Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word (3).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1995 Жылы Алматы облысында 30 ұлттың өкілдерін біріктіретін Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы құрылды. Қазіргі уақытта облыста 65 ұлттық –мәдени бірлестік жұмыс жасайды.

Астана қаласы Қазақстан Халықтары Кіші Ассамблеясы

Астанада 111 ұлттың өкілдері тұрады. Жарты миллионнан астам халқы бар Астанамыздың ұлттық құрамы мынандай: 52,7 пайызы қазақтар, 33,4 пайызы орыстар, 4,3 пайызы украиндар, 2,3 пайызы немістер, 2,1 пайызы татарлар, 1,3 пайызы белорустар, басқа ұлттар 3,5 пайызды құрайды.

Атырау облыстық Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы

Екінші жарты жылдықтың басы Халықтар достастығының төртінші облыстық фестивалінің ашылу салтанатымен басталды. Сонымен қатар  облыстарда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен мәдениет күндері өтті.

Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы Бүгінгі күні облыста 26 ұлттық – мәдени орталықтар тіркелген. Оралдықтар Қазақстан халықтары Бірлігі күні мейрамына алдын ала дайындалуда, бұл да бір әр түрлі ұлттардың бірлігі және келісім бірден бір жарқын куәлігін береді.  Достык-Дружбы даңғылымен Батыс – Қазақстан облысы халықтары Кіші Ассамблеясы тіз қатар басты көшемен мейрамдатып жүріп өтті.

Қарағанды облыстық Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы Қарағанды облысы бойынша 55 ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді. 20 орталықта кешкілік мектептер жұмыс жасайды.Әр мектепте оқып үйренушілер саны орта есеппен 25 адамды құрайды.

Аса белсенді ұлттық-мәдени орталықтарға Қарағанды қаласы, Жезқазған қаласы, Сатпаев, Теміртау, Бұхар-Жырау аудандары кіреді.

Жамбыл облыстық Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы 1995 жылдан бастап, облыстық кіші Ассамблея ұйымдастыру жағынан көптеген өзгерістерге ұшырады-оның ішінде 9 ұлттық-мәдени орталықтар дәл қазір 20-ға дейін көбейді.

Қостанай облыстық Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы 2004 жылы облыстық кіші Ассамблея мен ұлттық-мәдени орталықтардың жұмысы қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық татулық пен келісімді қамтамасыз етуге және ұлттардың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениетін сақтауға бағытталды. Маңғыстау облыстық Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы Облыстың Кіші Ассамблеясы 19 мәдени-ұлттық орталықтарының әрекетін бағыттап, баптап отыр.

Ауданның этникалық  құрамы өзгеше, мұнда 2млн. астам адам 108 Ұлтпен халықтың өкілдері болып табылады.

Павлодар облыстық Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы Павлодар облысының  Қазақстан халықтары Ассамблеясының 7 сессиясында қойылған мәселелерді іске асыру әрекеті Павлодар облысының 65 жылдық мерейтойына дайындық барысында өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы Солтүстік Қазақстандық Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы мен Ұлттық –мәдени ұлтымдар  биылғы жылы өз жұмысын Ассамблея стратегиясына сәйкес орта мерзімдік кезеңге құрды.

Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы Шығыс Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы облыста 105 этностың тұратынын көрсетеді, және 42 ұлттық -мәдени орталықты біріктіреді, 4 достық үйі Өскемен, Семей, Риддер және Шемонаихе  қалаларында жұмыс істейді.

Қызылорда облыстық Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы 2004 Биылғы жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясы 2007 жылға дейінгі жұмыстары мына бағытқа бағытталған насихаттау және нүсініктемелер баспасөз беттерінде және өткізілген іс шараларда, Қазақстан халықтары Ассамблеясының IX сессиясында нақты түрде көрсетілген [38].

Оған көрнекі дәлелдер ретінде Қазақстан халықтарының Ассамблеясының барлық сессияларында қаралған қоғамның мәдени, экономикалық, әлеуметтік – саяси өмірі жөнінде қаралған маңызды мәселелерді, олар бойынша Ассамблея жүргізіп жатқан жұмыстарының негізгі бағыттарын көрсету мақсатында жасалған Н.Ә. Назарбаев жасаған баяндамалар дәлел. Ескере кететін жайт, Қазақстан халықтарының Асамблеясы сессияларының өзіндік ерекшелігі мен мәні бар [39].

Осы мәселелердің шешілуі жүйелі және ашық түрде жүруі керек».

Өзінің  10 жылдық тарихында Ассамблея қоғамдағы маңызды әлеуметтік- саяси мәселелерге арналған 12 сессия өткізді.

Біріншісі - 1995 жылдың наурызында «Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен татулық үшін» деген атпен өткен құрылтай сессиясы.

Екіншісі - 1995 жылдың маусымында болған «Өткенге баға беру және қоғам-ның болашақтағы демократиялық жаңаруы» сессиясы.

Үшіншісі - 1996 жылғы көкекте болған «Қоғамдық келісім – Қазақстанның демократиялық дамуының негізі» сессиясы.

Төртіншісі - 1997 жылғы маусымдағы «Тарихи ескерткіш,  ұлттық келісім және демократиялық реформалар – Қазақстан халқының азаматтық таңдауы».

Бесіншісі (1999 жыл, қаңтар) – «Ұлттық келісім – Қазақстан тұрақтылығы мен дамуының негізі».

Алтыншысы (1999 жыл, желтоқсан) - «Достық пен келісім арқылы XXI ғасырға».

Жетіншісі (2000 жыл, желтоқсан) - «Халықтың рухани мәдени дамуы – Қазақстан Мемлекеттік тәуелсіздігінің баянды болуының негізі».

Сегізіншісі (2001 жыл, қазан) – «Тәуелсіздіктің он жылдығы: бейбітшілік, прогресс және келісім».

Тоғызыншысы (2002 жыл, қараша) - «Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы: ұлттық келісім, қауіпсіздік, азаматтық өмір».

Оныншысы (2003 жыл желтоқсан) -  «Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі: тәжірибелер, табыстар және перспективалар».

Он біріншісі (2005жыл қараша) «Ынтымағы жарасқан елдің ырысы мол».

Он екіншісі (2006 қазан) «Ел тәуелсіздігінің берік іргетасы болған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі» [40].

Алғашқы екі сессия Президент өкілеттігін ұзарту және жаңа Конституция қабылдау туралы жалпыхалықтық референдум өткізуді бастама етіп көтерді. Осылайша Ассамблеяның қоғамдағы тұрақтылыққа шақыратын және топтастырушы ролі айқын қалыптасты.

