Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodich_ukazania_kursovoy_po_TBK_2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

1 Курстық жұмысты орындаудың жалпы ережесі

    1. Курстық жұмыс оқу жоспарының бойынша студенттердің кешенді өзіндік жұмысы, түсіндірме жазбадан, жеке бөлімдерден, графикалық материалдардан (сурет, сызба, схема, кесте және т.б.) тұрады. Курстық жұмыс ғылыми зерттеулердің материалдарынан құралады.

    2. Курстық жұмысты орындау барысында студент келесі мәселелерді орындауы тиіс: таңдап алған тақырыптардың теориялық негіздемелерін, зерттеу барысындағы оқу материалдарын сауатты ұсыну, жоспарланған мақсаттарды жүзеге асыру.

    3. Курстық жұмыс студенттің «Киімді конструкциялау мен модельдеу» пәнін оқудағы қорытынды кезеңі болып табылады және сондықтан студент алған білімдерін нақты мақсаттарды жүзеге асыруда орынды пайдалануы керек.

Курстық жұмыс студентке қажетті әдебиеттерді, нормативті құжаттарды, оқу бағдарламаларды қолдана білуге үйретеді.

2 Курстық жұмыстың тақырыптары

2.1 Курстық жұмыстың тақырыптары осы пәннің оқу мақсаттарына жауап береді және кәсіптік оқытудың жалпы талаптарына сай келеді.

2.2 Тақыптардың нақтылығы студенттердің шығармашылық жұмыстарын заманауи түрде орындауға бағытталған.

2.3 Курстық жұмысты орындау келесідегідей талаптарға жауап береді:

- тақырыптар осы пәннің типтік оқу бағдарламасының жалпы және арнайы сұрақтары негізінде түзіліп, студенттерге хабарланады;

- әрбір студент кез-келген тақырыпты немесе өзі ұсынған тақырыпты таңдай алады, соңғы жағдайда тақырып кафедрада бекітіледі;

- таңдалған тақырып әйел мен балалар киім үлгілерін конструкциялау мен модельдеуге сәйкес қазіргі өмірімен тығыз байланысты болады;

- таңдап алынған тақырыпқа сай курстық жұмыстың жетекшісі студентке кафедра меңгерушісі тарапынан бекітілген материалдарды жинақтаудың үлгі көрсеткіші жөніндегі тапсырма таратылады;

- тапсырманың үлгісін кафедра дайындап шығарады. Бұл тапсырма курстық жұмыспен бірге түптеледі.

3 Курстық жұмысқа жетекшілік ету және ұйымдастыру

3.1 Жұмысқа жетекшілік ету:

3.1.1 Курстық жұмыс жетекшісі бола алады:

- сәйкесінше теориялық курсты оқитын кафедарның профессорлары, доценттері мен аға оқытушылары;

- кафедраның ғылыми аға қызметкерлері 5 немесе одан да көп жыл еңбек өтілі бар.

3.1.2 Оқу талаптарын өндіріске жақындату, сондай-ақ универсиет пен өндіріс арасындағы жобалау тәжірибесімен алмасу мақсатында жетекшілік ету тартылуы мүмкін.

3.1.3 Курстық жұмыс жетекшісі:

- студенттің жұмысына бекітілген күннен бастап жауапкершілік жасайды;

- тақырыптың мәнін түсіндіреді, кәсіптік оқыту пәніне қатысты жаңашыл элементтері келтірілген бастапқы тапсырмаларды береді;

- студент тақырыпқа сай өзі орындайтын жұмыстың мазмұнын жетекші кеңесімен құрып дайындап алады. Жұмыстың мазмұны тақырыптағы мәселелерді толығымен қамтылуын айқындауы тиіс;

- кәсіптік оқыту пәніне қатысты мәселелерді қарастырып, тақырыптың мақсаты мен міндеттерінің жауаптарын іздестіреді;

- қажетті әдебиеттерді, нормативті құжаттарды, анықтамалар мен басқа материалдарды ұсынады;

- студенттерге курстық жұмысты орындау кезінде кеңес беру көмегін көрсетеді;

- тақырыптың өзектілігін анықтауға көмектеседі;

- студент таңдап алған тақырыбы төңірегінде әдебиеттер тізімін қарастырады, орталық педагогикалық журналдардағы мақалалармен танысады;

- студент теориялық және тәжірибе-эксперименттік зерттеулерді талдау негізінде қорытындысы мен ұсыныстар жинақтайды;

- курстық жұмыстың орындалу барысы туралы кафедраға хабарлап отырады.

    1. Курстық жұмысты ұйымдастыру:

3.2.1 Бітіртуші кафедра курстық жұмысты бастамас алдын студенттерді курстық жұмысты орындаудың білім стандартының тарапына сүйене отырып 5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандықары бойынша орындалатын жұмыстың көлемін анықтап, ол әдістемелік нұсқаулықпен қамтамасыз етілуі тиіс.

3.2.2 Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықта жұмысты орындаудың барлық талаптары болуы тиіс.

3.2.3 Жеке кеңес беру жүйелі түрде аптасына екі мәрте өткізілуі тиіс.