- •Қазақстан халықтарының Асамблеясының құрылу кезеңдері
- •1.2 «Қазақстан халықтар Ассамблеясы туралы заң». Оның мазмұны, тараулары мен баптары
- •2.1 Саяси жүйенің маңызды бір белесіне айналған Ассамблеяның бағыты
- •1995 Жылы Алматы облысында 30 ұлттың өкілдерін біріктіретін Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы құрылды. Қазіргі уақытта облыста 65 ұлттық –мәдени бірлестік жұмыс жасайды.
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Қосымшалар
1.2 «Қазақстан халықтар Ассамблеясы туралы заң». Оның мазмұны, тараулары мен баптары
Ең маңызды мәселелердің бірі – азаматтық мәселесі. Бұл жолда Азаматтық жөніндегі заңға түрлі толықтырулар енгізіліп, Қазақстан мен Ресей арасында азаматтыққа қатысты Меморандумге, кейін белгілі келісімдерге қол қойылды. Орталықтардан және басқа да жерлерден мемлекеттегі тұрақтылықты бұзатын қарама-қайшылықтарды анықтап, олардың алдын алуға жағдай жасайтын сенімді механизмдерді іздестіру жалғасуда. Облыстарда саяси күштер мен мүдделердің үлкен спектрін жинақтауға бағытталған шағын Ассамблеялар ұйымдастырылған. 1995 жылдың 24-наурызында 120 мемлекеттік емес ұлттық білімдердің, қоғамдық-саяси, мәдени –ұлттық діни қозғалыстардың мүдделерін көрсететін Қазақстан халықтарының Ассамблеясының бірінші сессиясы өтті. Осылайша әр қадам басқан сайын экономикалық саяси, хұқықтық негіздер қалыптасты. Жалпы айтқанда, ұлттық саясатты іске асыруда өткізілген жұмыстарды қорытындылай отырып, келесідей оң нәтижелерге қол жеткізгендігін атап өту керек:
Бірінші. Қазақстанда көп ұлттық және көп конфессиалдық қоғамның консолидациясын қамтамасыз ететін стратегия жасалды және белсенді жұмыс жасауда.
Екінші. Қазақстанда азаматтарға этникалық және діни ерекшеліктерге қарамастан, құқық теңдігін қамтамасыз ететін барлық азаматтардың саяси және азаматтық қоғамы негіз болған құқықтық база пайда болды және жұмыс істейді. Бұл принцип мемлекеттің этникааралық саясатының негізінде жатыр. Қазақстандағы ұлттық саясаттың құқықтық негізін заңдық нормалар мен актілер жинағы құрайды: Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Тіл саясатының Концепциясы, «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» хаңы. Қазақстан Республикасының Конституциясында Ұлтаралық келісімді бұзуға себеп болатын кез келген әрекеттер заңға қарсы болып есептеледі. Жалпы Елдің ұлт саясаты заңның басқару және ұлт құқықтары мен адам құқықтарының саналы сәйкестігіне негізделеді.
Үшінші. Қазақстанның жүргізіп жатқан этника аралық саясатының тәжірибесі әлемдік қауымдастықта құнды деп танылған.
Төртінші. Қазақстанда жүйеге түскен тіл саясаты жүргізілуде, Қазақстан – бұл мәселені күрделі қақтығыстарсыз шешкен елдердің бірі. Ел азаматтарына, әсіресе жастарға мемлекеттік тілді меңгерту істері белсенді жүргізілуде. Қазақстанның тілдік байлығы жалпы қазақстандық мәдениетті байытады және де көп ұлтты Қазақстанның ынтымақтастығын нығайтудың басты факторы ретінде көрінеді[8].
2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.
Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады [9].
Осы Заң қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру және жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Заң төрт тараудан және 20 баптан тұрады:
Бірінші тарау – жалпы ережелер. Тарауда Қазақстан халқы ассамблеясының құқықтық мәртебесі, заңнамасы, мақсаты, міндеттері, принциптері, негізгі бағыттары мен президенттің ассамблеяға қатысты құзыретін анықтайтын бірінші жеті бапты қамтыған.
Екінші тарау – ассамблеяның құрылымы және басқару органдары. Сегізінші баптан он сегізінші бапқа дейінгі баптарды қамтитын бұл тарауда ассамблея құрылымы, сессиясы, аппараты, төрағасы, төраға орынбасары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары, ассамблеяға мүшелік, мүшелердің өкілеттігі және өкілеттілігін тоқтату, сондай-ақ, парламент Мәжілісінің Ассамблея сайлаған депутаты өкілеттігінің тоқтатылуы тәртібі көрсетілген.
Үшінші тарау – қызметті қаржыландыру. Қызметті қаржыландыру аймақтық әкімшілік басқармасынан ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шараларды қаржыландыру негізінде жүзеге асырылатындығы көрсетілген.
Төртінші тарау – қорытынды ережелер. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібін белгілейтін жалғыз баптан тұрады және Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіндігі жазылған[10].
<
<h4>II-тарау.Қазақстан халықтарының Ассамблеясының мақсаты, міндеті және құрылымы