Үшінші сессияда оған қатысушылар евразиялық ынтымақтастықты дамыту, қоғамды демократияландыру жаңа азаматтық  бірегейлікті қалыптастыру сияқты жалпымемлекеттік маңызы бар проблемаларды шешу турасындағы Президенттің идеяларын қуаттады. Осы сессияда жоғары оқу орындарына әр мамандық бойынша 10 % квотамен аз ұлт өкілдерін қабылдау туралы Президент тарапынан тапсырма берілді. 1999 жылы квота жүйесі жойылып, орнына тестілеуге негізделген жаңа ереже енді. Бірақ осы төрт жыл ішінде квота арқасында 7,8 мың әр түрлі ұлттың жастары оқуға түсіп өз жақсы нәтижесін берді [41].

Төртінші сессияда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, тарихи шындықты орнына келтіру жұмыстарын бастау қолға алынды.

Бесінші сессия Президент сайлауынан кейін болған ең бірінші қоғамдық-саяси оқиға болды және Елбасының жасаған баяндамасы негізінде ұлттық саясаттағы оның бағдарламасы болды. Ол Кеңес Одағы құлағаннан кейін Қазақстаннан кеткен адамдарды қайтып келуге шақырды.

Жаңа мыңжылдық табалдырығында болған алтыншы сессия жерімізде экстремистік күштердің тұрақтылық, бейбітшілік және татулықты бұзатын ойларына тосқауыл қоюға бірлесе күресу үшін еліміздің барлық азаматтарын бірігуге шақырды [42].

Қазақстан Республикасы Тәуелсідігінің 10 жылдығы қарсаңында болған жетінші сессия мемлекеттігіміздің қалыптасқанын атай келе қазақстандық патриотизм негізінде ел азаматтарының қалыптасуын жолға қою туралы міндет қойды.

«Біз Қазақстанды құрып болдық, енді қазақстандықтарды қалыптастыруымыз керек», - деді Н.Ә.Назарбаев осы сессияда сөйлеген сөзінде.

Сегізінші сессия тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдық дамуының қорытындыларын шығарды. Президент өз баяндамасында «Ең басты жетістік - бұл экономикалық құлдырауды артқа тастап, өтпелі кезеңдегі реформаларды жүзеге асыру және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығу  болды», - деп атап көрсетті. Қазақстан осы жылдар ішінде әлем таныған ұлтаралық саясатта өзіндік қолтаңбасы бар ел болып қалыптасты. Бұл жетістікке жету жолдары төмендегідей:

Бірінші. Елімізде барлық азаматтарды ұлттық және діни тегіне қарамастан қорғай алатын құқықтық база құрылды. Бұл принцип мемлекеттің ұлтаралық саясатының негізі болып қалыптасты.

Екінші. Қазақстан халықтары Ассамблеясы сияқты ұлттық саясат пен ұлтаралық диалогты механизм ретінде жүзеге асыратын теңдессіз де тиімді орган құрылған. Осы орган ұлттардың мәдени қайта жаңғыруына арқау болуда. Бұл бірқатар көрші елдерде қызығушылық тудыруда.

Үшінші. Түрлі мәдениеттер диалогы орнады және Қазақстан түрлі мәдениеттер қоғамы болып қалыптасты. Осы жетістіктердің басты тұтқасы ғасырлардан бері қалыптасқан қазақ халқының бауырмалдығы мен даналығы болып табылады. Еліміздегі барлық азаматтардың рухани үндестігі қай жағынан болсын мемлекетіміздің нығаюына әрі қоғамның топтасуына негіз болады.

Төртінші. Тіл саясатының проблемасы ешбір айтыс-тартыссыз шешілді.

Ел азаматтары біртіндеп мемлекеттік тілді меңгеруде. Бұл мәселеде жастар көзге түсуде. Қазақстандағы халықтардың тілдік қорлары жалпы қазақстандық мәдениетті байыта түседі әрі халықтар достығының одан да бекуіне септігін тигізеді.

Бесінші. Барлық ұлттар рухани және діни жағынан қайта жаңғырды, дінаралық келісім жолға қойылды.  Қазақстандықтардың рухани жағынан салқынқандылығы азаматтық және дінаралық татулықты сақтауға негіз болады.

Осылайша, біздің елдің көпұлттылығы кемшілік емес артықшылық екені іс жүзінде дәлелденді [43].

 Қазақстан халықтары Ассамблеясы еліміздегі барлық ұлттар мәдениеті мен тілдері даму үшін халықтар мен тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп оқушылары арасында мемлекеттік тіл мен өздерінің ана тілдерін қалай білетіні туралы мүшайра-байқаулар, этноұлттық даму мен тіл проблемаларына арналған халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер сияқты нақты шаралар өткізуде.

Бұл жерде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылып отырған Достық үйі Қазақстан халықтары Ассамблеясы үшін үлкен роль ойнауда. Жергілікті жерлерде де Достық үйлері осылайша жұмыс істеуде.

Алматыдағы Достық үйі ҚР Президентінің шешімімен Қазақстан халықтары Ассамблеясының Кеңесіне  берілді. Ол жерде барлық ұлттық-мәдени орталықтарға ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілуде [44].

Ұлттық-мәдени орталықтардың жұмыстарын ынталандырып отыру үшін Мәдениетті қолдау қорының арнайы гранты тағайындалған.

Қоғамдағы демократиялық жаңарулар аз ұлттардың тілдерінде де бұқаралық ақпарат құралдарының өсуіне әкелді. Бұл үрдіс халықтың білімін көтеруге септігін тигізуде.

Мемлекеттің қолдау көрсетуінің арқасында 11 тілде газет пен журнал, 12 тілде 44 телестудия және 7 тілде 18 радиостудия істейді. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша аз ұлтар тілдерінде жалпы таралымы 80 мың болатын 30-ға жуық кітап шығып тұрады [45].

2000 жылдың мамырында «Достық» атты қоғамдық-саяси журналдың бірінші нөмірі шықты. Оның редакция алқасына барлық республикалық ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары кіреді. Журналға 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі қаржылық қолдау көрсетіп келеді [46].

Ассамблея өз жұмысында халықтың өз болашағы туралы алаңдамауы мен тіл саясатының дұрыс шешіліп жатқанын оларға жеткізіп отырады.

Ассамблеяның өткізіп жатқан барлық іс-шараларында қолданыста жүрген тілдер бір-бірімен қайшылыққа түспейтіндей етіп тіл үндестігін қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қояды.

«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» [47] заң негізінде қабылданған Тілдердің дамуы туралы бағдарламаны мемлекеттік органдар қолдауымен ұлттық-мәдени орталықтар іске асыруда.

