес тасымалы магнитті пайдалану қажет. Шашырау өрісін құрғақ ұнтақ және эмульсиямен бекітеді.
3. Мына байланысты анықтаймыз:
А=f(h), (8)
мұнда А – ақау үстіндегі магниттік бөлшектер жолағының ені;
h – беттен төмен жатқан ақаудың тереңдігі.
4. Бақылау сұлбасын таңдау және сызат немесе шалапісірімі бар тілікшенің, түйіспе жігіне бақылау жүргізу.
5. Бақылау сұлбасын таңдау және сақиналы жіктің топтаған ішкі шалапісірімдеріне бақылау жүргізу.
6. Алынған нәтижелерді рентген сәуле түсіру берілгендерімен салыстыру.
12- сурет.Кертпелі тілікшемен магнитті бақылау тәсілдерінің сезімталдығын анықтауға арналған сұлба: Ф – магниттік ағын; Фрасс –шашырау ағыны
ә) Индукциялы тәсіл
1. Хренов-Назаров жүйесінің ақаукөргішімен танысу (по жазбасынан).
2. 12- суреттегі сұлбаны және ~200в. қорек көзін пайдаланып,индукциялы тәсілдің сезімталдығын анықтау.
3. Сызаты немесе шалапісірімі бар түйіспе пісіру жіктеріне бақылау жүргізу және алынған нәтижені магнит-ұнтақты тәсілдің көрсеткіштерімен салыстыру.
Әдебиеттер: 1 негізгі [215-220]. 3 негізгі [135-158]. 3 қосымша [306-307]
Бақылау сұрақтары
1.Пісіру бұйымдарын магниттеудің негізгі сұлбасы қандай?
2.Магнит-ұнтақты және индукциялы тәсілдердің салыстырмалы
сезімталдығын бағалаңыз?
№5 Лабораториялық жұмыс. «Пісіру жалғастарын бақылаудың магнитографиялық тәсілдері»
Жұмыс мақсаты-пісіру жіктерін магнитографиялық бақылау аппараттары және тәсілдерімен танысу.
Қажетті жабдықтар (саймандар, материалдар):
- жіктерді бақылаудың магнитографиялық тәсілдерінің физикалық мәнінің қысқаша жазбасы;
- МГК- 1 немесе МДУ-2 магнитографиялық ақаукөргішінің заводтық нұсқауламасы;
- МГК- 1 немесе МДУ-2 магнитографиялық ақаукөргіші;
- қорек көзімен жабдықталған әмбебап магниттеу құрылғысы (УНУ);
- пісіру ақауларына тән сипаттары жазылған магнитті таспалар жинағы;
- пісіру үлгілері ақауларымен;
- таза магнитті таспа;
- магнит таратқыш дроссель.
Жұмысты орындау тәртібі
1.Пісіру жіктерін магнитографиялық бақылаудың физикалық мәнімен танысу.
2. Заводтың нусқауламасы бойынша магнитографиялық ақаукөргіші МГК-1-мен танысу.
3.Пісіруақауларына тән сипаттары жазылған магнитті таспаларды қарап
шығу.
4. Нақты пісіру үлгісі үшін, завод нұсқауламасының ұсынысы бойынша магниттегіш токты таңдау.
5. 13-суретке сай магниттеу сұлбасын құрастыру және ақаулардан шашыраған өрістерді магнит таспасына жазып алу.
6.Жасалған жазбаларды ақаукөргіште қарап шығып, алынған нәтижелерді осы үлгінің рентген таспасының нәтижесімен салыстыру.
13-сурет. Магнитографиялық бақылау сұлбасы:
1 – магниттеуші құрылғы; 2 –бұйым; 3- магнитті таспа
Әдебиеттер: 1 негізгі [220-230]. 3 негізгі [150-152]. 3 қосымша [308-309]
Бақылау сұрақтары:
1. Магнитографиялық ақаукөргіштің блок- сұлбасының жұмысын түсіндіріңіз?
2. Магнитографиялық тәсілдің сезімталдығы қандай?
3. Бақылаудың магнитті тәсілдерінің пайдалану ауқымы қандай?
