- •1 Қазақстандық темір жолды құру жүйесі
- •Қазақстан теміржолының даму стратегиясы
- •1.2Теміржол кассаларындағы ақпараттық технологиялар
- •1.3 Электрондық билеттерді сату жүйесі
- •1.4 Ақпараттық жүйенің негізгі ұғымдары
- •1.5 Жүйе жобалау құрылымын таңдау және негіздеу
- •1.6 Мб негізінде ақпараттық жүйе принциптерінің анализі
- •1.6.1 Ақпараттық жүйелердің тілдік құралдары
- •1.6.2 Ақпараттық жүйе классификациясы
- •1.7 Есептің қойылымы
- •2 Ақпараттық жүйені құру негіздері
- •2.1 Программалау
- •2.1‑Сурет - мббж басқаруымен мб мәлiметтердi көп деңгейлi сыну
- •2.2‑Сурет - мб-ның негiзгi құрылымы
- •2.2 Dwh архитектурасы
- •2.3 Жүйелердің dwh бөлімін құруды ұйымдастыру
- •2.4 Негізгі заманауи программалық қамтамаларға шолу
- •2.3‑Сурет. Мәлiметтер базасын жобалау процесiнiң кезеңдерi
- •2.5 Мәліметтер базасын таңдауды негіздеу
- •2.6 Мәліметтер базасын басқару жүйесін таңдауды негіздеу
- •2.7 Мәліметтер базасын ұйымдастыру
- •2.8 Мәліметтер базасын басқару жүйелеріне шолу
- •2.9 Oracle мббж және sql Server мббж салыстырмалы талдау
- •2.10 Sql тілі – мәліметтер базасының негізгі тілі
- •2.11 Мәліметтер базасын құру
- •2.12 Жүйе құру технологиясын таңдау және пәндік аймақтың er диаграммасын құру
- •2.13 Ақпараттық қосымшаның функционалдық құрылымын сипаттау
- •3 Программаның баяндалуы
- •3.1 Программаның баяндалуы
- •3.2.1 Жалпы мәліметтер
- •3.2.2 Функционалдық тағайындалуы
- •3.2.3 Логикалық құрылымын сипаттау
- •3.4 Қолданушы нұсқаулығы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.1‑Сурет - мббж басқаруымен мб мәлiметтердi көп деңгейлi сыну
Мәлiметтер базасын мәлiметтер ұсынудың концептуальдi, iшкi және сыртқы деңгейлерi айырады, ол ұқсас белгiленген үлгiге сәйкес келедi. Ақпараттық жүйенi құру мен пайдалану үшiн ұйымдастырудың құрылымын, қызметiн және саясатын, басқару мақсаты мен қабылданатын шешiмдердi, компьютерлiк технологияның мүмкiндiктерiн алдымен түсiнiп алу керек. Ақпараттық жүйе ұйымдастырудың бөлiгi болып табылады, ал кез – келген ұйымның өзектi элементi – басқару құрылымдары мен органдары, стандартты процедуралар, адам, субмәдениет. Ақпараттық жүйенiң құрылысы ұйымның басқару құрылымын талдаудан басталуы тиiс.
Концептуальдi деңгей пәндiк салада интеграцияланған түрде мәлiметтер ұсынудың логикалық аспектiге сәйкес келедi.
Iшкi деңгей сақтау ортасында талап етiлген мәлiметтердiұйымдастыруды бейнелейдi және мәлiметтер ұсынудың физикалық аспектiсiне сәйкес келедi. Iшкiүлгi сыртқы жеткiзушiлерде физикалық сақталатын жазбалардың жеке даналарынан тұрады.
Сыртқы деңгей нақты пайдаланушы талап ететiн жеке мәлiметтер ұсынуды қолдайды. Сыртқы үлгi концептуальдiүлгiнiң көбейтiлуi болып табылады. Мәлiметтер бойынша сыртқы үлгiлердi қиып өтуi мүмкiн. Жеке қосымша үшiн мәлiметтердiң жеке логикалық құрылымы (мiндеттерi) немесе пайдаланушыға сыртқы үлгi немесе МБ схемасы сәйкес келедi.
Сыртқы үлгiлердiң көмегiмен қосымшалардың МБ мәлiметтерiне санкцияланған қол жеткiзу қолдау жасалынады (қосымшадан қол жеткiзiлетiн МБ концептуальдiүлгiдегi мәлiметтер құрамы мен құрылымы шектеулi, сондай-ақ бұл мәлiметтердiөңдеудiң жол берiлген тәртiбi берiлген: енгiзу, редакциялау, алып тастау, iздену).
Қолда бар қосымшалардың ақпараттық тұтынушылығының жаңа немесе өзгеруiнiң пайда болуы олар үшiн түзетiлген сыртқы үлгiлердiң анықтау талап етiледi, мұнда мәлiметтердiң концептуальдi және iшкiүлгi деңгейiнде өзгерiстер болмайды. Мәлiметтердiң жаңа түрлерiнiң пайда болуымен туатын концептуальдiүлгiнiң өзгеруi сыртқы үлгiде бейнеленуi тиiс немесе өзгермейтiн концептуальдiүлгiсi оның сипаттамаларын жақсарту мақсатында МБ сыртқы үлгiсiн дербес түрiн өзгертуi мүмкiн (мәлiметке қол жеткiзу уақыты, сыртқы құрылыстағы жадта жұмсау, т.б.). Осылайша МБ мәлiметтердi логикалық және физикалық ұйымдастырудан қатысты тәуелсiз принциптiiске асырады.