Үкімет деңгейінде «Қазақстан немістері жаңғыруының кешендік бағдарламасы» жасалған. Бұл бірлескен үкіметаралық отырыстарда қаралып отырады. Тілдер туралы Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жекскенбілік мектептерді қаржыландыру жүруде. Осы мақсатта республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени орталықтарға әр ұлт өз тілдерін дамыту үшін конкурстық негізде әлеуметтік бағдарламаларға Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі тарапынан 1998 жылы 1 млн теңге, 1999 жылы – 4 млн теңгеден астам, 2000 жылы – 10 млн теңгеден астам, 2001 жылы – 11 млн теңге шамасында, 2002 жылы – 11 млн теңгеден аса қаржы бөлінді. Қазіргі таңда ұлттық-мәдени орталықтар жанынан 23 тілді оқытатын 179 жексенбілік мектеп жұмыс істейді [48].

Қазақстан халықтары Ассамблеясының бірінші сессиясында ел Президенті осы Ассамблея қамқорлығымен түрлі ұлттар балалары жазда демалатын лагерь ашу туралы ұсыныс айтқан болатын. 120-дан астам ұлт өкілдерінің балалары Бурабайдагы «Оқжетпес» лагерінде болып осы шараның маңызына көз жеткізді.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының төртінші сессиясында Н.Ә.Назарбаев осы лагерь жұмысына жоғары баға берді. Ол осындай шараларды ары қарай жалғастырып, балаларды ерте жастан қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді жалғастыра беруді атап айтты.

Ұрпақтар үндестігін сақтау үшін VII сессия қарсаңында ассамблеяда жастар қанаты құрылды. Оған 52 жастар орталықтарының және «Қазақстанның болашағы үшін» қозғалысының өкілдері кірді. Осыдан кейін-ақ ұлттық-мәдени орталықтардың жастармен жұмысы жанданып, ассамблеяның ықпал ету ауқымы кеңейді [49].

Қазақстан халықтары Ассамблеясының халықаралық байланыстары да күшеюде. Оған бірнеше белсенді халықаралық ұйымдар мүшелерінің Қазақстанға жасаған сапарлары дәлел бола алады.

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының құрылымдарымен тығыз байланыс орнатылған. Осы ұйымның аз ұлттар жөніндегі комиссары елімізде бірнеше рет болып, Қазақстан халықтары Ассамблеясының жұмысымен танысты [50]. 

ЕҚЫҰ көмегімен Ұлтаралық қатынастарды зерттеу орталығы ашылды. Осы орталық Орталық Азия аймағынадғы ұлтаралық қатынастарды үндестіру мәселелері бойынша ондаған халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізіп, мониторинг негізінде ұлтаралық қатынастар туралы материалдар дайындап шығарды.

Ұлттық-мәдени орталықтардың өз тарихи отандарымен байланыстары кеңейе түсуде. Бұл жағынан әзірбайжан, армян, грек, дүнген, еврей, қарашай-балқар, кәріс, неміс, поляк, татар, түрік, түркімен және украин диаспоралары белсенді түрде жұмыс істеуде [51].

Қазақстанмен шектесетін Ресей Федерациясының субъектілерімен тығыз байланыстар орнатылған. Қазақстан халықтары Ассамблеясында АҚШ Сенатының, Польша Республикасы Сеймінің, Ресей Мемлекеттік Думасының, Саха, Татарстан және Қырғыз Республикаларының өкілдері болды. Қазақстандағы аз ұлттардың мәдениеті мен тілінің дамуы және оған Достық үйлері, ұлттық театрлар, мұражайлар, бұқаралық ақпарат құралдары болуы сияқты жағдайлар жасалуы еліміздегі жалпы мәдениетттің дамуына үлкен үлесін қосады. Оған Қазақстандағы ұлттық орталықтарындағы жүріп жатқан айшықты жұмыстарды келтіруге болады.Олардың арасындағы өзара қарым-қатынас арқылы жоғары адами құндылықтар іске асады. 90-шы жылдар басынан Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайында елдегі түрлі ұлттар туралы сыр шертетін экспозиция тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Мұнда әр ұлттың материалдық және рухани мәдениеті туралы бұйымдар, халық өнері мен творчествосы туралы шығармашылар қойылған [52].

Этнографиялық мұражайлар республиканың басұа да облыстары мен қалаларында бар. Қазақстандағы ұйғырлар, немістер, кәрістер және өзбектердің өз театрлары бар. Лаки Кисогло (грек), Сұлтан Байсұлтанов (шешен), Гульвира Разиева (ұйғыр), Халида Абулхакова (татар), балетмейстер Римма Ким (кәріс), Лермонтов театрының режиссеры Сергей Башаян (армян), Т. Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер және кино институтының оқытушысы Полина Дорохова (украин) сияқты өнер қайраткерлерінің аттары еліміз бен қатар шет елдерге де кеңінен таныс [53].

1995 жылы 24 наурызда Н.Ә. Назарбаевтың «Ортақ үйімізде татулық пен келісім болсын» деген алғаш рет өткен Қазақстан халықтарының Ассамблеясының сессиясындағы баяндамасына тоқталатын болсақ Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күресіп келді. Өзінің таңдаулы қасиеттерінің, қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілікте, келісім мен тату көршілікте тұруға деген ынта-ықыласының арқасында тарихтың тұңғиығына батып кетпей, ондаған жылдардан кейін өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды. Өз басына түскен барлық қиындықтарға қарамастан туған халқының болашағын қамтамасыз етіп, тілін, мәдениетін, дәстүрлері мен бостандық сүйгіш қасиеттерін сақтай білген бабаларымыздың көптеген ұрпақтарына құрмет көрсеткеніміз жөн. Осының бәрі сайып келгенде Қазақ мемлекеттігінің қайта қалпына келуіне қол жеткізді [54].

Уақыт сынынан өте білген қазақ халқының басқа да күрделі тарихы бар. Қазір ол Қазақстанда тұратын барлық халықтарға біздің бірлігіміздің түп-тамырын жақсырақ түсінуіне көмектесіп, кез келген тарихи кінә артуларға жол бермеуге тиіс. Өйткені өткенге көз сала отырып болашақты көре білген жөн. Біздің ұрпағымызға жауапты міндеттер жүктеліп отыр — балаларымыздың игілігін сақтау, қайта қалпына келген мемлекетімізді нығайту және өркениетті дүниежүзілік қоғамдастықтың талаптарына сай келетін сапалық жағынан жаңа деңгейге көшу міндеті тұр. Біздің әрқай-сымыз және баршамыз туған еліміздің болашағына деген жауапкершілігімізді сезінуіміз керек.

