- •Тау жыныстарын айналмалы бұрғылау қалай іске асырылады?
- •Таужыныстарын соққылап бұрғылау қалай іске асырылады?
- •Тау жыныстарын соққылап-бұрып бұрғылау.
- •Тау жыныстарын соқпа-айналымды бұрғылау.
- •Жарылғыш зат дегеніміз не?
- •Жарылыс реакциясының өту түрі.
- •Өнеркәсіптік жз-тар қандай қоспалардан тұрады?
- •Жз құрамдарына қоспалар қандай мақсатта қосылады?
- •Жарылыстың қандай түрлері болады?
- •Химиялық жарылыс д/з не?
- •Жз сипаттамаларын бағалау үшін қандай сынақ әдістері қолданылады?
- •Жарылғыш заттардың бризанттылығын анықтау.
- •Жарылғыш заттардың жұмыс істеуге қабілеттілігін анықтау.
- •Жз сезімталдығын анықтау.
- •Жарылғыш заттардың сапасын тексеру әдістері.
- •Құрғақ ұнтақталған жарылғыш заттар.
- •Құрамында суы бар жарылғыш заттар.
- •Жз оқтамдарын от арқылы қоздыру әдісінің ерекшеліктері.
- •От арқылы қоздыру әдісіндегі қолданылатын құралдар
- •Жарылғыш зат оқтамын электрлі-отты қоздыру әдісі.
- •Электрлі қоздыру әдісінің тиімділігі.
- •Электрлі қоздыру желісін жалғау әдістері.
- •Жз оқтамын дүмпіткіш пілте арқылы қоздыру әдісі.
- •Жарылғыш зат оқтамдары қандай белгілермен топталады?
- •Жарылыстан пайда болатын ұра көлемін қалай анықтауға болады?
- •Табан бойынша кедергі сызығы д/з не және оны қалай анықтайды?
- •Үйлер мен ғимараттарға байланысты зақымдану дәрежесі қалай белгіленеді?
- •Шпурлық оқтам д/з не, қолданылу орны.
- •Ұңғымалық оқтамды ашық кен жұмыстарында қолдану технологиясы.
- •Камералық оқтамдарды жербеті жағдайында қолдану әдісі.
- •Карьерлердегі ұңғымаларды қандай техникалармен оқтауға болады?
- •Камералық оқтамды дайындау үшін камераның көлемін қалай анықтайды?
- •Ұңғымаларды бос ауа аралықтарын қалдырып оқтаудың тиімділігі.
- •Ұңғымалар арақашықтығын қалай анықтайды?
- •Жерасты қазбаларының забойларында шпурлар қалай орналасады?
- •Шпурлардың тереңдігі қандай жағдайларға байланысты анықталады?
- •Бір аттыруға қолданылатын жз көлемі қалай анықталады?
- •Жарылғыш заттың меншікті шығыны д/з не?
- •Шпурларды пайдалану коэф?
- •Забойды қопаруға қолданылатын шпурлар саны қалай анықталады?
- •Электрлі қол бұрғыларының жұмыс принципі және қолданылатын орны.
- •Оттегілік баланс д/з не?
- •Оттегілік баланстың қандай түрлері болады?
- •Оттегілік балансты анықтауда аммиакты селитра қалай қолданылады?
- •Жарылыстан пайда болатын газдар қалай анықталады?
- •Нөлдік оттегілік баланс д/з не?
- •Жз жарылысынан пайда болатын газ көлемі қалай анықталады?
- •Жз жарылысынан пайда болатын қысымды қалай анықтауға болады?
- •Дүмпіткіш капсюль д/з не?
- •Отпілтенің құрылысы.
- •Тұтандырғыш түтік д/з не және ол қалай жасалады?
- •Электрлі-отты қоздыру жабдығы қалай жасалады?
- •Электрлі дүмпіткіш д/з не?
- •Лезде атылатын электрлі дүмпіткіштердің құрылысы.
- •Кідіріп атылатын электрлі дүмпіткіштердің ерекшеліктері.
- •Электрлі дүмпіткіштерге ток беретін құралдар.
- •Дүмпіткіш пілте құрылысы және қолданылатын орны.
- •Дүмпіткіш пілте аттыру желісін жалғау әдісі.
- •Жз оқтамын соққы толқынды қоздыру әдісі.
- •Соққы толқынды қоздыру әдісінің ерекшеліктері.
Тау жыныстарын соқпа-айналымды бұрғылау.
Қатты таужынысы массивтерін жарылыс күшімен қопару үшін оның ішіне шпур немесе ұңғыма бұрғылайды. Сол жасанды теспелерге ЖЗ оқтамдары салынып белгіленген тәртіппен, талап етілетін нәтижені алу үшін аттырылады. Бұрғылау процесі забойдағы таужыныстарын бұрғылау аспабымен қопару мен оны шпур немесе ұңғымадан шығарып тазалаудан тұрады.
