Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-деңгей.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74 Кб
Скачать
☆

19 Минералдар туралы түсінік

Минералдар дегеніміз Жер қойнауында өтіп жататын табиғи физико-химиялық процестердің нәтижесінде жаралған таужыныстарды және кендерді құрайтын бір текті химиялық құрамы және құрылымы бар кристалдық заттар. Минералдарға тек қана кристалдық заттар ғана емес аморфты және жасырын кристалды табиғи заттар да жатады (халцедон, агат, опал және т.б.). Химиялық көз қарастан минерал – ол бір құрамды, азды-көпті біртекті дене. Физикалық жағынан қараса әр минерал өзіне тән қасиеттерімен сипатталады: қаттылығымен, тығыздығымен, магниттілігімен, оптикалық қасиеттерімен және т.б. Әр минералдың өз тарихі бар. Олар Жер қойнауында (эндогендік минералжаралу процестер) және оның үстіңгі қабаттарында (экзогендік минералжаралу процестер), теңіздерді және мұхиттерде туады. Минералжаралу және өзгеру процестері басқа геологиялық пәндерде толығынан талқыланады. Кейбір минералдар Жер бетінде тұрақсыз және мору процесінің әсерінен бузылады және басқа тұрақты минералдарға ауысады (мысалы, кен тараған дала шпаттары сазды минерал каолинитке өтеді).

20 Каустобиолиттер

Каустобиолиттер (грек. kaustos– жанғыш, грек. bіos – тіршілік және lіthos – тас)— жанғыш қазындылар; органикалық жолмен пайда болған тау жыныстары. Каустобиолиттер 3 топқа бөлінеді:

Гумолиттер (торф, қоңыр және тас көмірлер)

Сапропелиттер (жанғыш тақтатастар, сапропельдік көмір, кеннель, богхед)

Мұнай тектес қазындылар (мұнай, жанғыш газдар, асфальт, озокерит, тағы басқалар.)[1][2]

Жаралу жағдайлары бойынша Каустобиолиттер екі топқа бөлінеді:

1) көмір қатарындағы каустобиолиттер, оларға: шөгінді жаралумен сингенезисті тау жынысытар (шымтезек,қазба көмірлер, жанғыш тақтатастар) мен минералдар (мыс., янтарь) жатады. Каустобиолиттердегі органикалық заттар басқа тау жыныстардағы шашыранды органикалық заттардың түр өзгешеліктерінен әлдеқайда көп мөлшерде (көмірде — 50%-дан асады, жанғыш тақтатастарда — 50—25%, кейде оларда тиісті техникалық сапасына байланысты органикалық заттардың мөлшері төмендеу болуы мүмкін);

2) мұнай (және нафтоид) қатарындағы каустобиолиттер, олардың асфальт, әзәкерит және т.о.). Келтірілген екі қатардың бір-бірінен алшақтығына байланысты Каустобиолиттердің бірегей генетикалық жіктеме аясына сыймайтындығы байқалады, олардың түпкілікті өзгешеліктері мен айрыкша сипаттамасы жіктеме принципіне қарама-қайшы келеді. Көмір қатарындағы каустобиолиттер заттық құрамы (гумолиттер, сапролиттер, липтобиолиттер мен олардың аралық өтпелі түр өзгешеліктері) және көмірлену дәрежесі (шымтезек, қоңыр көмір, тас көмір және антрацит) бойынша жіктеледі.

21 Моноклинді катпар жіне флексура

Қатпарлар кейде бір жақты болады, яғни бір қанатты болып қабаттар

 

тізе тəрізді болып иіледі. Осындай

 

қатпарлар флексура деп аталады.

 

Сонымен

қатпарлардың

тізе

тəріздес

иілуін, баспалдақ

тəріздес орналасуын

 

флексура дейміз. Тік бағытты қималарда флексуралардың:: жоғары немесе көтеріңкі қанаты; төменгі немесе астыңғы қанаты; қиылыстырушы қанаты; қиылыстырушы қанат құлау бұрышы; жылжыған қанаттың тік бағытты амплитудасы сияқты элементтері бөлінеді.