Ал мұның өзі өткенді есте сақтай отырып, болашаққа көз жүгіртуді, басқа халықтармен тату және жарасты емір сүруді, олардың мәдениетін, дәстүрлерін, салттарын құрметтеуді білдіреді. Қазақтар "Береке басы - бірлікте" деп тегін айтпаса керек [55].

Ассамблеяны құру бастамасы қоғамымыздың қойнауынан туындап отыр. Соған сәйкес республикада үлкен дайындық жұмысы жүргізілді. Облыстарда кіші ассамблеялар құрылды. Қазақстан халықтары Ассамблеясының бірінші сессиясы өткен жолға және болып жатқан қоғамдық-саяси процестерге талдау жасау, ұлттық саясатты жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын белгілеу үшін шақырылды. Бұл үшін республиканың барлық азаматтарының мүдделерін білдіретін сіздермен кең сұхбат жасап, кеңесу қажет. Қоғамдық тұрақтылықты қалай сақтап, нығайту, келесі Парламент сайлауына дейінгі кезеңде істі қалай жүргізу, қоғамды реформалауды қалай тездету керек екені жөніндегі сұрақтарға жауап беру біздің алдымызда тұр. Халық бұл туралы күмәнді көздерден емес, мемлекеттік саясатты таңдап жасаумен және жүзеге асырумен тікелей айналысатын ең білікті көздерден, бүгінгі таңда сіздермен бірге жұмыс істеп отырған өкіметтен білуге тиіс.

Біз қазірдің өзінде жолдың екі қиын кезеңінен өтіп, дағдарысты жағдайды өзгертудің алдында, өрлеудің қарсаңында тұрмыз деп айта аламыз. Алайда, өткеннің, қазіргі кезеңнің және болашақтың бір-бірімен өзара байланысты және бір-бірінен туындап жататыны соншалықты өзіміздің тарихи тәжірибемізді және басқа мемлекеттердің тәжірибесін ой елегінен өткізбейінше нақты он өзгерістерге қол жеткізу өте қиын.

Қазіргі әлемнің этникалық проблемалары Адамзат өркениеті - халықтар мен мемлекеттердің тарихи аренаға келуінің, гүлденуінің және одан кетуінің үздіксіз құбылысы. Көбіне бұл процесс ғаламдық сипатқа ие болады. Тек XX ғасырдың өзінде ғана кем дегенде осындай маңызды оғиғалар үш рет болып өтті: ең алдымен бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең. Мұнда бірқатар империялардың күйреуінің нәтижесінде егемен мемлекеттер - Австрия, Чехословакия, Югославия, Венгрия, Польша, Финляндия және басқалары құрылды. Жаңа мемлекеттердің пайда болуының екінші толқыны ұлт-азаттық қозғалыспен және колониализмге қарсы күреспен байланысты. Сол кезеңде, 50-60-шы жылдардың шегінде кейбір бұрынғы колониялар сол кездегі шекараларды қайта қарауды талап етіп, күштеу тәсілдерін қолдануға әзір екені туралы ашық жариялады. Сөйтіп, Сомали мен Эфиопияның, Гана мен Тоганың, Үндістан мен Пәкістанның, Марокко мен Алжирдің және басқалардың арасында территориялық таластар пайда болды. Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін және 90-шы жылдарға дейінгі кезеңде елуден астам территориялық жан-жалдар болып етті, сөйтіп 15 миллион адам соның құрбанына айналды [56].

Көптеген елдерге тән этникалық сан алуандылық жағдайында этникалық шептерге сәйкес мемлекеттік шекараларды белгілеу жөніндегі әрекеттер жас мемлекеттердің өмір сүруінің өзіне қауіп төндіретінін уақыт пен қасіретті тәжірибе түсінуге мәжбүр етті.

Тәуелсіз мемлекеттердің шекаралары мен территориялық біртұтастығының мызғымастығы жөніндегі тұжырым біртіндеп белен ала бастады. Мұның өзі территориялық ұлтаралық соғыстардың ащы тәжірибесі халықаралық қоғамдастықтың осы саладағы мүмкіндіктерінің шектеулі екенін айқын көрсетіп отыр. Өкінішке орай, біз нәзік те тұрақсыз әлемде өмір сүріп отырмыз. Осы айқын шындықты басшылыққа ала отырып, өз елімізде жанжалдардың пайда болуына ешқандай жағдайда да жол бермеуге тиістіміз. Әйтпесе сырттан көрсетілетін қандай да көмектің еш қайраны болмайды. Сондықтан осындай қайшылықтарды жоюдың тұтқаларын өзіміз талдап жасауымыз кажет [57].

Д.И. Менделеев өз кезінде жердегі зұлымдыққа жауап беретін космостың, "әлемдік эфирдің" бар екені туралы айтқан болатын. ¥лы ғалымның айтқаны дұрыс. Өйткені, кінәсіз адамдардың қаны төгіліп жатқан мемлекеттерде ең ауыр табиғат апаттары болып жатады.

Қазақстан тарихының тағылымдары бұрынғы КСРО-да жүргізіліп келген лттық саясатты зерттеу және ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Егер бүгінгі таңда кеңестік заман біржолата өткенге айналып, біз оны жеткілікті дәрежеде жақсы білеміз деп ойласақ- қателесер едік. Біздің тарихи түсініктеріміз, әсіресе жаппай сана деңгейіндегі түсініктеріміз объективті емес, үзік-үзік екенін, көптеген тұрпайы социологиялық сүзгілерден өткізілгенін мойындауымыз керек. Міне, осыдан барып тұжырымдаудағы үшқарылықтар - - "Ақтаңдақтарға" тек қана қара бояу жағудан бастап, таяудағы өткенді мінсіз етіп көрсетуге дейін орын алды. Осының екеуі де жаңарып жатқан қоғам үшін бірдей қауіпті, өйткені адамдардың наразылығын туғызғаннан басқа ештеңе де бермей, олардың жауапты шешімдер қабылдауына бөгет жасап, неше түрлі саяси жалдаптықтың негізіне айналады. Оның үстіне демократиялық институттарды енгізудің өзі жағдайды өздігінен түзеп, ұлтаралық қатынастардың проблемаларын шешеді деп есептеу қате болар еді [58].