№6 Лабораториялық жұмыс. «Пісіру жалғастарын люминесцентті және түрлі-түсті бақылау (бақылаудың қылтүтікті тәсілдері)»
Жұмыс мақсаты – пісіру жалғастарын бақылаудың люминисценттік және түсті тәсәлдерін орындау техникасын игеру. Ақаукөргіштіктің люминисценттік және түрлі-түсті тәсілдері пісіру жіктерінің сызаттары, кеуек т.б. сырт ақауларына ылғалдаушы сұйықтықтың, қылтүтіктен өту құбылысына негізделген.
Люминесценттік тәсілмен жіктердің сырт ақауларын тапқанда, ылғалдаушы сұйықтық есебінде, көзге көрінбейтін, майда сызаттарға өтетін және жікке ультракүлгін сәуле түсіргенде сұйықтық, ашық сары-көктүспен жарқырап, жік ақауларын белгілейтін, минералды май құйылады.
Люминесценттік тәсіл магнитті емес материалдардың (тоттанбайтын болаттар, металдар мен қорытпалар) пісіру жіктеріндегі сыртқы сызаттарды анықтауға қолданылады.
Қажетті жабдықтар (саймандар, материалдар):
- люминесценттік ақаукөргіш ЛД-2 типті;
- жарық көзі – сәуле түсіретін шам;
- 3-4 дана тоттанбайтын болаттан, алюминийден, титан т. б. жасалған пісіру жіктерінің үлгілері;
- магний тотығы - 100г, май (автол) - 0.5л, керосин - 1л, алюминий тотығы-50г, еріткен бояу-0.5л.
Жұмысты орындау тәртібі
а) Люминесценттік бақылау тәсілі
1. Тоттанбайтын болаттан, алюминийден және магний қорытпасынан жасалған пісіру жіктерінің үлгілерін (бір данадан) ластан тазартып,жаққыш көмегімен оларға автол (25%) мен керосин (75%) жағу қажет.Сызаттарға сұйықтық өту үшін, сұйықтықпен майланған жікті 15-20 мин. ұстап тұрады.
2. Ұстаудың уақыты біткеннен кейін, сұйықтықты сүрткішпен сүртіп кетіріп, жікті жылы ауа ағынында кептіру керек. Құрғақ жікке, сызаттағы май жолағына жабысатын магний тотығы ұнтағын жұқа қабатпен себу керек. Артық ұнтақты үрлеп тастайды.
3. Дайындалған жік үлгісін ЛД-2 ақаукөргішінің ультракүлгін жарығында қарау. Жіктердің сызат күйіндегі ақауларын, маймен араласқан магний тотығының жап-жарық болып көрінуімен табады.
ә) Бақылаудың түрлі-түсті тәсілі
Сыртқы беттердегі майда ақауларды ешбір аппаратсыз, күндізгі жарықта бояу тәсілімен анықтайды.
1. Ластан тазартылған тоттанбайтын болаттан, алюминий және магний қорытпасынан(3-үлгі) жасалған жік үлгілеріне, қызыл бояуды жаққышпен келесі құрамда: 65% керосин, 30% трансформатор майы, 5% скипидар және «судан-3» бояуын, 1 литрге 10-15г мөлшерінде қоспа жасап, араластырып жағу керек.
2. Бояу жаққаннан кейін 15-20 мин. тұрғызады, одан кейін бояуды кетіріп, жікті кептіреді.
3. Құрғақ жікке бүріккішпен бір қабат алюминий тотығын жағып, оны жылы ауа ағынымен кептіреді. Сызаттарды ақ беттегі құрғақ алюминий тотығы қабатының,жіктің сызаттарынан бояуды сыртқа тартқандай белгі қалдыратын, үстіндегі қызыл сызықтардан анықтайды.
Әдебиеттер: 1 негізгі [235-241]. 3 негізгі [159-162]. 3 қосымша [309-310]
Бақылау сұрақтары
1. Люминесценттік бақылаудың тәсілі қандай?
2. Түрлі- түсті бақылау тәсілі неден тұрады?
3. Қылтүтікті тәсілдің пайдалану ауқымын айтыңыз?
