- •Емтихан сұрақтары
- •5В012000- «Кәсіптік оқыту» мамандығына арналған
- •Пісіру процесінің мәні.
- •Пісірілген жалғас пен жік түрлері.
- •Пісіру ваннасындағы металлургиялық процестер.
- •Болаттар және басқа металдардың пісіруге икемділігі
- •Сапаның технологиялық және құрылғылық факторлары.
- •Пісіру кернеулері мен деформациялары.
- •Ақауларды айқындауда бақылаудың әртүрлі тәсілдерінің ролі.
- •Пісіру жалғастарының сапа көрсеткіштері.
- •Ақаулардың типтері мен түрлері.
- •Пісіру сапасын бақылау тәсілдері
- •Пісіру материалдарын бақылау.
- •Жабдықтар мен саймандарды бақылау.
- •Технологияны бақылау.
- •Пісірушілердің кәсіптік деңгейін бақылау.
- •Жалғастарды сырттай байқау.
- •Радиациялық бақылаудың жіктелуі.
- •Радиациялық ақаукөрсеткіштікке арналған иондаушы сәуле шығару көздері.
- •Радиациялық бақылаудың негізгі параметрлері .
- •Өндірістік радиаграфия
- •Өндірістік радиоскопия.
Пісіру кернеулері мен деформациялары.
Пісіру кернеулері мен деформациялары. Пісіру құрылғыларын дайындау процесінде, оларда пісіру кернеулері мен деформациялары пайда болады. Пісіру кернеулері металдың аққыштық шегінен асқанда, оның илемділік деформациясын болдырады. Бұл, бұйымның пішіні мен мөлшерінің өзгеруне, яғни оның шалыстауына алып келеді. Егер пісіру кернеулері мен деформациялары беріктік шегінен асса, онда пісіру жігінің немесе жалғастың бірыңгайлығы бұзылады, яғни сызаттар пайда болады.
Пісіру кернеулері мен деформацияларының пайда болу себептері ол, негізгі металды бірқалыпты қыздырмаудан және жік металында, оның салқындау процесінде, құрылымдық өзгерістердің өтуі болып табылады.
Ақауларды айқындауда бақылаудың әртүрлі тәсілдерінің ролі.
Жалғастардың жоғары сапасы, бірінші ретте, өндірістік технологиялық процестің жағдайы мен деңгейіне байланысты. Сондықтан ақауларды анықтау, өнімді жарамсыз деп қана дабыл қағу үшін емес, технологияны жедел жақсартуға бағытталады. Бақылау негізгі ықпалын өнім, жарамсыздығы мен ақаудың алдын алудың кері байланыстарын қамтамасыз ету ретінде, өндіріс технологиясына жасауы керек.
Пісіру жалғастарының сапа көрсеткіштері.
Пісіру сапасының көрсеткіштері.Мемлекеттік стандарт МЕСТ 15467-70 бойынша өнімнің сапасы дегеніміз, өзінің арналуына сай белгілі қажеттілікті қанағаттандыру үшін, осы өнімнің жарамдылығын көрсететін оның қасиеттерінің жиынтығы.
Сенімділік деп, бұйымның өзінің пайдалану көрсеткіштерін берілген аралықта, қажетті уақыт ішінде немесе қажетті жұмыс көлемін орындағанда белгіленген жұмыстарды орындау қасиеттерін түсінеміз.
Пісіру өндірісіндегі бақылаудың тиімді сұлбасы (2.2. сұлба) төменде көрсетілген, онда бақылаудың келесі сатылары қамтылған:
1) Жобалау сатысында құжаттарды бақылау:
- құрылғылар мен құрастыру – пісіру технологиясын таңдауы;
- негізгі металды таңдауы;
- бақылау жоспары мен ақаудың шекті мөлшерінің негізделуі;
- бақылау тәсілдерін таңдау және құрылғылардың ақаукөргіштігін қамтамасыз ету;
2) Өндірісті технологиялық дайындауды бақылау:
- дайындау –құрастыру сапасы мен шарттарын тексеру;
- бастапқы материалдардың сақталуы мен дайындалуын тексеру;
- пісірушілердің тәртіптері мен құжаттарын тексеру т.б.;
3) Дайын өнімді бақылау:
- бақылау құралдары мен қолданылып жүрген тәсілдерді тиімді пайдалану;
4) Бакылау операцияларының сапасын тексеру:
- ақаукөргіштің сезімталдығы мен ережелерді сақтауды тексеру;
- ақаукөргіштік материалдарды бақылау;
- операторлардың жағдайлары мен дәрежесін бақылау, т.с.с.
Сапаның технологиялық және құрылғылық факторлары.
Сапаның технологиялық және құрылғылық факторлары. Пісіру сапасын басқару, өнімнің сапасына байланысты, бақылаудың барлық фактораларын қарастырады. Жалғастарды пісіргенде олардың сапасына көп факторлар әсер етеді. Олардың негізгілерін технологиялық және құрылғылық деп шартты топталарға біріктіруге болады.
Пісіру жалғастарының сапасына әсер ететін факторлар
Технологиялық Құрылғылық- эксплуатациялық
-Пісіру материалдары -Негізгі металл
-Жабдықтар -Жалғас құрылымы
-Дайындау және құрастыру -Пайдалану шарттары
-Пісіру процесі -Бақылау тәсілдері мен жүйесі
-Оператор (пісіруші) -Сапа нормалары
