Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Молдир 16 05 17.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1.5 Жүйе жобалау құрылымын таңдау және негіздеу

Автоматтандыру мақсаттары - кәсіпорындағы басқаруды жақсартуға бағытталған. Мақсатты және есептің қойылымын анықтау – автоматтандыру үшін жобаны ендірудің бастапқы кезеңі болып табылады.

Келесі кезеңде осының барлығы қалай автоматтандыру және «құжаттау» керек деген сауалға жауап беру керек. Бұл жағдайдағы негізгі құжаттар техникалық тапсырма және күтізбелік жоспар. Техникалық тапсырманы - «бизнес-процесстердің меншік иелері» кәсіпорынды автоматтандыратын компания мамандарының қатысуымен IT-менеджерлер және бөлім басшылары құрады. Онда ақпараттық жүйенің барлық объектілері, олардың тәртібі және т.с.с. сипатталады. Техникалық тапсырманың жазылуы нақтылы келісім-шартпен жасалған жұмыстың күнтізбелік жоспарында көрсетіледі. Онда барлық автоматтандырылатын процесстер дәл көрсетіледі. Сондай-ақ жеке құжат - автоматтандырылатын бизнес-процесстердің схемасы құрылуы да мүмкін. Бұл мәселелердің барлығын нақтылы жағдайда кәсіпорын басшысымен келісе отырып жобаны автоматтандыру бойынша басшы маман шешеді. Кез келген жағдайда бұл құжаттарсыз автоматтандыру мүмкін емес.

Кәсіпорындағы еңбек қорлары - кәсіпорын басшысы жағынан тұрақты қамқорлық объектісі болып табылады. Еңбек қорлардың ролі нарық кезеңінде аса маңызды болып отыр.

Кәсіпорындар кадрлары - кәсіпорында істейтін әртүрлі маман топтардың жиынтығы және негізгі емес қызметтегі жұмысқа қабылданғандар барлық қызметкерлер кіреді. Бұдан кадр бөлімінің инспекторының жұмысын автоматтандыру үшін мәліметтер қорын құру керек екендігі шығады. Мәліметтер қоры – ақпараттарды сақтауға арналған құрылым. Мәліметтер қорымен мәліметтер қорын басқару жүйелері ұғымы тығыз байланысты. Мәліметтер қорын басқару жүйелері дегеніміз – жаңа қордың құрылымын құру, оның мазмұнын толтыру, түзетуге берілген шарт бойынша мәліметтерді шығару, оларды реттеу, баспаға шығаруға арналған программалық құралдардың жиынтығы

Мәліметтер қоры әртүрлі объектілерден тұруы мүмкін. Мен қолданған объект – кесте. Кестенің өрістерінің негізгі қасиеттеріне жататындар: өріс атауы, өріс типі, өріс өлшемі, өріс форматы, енгізу маскасы, жазу, келісім бойынша берілетін мәндер, мәндерге қойылатын шарттар, қате туралы хабар, міндетті өріс, бос жолдар, индекстелген өріс.

1.6 Мб негізінде ақпараттық жүйе принциптерінің анализі

Автоматтандырылған жұмыс орны ақпараттық жүйе немесе шетел терминологиясында «жұмыс станциясы» (work-station), өзін кез келген мамандықтың иесі қолданушының-маманның, оның қандай да бір анықталған қимылдарды орындауын автоматтандыру үшін қажетті құралдармен жабдықталған, орны ретінде ұсынады.

Ақпараттық жүйе негізінен есептеуіш техниканы қолдану бойынша арнайы дайындық өтпеген қолданушыларға бағытталған. Ақпараттық жүйе негізгі тағайындалуы – ол ақпаратты жұмыс орындарда орталықтап өңдеу деп есептеуге болады, ақпараттық жүйежәне ДК-дің локальды желілеріне, кейде қуатты ЭЕМ-ды кірістіретін глобальды есептеуіш желілерге бір мезгілде кіру мүмкіндіктері кезінде «өзіндік» сәйкес деректер базаларын қолдану болып табылады.

Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіптерде халық шаруашылығымен басқарудың таратылған жүйесінің концепциясы іске асырылады. Онда иерархияның әртүрлі деңгейінде ақпаратты өңдеу локальды, маңызды дәрежеде аяқталған және жеткілікті толық түрде ескеріледі. Бұл жүйелерде ақпаратты астыдан үстіге тасымалдау тек сол жағдайда ұйымдастырылады, егер бұл ақпаратта қажеттілік жоғарғы деңгейде болса ғана. Сонымен қатар, ақпараттарды өңдеу нәтижелерінің маңызды бөлігі және алғашқы деректер локальды деректер банкісінде сақталуы қажет.

Таратып басқару ойын іске асыру үшін басқарудың әр деңгейі және әр пәндік аймақ үшін мамандандырылған дербес компьютерлер базасында автоматтандырылған жұмыс орындарын әзірлеу қажет болды. Мысалы, экономика сферасында осындай ақпараттық жүйеде процесстерді жоспарлауды, модельдеуді, оптимизациялауды, әртүрлі ақпараттық жүйелерде әртүрлі үлесімді есетер үшін шешімдер қабылдауды іске асыруға болады. Әртүрлі басқару объектісі үшін оның мәніне сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге ескеру қажет. Бірақ-та, кез келген ақпараттық жүйе әзірлеу принциптері жалпы болуы тиіс:

  • жүйелігі;

  • иілгіштігі;

  • тұрақтылығы;

  • тиімділігі.

Көрсетілген ұғымдардың мағынасын түсіндірейік.

Автоматтандырылған жұмыс орыны жүйелігін құрылымы функционалдық тағайындалуымен анықталатын жүйе ретінде қарастыру қажет.

Иілгіштік. Жүйенің ішкі жүйелерінің модульдік құрылуы және осы элементтердің стандартты болу себебіне байланысты, мүмкін болатын жаңа өзгерістерге лайықталған болуы.

Тұрақтылығы. Принцип негізі – ол автоматтандырылған жұмыс орыны жүйесі, негізгі функцияларды оған ішкі немесе сыртқы факторлардың әрекеттесуіне қарамастан, орындауы қажет. Бұл оның жеке бөлімдегі олқылықтар жеңіл жойылуы, ал жүйенің жұмыс қабілеттілігі тез қалпына келтірілуі керек дегенді білдіреді.

Автоматтандырылған жұмыс орынының эффективтілігін жүйені әзірлеуге және іске асыруға кеткен шығынды, алдында келтірілген принциптерді іске асыру деңгейіне сәйкестіргендегі интегралдық көрсеткіш ретінде қарастыруға болады

Автоматтандырылған жұмыс орыны функционалдануы ойдағыдай болады, егер ядросы компьютер болатын ақпараттарды өңдеу құралдармен адам арасында жүктілік және функциялар дұрыс таралған болса.

Өндіріс кәсіпорындарында автоматтандырылған жұмыс орыны автоматтандырылған басқару жүйесінде (АБЖ), жоспарлаудың, басқарудың, деректерді өндеудің және шешімдер қабылдаудың дербес құралы ретінде маңызды құрылым құрамы болып келеді. Автоматтандырылған жұмыс орыныбұл әрқашан администратор, экономист, инженер, конструктор, жобалаушы, архитектор, дизайнер, дәрігер, ұйымдастырушы, зерттеуші, кітапханашы, мұражай қызметкері және т.б. нақты маманға бағытталған –арнайы мамандандырылған жүйе, техникалық құралдардың және бағдарламалық қамтамасыздандаруыдың жиынтығы.