№7 Лабораториялық жұмыс. «Пісіру жіктерін өтімді еместікке сынау»
Жұмыс мақсаты – керосинмен, қысылған ауамен, вакуумдаумен және гелилі ағыс іздегішпен жіктің тығыздығын анықтау.
Қажетті жабдықтар (саймандар, материалдар):
- сығымдағыш 2-4 ат. немесе автомобиль сорғысы;
- вакуум-бөлмешік;
- гелилі ағыс іздегіш;
- керосин - 1л, бор-250 г, аммиак, азот-қышқылды сынап ерітіндісі - 200г, газет қағазы - 50г.
Жұмысты орындау тәртібі
а) Керосинмен сынау
Сынақ керосиннің жоғары өтімділік қабілетіне негізделген.
1.Жіктің өтімді кеуектері арқылы сынайтын жікке керосиннің өту уақытын анықтау (өту коэффициенті 40).
2. Балқытып пісіріумен орындалған үлгіде бір қабат жіктің тығыздығын анықтау. Сынақ алдында жіктің бір жағын бор ерітіндісімен бояп, сосын кептіріп, жіктің басқа жағын керосинмен ылғалдап, 20-30 мин. ішінде ұстау керек. Жіктің тығыз еместігін бор бетіндегі керосин таңбаларынан анықтайды. Сынақты үлгілердің төменгі және тік қалпында жасайды.
ә) Қысылған ауамен сынау
1-ші тәсілі. Ыдысқа сығымдағыш немесе автомобиль сорғысынан жалғастық арқылы қысылған ауа беріледі. Пісіру жігін сабынды сумен ылғалдандырып, жіктің тығыз еместігін көрсететін, жік бетінен көбік шығуын байқау.
2-ші тәсілі. Ыдысқа аммиакпен бірге (мөлшерлі ауа қысымында ауа көлеміне 1%) қысылған ауа беріледі. Ауа бергенге дейін ыдыстың пісіру жіктеріне, азот қышқылды сынаптың судағы 5 пайыздық ерітіндісіне батырылған қағаз қою керек. Мөлшері 0.5-1 ат.қысымында 3-5 минут ұстап, содан кейін қағазды қарайды.
Жіктің тығыз еместігін аммиакпен ауаның өткен жерінен, аммиактің азот-қышқылды сынаппен өзара химиялық әсерлесу салдарынан, қағаздың қараюымен анықталады.
б) Вакуумдаумен сынау
Вакуумдау тәсілі, қысылған ауамен сынау тәсілі сияқты, сырттағы қысыммен сынайтын бұйымның ішкі қысым айырмашылығын жасауға негізделген.
1.Бақылайтын жік учаскесінің бір жағына сабын ерітіндісін жағады.
2. Осы учаскеде учаскенің осы жағынан вакуум-бөлмешікті орнатады.
3. Вакуум- бөлмешікте вакуум жасалады.
Жасалған атмосфералық қысымның айырмашылығына байланысты,жіктің қарсы жағындағы ауа, сол жердегі тығыз еместіктен көбіктер жасап, вакуум- бөлмешікке өтеді.
в) Гелилі ағыс іздегішпен сынау
Гелилі ағыс іздегішпен тығыздыққа сынаудың төрт тәсілі қолданылады: желдету, зонд түсіру, жинақтау және баспалау.
Бұл жұмыста желдету тәсілі қарастырылған.
1.Сынақтың алдында бұйымды кірден, судан, отқабыршақтан және майдан тазарту.
2. Сыналатын бұйымды қосымша сорғымен үзбей вакуумдау қажет. Сонымен қатар бұйымның сыртқы бетін қуыс ине арқылы жіңішке гелий ағынымен үрлейді. Сорылған газдың сынамасын ағыс іздегішке береді. Сыналатын бұйымнан ағыс іздегішке кірген газ молекулалары вольфрам жібі шығаратын электрондармен атқыланады. Осының нәтижесінде тұрақты магнит полюстері арасынан өтетін иондар пайда болады. Магнит өрісі иондарды дөңгелек орбитаға бұрады. Егер бұйымда тығыз еместік болған жағдайда,ағыс іздегішке кіретін газ сынамасында гелий иондары болғандығы. Олар магнит өрісінен өткенде бір нуктеде тоғысады да, әлсіз тоқ пайда болып, ол күшейтілгеннен кейін, аспапты қозғалысқа келтіріп, ақау барлығына белгі береді.
