- •15 Билет
- •2) Жасуша өлімінің түрлері: апоптоз, некроз. Жасуша өлімінің түрлерінің морфологиялық, биохимиялық және молекулалық белгілері.
- •3) Насекомдардың дене құрылысы және олардың туындылары.
- •16 Билет
- •17Билет
- •2) Су алмасу экологиясы. Әр түрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасуындағы ерекшеліктері (ксерофиттер, мезофиттер, гигрофиттер, галофиттер) және су тапшылығына өсімдіктердің бейімделуі.
- •3) Насекомдардың қанаттары, құрылысы және шығу тегі
3) Насекомдардың қанаттары, құрылысы және шығу тегі
Сыртқы құрылысы: ересек насекомдардың денесi үш бөлiмнен тұрады: бас, кеуде, құрсақ. Басында қос буынды әртүрлi антенналары (мұртшалары), қарапайым немесе күрделi көздерi және ауыз аппараттары орналасады. Насекомдарда жақсы дамыған антенналар мен көздiң бар болғандығына байланысты, цефализация айқын байқалады.
Насекомдардың газ алмасуы денесiн толық қамтитын бұталанған ауа түтiкшелерiнен тұратын трахея немесе кеңiрдек жүйесi арқылы iске асады. Трахеялар стигма деп аталатын тыныс тесiктерiнен басталады.Метаболизм нәтижесiнде түзiлген азотты заттардың экскрециясы, насекомдарда түтiкшелер арқылы iске асады. Бұл заттар несеп жолы арқылы шығарылады. Олар артқы iшекке түсiп, нәжiспен бiрге аналь тесiгi арқылы сыртқа шығарылады.Насекомдар дара жыныстылар.Көптеген насекомдардың қанаттары болады, бiрақ кейбiр отрядтардың өкiлдерi қанатсыз болып келедi, мысалы, Thysanura (қылтанқұйрықтылар) және Collembola (аяққұйрықтылар). Екi жұп қанаттары бiр-бiрден ортаңғы және артқы кеуде сегменттерiнде орналасқан. Ең қарапайым болып Hymenoptera (жарғаққанаттылар) және Diptera (қосқанаттылар) отрядтар өкiлдерiнiң жарғақ қанаттары есептеледi. Осы типтi қанаттардың эволюциясы нәтижесiнде түктермен жабылған ручейниктердiң (Trichoptera) қанаттары, көбелектердiң қабыршақты қанаттары (Lepidoptera), тiкқанаттылардың қабықшалы үстiңгi қанаттары (Ortloptera) және қоңыздардың мүйiздi үстiңгi қанаттары (Coleoptera) пайда болды. Қосқанаттылардың екiншi қанаттар жұбы ызылдауыққа айналған.
Құрсақ сегменттерiнiң саны 3 пен 11 аралығында болады. Оларда өсiндiлер болмайды. Тек 8-шi және 9-шы сегменттерiнде жыныс өсiндiлерi болады. Кейбiр түрлерiнiң 11 сегментiнде церкилер болады
