Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Динтану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆
  • Қажыга барып келген адамдарга «кажы» атагы беріледі. Оның кіші мешітті басқаруга қүқықтык правосы бар. Болса да хаджның ең бір алга қойган мақсаты, барлык мүсылмандардың басын қосу, олардың барлығы, үлттарына, тілдеріне қарамай бауырлас екенін сезіну. Сондықтан хаджда терең діни, идеологиялык жэне саяси мэн бар. Осы бес намаздан басқа діни көзқарас толық болу үшш эрбір мүсылман ең болмағанда 5 сенімге кэміл сенулері керек. Олар: 1) Алланың эр түрлі періштелері. 2) Қүран мен хадис кітабын Алланың жіберген кітабы есебінде, олардағы эрбір сөз Алланың сөзі деп сену керек. 3) Алланың пайғамбарларына, эсіресе ең соңғы пайғамбарға -Мүхаммедке сену керек. 4) о дүниенің барына - жүмақ пен тозаққа сену керек. 5) тағдырға, эрбір адамның тағдыры Алланың қолында екеніне сену керек

  • 39. Исламның бес догмасы.

  • 38

  • 40. Құранның түрлері.

  • Әбу Бәкр әс-Сиддиқтың халифалығы кезінде мұсылмандар өзін пайғамбармын деп жариялаған Мусайлиманың жақтастарымен Халид ибн Уәлидтің басшылығымен «өлім бағының» қасында шайқасады. Әл-Йамаманың тұрғындарымен болған бұл шайқаста 700-ден астам сахаба мерт болады. Көптеген хафиздердің өлімін көріп, Құранның жоғалуынан қорыққан Омар ибн әл-Хаттаб халифа Әбу Бәкрге Құранды толығымен жазып жинауға ұсыныс айтады

  • Мұхаммед пайғамбардың ﷺ өлімінен кейін сахабалар өздері білген әдіске сәйкес жеті түрлі оқитын болған. Бірақ Ислам діні әлемге таралып, мұсылмандардың қоластына көптеген жаңа жерлер енгесін, сол сахабалар дінді қабылдағандарға Құранды өз әдісімен үйретіп, ол оқушы Құранның басқа әдіспен оқылуын естігенде жанжалдар пайда бола бастады. Мысалға Ирактың мұсылмандары Құранды Абдуллаһ ибн Масғұдтың әдісімен, ал Шамның тұрғындары Убәй ибн Кағбтың әдісімен оқыитын болған.

  • Құранды төрт адамнан алыңдар: Абдуллаһ ибн Масғұдтан, Салимнан, Муаз ибн Жәбәлдан және Убәй ибн Кағбтан

  • 41. Шариғаттың (Фикха) құрастырылуы

  • Фикһ (араб.: فقه‎) - терең түсіну мен жан-жақты ұғыну. Ұғым ретінде бұрын діннің барлық салаларында терең түсінікке ие болу мағынасында қолданылатын және сенім, ахлақ (мораль), амал (іс-әрекет) мәселелерінде білім иесі болу Фикһ сөзімен түсіндірілетін. Ханафи мазһабының негізін қалаушы Әбу Ханифа осы кең және жалпы мағынаға Фикһты «адамға пайда және зиян келтіретін нәрселерді (яғни құқықтары мен міндеттерін) білу» деп түсіндірген

  • 42. Шииттер мен суниттер: - олардың айырмашылықтары.

  • Исламдық заңдар жинағы, сүнниттер мен шейіттердің тәжірибесіне қатыссыз, хадистерге (Пайғамбардың айтқандарына), жиясқа (ұқсас, балама) және «ижтихад» (жеке ой түйін) ұғымына арқа сүйей отырып, Құран мен сүннаға (Мұхаммед пайғамбардың әдеттеріне) негізделген.  Ислам заңы (шариғат) бастауын осылардан алады. Ол жүйеленбейді, тек білікті адамдардың кеңесінде (улемде) талданады. Ислам заңын талдаудың қайнар көзі шиит Исламы мен сүннит Исламының арасына ешқандай айырым қоймайды. Екі ағым арасындағы қайшылық хадистерді әртүрлі түсінуден туындайды.  Шииттер өз талдауына имамдардың айтқандарын қосады. Шииттік Исламда имам тек намазға жетекшілік етуші ғана емес, сонымен қатар әулиелік білім мен даусыз бедел иесі болып табылады. Олардың сүнниттерден ең басты айырмашылығы да осында. 

  • Шиттердің сунниттерден ерекшелігі бұнымен бітпейді. Шииттер 12 имамға табынады. Соның ең соңғысы Мухаммад Ал -Махди –Мұнтазар 873 жылы белгісіз жағдайда ғайып болады. Шиитттер ол аспанға көтеріліп кетті заманақырда жерге қайтып оралады деп біледі.

  • 43. Ислам дінінің ең үлкен ағымдары.

  • Суниттер

  • Исламдағы ең ірі бағыт  – сунниттер. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызы сунниттік исламды ұстанады. «Сунна» араб тілінде «жол» деген мағына береді. Сунниттер хадистерді нағыз мұсылмандар жүретін жол деп таниды. Осыдан олар өздерін «аһли ас-сунна», немесе «аһли әхли-сунна уа жамағат»- «сунна адамдары»,-деп атайды.

  • Шииттер

  • Кең тараған исламдық жіктемелердің біреуіне сай, шииттік бес үлкен секталар бар. Олар өз алдына одан да кішірек құрылымдарға бөлінген екен. Оларға: қайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және исмаилиттер жатады. Шииттер арасында Алидің ұлдары Хасан мен Хусейннің ажалынан кейін кайсаниттер бірінші болып бөлек шықты. Олар Мұхаммед ибн аль-Ханафияны (700 ж. шамасында өлген) имам деп жариялады. Ол – Алидің ханиф тайпасынан шыққан күңнен туған баласы болатын. Шииттердің көп бөлігі бұл сайлаудан бас тартты.