Шпурлар мен ұңғымаларды бұрғылау үшін әртүрлі бұрғылар мен балғалар, бұрғылау арбалары, бұрғылау станоктары мен қондырғылары қолданылады. Кез келген бұрғылау әдісі: жұмысты бастау үшін бұрғылау қондырғысын дайындау; ұңғымаларды бұрғылау және тазалау; қабылданған тереңдікті қамтамасыз ету үшін бұрғыны жалғап өсіру және жұмыс біткеннен кейін оны қайта бұзу; т.б. сияқты негізгі операцияларды орындаумен байланысты.
Механикалық бұрғылау әдістері айналмалы және соққылы болып бөлінеді.
Соқпа-айналымды бұрғылауда бұрғылау жұмысы айналысқа тәуелсіз пневмосоққы және бұрғылау балғасы көмегімен орындалады. Яғни үзіліссіз айналып тұрған бұрғыны соғып отырады. Мұнда таужыныстары әрбір соққының күшімен қопарылады.
Айналсоқ бұрғылау.
Қатты таужынысы массивтерін жарылыс күшімен қопару үшін оның ішіне шпур немесе ұңғыма бұрғылайды. Сол жасанды теспелерге ЖЗ оқтамдары салынып белгіленген тәртіппен, талап етілетін нәтижені алу үшін аттырылады. Бұрғылау процесі забойдағы таужыныстарын бұрғылау аспабымен қопару мен оны шпур немесе ұңғымадан шығарып тазалаудан тұрады.
Шпурлар мен ұңғымаларды бұрғылау үшін әртүрлі бұрғылар мен балғалар, бұрғылау арбалары, бұрғылау станоктары мен қондырғылары қолданылады. Кез келген бұрғылау әдісі: жұмысты бастау үшін бұрғылау қондырғысын дайындау; ұңғымаларды бұрғылау және тазалау; қабылданған тереңдікті қамтамасыз ету үшін бұрғыны жалғап өсіру және жұмыс біткеннен кейін оны қайта бұзу; т.б. сияқты негізгі операцияларды орындаумен байланысты.
Механикалық бұрғылау әдістері айналмалы және соққылы болып бөлінеді.
Айналсоқ бұрғылауда үзіліссіз өз осьінде айналып тұрған бұрғыны соғып отырады, бірақ мұндағы соққы күші соқпа-айналымды бұрғылау әдісінен 10 есе артық болады. Әрбір соққыдан кейін бұрғы таужынысына еніп, содан кейін бұрғы айналған кезде таужынысы қопарылады.
Шарқашаулармен бұрғылау – соққылап бұрғылау әдісіне жатады. Мұнда шарқашаулар забойдағы таужынысына үйкеліп, оны қопарады.
Бұрғылаудың бұл әдісі карьерлерде диаметрі 160–320 мм атқылама ұңғымаларды бұрғылаудың кең тараған әрі тиімді әдістерінің бірі. Жерасты кен өндірісінде шарқашаулы бұрғылау әдісі негізінен диаметрі 45–190 мм ұңғымаларды бұрғылау үшін қолданылады.
Шарқашау д/з – кертпеш оське бекітілген, шар тірегінде айналатын үш қалақтан тұратын таужынысын қопаратын құрал. Шарқашау конус тәрізді және оның бетінде бірнеше қатар тістер орналасады. Қашау үлкен осьтік күштемемен айналған кезде оның тістері забойға үйкеліп, таужынысын қопарады. Егер шар мен тістер бір материалдан жасалған болса, онда қашауды – тісті, ал тістері қатты құйма материалдан жасалып орнатылатын болса – найзалы деп атайды.
Қашауларды қолдану аймағы, оның маркасының соңғы әрпінде белгіленеді: «С» – орташа бекемдіктегі таужыныстарына, «Т» – қатты таужыныстарға, «К» – бекем таужыныстарға, «ОК» – өте бекем таужыныстарға, т.б.
Шарқашаулы бұрғылау кезінде қопарылған таужынысының үгінділерін ұңғымадан шығару сығылған ауа немесе ауалы-сулы қоспа көмегімен іске асырылады. Бұрғылау кезінде көбінесе, тісті қашау тістерінің тозуынан істен шығады, ал найзалы қашауларда − таужынысы ұсақтарының тығылып қалуына байланысты оларды ауыстыруға тура келеді. Мерзімінен бұрын қашаулардың істен шығып қалуы, бұл әдістің техникалық, экономикалық көрсеткішін төмендетеді. Сондықтан қашау тіректерінің мықтылығын жоғарылату үшін қосымша шаралар қолданылады. Мысалы, қашау тістеріне таужынысының кесектері кірмеуі үшін қайтымды клапандар орнатылады немесе қашауларды жылдам майлап отыру қажет.
Шарқашаулы бұрғылаудың механизмі мен заңдылықтары айналмалы бұрғылауға ұқсас болып келеді. Яғни бұрғы өзегіне осьтік күштеме беріліп, айналған кезде шарқашау тістері таужынысын мүжіп, қопарып отырады. Бұрғы өзегіне берілетін күштеме қаншама жоғары болса, бұрғылау өнімділігі артады.