Әдебиеттер: 1 негізгі [242- 255]. 3 қосымша [311-312]
Бақылау сұрақтары
1. Гелилі ағыс іздегіш құрылғысының жұмыс істеу принципі қандай?
2. Өтімді еместікке бақылаудың әртүрлі тәсілдерін тиімді пайдаланудың ауқымы кандай?
3. Керосинмен бақылағанда ақауды қалай анықтайды?
№8 Лабораториялық жұмыс. «Пісіру жалғастарын сырттай қадағалау және металлографиялық зерттеу»
Жұмыс мақсаты – пісіру сапасын сырттай қадағалап анықтаудың тәжрибесімен және жіктерді металлографиялық зерттеу жолдарымен танысу.
Пісіру жалғастарын механикалық сынаудың тәсілі металдарды соққыға,созылуғажәне қажуға сынаудан аз ғана айырмасы болғандықтан және студенттер, бұрынғы өткен курстардан оларды білетін болғандықтан, олар тек қана үлгілердің қиратқан жерінің құрылымын жазады (студенттер механикалық сынақ жүргізбейді).
Сырттай қадағалаумен жік ақауларының сызат, кеуек, кескін, күйдірме күйіндегі ақауларын, сондай-ақ күшейтудің, жік енінің бірқалыпты еместігік, т. б. түріндегі ақауларды анықтайды. Бұл жұмыста әртүрлі металдардың пісіру жалғастарының үлгілері бойынша, сырттай қадағалаумен, балқытып пісіру сапасын жазба күйінде жасап, дайын құрылғылардағы жіктердің жарамдылығы туралы шешім қабылдау керек.
Әртүрлі металл жалғастары жіктерінің металлографиялық макро- және микро зерттеуін, алдын ала дайындаған үлгілерде (шлифтерде) жүргізеді.
Қажетті жабдықтар (саймандар, материалдар):
- микроскоп МИМ-6 немесе МИМ-7;
- ақауларға тән макро- және микро құрылымы бар пісіру үлгілерінің жиынтығы;
- шлифтерді өңдеуге арналған реактивтер жиынтығы.
Жұмысты орындау тәртібі
1. Төмен көміртекті, құрылғылық, тоттанбайтын болаттардан, алюминий, титан және мыстан балқытып пісірумен орындалған шлифте, көрінетін ақауларды толық жазып, содан кейін, жіктердің жұмыс құрылғыларындағы жарамдылығы туралы шешім қабылдау керек.
2. Дайын шлифтердің жіктерінің микроқұрылымына зерттеу жүргізіп, олардың құрылымдарының жазбасын жасап, суретін салып, есептемеде көрсетеді. Микрошлифтермен жік металының, жік жаны аумағының және негізгі металдың, микрокеуек, микросызаттар, қож қосындыларының т.б. түйіршіктерінің құрылым сипатын және мөлшерін анықтау.
Микрошлифтерді зерттегенде жік құрылымдарын анықтау үшін «Альбом типовых структур швов» және «Руководство по металлографии сварных швов» құралдарын пайдалану қажет.
3. Үлгілерді созуға, соққы және қажуға сынағаннан кейінгі, олардың үзілген жерлерінің жазбасын жасау және пісіру сапасы туралы шешім қабылдау.
4. 1Х18Н9 болатынан жасалған үлгілерді тоттануға сынағаннан кейінгі, пісіру жіктерінің жазбасын жасау және жіктердің тоттануға беріктігі туралы шешім қабылдау.
Әдебиеттер: 1 негізгі [301-302]. 3 негізгі [189-214]. 3 қосымша [313-314]
Бақылау сұрақтары
1. Пісіргенде ақаулардың пайда болу себептерін айтыңыз?
2. Пісіру жалғастарының жұмыс қабілеттілігіне ақаулардың әсері қандай?
3. Пісіру жалғастарын сырттай қадағалаудың артықшылығын айтыңыз?
