- •Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі.
- •3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толдырыңыз.
- •Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі. (хронологиясы, тұрақтары,еңбек құралдары)
- •Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.
- •Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Мезолит адамдарының кәсібі
- •Əбілғазы Бахадүр шығармаларының тарихи маңызы
- •1.Қазақ хандығының мемлекеттік əкімшілік құрылымы.
- •2.Қазақстанда кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •1917 Жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз
- •1.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •2)Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.
- •3.Қазақстандағы "Әсери коммунизм саясаты"мен"Жаңа экономикалық саясаттың" нәтижелерін салыстырыңыз. Әскери коммунизм.
- •Ноғай Ордасы:
- •Хх ғасырдың 60-80 жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық жағдай:
- •Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтары:
- •Қола дәуірінің ерекшеліктері:
- •Қазақ өлкесіндегі диаспоралардың қалыптасуы:
- •Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтары мен нәтижелері:
- •Моғолстан:
- •Хіх ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз:
- •Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипатта:
- •2. 1916 Жылғы көтеріліс жылдарындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі
- •3. Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •1.Билердің қоғамдағырөлі мен қызметі.
- •2.1916 Жылғы Жетісудағы көтерілістің ерекшеліктері және салдары.
- •3.1917 Жылдарықұрылғансаяси-демократиялықпартиялардыңқұрылғанаумақтарын карта бойыншабелгілеңіз.
- •2. 1916 Жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •13 Билет
- •1.XX ғасыр басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
- •2. Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен жүргізген келіссөздерінің мәні мен сипаты
- •1932—1933 Жылдардағы ашаршылық
- •Абылай хан мемелекет ( кайраткер саясатшы дипломат)
- •1916 Жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зияларының саяси көзқарастары .
- •1930 Жылдардағы қоғамдық – саяси өмір
- •1Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.
- •2.Патша үкіметінің 1916ж көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.
- •3Суреттегі оқиғаны сипаттаңыз.
- •Семей полигонының инфрақұрылымы
- •Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
- •Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
- •Суарылған ядролық темірмен
- •Невада - Семей
- •Аттила және ғұндар.
- •1917 Жылғы Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси биліктің сипаты мен ерекшеліктері.
- •Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.
- •Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.
- •1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз.
- •Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі
- •Хх ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз. Ғылымның дамуы
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз.
- •«Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.
- •1917 Жылғы шілдедегі і жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны
- •Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.
- •М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметін баға беріңіз
- •Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.
- •3.1917-1918 Жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз.
- •Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.
- •Хх ғасырдың басындағы музыка өнері.
- •Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері жайлы кестесі толтырыңыз.
- •Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы.
- •2)XIX ғ бірінші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.
- •3)Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз.
- •2) Қазақ акср інің Қазақ кср інің айырмашылығын талдап жаз.
- •3)Суретке қарап оқиғаны анықтаныз.
- •1)Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.
- •Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы.
- •Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі
- •Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз.
- •1.Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.
- •3.Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.
- •1.Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.
- •2.Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.
- •3.Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
3.Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.
Әрі лирик,әрі эпик ақын,сазгер,прозашы,аудармашы,тарихшы,философ, ғалым-зерттеуші,мәдениет қайраткері,терең ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбегі:
1911жылы жарыққа шыққан "Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі", "Мұсылмандық шарты" кітаптары.
1912ж. жарияланған "Қазақ айнасы" өлеңдер жинағы.
"Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек" поэмаларында Шәкәрім демократияшыл, гуманистік бағыттағы ақын, тарихшы, философ ретінде танылды.
Ш.Құдайбердіұлы Абайдың шәкірттерінің ішінде ең мол мұра қалдырғаны.
Араб,парсы,түрік,орыс тілдерін меңгеріп, Ыстамбұл,Париждің кітапханалары мен архивтерінде жұмыс істеді. Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне мүше болды.
Шәкәрім – қазақ әдебиетінің класигі, ұлы гуманист, кеменгер, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі. Ол Абай дәуірінен бастау алатын ХХ ғасырдың басында кең арнаға түсіп, дамыған демократиялық идеяларды, халықтың азаттығын ту ғып ұстап, ғылым мен техника жетістіктерін игеріп еркін дамуын ансаған қоғамдық қозғалыстың аса көрнекті өкілдерінің бірі.
30-билет
1.Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.
Тарих-и Рашиди – Моғолстанда өмір сүрген тарихшы, əдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулаттың еңбегі. Кітапта XIV – XVI ғасырлардағы Моғолстан тарихы баяндалады. Шығарма 1542 – 1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазылған. Кітап екі дəптерден тұрады. Алғашқы дəптерде Моғолстанды билеген Шағатай əулеті хандарының тарихы суреттелсе, екінші естелік дəптерде Мұхаммед Хайдардың Кашмирді жаулап алғанға дейінгі тарихи оқиғалары сөз болады. «Тарих-и Рашиди» – Қазақ хандығының құрылуы туралы мəлімет беретін аса құнды еңбек. Онда Жəнібек пен Керейдің Қазақ хандығының негізін қалағандығы туралы айтылады. Сондай-ақ кітапта қазақ хандарының бір ғасырға жуық тарихы да қамтылған. Қазақ тарихына қатысты жерлерін парсы тілінен орыс тіліне алғаш В.В. Вельяминов-Зернов аударды. Ал қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді. Мұхаммед Хайдар Дулат өз еңбегіне моғолдар арасына кең тараған дулат əмірлерінің аңыз-əңгімелерін, құжаттарды, əсіресе, тарихшылардың жазбаларын кеңінен пайдаланған.
2.Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ жеріндегі мерзімді баспа ісі ХХ ғасырдың басында мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты ХХ ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда елеулі дамыды. ХІХ ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петерборда редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде Міржақып Дулатұлының «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді.  Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаммеджан Сералин болды. Журанал әдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты, онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектептерге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы, Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа, қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалар да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913 -1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Әлихан Бөкейханның ауыз әдебиеті мен Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі жұмыстарына көп орын берілді.  1913 жылы қыркүйектен Петропавлда татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газет шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К.Тоғысов басшылық жасаған, апталық «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады. Маусым айынан бастап Семейде апталық басылым «Сарыарқа», Оралда «Ұран» газеті, Семейде «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Ташкентте пантүріктік және жәдит бағытындағы екі басылым – бас редакторы Мұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Ақмолада «Қазақ» газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шығып тұрды.
