- •97) Классикалық емес типпен т.Қ.Моногендңк а.(бір ата-аналық дисомиялар)
- •98)Поигендік немесе мулт.Аурулар (псориаз,қант диабеті, шизофрения)-
- •99)Т.Қ.Ауру жіктелуі(Ярыгин б-ша:гендік,хро-қ,мультифак,сомалық жасушалардың генетикалық аурулары).
- •100) Гендік аурулар(фенилкетонурия,марфан синд, ахондроплазия, орақ тәрізді-жасушалық анемия)
- •101)Хромосомалық аурулар (даун,эдвардс,патау,мысық)
- •102) Жыныс хро-ң синдромдары,пайда болу механизмдері(шерешевский,клайнфельтер)
- •103)Т.Қ.Аурулардың электрондық мәліметтер базасы(Маккьюсик,оксфорд мед-қ мәл.Базасы,синген,хродис,медген-2000)
- •104) Т.Қ.Аурулардың зертханалық диагностикалау әдістері(цитогенетикалық,биохимиялық,молекулалық-гентикалық әдістер)
- •105)Медициналық генетика әдістері(генеалогиялық,дерматоглифика әдісі,егіздерді салыстыру әдісі).
- •106)Медициналық генетика әдістері (поп-ста,днқ-талдау)
- •107)Т.Қ,а-дың профилактикалық әдістері(мед-ген кеңес,генетикалық скрининг,пренатальді диагностика)
- •108)Тқ.Патологиялардың алдын алудың генетикалық негіздері(1,2,3,профилактика)
- •109)Тқ.Ауруларды емдеудің негізгі принциптері(этиологиялық,патогенетикалық,симптомдық емдеу)-
- •110)Тқ. Ауруларды емдеудің негізгі принциптері.Генотерапия
- •111)Адамның тұқым қуалайтын патологиясындағы тұқымқуалаушылық пен ортаның рөлі-
- •112)Адамның популяциялық генетикасының негіздері.Популяциялық генетиканың медициналық аспектілері.
- •113)Адам популяциясының генетикалық құрылымы(идеалдық поп,үлкен,кіші,изоляттар)
- •114)Некенің түрлері-
- •115)Харди-Вайнберг заңы,мәні және адам популяциясының генетикалық тепе-теңдігін математикалық есептеу.
- •116) Экогенетика негіздері.Мақсаты және міндеттері.
- •117)Қоршаған ортаның экологиялық факторларына тұқымқуалауға бейім реакциялардың полиморфизмі.
- •118)Фармакогенетика негіздері.Ағзаның дәрілік препараттарға тұқымқуалауға бейім реакцияларының полиморфизмі.
- •119)Дәрілерді қолдануда туындайтын аурулар.Генотоксиндік құбылыс.
- •120)Қаз-ның қоршаған ортасының ластану нәтижесіндегі генетикалық зардаптар.
99)Т.Қ.Ауру жіктелуі(Ярыгин б-ша:гендік,хро-қ,мультифак,сомалық жасушалардың генетикалық аурулары).
Тұқым қуалайтын аурулар - ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады. Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар:
моногендік;
хромосомалық;
мультифакторлық (полигендік) болып бөлінеді.
Моногенді аурулар генетикалық ақпарат жазылған құрылымдық гендердің мутацияға ұшырауынан туындайды. Бұл аурулардың ұрпақтарға берілуі Г.Мендельдің тұқым қуалау заңдылықтарына сәйкес жүретіндіктен мендельденуші тұқым қуалайтын ауру деп аталады. Моногенді түрі аутосом.-доминантты (арахнодактилия, брахидактилия, полидактилия, т.б.дерттер), аутосом.-рецессивті (екі, кейде үш немере ағайынды некелескен адамдар арасында жиі кездеседі; агаммаглобулинемия, алкаптонурия, т.б. дерттер) және жыныстық Х- және У-хромосомалармен тіркескен (генге байланысты еркек ауырады, ал ауруды әйел адам тасымалдайды; гемофилия, т.б. дерттер) тұқым қуалайтын аурулар болып бөлінеді.
