Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСБ.Пісіру сапасын баылау Емтихан сратары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118 Кб
Скачать
☆
  1. Радиациялық бақылаудың жіктелуі.

Пісіру жалғастарын радиациялық бақылау тәсілдері

-- Радиографиялық----- Бейнені тапаға түсіру (қағазға)

-- Радиоскопиялық----- Бейнені экранда бақылау (қарау)

-- Радиометриялық------ Электр сигналдарын тіркеу

  1. Радиациялық ақаукөрсеткіштікке арналған иондаушы сәуле шығару көздері.

Иондаушы деп, ортамен өзара әсерлескенде әртүрлі таңбалы электр зарядтарының пайда болуына алып келетін, сәуле шығаруды айтады. Иондаушы сәуленің өзі, соқтыққанда иондандыру үшін жеткілікті кинематикалық энергиясы бар, зарядталған бөлшектерден (электрон, протон, - бөлшек, т.б.) тұрады. Басқаша айтқанда, иондаушы сәуле өзара әсерлескенде, нақты иондаушы сәуле шығаратын немесе ядролық өзгірістер болдыратын фотондар (кванттар) мен зарядталмаған бөлшектерден (нейтрон, т.б.) тұрады.

Иондаушы сәуленің қасиеттері мен табиғаты.Пісіру жалғастарын радиациялық ақаукөргіштікпен бақылағанда, негізінде, тежеуіш (рентгенттік), нейтронды және γ – сәуле шығаруын пайдаланады.

Иондаушы сәуле шығару көздері және түрлері

- Тежеуші (х)------ Рентген аппараттары , Үдеткіштер, Радиоизотоптық β - сәуле шығару көздері

- Гамма (γ)------ Радиоизотоптық γ – сәуле шығару көздері

- Нейтронды (n)---- Ядролық реакторлары,Радиоизотоптық нейтрондар көздері, Генераторлар

  1. Радиациялық бақылаудың негізгі параметрлері .

Радиациялық ақаукөргіштіктің кез келген тәсілі кем дегенде үш негізгі элементтерді міндетті түрде пайдалануды қарастырады (8 –сурет): иондаушы сәуле шығару көзі 1, бақылайтын нысана 2 (пісіру жалғасы), ақаукөргіштік ақпаратты тіркейтін қабылдағыш 3.

Иондаушы сәуле бұйымның затынан өткенде ол әлсірейді – яғни сіңеді және шашырайды. Әлсіреу дәрежесі бақылау нысанасының қалыңдығы мен δ тығыздығына ρ, сондай-ақ, сәуленің өзінің қуатымен Е қарқындылығына М байланысты. Пісіру, дәнекерлеу және желімдеу жалғастарын радиациялық тәсілдерінің негізінде, заттан өткенде ортаның молекулалары мен атомдарын иондандыратын иондаушы сәулені қолдану жатыр.

Радиациялық ақаукөргіштіктің құрылымдық элементтері.

1- иондаушы сәуле көзі, 2- бұйым, 3 – қабылдағыш

  1. Өндірістік радиаграфия

Өндірістік радиография. Радиография дегеніміз – иондаушы сәуле шығарумен бұйымның ішкі статикалық көрініс бейнесін қабылдағышта алу тәсілі. Іс жүзінде бұл тәсіл, өзінің қарапайымдылығымен және нәтижесі құжат түрінде алынатындықтан, көбірек таралды. Пайдаланылатын қабылдағыштарға байланысты үлпекті радиография және ксерорадиография (электрорадиография) деп бөлінеді.

Өнеркәсіптік радиография тәжрибесінде тіркеу әдістері мен қабылдағыштың түріне байланысты екі негізгі тәсілге бөледі:

  1. тура экспозициялау;

  2. бейнені ауыстыру.

Тура экспозициялау тәсілі – іс жүзінде барлық иондаушы сәуле шығару көздері пайдаланылатын өндірістік радиографияның негізгі және көбірек таралған тәсілі. Бұйымнан сәуле өткізіп, фотоөңдеуден кейін көрінетін, радиографиялық үлпекшеге түсіреді.

Бейнені ауыстыру тәсілі нейтронды радиографияда қолданыс тапты. Мұнда нейтрон ағынында орнатылған бұйымның артында орналасқан, аралық активті металл экранында, көрінбейтін бейне алады. Бұдан кейін, көрінбейтін бейнені, радиографиялық үлпекті металл экранына басу арқылы, оған ауыстырады.