Бүкіл кеңес тарихы халықтардың құқықтары сан рет бұзылғанын және тікелей геноцид фактілерінің орын алғанын көрсетеді. Бұл миллиондаған азаматтар қаза тапқан 20-30-шы жылдардың аштығы. Қазақтардың саны жартысына дейін кеміді, орыс және басқа халықтар миллиондаған адал еңбеккерлерінен, білімді де кәсіпқой адамдарынан айырылды. Көптеген ұлттардың гендік қорына нұқсан келтірілді. Бұл мәдениеттің, ғылымның, әдебиет пен қоғамдық ойдың ең таңдаулы өкілдерін жаппай қуғынға салу мен ату болды. Бұл халықтарды жаппай күштеп көшіру мен ұлттық құрылымдарды жою болды.

Ойластырылмаған экономикалық саясаттың және "ғасырлар жобаларын" жүзеге асырудың салдарынан шын мәнінде Қазақстанның бүкіл территориясын қамтыған елеулі экологиялық апаттар орын алды. Әскери ведомстволардың қызметі зор зардаптарға әкеліп соқты. Мұның біз үшін Семей полигонының проблемасына, Арал теңізінің, Возрождение аралындағы биополигонның, Батыс және Орталық Қазақстандағы полигондардың қасіретіне айналды. Мұндай саясат кәдімгі қарсылықты туғызды. Ол кей жағдайда қоғамдық игіліктің, ұлттық құндылықтарды қорғау жөніндегі ашық әрекеттерге де ұласты. Бұлардың түпкі мақсаты шынайы үлттық теңдікке жету болатын [59].

80-ші жылдардың соңында елеулі дәрежеде шиеленіскен ұлттық қатынастардағы қарама-қайшылықтар халықтардың сана-сезімін ұзақ жылдар бойы қанаудың нәтижесінен туған болатын. Нақ осы сала қоғамдағы толғағы жеткен проблемалардың бүкіл тереңдігін көрсеткен неғұрлым сезімтал барометр болып шықты. Мұның өзі бірқатар республикалардың тоталитарлық системаға ашық қарсы тұруына жағдай туғызды. Осы кезеңде халықтардың ұлттық-мемлекеттік теңсіздігі аса үлкен мемлекеттік саяси бөлінуінің басты негізіне айналды. Ол халықтардың нақты мемлекеттік егемендікке қол жеткізуге деген етене ұмтылысына төтеп бере алмады. Біз болған оқиғалардан тағылым алуымыз керек. ¥лттық саясатты жүргізе отырып, біз Қазақстан халқының ұлттық құрамын және жеңіл де оңай өте қоймаған оны құрудың процесін ескеруіміз керек. Сарапшылардың бағалауы бойынша, шаруалық отарлау барысында революцияға дейінгі кезеңде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам келген. Коллективтендіру кезінде КСРО-ның орталық аудандарынан Қазақстанға 250 мың конфискеленген шаруалар жер аударылды. Соғыс алдындағы жылдарда өнеркәсіп құрылысы үшін елдің барлық түкпірлерінен, әсіресе еуропалық бөлігінен 1 миллион 200 мың адам көшірілді [60].

Қазақстанға әр жылдарда 800 мыңға таяу немістер, 18,5 мың корейлердің отбасы, 102 мың поляк, Солтүстік Кавказ халықтарының 507 мың өкілдері зорлықпен көшірілді. Қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен басқа да халықтардың өкілдері Қазақстанға өз еркімен келген жоқ. Халықтарды күштеп көшірудің салдарынан республика халқы 1 миллион 500 мың адамға көбейді жүмыс күшін "ұйымдастырып жинауын" және біздің республикаға өз бетімен көшіп келгендерді есептемегеннің өзінде атап өтеміз.

Қазақстан басшылығы конфессиялардың жоғары басшыларымен ізгі өзара құрметке толы қатынасы қалыптасты. Олардың ешқайсысына да артықшылық берместен, біз барлық дінге сенушілердің қажеттері мен талаптарына жауап беруге тырысамыз. Осындай жақсы қарым-қатынас аймақтық деңгейге де орнатылса жақсы болар еді [61].

Сондай-ақ, білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын әзірлеу қажет. Бұл салалар аса шетін бюджеттік тапшылық жағдайына тап болып, өздерінің өмір сүруі үшін күресуге мәжбүр болып отыр. Өйткені бұл экономика салалары емес, қайта азаматтардың тұрмысын қамтамасыз ету саласы болып табылады. Ал ол қоғамдағы әлеуметтік-психологиялык ахуалға тікелей әсер етеді. Білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін реттейтін қазіргі заңдарға өмірдің өзі талап етіп отырған өзгерістерді енгізетін кез жеткен сияқты.

Ұлттық мәдениет саясатының нысандарын елеулі түрде жаңарту жұмысы алда тұр. Сіздер өз ұлттық мәдениет-теріңізді, дәстүрлеріңіз бен салттарыңызды насихаттай отырып жүргізіп жатқан жұмыстарыңыз біріктіруші бастау қызметін атқаратыны сөзсіз. Алайда, қазір тек қана эстетикалық тәрбие берумен, мәдени-бұқаралық шаралармен ғана шектеліп қалуға болмайды. Мәдениетті дамыту проблемаларымен кешенді түрде айналысу керек деп ойлаймын, бұл орайда ұлттық білім беруді, ұлттық бұқаралық, ақпарат құралдарын да, ұлттың жалпы интелектілік әлеуетін де түсіну керек [62].

Кеші-қон проблемалары туралы аз айтылып жүрген жоқ.Өкінішке орай, біздің отандастарымыздың республикадан сыртқа кетіп жатқанын жоққа шығаруға болмайды.

«Өткенді саралау және қоғамды одан әрі демократиялық жолмен реформалау» Қазақстан халықтары Ассамблеясының екінші сессиясындағы баяндамасында өз табиғатымнан реалист бола отырып, Президенттің өкілеттігін 2000 жылғы желтоқсанның 1-іне дейін ұзартуды қолдаған адамдардың тұрақтылық, ұлтаралық және азаматтық келісім үшін дауыс бергенін мен жақсы түсінемін. Тұрақтылық пен келісімді біз Қазақстанда қантөгісті жанжалдарға жол бермей сақтап келеміз [63].

1992 жылы "Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясында", сондай-ақ 1993 жылғы "Қоғамның идеялық бірігуі - Қазақстан дамуының кепілі" деген еңбегімде жариялаған басты мақсаттарым өзгеріссіз қала бермек. Осы басым бағыттары:

- реформаларды ойдағыдай жүзеге асырудың сөзсіз саяси шарты ретінде тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты қамтамасыз ету;

өзінің барлық азаматтарының жеткілікті әл-аукат дәрежесін қамтамасыз ететін қоғам құру;

- Қазақстанның этникалық ерекшелігін дамыту мен ұлттық-мәдени сан алуандығын сақтау;

- демократиялық өзгерістерді тереңдету, саясатта алуан пікірлікті қамтамасыз ету;

-адамның еркіндігі мен құқықтарын сақтау, дүниежүзілік экономикада бекем шептерге ие болу негізінде Қазақстанның дүниежүзілік коғамдастықтағы лайықты беделін қалыптастыру;

- Қазақстанның мемлекеттік құрылымын президенттік сипаттағы демократиялық республикаға айналдыру.