Хромосомалық аурулар геномдық (хромосомалар санының өзгеруі) және хромосомалық (хромосомалар құрылысының өзгеруі) мутацияларға байланысты қалыптасады. Жиі кездесетін хромосома ауруларының қатарына трисомиялар жатады. Бұл кезде хромосома жұптарының бірінде қосымша 3-хромосома пайда болады. Мысалы, Даун ауруында аутосом. 21-жұп бойынша трисомия болса, Патау синдромында 13-жұпта, Эдварс синдромында 18-жұбында болады. Гаметогенезде мейоздық бөлінудің бұзылуына байланысты әйелдерде жыныстық Х – хромосомалардың біреуі болмаса, Шерешевский-Тернер синдромы, керісінше бір хромосом артық болса – трипло-Х (ер адамдарда Клайнфельтер) синдромының қалыптасуына әкеледі. Жасы 35-тен асқан әйелдердің бала көтеруінде нәрестелердің хромосом. аурумен туу қауіптілігі жоғары болады.
Мультифакторлық аурулар бірнеше геннің мутацияға ұшырауы мен өзара әрекеттесу нәтижесінде, ауруға бейімделуі артқан кезде және қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты туындайды.
Мұндай ауруларға:
подагра
қант диабеті;
гипертония;
асқазан және ішектің ойық жарасы;
атеросклероз;
жүректің ишемия ауруы, т.б. жатады.
Тұқым қуалайтын аурулардың бұл түрінің пайда болу себебі әлі толықтай анықталған жоқ. Тұқым қуалайтын ауруларды клиникалық жіктеу патологиялық өзгерістерге ұшыраған органдар мен жүйелер бойынша жүргізіледі. Мысалы, жүйке және эндокриндік жүйенің, қан айналым жүйесінің, бауырдың, бүйректің, терінің, т.б. органдардың тұқым қуалайтын аурулары деп жіктеледі. Республикада тұқым қуалайтын ауруларды анықтау, емдеу жұмыстарымен неврология, терапия, хирургия клиникалар мен ауруханалар айналысады.
100) Гендік аурулар(фенилкетонурия,марфан синд, ахондроплазия, орақ тәрізді-жасушалық анемия)
Моногендік аурулар-тиесілі ақуыз молекуласының қызметінің бұзылуына не толық жойылуына алып келетін ген мутациясы салдарынан дамитын тұқым қуалайтын ауруларндың үлкен бір тобы.
Моногендік аурулар аутосомды-доминантты,аутосомды-рецессивті,және жыныспен тіркес тұқым қуалайды.
Аутосомды-доминанттық тұқым қуалау кезінде белгілер аутосомда орналасады, жынысқа тәуелсіз, ұрпақ сайын көрінеді. Мұндай ауруларға: брахидактилия — қысқасаусақтылық, полпдактилия — алтысаусақтылық, ахондроплазия — ергежейлілік, беттің секпілі, кезді шел басу, сүйектің омырлығы т.б. жатады.
Аутосомды-рецессивті тұқым қуалау типінде зерттелетін белгі аутосомда орналасады. Ата-анасында білінбей, ұрпағында көрінеді. Мұндай ауруларға альбинизм (пигментсіз), алькантонурия гомогентизин қышқылын артық бөледі, идиопатия мишықтың өзгеруі, фенилкетонурия — кемақыл жатады.
Жыныспен тіркескен рецессивті белгілердің тұқым қуалау типінде, аурулар келесі ұрпақта X хромосомада көрінеді. Оларға: гемофилия — қанның ұйымауы, гемералопатия — түнде көрмеу, дальтонизм — түсті ажырата алмау, рахит — сүйектің қисаюы, галактоземия — галактозаны игере алмау, бауыр циррозы, кемақыл, т.б. жатады.
