- •15 Билет
- •2) Жасуша өлімінің түрлері: апоптоз, некроз. Жасуша өлімінің түрлерінің морфологиялық, биохимиялық және молекулалық белгілері.
- •3) Насекомдардың дене құрылысы және олардың туындылары.
- •16 Билет
- •17Билет
- •2) Су алмасу экологиясы. Әр түрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасуындағы ерекшеліктері (ксерофиттер, мезофиттер, гигрофиттер, галофиттер) және су тапшылығына өсімдіктердің бейімделуі.
- •3) Насекомдардың қанаттары, құрылысы және шығу тегі
16 Билет
1) Қарапайымдылар патшалықасты. Саркомастигофора типі. Талшықтылар класы. Тіршілік әрекеті, практикалық маңызы. Өсімдіктектес, жануартектес талшықтылар кластармағы. Колониальды жануарлардың сипаттамасы.Опалиналар отряды. Практикалық маңызы.
Қарапайымдылар - бір жасушалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір жасушалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады. Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Цитоплазма екі қабат түзейді, Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су жасушаның ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде жасуша жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді. Саркомастигофоралар — еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе талшықтарының көмегімен қозғалады. Қозғалу органойдтарының құрылысына байланысты саркомастигофора типі екі класқа бөлінеді: саркодиналар және талшықтылар
Талшықтылар класына 6000-нан аса қарапайымдылардың түрлері жатады. Олар тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда және адамның, жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік етіп, қауіпті ауруларды туғызады. Талшықтылардың негізгі белгісі - бір, екі немесе бірнеше талшықтың болуында, бұлар дененің алдыңғы жағында орналасқан, қозғалу қызметін атқарады. Барлық өкілдерінің талшықтарының құрылысы бірдей болып келеді. Талшық жасуша бетінен сыртқа қарай шығып тұратын ұзынша келген бос бөлігінен және эктоплазманың қоюлығына батып тұратын базальды денешік немесе кинетосомадан құралған.. Оның сыртын үш қабатты мембрана қаптап тұрады, ол жасушаның мембранасының жалғасы, ал мембрананың астында (ішінде) ұзына бойы созылып жатқан 11 жіпшелердің (фибрилдердің) бар екендігі байқалады, екеуі қалың (әрқайсысы 25 нм) орталық фибрилла, ал қалған тоғыз фибрилдері екі орталық фибрилді қоршап жатады. Талшықтылардың кейбір түрлері талшықтарымен қатар жалған аяқтарын да шығарып амеба тәрізді қозғала алады, бірақ еш уақытта талшықтарын жоймайды. Осы белгі талшықтылар класының саркодиналар класымен жақын екендігін көрсетеді және бұл кластарды бір типке Sarcomastigophora-ға жатқызады. Талшықтылардың жасушасы сыртынан мембранамен қапталған. Цитоплазмасы сыртқы жұқа мөлдір эктоплазма және ішкі түйіршікті эндоплазмаға бөлінеді. Эктоплазма қабаты тығыздалып пелликула деп аталатын қабықша түзейді, осыған байланысты талшықтылардың денесі өзгермей тұрақты болып келеді. Олар ұршық тәрізді не ұзынша сопақтау, цилиндр, шар, эллипс пішіңдес болып келеді. Кейбіреулерінің құрамында темір тұздары бар сауыттары болады. Талшықтылардың көбісінде жасуша бір ядролы, тек опалинина отрядының өкілдерінде ядролары көп. Жиырылғыш вакуолі жақсы дамығанТалшықтылардың арасында колония құрып тіршілік ететін түрлері де кең тараған. Талшықтылардың басым көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді.Талшықтылар класы қоректену тәсіліне қарай екі класс тармағына бөлінеді: фотосинтезге бейім, өсімдіктектес талшықтылар - Phytomastigina және гетеротрофты жануартектес талшықтылар - Zoomastigina. Phytomastigina класс тармағына төрт отряд жатады: эвгленалар - Euglenoidea; хризомонадалар - Chrysomonadina; сауыттылар - Dinoflagellata; фитомонадалар - Phytomonadina. Zoomastigina класс тармағына алты отряд жатады: жағалы талшықтылар - Choanoflagellata; тамыр талшықтылар - Rhizomastigina; кинетопластидалар - Kinetoplastida; көпталшықтылар - Polymastigina; гипермастигиналар - Hypermastigina; опалининалар – Opalinina
2) Судың өсімдік бойымен жылжуы механизмі. Өсімдіктердің суды қабылдауы. Жоғарғы және төменгі жылжытқыш күш. Тамыр қысымы және оның өсімдік өміріндегі маңызы. Топырақтағы судың түрлері, олардың өсімдікке сіңгіштік деңгейі.
