- •Тау жыныстарын айналмалы бұрғылау қалай іске асырылады?
- •Таужыныстарын соққылап бұрғылау қалай іске асырылады?
- •Тау жыныстарын соққылап-бұрып бұрғылау.
- •Тау жыныстарын соқпа-айналымды бұрғылау.
- •Жарылғыш зат дегеніміз не?
- •Жарылыс реакциясының өту түрі.
- •Өнеркәсіптік жз-тар қандай қоспалардан тұрады?
- •Жз құрамдарына қоспалар қандай мақсатта қосылады?
- •Жарылыстың қандай түрлері болады?
- •Химиялық жарылыс д/з не?
- •Жз сипаттамаларын бағалау үшін қандай сынақ әдістері қолданылады?
- •Жарылғыш заттардың бризанттылығын анықтау.
- •Жарылғыш заттардың жұмыс істеуге қабілеттілігін анықтау.
- •Жз сезімталдығын анықтау.
- •Жарылғыш заттардың сапасын тексеру әдістері.
- •Құрғақ ұнтақталған жарылғыш заттар.
- •Құрамында суы бар жарылғыш заттар.
- •Жз оқтамдарын от арқылы қоздыру әдісінің ерекшеліктері.
- •От арқылы қоздыру әдісіндегі қолданылатын құралдар
- •Жарылғыш зат оқтамын электрлі-отты қоздыру әдісі.
- •Электрлі қоздыру әдісінің тиімділігі.
- •Электрлі қоздыру желісін жалғау әдістері.
- •Жз оқтамын дүмпіткіш пілте арқылы қоздыру әдісі.
- •Жарылғыш зат оқтамдары қандай белгілермен топталады?
- •Жарылыстан пайда болатын ұра көлемін қалай анықтауға болады?
- •Табан бойынша кедергі сызығы д/з не және оны қалай анықтайды?
- •Үйлер мен ғимараттарға байланысты зақымдану дәрежесі қалай белгіленеді?
- •Шпурлық оқтам д/з не, қолданылу орны.
- •Ұңғымалық оқтамды ашық кен жұмыстарында қолдану технологиясы.
- •Камералық оқтамдарды жербеті жағдайында қолдану әдісі.
- •Карьерлердегі ұңғымаларды қандай техникалармен оқтауға болады?
- •Камералық оқтамды дайындау үшін камераның көлемін қалай анықтайды?
- •Ұңғымаларды бос ауа аралықтарын қалдырып оқтаудың тиімділігі.
- •Ұңғымалар арақашықтығын қалай анықтайды?
- •Жерасты қазбаларының забойларында шпурлар қалай орналасады?
- •Шпурлардың тереңдігі қандай жағдайларға байланысты анықталады?
- •Бір аттыруға қолданылатын жз көлемі қалай анықталады?
- •Жарылғыш заттың меншікті шығыны д/з не?
- •Шпурларды пайдалану коэф?
- •Забойды қопаруға қолданылатын шпурлар саны қалай анықталады?
- •Электрлі қол бұрғыларының жұмыс принципі және қолданылатын орны.
- •Оттегілік баланс д/з не?
- •Оттегілік баланстың қандай түрлері болады?
- •Оттегілік балансты анықтауда аммиакты селитра қалай қолданылады?
- •Жарылыстан пайда болатын газдар қалай анықталады?
- •Нөлдік оттегілік баланс д/з не?
- •Жз жарылысынан пайда болатын газ көлемі қалай анықталады?
- •Жз жарылысынан пайда болатын қысымды қалай анықтауға болады?
- •Дүмпіткіш капсюль д/з не?
- •Отпілтенің құрылысы.
- •Тұтандырғыш түтік д/з не және ол қалай жасалады?
- •Электрлі-отты қоздыру жабдығы қалай жасалады?
- •Электрлі дүмпіткіш д/з не?
- •Лезде атылатын электрлі дүмпіткіштердің құрылысы.
- •Кідіріп атылатын электрлі дүмпіткіштердің ерекшеліктері.
- •Электрлі дүмпіткіштерге ток беретін құралдар.
- •Дүмпіткіш пілте құрылысы және қолданылатын орны.
- •Дүмпіткіш пілте аттыру желісін жалғау әдісі.
- •Жз оқтамын соққы толқынды қоздыру әдісі.
- •Соққы толқынды қоздыру әдісінің ерекшеліктері.
