Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_o_1179_u (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84 Кб
Скачать
☆

15. Сананың құрылымын және қоғамдағы орнын сыпаттап жазыңыз.

Болмыстың екінші таңғажайып түрі – ол сана, рух, жалпы алғанда, адамның психикасы. Гносеологиялық (танымдық) тұрғыдан қарағанда, сана – Дүниені бейнелеудің ең биік, тек адамға ғана тән идеалдық формасы. Оны біз болашақ “танымға” арналған тарауда көлемді түрде талдаймыз.

Сана – материя емес, оны қолға ұстап сындырып, я болмаса, ауызға салып дәмін байқап, мұрынға жақындатып иісін анықтауға т.с.с. болмайды. Болмыстық тұрғыдан кең түрде қарағанда, сана – адамның ішкі жан-дүниесі, адам белсенділігінің психикалық деңгейі. Ал оны нақтылай келсек, ол, әрине, адамның ой толғаулары. Бірақ, ол онымен бітпейді. Ойлау, рационалдық таным – сананың өзегі болғанмен, оған адамның сезім толқындары да кіреді: адам қуанады, ренжиді, ашуланады, шаттанады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егер де біз кең түрде адамның психикасын алатын болсақ, оған санамен қатар бейсаналық та кіреді. З.Фрейдтің уақытында ашқан бұл жаңалығының қазіргі өмірдегі маңызы өте зор. Сонымен қатар, санаға тең емес адамның ырқы да (воля) бар. Кейбір жағдайларда адам санаға сыймайтын, оған қарсы нәрселерді жасауы мүмкін. Ф.Ницше уақытында айтқандай “нағыз адам” толқынмен бірге емес, оған қарсы жүзиді.

16. Қытай философиясындағы мектептерді салыстырыңыз.

Қытайдың көне текстері – философиялық толғаныстың шежіресіндей. Көне текстерде «Өзгерістер кітабында» («И цзин»), «Өлеңдер кітабында» (Ши цзин»), «Тарих кітабында» (Шу цзин») және т.б. ертедегі мифтер мен рухани қайнар көздерге толы шығармалар болып табылады.

Конфуцийшілдік – адамды әлеуметтік өмірдің өзекті мәселесі деп қарастыраты ежелгі философиялық мектеп.

Конфуций (Кун- Фу-Цзы) – б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген. Оның негізгі шығармасы – «Лун Юй» - «Сұхбаттар мен пікірлер», ол 6 кітаптан тұрады. Ескіні елеп, жаңаға жақындау - қытайдың көне дәстүрі. Ескіні дәріптеу конфуций дәуірінде өзіндік мақсатқа айналады. Конфуций ілімінің түп тамыры адам және қоғам мәселесіне тіреледі.

Адам табиғаты Конфуций философиясында басты мәселелердің қатарына жатады. «Аспан адамға нені сыйласа, ол адамның табиғатын құрайды». Табиғат — адамның алғашқы қасиеті. Адам өмірге немен келсе, сол бастама оның табиғатын құрайды.

Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді.

22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар – тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.

Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған.

Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.

Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.

Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн жэне Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырьш отырған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]