Бiлiмдi бақылаудың компьютерлiк жүйесi, яғни инфологиялық үлгiсi жасалған, оның схемасы 2.1-суретте көрсетiлген.
Әр блокты жекелей қараймыз.
Сұрақтар банкi. Талапкерлерге бiлiмiн тексеру кезiнде берiлетiн барлық сұрақтар мен тапсырмалардың сақтау орны. Әрбiр тақырып бойынша банкiге талапкерлерге қанағаттанарлық баға алуға және одан да жоғары бағадан үмiткер талапкерлер үшiн көтерiңкiге есептелген төменгi деңгейдегi сұрақтар мен тапсырмалар енгiзiледi.
Аталған деңгейдегi екеудiң әрбiрi үшiн бiрыңғай қиындықтағы сұрақтардың едеуiр саны белгiленедi, олар бiр тақырып бойынша теориялық сабақ пен практикалық сабақтардың барлық мазмұнын жабады. Сұрақтар мен тапсырмалар, ережедегiдей жауаптардың бiрнеше (әдетте 5) үлгiсiмен бiрге енгiзiледi. Бұл үлгiлер талапкерге бiр мезгiлде тапсырманы белгiлеумен хабарланады, ал талапкер олардың сенiмдiсiн таңдауы тиiс. Бәлкiм, толық дұрыс жауап келтiрiлген үлгiлердiң бiрқатар санын таңдау болып табылады.
Мәлiметтер базасының мәліметтер жүйесi бойынша қазiргi кезде кеңiнен қолданылып жүрген программа көп кездеседi.
Өндiрiсте, ауылшаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда түрлi берiлгендердi дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиi кездеседi.
Оларды сақтаудың көп тараған әдiсi-компьютерде берiлгендер қоры түрiнде сақтау. Берiлгендер қоры-құрылымы берiлген тәсiл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. Көбiнесе, берiлгендер қорында сақталатын берiлгендер кесте түрiнде дайындалады. Яғни, дискiлiк файл-берiлгендер қоры, оған енгiзiлетiн кесте-берiлгендер құрамында сақталушы обьект.
Берiлгендер базасын құру және онымен жұмыс iстеудi басқару үшiн көптеген программалар дайындалған. Оларды берiлгендер базасын басқару жүйелерi деп атайды.
Мәлiметтердiң интегралдық тұжырымдамасына негiзделген қазiргi ақпараттық жүйе сақталған мәлiметтердiң, күрделi ұйымдастырудың орасан зор көлемiмен, көптеген пайдаланушылардың сан алуан талаптарын қанағаттандыру қажеттiгiмен сипатталады.
Кез келген ақпараттық жүйенiң мақсаты – нақты әлем нысандары туралы мәлiметтердi өңдеу. Мәлiметтер негiзi сөзi кең мағынасында бұл әлдебiр пәндiк салада нақты әлемнiң нақты нысаны туралы мәлiметтердiң жиынтығы. Пәндiк сала аясында басқаруды ұйымдастыру және түпкi есепте, мысалы кәсiпорынды, ЖОО-ны, т.б. автоматтандыруды ұйымдастыру үшiн зерттеуге жататын нақты әлемнiң бөлiгiн ұғыну қабылданған.
Мәлiметтер негiзiн (базасын) құра отырып, пайдаланушы ақпаратты түрлi белгiлерi бойынша реттеуге және белгiлерiн өз бетiнше үйлестiрiп тез сұрыптап алуға ұмтылады.
Мәлiметтер негiзiн пайдаланушылар түрлi қолданбалы программалар, програмаллар кешендер, түпкi пайдаланушылар деп аталатын тұтынушылар мен мәлiметтер көздерi рөлiндегi пәндiк саланың мамандары бола алады.
Мәлiметтер базасының қазiргi технологиясында мәлiметтер базасын жасау, оны қолдау және пайдаланушылардың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету болжанады, арнайы ақпараттық құралдармен мәлiметтер базасын басқару жүйесiнiң көмегiмен жүзеге асырылады.
Мәлiметтер базасы (МБ) – бұл белгiлi бiр пәндiк салаға қатысты құрылымдық мәлiметтердiң атаулы жиынтығы.
Мәлiметтер базасын басқару жүйесi (МББЖ) – бұл мәлiметтер базасын жасау, олардың өзектi жағдайын қолдау және оларда қажет ақпаратты iздестiрудi ұйымдастыру үшiн қажеттi программалық және тiлдiк құралдар кешенi.
Мәлiметтер базасының ұғымы – өрiс, жазба, файл сияқты құрылымдық элементтердiң ұғымдарына тығыз байланысты.
Өрiс – ақпараттың бөлiнбейтiн бiрлiгi – реквизитке сай келетiн мәлiметтердi логикалық ұйымдастырудың элементарлық бiрлiгi. өрiстi жазу үшiн төмендегi сипаттамалар пайдаланылады.
Аты, мысалы, аты-жөнi, әкесiнiң аты, туылған күнi;
Тип, мысалы, символьдық, сандық, күн тiзбелiк, ұзындық, мысалы, 15 байт, ол символдардың мейлiнше мүмкiн санымен анықталатын болады;
Сандық мәлiметтер үшiн дәлдiк, мысалы санның бөлшектiк бөлiгiн бейнелеу үшiн екi ондық белгi.Мәліметтер базасының негiзгi құрылымы туралы ақпаратты 2.2‑суреттен көре аламыз.