2.4 Оқытушы басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысы сабақтарының жоспары (СОӨЖ)
№ п/п |
Тапсырма |
Өткізу түрі |
Әдістемелік ұсыныстар |
Ұсынылатын әдебиет |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Техникалық бақылаудың жалпы жағдайлары, мақсаттарымен танысу. |
Тренинг |
Бақылаудың мәнісін түсініз, түрлерімен танысыныз.
|
1 нег. [415-424] 2 нег. [193-197] 3 қос. [390-398] |
2 |
Балқытып пісірудің ішкі ақауларымен танысу. |
Тренинг |
Ішкі ақаулардың түрлерімен, пайда болу себептерімен танысыныз.
|
1 нег. [54-103] 3 қос. [4-15] 4 қос. [9-13] |
3 |
Жіктердің негізгі ішкі ақауларымен танысу. |
Тренинг |
Ішкі ақау түрлерінің сұлбасын салыңыз. Сипаттарына назар аударыңыз. |
1 нег. [16-18] 1 нег.. [8-17] 5 нег. [365-372] |
4 |
Балқытып пісіргендегі сыртқы ақаулармен танысу. |
Тренинг |
Ақаулардың түрлері мен пайда болу себептерін анықтаныз |
1 нег. [12-16] 1 нег.. [8-13] 5 нег. [365-372] |
5 |
Түйіспе пісірудің ақауларымен танысу. |
Тренинг |
Ақаулардың пайда болу себептерімен танысыныз. |
3 нег. [15-17]
|
6 |
Бұйымның құрылғылық түрінің пісіру жігі беріктігіне әсерімен танысу
|
Тренинг |
Жік беріктігінің материалдары және сипатымен танысып алыңыз. |
4 нег. [457-462] 1 нег.. [9-10] 5 нег. [363-635] |
7 |
Техникалық бақылаудың ұйымдастыру мәселелерімен танысу. |
Тренинг |
Бақылаудың түрлерін нақтыланыз |
1 нег. [307-310]
|
8 |
Техникалық бақылаудың негізгі тәсілдерімен танысу. |
Тренинг |
Бақылаудың әрбір тәсілінің арналуына көңіл бөліңіз |
1 нег. [22-25] 5 нег. [372-377] |
9 |
Бақылаудың тәсілдерін салыс-тырмалы түрде талдау жүргізу. |
Тренинг |
Салыстыруға алынған тәсілдердің сұлбасын салыңыз. Әрбір түрін жеке талдаңыз. |
1 нег. [26-27] 5 нег. [372-377] |
10 |
Негізгі және балқытылған металдардың механикалық қасиеттерін аңықтау. |
Тренинг |
Дәріс материалдарымен танысыныз |
1 нег. [28-29] 5 нег. [377-378] |
11 |
Тоттанумен және металло-графиялық зерттеу жүргізумен танысу.
|
Тренинг |
Тоттанудың қандай зиян келтіретіне назар аударыңыз |
1 нег. [301-302] 3 нег.. [189-214] [215-221] |
12 |
Техникалық бақылаудың қират-пайтын тәсілдерімен танысу.
|
Тренинг |
Дәріс материалдарын қайталап шығыныз |
1 нег. [22-25] 4 нег.. [462-468] |
13 |
Магниттік ақаукөргіштікпен танысу.
|
Тренинг |
Магниттік ақаукөргіштіктің негізгі мәніне көңіл аударыңыз |
1 нег. [215-220] 3 нег.. [135-152] 5 нег. [424-427] |
14 |
Ультрадыбысты ақаукөргіштікпен танысу.
|
Тренинг |
Дәріс материалдарымен танысыныз |
1 нег. [125-151] 3 нег. [110-134] 5 нег. [403-423] |
15 |
Пісіру жалғастарында рентген және гамма сәулелері көмегімен ақауларды аңықтау. |
Тренинг |
рентген және гамма сәулелерінің әсеріне назар аударыңыз |
1 нег. [37-68] 3 нег.. [37-54] 5 нег. [380-402] |
2.5 Студенттердің өзіндік жұмысы шеңберіндегі сабақтардың жоспары (СӨЖ)
№ п/п |
Тапсырма |
Әдістемелік ұсыныстар |
Әдебиеттер |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Пісіру жалғастары сапасы төмендігінің себептері.
