- •5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің курстық жұмыс орындауға арналған
- •5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің курстық жұмыс орындауға арналған
- •Мазмұны
- •1 Курстық жұмысты орындаудың жалпы ережесі
- •2 Курстық жұмыстың тақырыптары
- •3 Курстық жұмысқа жетекшілік ету және ұйымдастыру
- •4 Курстық жұмыстың құрылымы
- •5 Курстық жұмысты рәсімдеу
- •1. Бұйымның шығу тарихы
- •2 Бұйымның көркемдік шешімін табу
- •2.1 Киімге қойылатын талаптар (кесте-1)
- •Нормативті құжаттарда бекітілген шартты белгілер мен қысқартулар болуы тиіс. Анықтамаларда көрсетілген қысқартулар мен белгілеулер курстық жұмысты дұрыс түсіну үшін ретімен көрсетіледі.
- •2.2 Мода ағымына сипаттама
- •2.3 Модельді әзірлеуге қолданылатын материалды таңдау
- •3 Конструкциялық бөлім
- •6 Курстық жұмысты белгілеу
- •7 Курстық жұмысты қорғау
- •8 Өзгертулер енгізу тәртібі
- •9 Келісу, сақтау және тарату
- •«Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
- •Түсіндірме жазбасы
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •«Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
- •Курстық жұмыс
- •Негізгі жазбадағы графалар
- •5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттеріне
5 Курстық жұмысты рәсімдеу
5.1 Курстық жұмыстың бөлігін рәсімдеу
Курстық жұмыстың мәтіндік бөлігі А4 (210х297мм) форматындағы МЕСТ-2-301 қағазының бір жақ бетінде орындалады, кестелер мен көрсетулерді орындауда А3 (297х420мм) форматындағы қағазды пайдалануға рұқсат беріледі.курстық жұмыстың көлемі 25-35 парақты құрайды.
Құжаттың мәтін бөлігін келесі талаптарды басшылыққа ала отырып орындайды:
жазбаша әріптер мен сандардың биіктігі 2,5 мм кем емес. Сандар мен әріптер бүкіл құжаттар бойында анық жазылуы керек (тушь, қара сия немесе шарикті қаламды пайдаланып, бірдей түсте көк, көкшіл, қара);
ЭЕМ – де басып шығаруда баспа және графикалық жабдықтарды пайдалануға болады. Шрифті-Times New Roman, қарапайым, 14 нұсқа, қатарлардың арасындағы интервалы - бір (1). Бір мәтінді құжаттарда түрлі-түсті пастаны қолдануға және сызып көрсетулерге жол берілмейді.
5.1.1 ЭЕМ – мен басылған құжаттарға жекеленген сөздер, формулалар, шартты белгілерді қолмен жазуға, сондай-ақ көрсетулерді қара тушьпен немесе қара сиямен жазуға рұқсат етіледі.
20 мм
Парақ
30
мм 10 мм
25
мм
Мәтінде азат жолды (абзац) қолмен жазуда 7,5 мм тең бос орын тастап бастайды, ал ЭЕМ-ді пайдалануда мәтіннің төртінші белгісінен бастап жазады.
5.1.3 Құжаттарды орындау кезінде анықталған әріптік қателер, тізімдік қателер және графикалық қателер, ақ түсті бояумен мәтінде (графикада) түзетуге енгізуге немесе қара бояумен, паста, тушь қолдана отырып қолмен түзетуге болады.
Бұрынғы мәтіндегі (графика) қателерден қалған толықтай жойылмаған іздерді қалдыруға, мәттіндік құжаттарды бүдіруге жол берілмейді.
5.1.4 Курстық жұмыстың құрылыстық элементтерінің аталуылары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» жұмыстың құрылыстық элементтерінің тақырыптармалары болады.
5.1.5 Курстық жұмыс тараулар мен тараушаларға бөлінуі тиіс. Әрбір тармақпен тармақшада түгелденген ақпарат болуы тиіс.
Тараулардың аталуы, жалпы алғанда, курстық жұмыс тақырыбын айқындауға тиісті, ал тараушалардың аталуы, жалпы алғанда сәйкестелген тарауды айқындауға тиісті.
Тараулар мен тараушалардың аталуы өз мазмұнын айқын және қысқаша бейнелеуі тиіс.
Тараулар курстық жұмыстың бүкіл шегінде араб сандарымен белгіленген кезектілік нөмірі болуы және азат жолдан (абзацтан) басталуы шарт. Тараушалар әрбір тараудың шегінде нөмірленуі тиіс. Тараушаның нөмірі тараулар мен тараушалардың нүкте арқалы бөлінген нөмірлерінен тұрады. Тарауша нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Тараулар тараушалар сияқты бір немесе бірнеше бөлімдерден тұрады.
Үлгі:
-
Негізгі бөлім
Мұғалімдерге арналған заманауи костюм
1.1 Мұғалімдер костюмінің даму тарихына қысқаша шолу
1.2 Халықтың қолданбалы өнеріндегі костюмнің рөлі
1.3 Қазіргі замануи мұғалім имиджін қалыптастыру ережелері
1.4 Ұсынылатын үлгі ерекшеліктеріне сипаттама
Әрбір тармақтар мен тармақшалардың аталуын азат жолдан (абзац) бастап, атауды әріппен, соңында нүкте қоймай, астын сызбай жазу керек.