Біз осы бағытта жоспарлы түрде ілгерілеп келеміз. Мен осы жиында жағдайды өзімнің қалай керіп отырғанымды баяндап, қоғамдық өмірдің басты салаларында референдумның қорытындыларынан туындайтын саясатты дәлелдеп, республикада демократиялық құқықтық мемлекеттің берік іргетасын ең жақын арада қалап шығу үшін жүзеге асырылуға тиісті жоспарлармен таныстырып өтпекпін. Әңгіме, ең алдымен, нарықтық даму мен мемлекеттік құрылыстың стратегиясы туралы болып отыр.

Мемлекеттілік: қалыптасу проблемалары

Қазақстан қазір ТМД-ның барлық елдеріне тән күрделі, өтпелі кезенді бастан кешіп отыр. Бұл халықтардың біртұтас мемлекетте бірлесіп өмір сүруінің дәстүрлеріне, ортақ қасиет пен саяси мәдениетке, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді біртұтас халықшаруашылық кешені шеңберінде шешу дағ-дысына, еңбекті бөлу мен өндірісті мамандандырудың жаңа денгейінің жоқтығына байланысты.

Бүгінгі танда бұған тоталитарлық қоғамның шығатын төте және қысқа жолдың жоқ екені белгілі болды, "Революциялық" шырқауда тарихтың объективті заңдары ұмыт қалдырылды.

Мемлекет аралық интеграцияны тереңдету, егемендікті нығайту және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда сәуірдің 29-ында Президенттің өкілеттігін ұзарту жөнінде жалпы халықтық референдум өткеніне тура бір жыл болды. Ал одан төрт айдан кейін еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде референдум өтті. Осы екі тарихи оқиғаны Қазақстан халықтарының Ассамблеясы өз шешімдерімен қолдады.

Сондықтан бүгінгі күннің аса маңызды мәселелерін талқыламастан бұрын мен барлық қазақстандықтарды осы сессияға қатысып отырған, сондай-ақ республиканың барлық өңірінде жұмыс істеп жүрген Қазақстан халықтары Ассамблеясының барлық өкілдеріне біздің еліміздегі саяси және құқықтық жағдайды өзгерткен 1995 жылғы тағдырлы талайлы күндерде қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді [64].

Біздің интеграция проблемалары жөніндегі берік айқындамамыз елдегі ішкі саяси тұрақтылықтың арқасында ғана мүмкін болып отыр. Міне, сондықтан да Қазақстан интеграциялық қиялға да немесе интеграциялық шамшылдыққа да бой алдырмай, керісінше байыпты да нақты тұрғыдан кез келген келісімге көзқарасын білдіруде.

Ақыр соңында, сыртқы жағдайды да ескерген жөн. Әр түрлі себептерге байланысты Ресейдегі сайлау алдындағы тайталастар, жоғары деңгейде, соның ішінде Мемлекеттік Дума деңгейінде қабылданылып жатқан президенттік сайлауға бағытталған шешімдер Қазақстандағы қоғамдық көңіл-күйге ді әсер етуде. Егер біздің республика сайлау аламанының қыз- ған шағында болатын болса, онда КСРО-ны қалпына келтіруге жанталасып жүргендер көңіл-күйді барынша ұшықтыра түсу үшін осы жағдайды толығымен пайдаланып қалар еді.

Конституция биліктің барлық тарамдарының, азаматтық қоғам мен мемлекет институттарының қарым-қатынастарының қазіргі заманғы негізін шын мәнінде қалады.

Осының бәрі зор маңызы бар мәселелер, ал ең бастысы біздер кезінде нарықтық және үлттық мемлекет құрылысы үшін құқықтық іргетасты қалай білгенімізге байланысты. Мемлекеттік-құқықтық реформа бойынша осы ілгерілеуде қарқынды жоғалтып алсақ, ол бүгіндері аса қиын іске айналар еді, егер құқықтық саладағы өзгерістер жаңамалай және бірден ықпал етпейтін болса, ал экономикадағы жағдай миллиондаған біздің отандастарымыздың тұрмысынан бірден көрінеді [65].

Қазақстан халқының азаматтық таңдауы-тарихи зерде, ұлттық татулық және демократялық реформаларының төртінші сессиясындағы баяндамасы оның тарихында тұңғыш рет осындай басалқалы басқосу өткізіліп отырған болар, оған қатысушылар елімізді мекендеген барлық ұлттардың, демек, көп ұлтты Қазақстанның күллі халқының мүддесін білдіреді. Осы жағдаят жаңа астана республиканың қоғамдық-саяси өмірінің шынайы факторына, ал бұл ретте ұлтаралық қатынастарды одан әрі тұрақтандырудың өзіндік құралына айналуының айқын куәсі.

Қазақстанда ынтымақтастық жайлы келісім жасалды. Осы құжатқа қол қойған барлық партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық-мәдени орталықтар азаматтық татулықты сақтау кепілдері рөлін мойнына алды, ал Ассамблеяның өзі Қазақстан қоғамында айрықша сындарлы рөл атқарып отырған бедсенді қоғамдық институт мәртебесін қуаттап берді [66].

Осы проблеманың келесі бір қырының маңызы да бұдан кем емес. Егер Ресейде сол кезде қалыпты эволициялық процестер бел алғанда, онда Еуразия кеңістігінің барлық елдерінде ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы жарты ғасыр ертерек басталатын еді. Өзіміз тап болған тарихи артта қалушылық кезеңі - уысымыздан шығып кеткен ұлттық мүмкіндіктің тікелей салдары екенін біздің айқын түсінуіміз керек. Режимнің кесірінен қолымыздан шығып кеткен мүмкіндік. Бұған кәсіпқой тарихшылар жақсы қанық. Бірақ осы қарапайым ақиқаттың бағамы бұқара санасына сіңуге тиіс.

Қазақтар да, орыстар да, украиндар да, өзбектер де, қай жағынан болсын, анау индонезиялықтардан немесе филиппиндіктерден кем түспейді. Олай болса, күллі Оңтүстік-Шығыс Азияда немесе сонау Мексикада орын алған соңғы жылдардың ғажап жетістіктерін немен түсіндіруге болады? Ұлттық психологияның тылсым сырына сілтейміз бе? Жоқ, тіпті де олай емес. Ақылды немесе ақымақ халық болмайды. Біздің артта қалуымызды жалғыз ғана коммунистік идеологиясы бар тоталитарлық режимнің саяси және әлеуметтік-экономикалық сипаттамасымен түсіндіруге болады [67].

