- •33. Отбасы циклының мына кезеңіне тоқталыңыз.
- •34. Отбасы циклының мына кезеңіне тоқталыңыз.
- •37. Отбасының барлық функцияларын жазыңыз, соның ішінде үй-тұрмыстық функциясына тоқталыңыз.
- •38. Отбасының мына түріне тоқталыңыз. У. Гуд заманауи отбасыны «коньюгальді» деп атаған.
- •40. Психологиялық кеңес беру түріне тоқталыңыз.
- •42. Мектеп жасындағы балалар үшін шешімді ата-анасы шығаратын кезең. (өмірлік цикл)
- •43. Әлеуметтік жұмыстағы отбасындағы қиындық себептері сыртқы ортада әлеуметтік моделіне сипаттама беріңіз.
- •44. Ана келісім шарты, азаматтық актілер алу құжаттарының заңдық түрі
- •Некені тоқтату және оның негізі[өңдеу]
- •45. Әлеуметтік қызметтің түрі: патронаж, консультирование, диагностика
- •46. Әлеуметтік қызметтің бір түрі – кеңес беру.
- •47. Отбасы жүйесі туралы г.Навайтиса концепциясы. Отбасы жүйесінің жүйешіктері,
- •48. Отбасымен жұмыстағы «карта» түсінігі. Отбасы туралы базалық ақпарат алу.
- •49. Қазіргі Қазақстандағы отбасыны қорғау. 1998 жылы қр «Отбасы және неке» туралы заңы.
- •50. Сипаттама беріңіз.
42. Мектеп жасындағы балалар үшін шешімді ата-анасы шығаратын кезең. (өмірлік цикл)
Өтпелі кезең бұл жеткіншектің балалықтан ересектікке қадам басқан күрделі психологиялық кезең. Әр елде сол елдің мәдени және діни салтына байланысты өтпелі кезең әр түрлі анықталады. Бұл жас жеткіншектің жыныстық жағынан жетілу, биологиялық жағынан шұғыл өзгерісті бастан кешетін кезең. Әр түрлі елдер мен діндерде өтпелі кезең 10-16 жас аралығы ретінде көрініс табады. Психологиялық жағынан алғанда әр адамда өтпелі кезең әр түрлі кездеседі. Сондай-ақ өтпелі кезең жеткіншектерде жүріс-тұрыста тәуелсіздікке ұмтылу, қоғамда өз орнын табуға тырысу, өзін көрсету, кейде өз ортасын өз талғамына бейімдету ретінде байқалады. Ата-аналық тұрғыдан өтпелі кезең өте бір алаңдаушылық тудырады. Бұл уақытта баланы бақылауда ұстау қиындап, ата-анасының әсіре қамқорлығынан арылып, бала өз бетінше шешім қабылдағысы келеді, өзіне психологиялық жағынан жақпаған істерге жақамаушылығын білдіреді. Бұл уақыттарда жастардың барлық нәрсені татып көрсем деген әуестігі артып, бұзықшылықтарға қосылып кету, ішімдік, анаша, есірткі секілді нашар қылықтарға еріп кету қаупі зор. Бұған қоса, өтпелі кезеңде жасөспірімдердің романтикаға деген құмарлығы күшейіп, ол ойындағыдай болмай қалған жағдайда салдары өз өзін өлімге қиюға дейін апаратын жайттар кездеседі. Жасөспірім бұл шақта өзінің дене бітіміне мән бере бастайды.
62-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері:
1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
2. Ата-аналардыңөз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.
3. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін ќорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
63-бап. Балалардыңқұқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ата-аналардыңқұқықтары мен міндеттері
1. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардыңқұқықтары мен мүдделерін ќорғайды.
2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардыңөз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардыңқұқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.
64-бап. Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерін көздей отырып жүзеге асыру
Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығыныңнегізгі мәні болуға тиіс. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамныңқадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс. Ата-ана құқықтарын балалардыңқұқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
65-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы
1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы бар. Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс.
2. Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді. Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата-аналардыңәрқайсысына, аға-інілері мен апа- сіңлілеріне (ќарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардыңәрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі, материалдық және отбасылық жағдайы және т.с.с) ескереді.
3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы. Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды ќорғаншы және қамқоршы органныңқатысуымен сот шешеді.
4. Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата-анаға заңдарда көзделген шаралар қолданылады. Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата- ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады.
5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананыңөз баласы туралы тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар. Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.
66-бап. Ата-аналардың басқа адамдардан балаларын талап етуге құқығы
1. Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануға құқылы. Бұл тараптарды қарау кезінде сот баланы ата-анасына беру баланың мүдделеріне сай келмейді деген қорытындыға келсе, баланың пікірін ескере отырып, ата-анасының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
2. Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да оның дұрыс тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендігін анықтаса, сот баланы қорғаншы және қамқоршы органныңқамқорлығына береді.
