Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KR_kons_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70 Кб
Скачать
☆

14 Билет

1). Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент болып жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Прези-дент сайлауының баламалығын Конституция көрсетпейді. Бұл принцип Президенттің "Сайлау туралы" заң күші бар Жарлығында бекітіледі.

Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі талаптарды белгілеп берді. Мемлекеттің басшысы және жоғары лауазымды тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған болуы керек. Осыны ескере келе, Президенттікке Қазақстан Республикасының кемінде 40 жасқа толған азаматының сайлана алатындығы белгіленді. Көптеген елдерде Президенттікке кандидатқа жас шектеуі қойылмаған. Барынша кең тараған норма бойынша, Президенттікке 35 жасқа толғандар сайлана алады. Президенттікке тілек білдірген-дерге АҚШ-та, Мексикада, Австрияда, Венгрияда, Португалия-да, Ирландияда1 осындай жас шектеуі қойылған.

2). Республика Президентiнiң Парламентке қатысты өкiлеттiгi

      Республика Президентi:

      1) Парламентке және оның Палатасына кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды;

      2) Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын тағайындайды. Сенаттың тағайындалатын мүшелері өкілеттіктерінен айырылған немесе олардың өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда бір ай мерзімде шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды;

      3) сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады;

      4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды;

      5) Парламент Сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады;

      6) әдетте, Парламент сессияларын ашады;

      7) Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады, онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады;

      8) Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; егер Парламент Конституцияның 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, бір ай ішінде заңға қол қояды;

      9) Парламенттiң қарауына Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы жоба беруге хақылы;

      9-1) заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді;

      10) заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге, сондай-ақ заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға, яғни Парламенттiң осы жобаны оның енгiзiлген күнiнен бастап бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi екендiгiн бiлдiретiн ұсыныс енгiзуге құқығы бар. Осы талапты Парламент орындамаған жағдайда Республика Президентi Заң күшi бар, Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент жаңа Заң қабылданғанға дейiн күшi болатын жарлық шығаруға хақылы;

      11) Парламент Палаталарының кез келген бiрлескен отырыстарына немесе оның Палаталарының бөлек отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар;

      12) Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда Сенат немесе Мәжiлiс Конституцияда көзделген тәртiппен қабылдаған Парламент Сенатының немесе Мәжiлiсiнiң оны қызметiнен босату жайындағы өтiнiшiн қарайды, сондай-ақ Парламенттiң тиiстi Палатасы Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен Республика Президентiне Yкiметтiң осы мүшесiн қызметiнен босату туралы алғаш өтiнiш берген күннен бастап алты ай өткен соң ол туралы қайталап мәселе қойса, Yкіметтiң ол мүшесiн қызметiнен босатады;

3). Жергілікті өкілді органдардың өкілеттіктері.