Ұлттық келісім- Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі баяндамасында бұрынғылар: "Көпірге жетпей жатып, одан өттім деме" деген екен. Ассамблеяның рөлі, ең алдымен, көп үлтты елімізде бейбітшілік пен татулықты сақтауға саяды.

Біріншісі - ұлттар арасына жік түсу қатері. Мұндай әрекеттерді бәз біреулердің жасағаны сіздерге мәлім.

Екіншісі - ұлттың өз ішіне жік түсу қатері. Бисмарктың іс жеңілгендерге жыласын деп, көз жасын ғана қалдырамыз деген қанқұмар қағидасын ұстанудан біз аулақпыз.

Арабтардың 1948 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін өзара соғыс бастауы, өз ішінде бөлшектенуі бұған мысал бола алады. Тарихтан тағылым алмағандар өтемін өз қанымен төлейді.

Барлық азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ететін тәуелсіздік пен қуатты мемлекетті сақтап қалу ұлттық татулықты сақтап қалу арқылы ғана мүмкін болатынын біз айдай ақиқат деп тануға тиіспіз. Сондықтан да біздің бүгінгі сессиямыздың арқауы: "ұлттық келісім — Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі". Бүл әлдебір тылсым формула немесе саяси қалып емес, бұл шын мәнінде біздің ішкі саясатымыздың өзегі. Бірақ ол күн сайын нақты да көрнекі әрекеттермен толығып отыруға тиіс.

Қазақтардың ішкі ұлттық тұтастығының маңыздылығы тарих сабақтарынан ғана туындап отырған жоқ. Мен халықтың даналығына тағы да көз жеткіздім. Өйткені адамдардың нақты таңдауы, нақты мінез-құлқы кез келген теориялық үлгіден әлдеқайда маңызды да нанымды. Мұның өзі кейбір кертартпа кесірлерді қатты мазалайтын, алайда олардың не экономикада, не саясатта терең негізі жоқ, қазақтың рулық жікшілдігі, жеңістік бермес кереғарлығы мен басқа да этнографиялық ерекшеліктері жайлы қайдағы бір өмір шын-дығына жанаспайтын толғаныстарынан әлдеқайда маңызды [68].

Қазақстан халықтары Ассамблеясының даму стратегиясы: Ұлттық келісім, қауіпсіздік, азаматтық бітімде ұлттық бітімгершілік, қауіпсіздік және азаматтық Қоғамның көкейкесті сұрақтары қазір бәрімізді толғандырып отыр. Қазақстан халықтары Ассамблеясының әрбір сессиясы елдің қоғамдық-саяси өмірінде таңбаланып қалатын құбылысқа айналып келеді. Бұл орайда бүгін біз уақыт алға тартқан сауалдарға жауап қайтаруға, Ассамблеяның таяу болашақтағы қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттерің дәлелдей түсуге тиіспіз [69].

Сессиялар жұмысының Ассамблея мүшелерімен қатар мемлекеттік биліктің барлық буындарының басшылары, министрлер мен әкімдер, діни және қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, көрнекті ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері ұдайы қатысып келеді. Мұның өзі біздің Ассамблеямыз дамып келе жатқан қазақстандық демократияның басты институттарының біріне айналғанын көрсетеді. Осынау қоғамдық институтқа ең маңызды міндет - елдегі халықтар достығының, келісім мен азаматтық бітімнің сақтаушысы болу міндеті жүктелген. Мұның өзінде де ол өзі өмір сүрген жеті жылдың ішінде, әу баста кейбіреулердің болжағанындай, парламенттік институттарды алмастырып кеткен жоқ. Сонымен қатар, этностық топтарға бақылау жасайтын төрешілдік тетікке де айналудан аман қалды.

Халықтар Ассамблеясы Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бір белгісіне айналды, ол барлық этностардың мүдделерін бір арнаға тоғыстырады, ұлттық тегіне қарамастан барлық азаматтардың қүқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етеді.

Халықтар Ассамблеясы өз дамуының Стратегиясын айқындады. Әрине, тың игеру жылдарында экологиялық және экономикалық сипаттағы қателіктер аз болған жоқ, үлттық мәселелерде бірқатар асыра сілтеулерге жол берілді. Алайда, бір даусыз нәрсе бар: тың эпопеясының плюстері мен минустерін салыстыруға келмейді.

Дәл осы тыңның игерілуі жарты ғасыр бұрын Қазақстанда ауылшаруашылық өндірісін дамытудың серпінді ұмтылысындағы шешуші шарт болды. Қазір біз ауылды өркендетудің үш жылдық бағдарламасын іске асырудамыз. Сондықтан да қазір тың еңбеккерлерінің тәжірибесінде болған барлық құнды нәрселерді пайдалану маңызды. Ауылдағы ахуалды нақты жақсартып, ауыл шаруашылығын Қазақстан экономикасының дамыған секторына айналдыру үшін көптеген күш-қуатымызды жұмылдыруға тиіспіз. Көпұлтты ауылдың проблемаларына бүгінде Ассамблея, ұлттық-мәдени орталықтар тарапынан жіті назар талап етіледі [70].

Сарайдың ансамблі жүз отыз халықтың өкілдері тыныштық пен келісімде өмір сүріп жатқан еліміз халық бірлігінің өзіндік белгісі болады.

Онда Қазақстан халықтары Ассамблеясының, республикалық ұлттық-мәдени орталықтардың штаб-пәтерлері орналасады. Ғимараттар кешеніне мешіт, шіркеу, синагога, буддалық храм кіреді.

Кешенді жобалау кезінде еліміздегі қазақ және басқа халықтардың ұлттық та, сол сияқты діни де сәулеттік ерекшеліктерін ескеру өте маңызды болады [71].

Бұл идеяның жай нышандық қана сипаты емес, оның зор тәжірибелік маңызы бар. Соңғы жылдары Қазақстанда маңызды халықаралық шаралар, соның ішінде мемлекет басшыларының саммиттері, бүкіл әлемнен саясатшыларды, бизнесмендерді, ғылым мен мәдениет қайраткерлерін жинайтын өкілетті конференциялар өткізіліп жүр.