Фенилкетонурия-фенилгидроксилаза ферментінің белсенділігінің жеткіліксіз (төмендеуі не мүлдем болмауы) болуы нәтижесінде дамитын ауру.1934ж Феллинг алғаш рет сипаттаған.Кейін Пенроуз бұл аурудың аутосомды-рецессивті тұқым қуалайтындығын анықтаған.Орт жиілігі:жаңа туылғандардың 1:10000 тең.Фенилгидроксилаза ферментін кодтайтын ген 12 хромосомада орналасқан.Геннің негізгі мутациялары-7,9 және 12-шы экзондардағы жеке нуклеотидтердің алмасулары.ФКУ патогенезінің негізі болып ми және ішкі мүшелер жасушаларына улы әсер ететін фенилаланиннің және оның өнімдерінің-фенилпирожүзім,фенилсірке,фенил сүт қышқылдарының көптеп жинақталуы саналады.Сонымен қатар,фенилаланин алмасуының ақырғы өнімі-меланиннің жетімсіздігі байқалып,сырқаттардың терісінің,шаштарының,көздерінің қасаң қабығының пигментациясының (боялуының) төмендеуі орын алады.Клиникалық көріністері дүниеге келгеннен кейін 2-3 аптада дами бастайды.Алғашқы симптомдары-мазасыздық,гиперрефлексия,бұлшықет гипертонусы.Тер және несептерінің иісі ерекше,тышқан иісіне ұқсас болады.ФКУ сырқаттарында ақыл-естерінің кемістігі байқалады.
Марфан синдромы- туа біткен және тұқым қуалайтын ауру. Марфана ауруын, 1858 - 1942 жылдары өмір сүрген А. Mарфан, француз педиатры зерттеп, бірінші 1896 жылы сипатталған болатын. Марфана ауруы дәнекер тінінің мұраланған ақауынан туындаған және тірек-қимыл жүйесінің зақымдануымен сипатталады.
Аурудың белгілері
«Құс» бет (тар бас сүйегі), көз жанарының алға қарай шығуы, бұлшық етінінің нашар дамуы, теріасты гипоплазиясы, сондай-ақ саусақ буынының ойналмалдылығы, қол аралық және аяқ өсуінің сәйкессіздігі, қолы мен аяғы ұзын, жіңішке, «өрмекші тәріздес», вегетативті-тамырлы бұзылулар, тіпті кенеттен тершеңдік, әлсіздік, суық қолды, тері мәрмәр үлгіде болуы. Марфана
ауруы бар балалар жиі өткір респираторлық инфекциялардан, пневмониядан зардап шегеді. Марфана ауруы бар науқастардың психикалық дамуында ауытқу болмайды.
Ахондроплазия- аутосомдық үстем жолмен берілетін ауру. Ол аяқ қолдың ұзындығының дамуы бұзылуымен сүйектердің сынғыштығымен көрінеді. Дене ұзындығы және ақыл есі дамуы әдеттегідей болады.
Орақ тәрізді-жасушалық анемия-бета(В) глобие генінің мутациясы бойынша гомо және гетерозиготалыларда дамитын генетикалық гетерогенді ауру.Негізгі белгісі-эритроциттер пішінінің ораққа ұқсас болып өзгеруі.1910ж сипатталған. S гемоглобиннің түзілу себебі болып- бета тізбектің 6-шы орнында валин аминқышқылының глутаминмен алмасуына алып келетін нүктелі мутация саналады.Бұл-гемоглобиннің ерігіштігінің төмендеуіне және полимерленуінің жоғарлауына алып келеді.Олар өз кезегінде эритроциттер пішінін орақ пішінді етіп өзгертеді.Мұндай эритроциттер жабысқақ,иілімділігі жойылған болады,ұсақ қантамырларды тығындап тастайлы,және гемолиздейді.Қантамырлардың тығындалуы ишемия ошағының пайда болуына алып келеді.Егер ауру ұзаққа созылса ішкі мүшелерде,сүйек кемігінде,бас миында инфарктың дамуына ұласады.