Көлбеу орналасқан таужыныстарда флексуралар үйлесімді жəне үйлесімсіз болады. Үйлесімді флексураларда оның үш элементі де бір жаққа

60

бағытталады, ал үйлесімсізде жоғарғы жəне төменгі қанаттары бір жаққа, ал қиылыстырушы қанаты бір жаққа бағыттала орналасады 

  • Таужыныстарының моноклинді жатысты түрлерінде, флексуралардан өзге қабаттарының тіктігі шамалы, тіпті көлденең жатқан қабаттар кездеседі. Оларды құрылымдық террасалар деп атайды. Егер мұндай участок моноклиндер құлау жағына созылса, оны құрылымдық тұмсық дейміз.

22 Алғашқы және екіншілік миграция

23 Қатпарлы және жарылысты дислокация түрлері

Қатпарлар дегеніміз, таужыныстарының жаншылып, сығылып иілген кездегі пайда болған қабаттардың толқын тәріздес иілуі. Қатпарлар тізбегі қатпарлықтар түзеді.

Жарыылысты дислокацияға лықсу кептелу горст грабен ысырылу қаусырма жатады. Лықсу жарылған тау жынысы бір бөлігінің екіншісімен салыстырғанда төмен қарай орын ауыстыруы нәтижесінеде пайда болады.

Егер жарылыс әсерінен бөлшектенген жыныстың екінші бөлігі жоғары көтеріліп өзге бөлігі өозғалыссыз өз орнынды қалса оны кептелу д. А

Жер бетінің құлдилап төмендеген бөліктері грабен ал жоғарғы бөлігі грост д.а.

24 Мұнай және газ миграциясы

Табиғи резервуарлар көбінесе суға қаныкқан болады. Жер қойнауында пайда болған мұнай мен газ алғашқы қонысынанкөшу (миграция) арқылы коллекторлы резервуарларға кездескеннен кейін, өздерінің тығыздығына сәйкес судан өтіп, жоғары — су бетіне көтерілуге тырысады. Осыған байланысты резервуар ішінде су (астында), мұнай (ортасында), газ (жоғарыда) орналасады [1].

Мұнай-газ шоғырларын өз бойына жинап, қоршап сақтауға қабілеті бар тау жыныстарының жиынтығын мұнай және газ ұстағышы (тұтқыш) деп атайды. Мұнай-газ ұстағыштары резервуардың бөлімшесі іспетті. Табиғатта мұнай-газ ұстағыштарының бірнеше түрлері кездеседі. Олардың негізгілерінің қатарына дөңбек күмбезді және литологиялық шектелген ұстағыштар жатады. Дөңбек күмбез кеніштері антиклиналдық иілімдерде пайда болып, жабыны мен табаны өз бойынан сұйықтық пен газды өткізбейтін тау жыныстарынан құралады. Бұл жағдайда мұнай мен газ дөңбек күмбез ққрылымның жоғарғы жағындағы ұстағышқа тап болып, сол жерге жиналып, құрылымның тұлғасына сай орнығады. Мұнай мен газдың шоғырлануына үстағыштың пішіні тек қана антиклинал болуы шарт емес. Кей жағдайларда мұнай мен газға қаныққан қабаттар өткізгіштік қабілеті жоқ тау жыныстарымен қоршалуы да мүмкін ғой. Мұндай ұстағыштарды литологиялық экрандалған ұстағыштар деп атайды. Ұстағыштардың кейбір түрлері жердің тектоникалық жарықтарымен байланысты болуы да мүмкін. Мұндай мұнай-газ жатақтарын тектоникалық кедергілі ұстағыштар деп атайды.

Жер қойнауында бір тектес құрылымдағы мұнай мен газ кеніштерінің жиынтығын мұнайжәнегаз кен _орындары деп атайды. Мұнай газ кен орындары көмірсутектерінің алғаш пайда болған жері емес, олардың көшіп-қону (миграция) арқылы әр түрлі құрылымдарға шоғырланып жиналған орны. Жалпы алғанда кен орнының катарына мөлшері, сапасы бойынша техникалық-технологиялық дәрежесіне және экономикалық түрғыда пайдалану жағдайларына байланысты мұнай мен газдың өндірісте игерілуі мүмкін табиғи жинағы жатады. Кен орындары қор мөлшеріне байланысты ірі, орташа және үсақ болып бөлінеді. Қоры көп мұнай алаңдарын игеру мәселесі — экономикалық мол пайдаға жолықтыратыны сөзсіз. Кор мөлшеріне және сапасына байланысты баланстық және баланстан тыс қорлар болып екі топқа бөлінеді. Баланстық қор өндіруге пайда келтіретін, ал баланстан тысқорлар таяу мезгілдерде игеру пайда келтірмейтін корлар.