|
Дәріс материалдарын қайталап, әсер ететін факторларды жазаыңыз. |
1 нег. [5-10] 3 нег. [18-21] 5 нег. [369-372] |
2 |
Шалапісірімдер. Қолмен электрдоғалы пісіргенде шалапісірімдер пайда болу себептері. Сызаттар. Сызаттардың пайда болуына әсер ететін факторлар. Сызаттардың түрлері.
|
Шалапісірімдерге ереже көрсеткіштерінің әсерін зерттеңіз. Сызаттардың пайда болу себебіне назар аударыңыз. |
1нег. [16-18] 3нег. [8-17] 1нег. [365-369]
|
3 |
Жік металындағы кеуектер. Пайда болуы себептері. Қож қосыңдылары, олардың пайда болу себептері.
|
Бұл ақаулардың түрлері және пайда болу себептерімен танысыңыз |
1нег. [16-18] 3нег. [8-17] 4нег. [365-369]
|
4 |
Жік түрімен мөлшерінің ауытқулары. Кескіндер және олардың пайда болу себептері. Сырт ақауларының жіктелуі .
|
Жік түрі мөлшерінің ауытқу сызбасын салыңыз. |
1нег. [16-18] 3нег. [8-17] 4нег. [365-369]
|
5 |
Күйдірмелер және олардың пайда болу себептерімен болдырмау жолдары.
|
Жалпы ақаулардың түрлерімен танысыңыз. |
1нег. [16-18] 3нег. [8-17] 4нег. [365-369]
|
6 |
Кернеу шөгырлануының пісіру жігі сапасына ықпалы. |
Пісіру икемділігін бағалаудың түрлеріне назар аударыңыз. |
1нег. [292-298] 3нег. [18-21] 4нег. [82-99] |
7 |
Өндіріс технологиясының техникалық бақылау көлеміне ықпалы.
|
Сынақ жүргізілетін үлгілердің сызбасын салыңыз. |
1нег. [298-300] 3нег. [163-178] 4нег. [468-472] |
8 |
Негізгі метал мен жік металының механикалық касиеттерін аңықтау тәсілдері.
|
Металлографиялық зерттеулермен танысыңыз. |
1нег. [301-302] 3нег. [189-214] 4нег. [470-472]
|
9 |
Рентгеноскопиялық тәсілдердің түрлері және оларды қолдану тәсілдері. |
Тәсілдердің сұлбасын салыңыз. |
1нег. [97-110] 3нег. [71-75] |
10 |
Магнитті және ультрадыбысты тәсілдердің түрлерімен типтері.
|
Өлшенетін бөлшекпен магнитті орналастыру сұлбасын салыңыз. |
1нег. [215-232] 3нег. [134-152] 5 нег. [424-433] |
11 |
Бақылаудың люминисцентті және түсті тәсілдері.
|
Қолданылатын материалдарға назар аударыңыз. |
1нег. [235-241] 3нег. [159-162] 5 нег. [434-438] |
12 |
Электр тоғының адам организміне әсері және қауіпсіздік шаралары.
|
Адам организмінің тез зақымданатын мүшелерін есте сақтаңыз. |
2 нег. [415-423] 4 нег. [473-477] |
13 |
Радиациялық сәулелердің адам организміне әсері және қауіпсіздік шаралары. |
Шекті шақтама мөлшерді жазып алыңыз. |
1нег. [117-124] 3 нег. [104-109] |
14 |
Керосин және пенетранттармен сынағандағы қауіпсіздік техникасы.
|
Бақылау жүргізу материалдарымен танысыңыз. |
4 нег. [473-484] 2 нег. [415-423]
|
15 |
Магнитті және электрмагнитті тәсілдерімен бақылағандағы қауіпсіздік техникасы. |
Тәсілдің түрлерімен ұқыпты танысыңыз, жұмыс сұлбасын салыңыз. |
4 нег. [473-484] 2 нег. [415-425]
|