Сондықтан да Еуразияның кіндігінде салынған Мәдениеттер мен діндер сарайы мемлекеттер мен халықтардың өзара ықпалдасуының бір орталығына айналуы тиіс. Уақыт өте келе осы Сарайдың негізінде біз бірегей жаңа құрылым. Өркениеттер университетін құра алар едік деп білемін. Онда Әлемдік діндерді, теологияны, өркениеттер мен мәдениеттер тарихын оқитын мамандар даярлауға болар еді. Бізге экономистер мен заңгерлер ғана емес, сонымен бірге жаһандық тұрғыда ойлай алатын осы заманғы тұрпаттағы гуманитарийлер де керек.

Үкіметке Астананың сол жағалауы бөлігінде Мәдениеттер мен діндердің Еуразиялық сарайын жобалауға және келесі жылы құрылысын бастауға байланысты барлық мәселелермен айналысады. Бұл тарих негізінен сенімді өркенді дамудың хронологиясы. Мәселе тіпті де экономиканы, әлеуметтік сала мен саясатты өзгерту жөніндегі ұлан-ғасыр жұмыста емес. Бұл біздің болашаққа бағытталған ұлан-ғайыр қадамымыз және бүгінгі күнге деген сенімнің қайңар көзі. Және осының бәрі ұлтаралық татулық пен келісімге негізделген. Бейбітшілік дегеніміз - бұл оқтың әлдеқайда басқа жерде атылып жатуы дейді екен [72].

<h4>Қорытынды

«Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді дана халқымыз. Ел бірлігі мен ішкі саясат тұрақтылықты нығайтқаннан кейін біз алыс-жақын көршілерімізбен дәл осындай өзар тұрақтылық пен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнатып, мемлекеттік шекара мәселесін біржола және түпкілікті түрде шешілді. Бұл біздің әлем алдындағы беделімізді бұрынғыдан да биіктете түсті [73].

Дүниеде ең қымбат қазына бейбітшілік болса керек себебі, тыныштылық жоқ жерде ұшан-теңіз байлығыңыз да, әлемді ойындатқандан тиынға татымайды.

Жалпы қазақстан тек қана қарқынды дамып келе жатқан экономикасымен ғана көзге түсіп отырған жоқ. Еліміз ұлттар татулығын сақтаудың жаңаша үлгісімен де әлем назарына ілікті. Мұндағы жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері күні бүгінге дейін ешқашан бір-біріне қабақ ашып көрген жоқ. Бәлкім кейбіреу Қазақстандағы ұлтаралық татулықтың бастауын кеңестік интернационализм идеясын тіреуі жұмыстар жүргізіліп, дұрыс саясат ұсталып келеді. Бір ғана Қазақстан халықтары Ассам­блеясын құрудың өзі біраз жайды аңғартады. Бұл барша ұлттардың рухани, мәдени құндылықтарын сақтап, тіл мен дінін ұстануға мүмкіндік жасап отыр. [74]

Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы- мәдени-ағартушылық,тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту мен насихаттау және тәрибелік-қазақстандық, ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыратын негізгі ұйым. Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.

Одақ құлағаннан кейін бұрынғы республикалардың барлығы ұлтаралық қақтығыстар шегінде қалды. Сол себепті 130 ұлт өкілі тұратын Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың маңызды екендігі әр кімге де түсінікті. Қазақстан бұдан өтіп, тұрақтылық пен халық бірлігін сақтап қала алды.

Бұл үкімет пен барша қоғамның бар күшін әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге жұмылдыруға, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел басында туған әлеуметтік дағдарыс пен экономикалық құлдырауды жеңіп шығуға жол ашты.

Бүгінде Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері зор екендігіне, әлеуметтік проблемаларды шеше алатындығына, қоғам өмірін демократиялық принциптерге сай құра алатындығына біздің көзіміз әбден жетті. Үй жылу, зейнетақы мен еңбек ақыны уақытында төлеп отыру, жаңадан іске қосылған өндірістік өнеркәсіптер, нарықтағы молшылық, және жаңадан ашылып жатқан әлеуметтік нысандар, жұмыс орындары – бұлардың барлығы үйреншікті болған.

Мемлекеттің жеткен жетістіктерінің барлығы қоғам тұрақтылығы, өзара түсініспеншілік пен ұлтаралық келісім жағдайында жүзеге асырылды. Біра бұның өзіне де оңай қол жеткізбейміз ғой. Келісім мен бейбітшілікті сақтау орындаушы биліктің бірлесе жұмыс істеуі, қажырлы еңбегі, зор күш жұмсауы арқылы, олардың қоғамдық бірлестіктер, діни конфессиялармен өкілдерімен тығыз байланыста болуы арқасында мүмкін болды.

Бұл жерде Ел Президенті ұсынған ұйым Қазақстан Халықтары Ассамблеясының маңызы зор. Ассамблея құрамына Қазақстанда тұратын көптеген диаспоралардың, түрлі діни бірлестіктердің өкілдері кірген. Олармен үнемі жүргізіліп отыратын келіссөздер, ой бөлісулер, әр ұлт өкіліне өз тілін, мәдениетін жасауға берілген мүмкіншіліктер Қазақстан қоғамына тек қана оң ықпал жасады, ұлтаралық достық пен келісімге жағдай жасады.

Ұлт мәселелерін дұрыс шешу Қазақстанға халықаралық қауымдастықта лайықты орын алып, әлемдік өркениеттің жаңа көкжиегіне шығуға мүмкіндік туғызады. </h4>

Дүниенің төрт бұрышында ұлтаралық, дінаралық қақтығыстар толастамай тұрғанда біздің осындай береке-бірлігіміз өзге елдерге үлгі -өнеге ретінде ұсынылып, әлемдік дін лидерлерінің екі бірдей съезі қазақ жерінде өтті. Күні кеше ғана дүниенің төрт бұрышына бірдей айқара құшақ ашқан бүгінгі Қазақстанның символыдай болған дәл осы сәулетті ғимаратта бас қосқан ислам, христиандық, Яһуди, будда және басқа дін өкілдері біз ұстанған оы саясатты ұлтаралық татулық пен дін аралық келімсімнің әлемдегі ең үздік моделі ретінде бағалап, қазақстанды дүние жүзіндегі бейбітшілік пен келісім аймағы деп жариялады. Туған отанымыздың бүкіл әлем алдындағы тұғырын биіктетіп, туын желбіреткен осы тұрақтылыққа Қазақстан халықтары ассамблеясының қосқан үлесі аса зор.

Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе- мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл- бұл отан бастау алатын ту, елтаңба әнұран секілді дәл сондай нышан және елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Тәуелсіздіктің барлық жылдарында бүкіл посткеңестік кеңестіктер ең либералды тіл сясаты жүргізілді [75].

Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – этносаралық ықпалдастықтың басты тетігі.