Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhedel_otvety_Ulya_1.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643 Кб
Скачать
☆

45. Жақтаулар, жақтауды салудың негізгі ережелері.

Жақтаулар — алдын ала мақта немесе басқа матамен оралады; жақтаудың бір бөлігін киім үстінен (соғыс немесе қыс кезінде) салады, оның астында жараға салынатын стерильді таңғыштар қалады.

Дененің ашық жерлерін де мақтамен орауға болады. Мақтамен оралған жақтау үстіңгі жағынан дәкелі бинтпен бекітіледі, оны қол-аяқ формасы мен көлемі бойынша бүгіп салу керек (ол үшін өзіне немесе басқа сау адамға салып көру қажет). Дайын жақтауды бекіту (бүгіліп, мақтамен оралған) дәкелі бинтті ал ол қолда болмаған кезінде — үшкіл орамалды, орамалды, ішкі киім етегін, жіп-арқанды, бау-белдікті қолданумен жүзеге асырылады. Бұл кезде қол-аяқ физиологиялық жағдайға келтіріледі. Аяқтың сынуы кезінде жақтау (тасымалдағыш) аяқтың түзеЖақтауды салудың негізгі ережелері: сүйектің сынуы кезінде кем дегенде сынған жерге жақын жатқан екі буын оралатындай етіп жақтауды салу керек (яғни сынақтан биік және төмен).

Мысалы:

•балтыр сүйектерінің сыну кезінде — тізе және аяқ басы-балтыр буындарын орап алу;

•иық сүйегінің сынуы кезінде — иық, шынтақ және кәріжілік білезік буындарын орап алу;

•жамбас сүйегінің сынуы кезінде — жамбас, тізе және аяқ басы, балтыр буындарын орап алу.

Қол немесе аяқ басы саусақтарының ұштарын (егер олар закымданбаса) таңғыштан бос қалдырады (қол-аяқтың қан айналымын тексеру үшін);

Қолды иммобилизациялау үшін сым темір гипс сатылы жақтаулар (крамер), фанер және картон жақ таулар, үшкіл орамалмен байлау және т.б. қолданылады; аяқ үшін — дитерихс арнайы тасымалдағыш жақтауларын (ағаш) немесе бірнеше үлкен сатылы крамер жақтауы қолданылады.

Бас сүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйектері, қол-аяқ сүйектерінің сынуы кезіндегі алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдері (иммобилизацияның табельді және қолда бар құралдарын пайдаланумен).

Бұғана сынғанда: сынған жерді басып көргенде, ондағы майысулардың болуы байқалады. Жәрдем көрсету кезінде қолтық астына мақта немесе дәкеден жасалған тығыз қалтқы қойылып, сосын зардап шегушінің қолын шынтақ буынынан бүгеді, иық сүйегін денеге қатты қысып тұрып, оған қолды мықтап бинтпен орайды немесе үшкіл орамалмен бекітеді.

Қабырға сынғанда: тура (жоғарыдан құлағанда, соққы тигенде) және тура емес (кеуде клеткасы қысылғанда) жарақаттар нәтижесінде пайда болады. Бір уақытта қабырғадағы өкпе қабы, қабырғааралық тамырлар мен жүйкелер, кейде өкпе, бауыр, көк бауыр да зақымдануы мүмкін. Қабырғаның өткір сынықтары өкпеге закым келтіріп, пневмоторакс пен ішке қан кету дамуына ыкпал етуі мүмкін.

Иммобилизация — барынша дем шығару кезінде кеуде клеткасына нығыздалған айналма таңғыш салу. Ауру сезімі мен жөтелді азайту үшін промедол және кодеин қолданылады. Көптеген сынықтар, ішкі органдардың закымдануы, пневмоторакс және жарақаттың тұншығу кездерінде жартылай отырған жағдайға тасымалданып, емдеу мекемесіне жіберіледі, зардап шегушінің жағдайы бақыланады.

46. Шоктың пайда болу себептері және оның ауырлық кезеңдеріне сипаттама. Әр түрлі зақымдану кездерінде шоктан сақтандыру аса маңызды. Бұл жерде жоғарыда айтылған шоктың дамуына жағдай жасайтын барлық факторларды ескерген жөн. Кез-келген жарақат (әсіресе ауыр) кезінде ауруды және қан кетуді азайту үшін барлық мүмкіндікті пайдалану қажет. Сондай-ақ, шоктың туындауына жағдай жасайтын тоңу, аштық, шөлдеу, ерекпу, қозу, толқу сияқты факторларды жою өте маңызды. Шоктан сақтандырудың маңызды іс-шаралары қатарына сынықты дер кезінде және жақсылап таңып тастау, қан кетуді тоқтату, сондай-ақ дұрыс тасымалдау жатады.

47. Жарақаттың шок ауырлығына қарай нешеге бөлінеді және сипаттамасы. Шок-ағзаның жарақатқа жауап ретіндегі күрделі реакциясы.Ол ауырсыну және рефлекторлық тітіркендіргіштіктер салдарынан туындайды.Шок кезінде орталық нерв жүйесінің жұмысы тежеледі,жүрек қан айналымы және тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылады,артерия қысымы күрт төмендейді және зардап шегушінің жалпы жағдайы ауыр болады.Жарақаттың шок ауырлығына қарай 4-ке бөлінеді.

1)жеңіл-аурудың жалпы жағдайы қанағаттанарлық бозарған,тамыр соғуы мин 90-110.Жоғарғы артериялық қысымы 90-100 мм.с.б

2)орта-аурудың жалпы күйі ауыр,бозарған,кейде мазасызданады,теріні суық тер басады,тамыр соғуы мин 110-130.Артериялық қысымы 70-85мм.с.б

3)ауыр-аурудың жалпы жағдайы өте ауыр,тамыр соғысы мин 130-160рет,санауға қиын кейде әлсіз сезілмейді,артериялық қысым 60-70мм.с.б және одан төмен

4)ақтық немесе жан таласу жағдайы-естен танады,тамыр соғысы өте әлсіз,тіпті санауға келмейді.Артериялық қысымы төмен түсе береді,тыныс алуы үстіртін және жиілей түседі.Мұндай күйде көбіне өлуге душар етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]