  • Хариджиттер

  • Хариджиттер алғашқы араб жаугершілерінде және халифаттағы саяси-әлеуметтік қайшылықтарының күшею кезеңінде пайда болды. 656 жылы Осман ең ірі әрі ең ауқатты Омейядтар әулетінен шыққан үшінші «тақуа халиф» өлтрілгеннен кейін халиф болып Али тағайындалды. Хариджиттер ислам тарихындағы ең ежелгі діни-саяси топ болған. Исламдағы тұңғыш бөлініс пен хариджизмнің шығуы мұсылман қауымында одан ертеде-ақ даярланып қойған болатын, бірақ бұған дейін ашықтан-ашық көрінбеген еді.

  • Сопылық бағыт

  • Сопылық бағыт – исламдағы мистикалық бағыт. VIII ғасырдан бастап тарих сахнасына шыға бастаған сопылық әрекеттері Исламның басқа өлкелерге тез арада таралуына әсер еткен маңызды факторлардың біріне айналды. Ислам және оның қасиетті кітабы Құранды мистикалық тұрғыдан түсіндірілуін және адамның сол бойынша қоғамда өмір сүруін қадағалап, тәртіпке келтірген сопылар, тәблиғ әрекетіне үлкен мән берген.

  • 44. Ислам масһабтары.

  • Ханафи мазһабы — Имам Ағзам Әбу Ханифаға телінетін Әһлі-Сүннет фиқһ мектебі. Қалаушысының есіміне сәйкес «ханафи мазһабы» деп аталады. Шын аты Нуғман ибн Сәбит болған Әбу Ханифа һижраның 80 жылы (699 ж.) Куфа қаласында дүниеге келіп, һижраның 150 ж. (767 ж.) сол жерде қайтыс болады. Ханафи мазһабына кіретін ғалымдар Әбу Ханифаны «Имам Ағзам» (ұлы имам) деп атайды.[92] Кейбір тарих ғалымдары Әбу Ханифаны сахабаларды көрген табиғиндерден деп есептейді, себебі ол сахаба Малик ибн Әнәстан хадистер риуаят еткен. Бірақ басқа тарихшылар оны табиғиндердің ізбасарларынан деп санайды.

  • Малики мазһабы — Имам Малик ибн Әнәсқа телінетін Әһлі-Сүннет фиқһ мектебі. Оның негізін қалаған Мәлик ибн Әнәс һижри 96-шы жылы (711 ж.) Медине қаласында дүниеге келіп, 179-шы жылы (795 ж.) қайтыс болған. Имам Мәлик Йеменнен көшіп келген Хумайр патшалық аулетінен шыққан. Оның отбасы шариғи біліммен танымал болып, оның өзі де «Имам дар әл-Һижра („дар әл-һижра“ — Медине қаласы)» деген атақты алған. Имам Малик хадистерге үлкен көңіл бөліп, өзінен кейін «Муатта» хадистер жинағын қалдырған

  • Шафиғи мазһабының негізін салушы — Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи. Һижра жыл санауы бойынша 150 жылы Палестинадағы Газа қаласында дүниеге келген. Жеті жасында Құранды жаттап бітірген Мұхаммед ибн Идрис, 15 жасында пәтуа беруге рұқсат алады. Имам әш-Шафиғи атақтығалымдар: Имам Маликтен, Суфйан ибн Уяйнадан, Имам Мұхаммед әш-Шайбаниден білім алған. Өзінің қысқа ғұмырында әш-Шафиғи Меккеде, Йеменде, Иракта, Мысырда білім алып, сол жерлерде сабақ берумен айналысты. Имам әш-Шафиғи ең бірінші болып «усуль әл-фиқһ» ғылымын енгізіп, сол жайлы «Рисалә» кітабын жазады. Имам Ахмад ибн Ханбал оны өз ұстазы санап, оны Аллаһтын дінді жаңартуға жіберген «муджәддиді» санаған. Һижра жыл санауы бойынша 204 жылы дүниеден озды.

  • Ханбали мазһабы

  • Толық мақаласы: Ханбали мазһабы

  • Мазһабтың негізін салушы — Имам Ахмад ибн Мұхаммед ибн Ханбал әш-Шәйбани. Һижра жыл санауы бойынша 164-ші жылы (778 ж.) Мерв қаласында дүние келіп, һижри жыл санауы бойынша 241-ші жылы (855 ж.) қайтыс болды. Жастайынан әкесінен жетім қалған Имам Ахмад шариғат пәндеріне, оның ішінде хадис іліміне көп көңіл беріп, ұлы мухадди атанады. Ол Әбу Ханифаның атақты шәкірті Имам Әбу Юсуфтан, Имам әш-Шафиғиден, Уәкиғ ибн әл-Джаррахтан білім алған. Тіпті оның ұстаздары болған Әбу Дәуд, Имам Муслим, Имам әл-Бұхарилер одан хадис риуаят ететін болған

  • 45. Жалпымұсылмандық мейрамдар.

  1. Рамазан айты. Құрбан айт мейрамы (ықпалы, мақсаты, қоғамда атқарар рөлі мен сіңіретін қасиеттері).

  2. Мәуліт мерекесі (маңызы, өнегесі).

  3. Қадір түнінің қасиеттері (артықшылығы).

  4. Мұсылман салт-жоралары (құндылығы, ерекшелігі).