Сонымен қатар кезкелген «мамандықтың» автоматтандырылған жұмыс орынына, оны әзірлеу кезінде қмтамасыздандырылуы керек, бірдей талаптар қатарын ұсынуға болады, олар:

  • ақпаратты өндеу құралдардың міндетті болуы;

  • диалогтік (интерактивті) режимде жұмыс істей алу мүмкіндігі;

  • эргономиканың негізгі талаптарының орындалуы: оператор, Автоматтандырылған жұмыс орыны кешенінің элементтері және қоршаған орта арасында функциялардың рационалды таралуы, жұмысқа комфортты жағдай жасау, автоматтандырылған жұмыс орыны конструкциясының ыңғайлығы, адам-оператордың психологиялық факторларын ескеру, автоматтандырылған жұмыс орыны элементтер түсінің және формаларының әдемі болуы және т.б.;

  • автоматтандырылған жұмыс орыны жүйесінде жұмыс істейтін МБ жеткілікті жоғары өнімді және сенімді болуы;

  • шешілетін есептер мінездемесіне сәйкес бағдарламалық қамтамасыздандыру;

  • скішіл процестерді автоматтандырудың жоғарғы дәрежелі болуы;

  • мамандарға автоматтандырылған жұмыс орыны операторы ретінде өзіндік қызмет ету үшін оптималды жағдай жасау;

  • маманның автоматтандырылған жұмыс орынынжұмыс жабдық ретінде қолданудан кейін максималды комфорт және қанағат алуын қамтамасыз ететін басқа факторлар.

Автоматтандырылған жұмыс орыны құрылымы техникалық, ақпараттық, бағдарламалық, және ұйымдастырушылық ішкі жүйелердің жиынтығын кірістіреді.

Техникалық жүйе туралы алдында айтылып кеткенбіз. Автоматтандырылған жұмыс орыны тікелей жасайтын алдында көрсетілген техникалық құралдар жиынына, объектінің жалпы желісінде жұмыс істейтін, басқа автоматтандырылған жұмыс орынымен байланысу үшін қажетті құралдарды, сонымен қатар байланыстың басқа құралдарын (телефон, телекс, телефакс) қосуға болады.

Ақпараттық ішкі жүйелерге локальды деректер базасында, дәлірек айтқанда, дискілік жинақтауыштарда сақталатын ақпараттар массиві жатады.

Бағдарламалық қамтамасыздандыру операциялық жүйелерді, қызмет көрсету (сервистік) бағдарламаларды, қолданушылардың стандартты бағдарламаларын және модульдік принциптер бойынша орындалған және автоматтандырылған жұмыс орыны тағайындалуымен шартталған, анықталған есептер класын шешуге бағытталған қолданбалы бағдарламалар пакетін кірістіреді. Қажеттіліктің деңгейіне байланысты бағдарламалық қамтамасыздандыру графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арналған бағдарламалар пакетін кірістіреді.

Егер автоматтандырылған жұмыс орынының құралы жеткілікті күрделі болса, ал қолданушының арнайы дағдысы жоқ болса, онда қолданушыны оның негізгі автоматтандырылған жұмыс орны аймағына бірте-бірте кіруге мүмкіндік беретін, арнайы үйрету құралдарын қолдануға болады. Автоматтандырылған жұмыс орыныфункцияларын іске асыру кезінде ағымды қызметінің, ақпараттық қажеттіліктін, оны іске асыру процестерін сипаттау үшін көптеген сценарийлердің мақсаттарын анықтау әдістемелері қажет.

Автоматтандырылған жұмыс орыны жобалау әдістемесі оның функционалдау әдістемесімен байланысты емес болуы мүмкін, өйткені дамыған автоматтандырылған жұмыс орыны функционалдануы оның қолданушыларымен өзіндік даму мүмкіндігін қарастырады.

Автоматтандырылған жұмыс орыны тілдік құралдары соңғы қолданушылар көзқарасынан әдістемелік құралдардың іске асыруы болып табылады, ал бағдарламалық құралдар қолданушылардың тілдік құралдарын іске асырады және соңғы қолданушыға барлық қажетті қимылдарды орындауға мүмкіндік береді.