Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_o_1179_u (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84 Кб
Скачать
☆

4. Ежелгі Үнді философиясын сыпаттап жазыңыз.

Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы 7-6 ғасырларда брахманизмге оппозициядан басталады. Үнді қоғамы 4 – кастаға бөлінді.

  • Абыздар (брахмандар)

  • Әскери-ақсүйектер (кшатрийлер)

  • Басы бос қоғам мүшелері (вайшилер)

  • Төменгі каста (шудралар)

Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден билікке масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.

Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді.

Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:

Варналар — топтар Варналардың өкілдері

Брахмандар Абыздық варна

Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары

Вайшьялар Егінші-варналар

Шудралар Төменгі варна

5. Буддизм ілімі туралы түсінікті тұжырымдаңыз.

Буддизм – біздің заманымызға дейінгі 4 – 5 ғасырларда діни ілім ретінде пайда болды. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда(б.з.д. 623 – 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар:

  1.     Өмір азапқа толы;

  2.     Ол азаптардың себебі бар

  3.     Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;

  4.     Азаптан құтылудың кезі бар.

Өмір қасірет, адам қасіреттен құтыла алмайды, қасіреттен құтылудың бір ғана жолы – Сансараға (қайта туылу) арқылы жету керек. Ол үшін адам өзінің құштарлығын, нәпсісін тиып, әр түрлі әдептілік қағидаларды мойындап, жанды таза ұстауы қажет. Адам өзінің жаман қасиеттерімен күресуі керек. Сонда ол Нирванаға жетеді.

Нирвана – жанның жоғарғы рахат сезімі, өз-өзіңе үңілу, сөну дегенді білдіреді.

6. Әл-Фарабидің философиясын көрсетіңіз.

Аль-Фараби (толық аты( Абу Насыр Мухамед Ибн Тархан Ибн Узлақ ат тюрки( Қазақстан жерінде Отырар қаласында 870-950 жж. Дүниеге келген. Жас кезінде білім іздеп Таяу Шығыста Багдад пен Алеппо қаласында білім алып, араб тілі мен грек тілін игеріп, антикалық философияны зерттейді.

Аль-Фарабиді араб философы деп толығынан бағалауға болады, ол, өйткені, араб рухынан нәр алып, өз еңбектерін сол тілде жазған. Сонымен қатар, оны қазақ халқының философы деп те атауға болады, өйткені, ол біздің елде Дүниеге келіп, соңынан қазақ халқын құраған көп түрік тайпаларының біреуінен шыққан, біздің сол көзде өмір сүрген бабаларымыздың дүниесезімі мен дүниетанымын бойына жас кезінде сіңірген.

Бірақ, ең жақсысы - оған Шығыс философиясының жұлдызы, тіпті Дүниежүзілік философияның ең ірі тұлғаларының бірі деген баға берсек, ол дұрыс болар еді.

Аль-Фарабидің философиялық еңбектері көп. Солардың ішінен “Ғылымдарды іріктеу жөнінде², “Игі қаланың тұрғандарының көзқарасы жөнінде², “Азаматтық саясат², “Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері², “Бақытқа жету жөнінде² деген еңбектерін атап өтуге болады.

7. Ибн-Синаның философиясының мәнін ашыңыз. Абу-Али Ибн-Сина (980-1037жж.) Бұхара төңірегінде дүние келіп Хамаданда 1037 жылда қайтыс болды. Еуропа халықтарына Авиценна деген атпен таныс. Негізгі еңбектерінің ішінде “Логика², “Риторика², “Поэтика², “Физика², “Жан жөнінде², “Метафизика² т.с.с. Авиценна дүниежүзілік аңғарған қауымға өзінің шығармашылығының екі жағымен таныс. Біріншіден, Ибн-Сина үлкен ғалым-дәрігер болған адам. Ол өзінің артынан әртүрлі ауруларды жазатын шөптердің қосындыларынан жасалатын 1000 дәрінің рецептін қалдырған. Оның “ғылым тізбегі² деген еңбегі Батыстағы Орта ғасырлық университеттерінде 400 жыл бойы негізгі оқулықтардың бірі болған. Ал енді оның философиялық көзқарастарына келер болсақ, өзінің онтологиясында (Болмыс ілімінде) Ибн-Сина неоплатонизмнен қалған эманация идеясын кеңінен қолданып, Дүние Алланың - бірінші себептің (өзіне-өзі қажетті барлық) ағып-тасуынан пайда болды деген пікір айтады. Сонымен, өзіне-өзі жеткілікті де сонымен қатар өзіне сыймай тасып аққан алғашқы себеп сатылы түрде орналасқан ақыл-ой, жан-дүние, аспан әлемдерін тудырады. Оқырманның байқағанындай Ибн-Синаның ілімі бұл жағынан алып қарағанда Аль-Фарабидің көз-қарасына өте жақын. Тек ай астындағы әлемді Аль-Фараби 11 сатыда орналастырса, Ибн-Сина 10 сатыда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]