Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-деңгей.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74 Кб
Скачать
☆

25 Мұнай және газ геологиясында маңызды миграция

Табиғи резервуарлар көбінесе суға қаныкқан болады. Жер қойнауында пайда болған мұнай мен газ алғашқы қонысынанкөшу (миграция) арқылы коллекторлы резервуарларға кездескеннен кейін, өздерінің тығыздығына сәйкес судан өтіп, жоғары — су бетіне көтерілуге тырысады. Осыған байланысты резервуар ішінде су (астында), мұнай (ортасында), газ (жоғарыда) орналасады [1].

Мұнай-газ шоғырларын өз бойына жинап, қоршап сақтауға қабілеті бар тау жыныстарының жиынтығын мұнай және газ ұстағышы (тұтқыш) деп атайды. Мұнай-газ ұстағыштары резервуардың бөлімшесі іспетті. Табиғатта мұнай-газ ұстағыштарының бірнеше түрлері кездеседі. Олардың негізгілерінің қатарына дөңбек күмбезді және литологиялық шектелген ұстағыштар жатады. Дөңбек күмбез кеніштері антиклиналдық иілімдерде пайда болып, жабыны мен табаны өз бойынан сұйықтық пен газды өткізбейтін тау жыныстарынан құралады. Бұл жағдайда мұнай мен газ дөңбек күмбез ққрылымның жоғарғы жағындағы ұстағышқа тап болып, сол жерге жиналып, құрылымның тұлғасына сай орнығады. Мұнай мен газдың шоғырлануына үстағыштың пішіні тек қана антиклинал болуы шарт емес. Кей жағдайларда мұнай мен газға қаныққан қабаттар өткізгіштік қабілеті жоқ тау жыныстарымен қоршалуы да мүмкін ғой. Мұндай ұстағыштарды литологиялық экрандалған ұстағыштар деп атайды. Ұстағыштардың кейбір түрлері жердің тектоникалық жарықтарымен байланысты болуы да мүмкін. Мұндай мұнай-газ жатақтарын тектоникалық кедергілі ұстағыштар деп атайды.

Жер қойнауында бір тектес құрылымдағы мұнай мен газ кеніштерінің жиынтығын мұнайжәнегаз кен _орындары деп атайды. Мұнай газ кен орындары көмірсутектерінің алғаш пайда болған жері емес, олардың көшіп-қону (миграция) арқылы әр түрлі құрылымдарға шоғырланып жиналған орны. Жалпы алғанда кен орнының катарына мөлшері, сапасы бойынша техникалық-технологиялық дәрежесіне және экономикалық түрғыда пайдалану жағдайларына байланысты мұнай мен газдың өндірісте игерілуі мүмкін табиғи жинағы жатады. Кен орындары қор мөлшеріне байланысты ірі, орташа және үсақ болып бөлінеді. Қоры көп мұнай алаңдарын игеру мәселесі — экономикалық мол пайдаға жолықтыратыны сөзсіз. Кор мөлшеріне және сапасына байланысты баланстық және баланстан тыс қорлар болып екі топқа бөлінеді. Баланстық қор өндіруге пайда келтіретін, ал баланстан тысқорлар таяу мезгілдерде игеру пайда келтірмейтін корлар.