Жарылыстың қандай түрлері болады?
Химиялық жарылыс д/з не?
Физикалық жарылыс – тек физикалық құбылыстан пайда болатын, заттың химиялық құрамының өзгеріссіз қалып жарылуы (сұйық көмір қышқылы немесе сығылған ауа көмегімен жалынсыз жарылыс, бу қазандықтарының жарылысы, сығылған газ баллоны және электрлі разряд жарылысы, т.б.).
Химиялық жарылыс – ЖЗ жарылысынан пайда болатын химиялық реакцияның көмегімен, 3400–6000 кДж/кг мөлшердегі жылу мен 700–1000 л/кг мөлшердегі газдың бөлінуінен пайда болатын құбылыс. Химиялық реакция кезінде заттың молекулалық құрылыстары өзгергенмен, атомдардың құрылыстары өзгермейді.
Ядролық жарылыста – жаңа элементтерді бөлу арқылы ядроның бөлшектену реакциясы жүреді, яғни атомның ядросында тынып жатқан қуат бірден сыртқа шығады. Қазіргі кезде жарылыс кезінде атом қуатының бөлінуінің екі әдісі: ауыр ядролардың жеңілге өзгеруі және керісінше, жеңіл ядролардан ауырларының пайда болуы қолданылады.
Тау-кен өндірісінде негізінен химиялық жарылыс күші қолданылады.
Жз құрамдарына қоспалар қандай мақсатта қосылады?
Тау-кен өнеркәсібінде жеке және қоспалы ЖЗ қолданылады.
Қоспалы ЖЗ екі немесе одан да көп, әрқайсысы жеке міндет атқаратын компоненттерден тұрады. Қоспалы жарылғыш заттардың құрамына мына компоненттер қосылады:
тотықтырғыштар − жарылыс кезінде жанғыш элементтерді тотықтыруға оттегі жеткізіп беретін, оттегіге бай заттар;
жанғыш қоспалар − жарылыс кезінде бөлінетін жылу мөлшерін жоғарылату үшін қосылады;
сенсибилизаторлар (жандандырғыштар) – жарылғыш заттардың құрамына, оның бастапқы импульске қозуға бейімділігін жоғарылату үшін қосылады;
стабилизаторлар (тұрақтандырғыштар) – ЖЗ құрамына химиялық және физикалық тұрақтылығын жоғарылату үшін енгізіледі;
флегматизаторлар – ЖЗ от алуға бейімділігін төмендетіп, қолданғанда қауіпсіз жағдай туғызады;
Жалын сөндіргіштер − көмір шаңына қауіпті шахталарда қолданылатын тек сақтандырғыш ЖЗ құрамына жарылыс температурасын төмендету үшін қосылады.
ЖЗ-дың дүмпу қасиеттері.
Дүмпу толқынының майданы жарылғыш зат молекулаларын бұзатын күшті соққы толқыны болып табылады. Бастапқы байланысы бұзылған, жоғары температураға дейін қызған жанғыш элементтер мен оттегінің атомдары толқын артындағы майданда жоғары жылу бөліп және жарылғыш заттарды газ тәрізді күйге айналдыру арқылы жылдам химиялық реакцияға түседі. Дүмпу толқынының майданы секундына бірнеше километр жылдамдықпен қозғалады. Соққы толқыны майданының артында жарылыс газдарының кеңею майданы, ал оқтамның ортасына қарай күші төмендеген толқын майданы қозғалады. Дүмпу процесінің тұрақтылық жағдайы кеңеймеген газдардың аймағының болуымен қамтамасыз етіледі.
Өнеркәсіптік жарылғыш заттардың дүмпу қабілеттіліктеріне кейбір жағдайларда оның құрамындағы заттардың түйіршіктерінің өлшемдері де әсер етеді. Мысалы, диаметрі онша үлкен емес оқтамдағы аммиакты селитра мен гексогеннің қоспасы толық дүмпуі үшін селитраның түйіршіктерінің өлшемі гексогендікінен ұсақ болуы қажет. Егер мұндай жағдай орындалмаса, онда дүмпу толқынында тек гексоген ғана толық тарала алады, ал селитра таралып үлгере алмайды. Сонымен қатар өнеркәсіптік жарылғыш заттардың дүмпу қабілеттіліктеріне құрамындағы компоненттердің дұрыс араласқандығы әсер етуі мүмкін.
