Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KR_kons_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70 Кб
Скачать
☆

48)Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қаралатың мәселелер.

4-тарау. Республика Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар қабылдау

5-тарау. Конституциялық заңдарды қабылдау, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

6-тарау. Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiту тәртібі   

7-тарау. Республика Президентiнiң қарсылықтарын талқылау

8-тарау. Республика Президентiне заң шығару өкiлеттiгiн беру

9-тарау. Республиканың Премьер-Министрi мен Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауға келiсiм беру

10-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметіне сенімсіздік вотумын білдіру

11-тарау. Соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешу

12-тарау. Республиканың Қарулы Күштерiн бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн пайдалану туралы мәселелердi шешу.

13-тарау. Республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтеру

14-тарау. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiнiң ант қабылдауы. Республика Конституциялық Кеңесiнiң жыл сайынғы жолдауларын тыңдау

49)Қр Президентінің Үкіметке қатысты өкілеттіктері.

Республика Президентi:

      1) Парламент Мәжілісінің келiсiмiмен Республиканың Премьер-Министрiн қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;

      2) Премьер-Министрді тағайындағаннан кейінгі он күн мерзім ішінде оның енгізген ұсынысы бойынша Үкімет құрылымын айқындайды, Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады;

      3) Үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды;

      4) жүйелi түрде Премьер-Министрдiң Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы және оның барлық маңызды шешiмдерi туралы баяндамасын тыңдайды, оның барысында Премьер-Министр Үкiмет жұмысы туралы есеп бередi;

      5) Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдар үшiн қаржыландыру мен қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi;

      6) аса маңызды мәселелер бойынша Үкiмет отырыстарына төрағалық етедi;

      7) Үкiметке Парламент Мәжiлiсiне заң жобасын енгiзудi тапсырады;

      8) Республика Үкіметі мен Премьер-Министрі актiлерiнiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады;

      9) егер Үкiмет пен оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi жүзеге асыруы мүмкiн емес деп санаса немесе егер Парламент Мәжілісі не Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрсе, олар мәлiмдеген орнынан түсуi туралы, сондай-ақ Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшесi мәлiмдеген орнынан түсуi туралы шешiмдi қабылдайды;

      10) Үкiмет немесе оның кез келген мүшесi мәлiмдеген орнынан түсудi он күн мерзiм iшінде қабылдайды немесе қабылдамай тастайды;

      11) Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуiн қабылдамай тастаған ретте оларға өз мiндетiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады;

      12) өз бастамасы бойынша Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату, Премьер-Министр мен Үкiметтiң кез келген мүшесiн қызметтен босату туралы шешiм қабылдауға хақылы;

      13) өз актiлерiмен Үкiметке Республика Конституциясы мен заңдарында белгiленгеннен басқа атқару мiндеттерiн жүзеге асыруды жүктеуге хақылы;

      14) Республика Үкiметiне заң шығару тапсырмаларын бередi.