Өсімдік мүшесінде судың қозғалуын бірінші рет зерттеген ағылшын ғалымы — С. Гейльс. Ол өсімдіктердегі судың қозғалуын анықтау үшін 1735 жылы тәжірибе жасады. С. Гейльс өсімдіктерде төменгі ағыс бар екенін анықтап, өсімдіктердің «жылауы» туралы да құнды зерттеулер жүргізді.С. Гейльс өсімдіктің суды тамыр талшықтары арқылы сіңіретінің білді. Ол сіңірілген су қабықтың поренхимдік клеткаларымен бірнеше миллиметрге көтеріліп, ксилемалардың түтік¬шелеріне өтетінін, тірі клеткалардағы су жылжуы клеткалардың copy күшіне байланысты болатынын, copy күші аз клеткалардан copy күші мол клеткаларға қарай су козғалып отыратынын анықтады. С. Гейльс тамыр талшықтарының copy күші топырақ бөлшектерінің copy күшінен жоғары болатынын білді. Кейінгі кездегі зерттеулер тамыр талшықтары топырақтағы суды өзіне сіңіретінін толығымен анықтады. Тамыр талшықтарының топырақпен жалғасқан клеткаларының copy күшіне қарағанда топырақтан алыс жатқан клеткалардың copy күші мол болады. Сондықтан суды бірінші клеткадан екінші клетка сорып, өзіне сіңіріп отырады. Ал үшінші клетканың copy күші екінші клетканын copy күшіне қарағанда көп болуы тиіс. Үшінші клетка суды екінші клеткадан сорып алады. Сол сияқты клетканың copy күші осылайша біртіндеп өсіп отырады.Сонымен су тамырдан сабаққа қарай қозғалады. Мұндай қасиет жапырақ клеткаларында да бар. Жапырақ ортасындағы клеткалардын copy күші шеткі клеткалардың copy күшіне қарағанда аз болады. Суды шеткі клеткалар ортадағы клеткалардан сорып алады. Жапырақ ортасындағы клеткалардың сору күші 12,1 атмосфера болса, шеткі клеткалардың сору күші 32,1 атмосфераға дейін жетеді. Өсімдіктердің сабақтарындағы түтікшелерде клетка болмайды. Сондықтан су түтікшелер арқылы көтеріліп тамыр қысымымен жапыраққа дейін көтеріледі. Ал жапырақтын түтікшемен жанасқан бірінші клеткаларының copy күші үлкен болады. Олар суды түтікшеден өзіне сіңіріп ала¬ды. Ал екінші клетка бірінші клеткадан суды сорады. Сөйтіп, су жапырақта да тамырдағы сияқты қозғалып отырады. Жапырақ пен тамыр арасындағы су тізбегі жіп сияқты созылады. Топырақта су қоры жеткілікті кезде судың мұндай тізбегі үзілмейді. Ал су қоры өте аз болса, су тізбегі үзіліп кетеді де, өсімдік тіршілігін жояды. Мұндай жағдай ауа және топырақ құрғақшылығынан кездеседі. Жапырақтағы судың қозғалуын жоғарғы ағыс деп атайды. Төменгі және жоғарғы ағыс деп атау шартты емес, тіпті дұрыс деп айтуға да болмайды. Бірақ бота¬ника ғылымына осы терминдер қалыптасып қалған. Сондықтан ботаниктер мен физиологтар төменгі және жоғарғы ағыс деп атап кеткен. Судың өлі клеткалар арқылы трахеидтер мен трахеилардан (жылжуын мына төмендегі тәжірибелерден көруге болады).
3) Насекомдардың ауыз аппаратының құрылысы. Ауыз аппаратының типтері: кемiргiш, кемiргiш-жалағыш, кемiргiш-сорғыш, сорғыш, жалағыш ауыз аппараттары. Бунақденелілердің ауыз аппаратының негізгі қызметі қоректі тасымалдау. Бірақ бұл жалпы қызмет әртүрлі формада болады, яғни оның құрылысымен және ауыз аппараттарының әртүрлі типтерінің функцияларымен байланысты. Олардың шығу тегі бір болғандықтан әртүрлі құрылысты болса да олардың өзара байланысын және сәйкес мүшелердің ұқсастығын көруге болады.Ауыз аппарттарының төмендегідей типтері бар:Ауыз аппаратының кеміргіш типі. Осы типтегі ауыз аппараты бар бунақденелі оның көмегімен ұнтақтауды, үзіп алуды, бөлшектеуді қажет ететін қатты қорекпен қоректенеді. Бұл ауыз аппараты түзуқанаттыларға, қоңыздарға және инеліктерге тән.Жалағыш, немесе кеміргіш-жалағыш ауыз аппараты. Бұл ауыз типі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: жоғары ерін, жоғары жақ және тұмсық. Араның ауыз аппараты өсімдіктің шырынымен қоректенуге бейімделген. Ауыз тесігіне сұйықтықтың көтерілуі жұтқыншақ пен ауыз бөлімдерінің белсенді сору қызметі арқылы жүзеге асады.Сорғыш ауыз аппараты. Барлық көбелектерге, немесе қабыршаққанаттыларға бір типті ауыз аппараты тән. Сыртқы түрі бойынша бұл ауыз аппараты да тұмсық болып табылады.Тескіш–сорғыш ауыз аппараты. Бұл ауыз аппараты сырт жағынан қарағанда тұмсық сияқты, бірақ алдыңғы қарастырылған ауыз аппараттарынан өзгешелігі бар. Қандалалардың ауыз аппараты жануар немесе өсімдік жабынының астындағы сұйық қоректі қабылдауға бейімделген.Тескіш-сорғыш аппараты. Атқаратын функциясы бойынша ол қандаланың ауыз аппаратына ұқсас. Морфологиялық жағынан оны құрайтын бөліктердің ұзындығы бойынша ерекшеленеді.