Атауларда сөздерді тасымалдауға рұқсат етілмейді. Егер атау екі сөйлемнен тұратын болса, онда олар нүкте арқылы бөлінеді. Тараулар мен тараушалардың атаулары жартылай қалың шрифтпен жазылады.
Құжатты орындау кезінде тараулардың атаулары мен мәтіндер арасы қолмен жазуда - 15 мм, ЭЕМ қолдануда - 2 ендірудей болуы керек. Тарау мен тараушалардың арасы, сондай-ақ тараулар мен мәтін атаулары арасы - қолмен жазғанда - 8 мм, ЭЕМ пайдаланғанда 1 - ендіру болуы шарт.
Үлгі:
-
-
3
Негізгі бөлім
Мұғалімдерге арналған заманауи костюм
1.1
Мұғалімдер костюмінің даму тарихына қысқаша шолу
5
1.2
Халықтың қолданбалы өнеріндегі костюмнің рөлі
6
1.3
Қазіргі замануи мұғалім имиджін қалыптастыру ережелері
10
1.4
Ұсынылатын үлгі ерекшеліктеріне сипаттама
14
2
Конструкторукциялық бөлім
2.1
Конструкторлық сызбаның басты негізгі құрылысын таңдау
17
2.1.1
Киімді конструкциялау әдісін таңдау және негіздеу
18
2.1.2
Конструкциялық сызбаны тұрғызу жолдары
19
2.2
Бұйым сызбасын сызуға қажетті қосымшалар
21
2.3
Мұғалімдерге арналған іскерлік костюмнің сызбасын құрастыру
22
2.4
Іскерлік костюм сызбасы негізінде модельдеу
25
2.5
Лекалдардың түрлері. Негізгі және қосымша лекалдар
26
-
Атаулар мен келесі мәтін бір парақта орналасуы керек. Атауды бір парақтан келесі параққа көшіруге тиім салынады.
5.1.6 Курстық жұмыстың әрбір тарауын жаңа парақтан (беттен) бастау тиіс. Бір тармақтың ішіндегі тармақшалар мен мәтін арасы екі жолдық шегініспен бөлінеді.
5.1.7 Курстық жұмыстың мәтін парақтарында бос кеңістік қалдыруға болмайды. Кұжаттың барлық беттері (тараудың соңғы бетін есепке алмағанда) толтырылуы тиіс.
5.1.8 «Мазмұны» және «Аннотация» сөздерін жартылай қалың шрифтпен жазуға болады. Мазмұнға енгізілген атауларды, атауды әріппен бастап қатардағы әріппен жазады.
Үлгі:
Аннотация
Курстық жұмыста заманауи үлгідегі мұғалімдер костюмін конструкциялау мен модельдеу барысы қарастырылды. Жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебеиттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, ақпараттық технологияларды сабақ барысында пайдалану бойынша жүргізілген ғылыми жұмыстар, әдістемелік әдебиеттер мен оқу бағдарлама мазмұнына талдау жасалды.
Жұмыстың ғылыми аппараттары түзілді.
Жазба бөлімінің көлемі 30 бет, сурет саны - 4, кесте - 2, қосымша саны -2
Нормалы сілтемелер
5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің «Тігін бұйымдарын конструкциялау» пәнінен курстық жұмысты орындуға арналған әдістемелік нұсқау.
ГОСТ 2.102-68 ЕСКД. Конструкторлық құжат түрлері мен жиынтығы
ГОСТ 2.104-68 ЕСКД. Негізгі жазулар
ГОСТ 2.2001-80 ЕСКД. Бұйымдарды және конструкторлы құжаттарды белгілеу.
ГОСТ 2.301-68 ЕСКД. Форматтар.
ГОСТ 2.601-95. ЕСКД. Тұтыну құжаттары.
ЮКГУ 4.6-002-2004 СМК. Оқу құжаттарын безендіру ережесі. Графикалық құжаттарға қойылатын жалпы талаптар.
ГК РК 04-99 «Экономикалық іс-әрекеттер түрі бойынша өнімдер классификаторы (КПВЭД).
МИ ЮКГУ 4.7-006-2004 Курстық жұмысты ұйымдастыру. Мазмұны, құрылымы, жазылуы мен безендірілуіне қойылатын жалпы талаптар.
Әдістемелік нұсқау
Нормативті құжаттарды әрі олардың атауларын, тіркеу номерлеріне қарай мынадай реттілікпен орналастырады:
Техникалық регламентер;
Мемлекеттік стандарттар (СТ РК);
Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ);
Халықаралық стандарттар;
Техникалық шарттар және т.б.
Анықтамалар
Стиль – суретшінің көркем ойлау категориясының жалпы мінездемесі ол белгілі кезеңінде дамыды: ‘’Готика’’, ‘’ренессанс’’, ‘’барокко’’, ‘’классицизм’’, ‘’рококо’’, ‘’неоклассицизм’’, ‘’ампир’’, ‘’романтизм’’ т.б. стилдер бар. Әрбір стиль өзінің даму процесінде белгілі бір сатыдан өтеді: жаңару, өрлеу, құлдырау.
Белгілеулер мен қысқартулар
АТ - ақапараттық технологиялар
ЭЕМ – элктронды есептеу машинасы
МЕСТ – мемлекеттік стандарт
АЖЖ – автоматты жобалау жүйесі
ЭОҚ – электронды оқу құралы
