- •Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі.
- •3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толдырыңыз.
- •Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі. (хронологиясы, тұрақтары,еңбек құралдары)
- •Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.
- •Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Мезолит адамдарының кәсібі
- •Əбілғазы Бахадүр шығармаларының тарихи маңызы
- •1.Қазақ хандығының мемлекеттік əкімшілік құрылымы.
- •2.Қазақстанда кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •1917 Жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз
- •1.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •2)Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.
- •3.Қазақстандағы "Әсери коммунизм саясаты"мен"Жаңа экономикалық саясаттың" нәтижелерін салыстырыңыз. Әскери коммунизм.
- •Ноғай Ордасы:
- •Хх ғасырдың 60-80 жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық жағдай:
- •Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтары:
- •Қола дәуірінің ерекшеліктері:
- •Қазақ өлкесіндегі диаспоралардың қалыптасуы:
- •Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтары мен нәтижелері:
- •Моғолстан:
- •Хіх ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз:
- •Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипатта:
- •2. 1916 Жылғы көтеріліс жылдарындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі
- •3. Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •1.Билердің қоғамдағырөлі мен қызметі.
- •2.1916 Жылғы Жетісудағы көтерілістің ерекшеліктері және салдары.
- •3.1917 Жылдарықұрылғансаяси-демократиялықпартиялардыңқұрылғанаумақтарын карта бойыншабелгілеңіз.
- •2. 1916 Жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •13 Билет
- •1.XX ғасыр басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
- •2. Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен жүргізген келіссөздерінің мәні мен сипаты
- •1932—1933 Жылдардағы ашаршылық
- •Абылай хан мемелекет ( кайраткер саясатшы дипломат)
- •1916 Жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зияларының саяси көзқарастары .
- •1930 Жылдардағы қоғамдық – саяси өмір
- •1Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.
- •2.Патша үкіметінің 1916ж көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.
- •3Суреттегі оқиғаны сипаттаңыз.
- •Семей полигонының инфрақұрылымы
- •Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
- •Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
- •Суарылған ядролық темірмен
- •Невада - Семей
- •Аттила және ғұндар.
- •1917 Жылғы Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси биліктің сипаты мен ерекшеліктері.
- •Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.
- •Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.
- •1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз.
- •Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі
- •Хх ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз. Ғылымның дамуы
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз.
- •«Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.
- •1917 Жылғы шілдедегі і жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны
- •Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.
- •М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметін баға беріңіз
- •Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.
- •3.1917-1918 Жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз.
- •Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.
- •Хх ғасырдың басындағы музыка өнері.
- •Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері жайлы кестесі толтырыңыз.
- •Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы.
- •2)XIX ғ бірінші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.
- •3)Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз.
- •2) Қазақ акср інің Қазақ кср інің айырмашылығын талдап жаз.
- •3)Суретке қарап оқиғаны анықтаныз.
- •1)Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.
- •Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы.
- •Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі
- •Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз.
- •1.Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.
- •3.Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.
- •1.Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.
- •2.Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.
- •3.Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
2)Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.
Ертеректе басталған ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру үдерісі 1960 жылдардың алғашқы жартысында жаңа қарқынмен жүргізілді.
1965 жылдың соңында кеңшар саны 1521- ге жетіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 57%-ын өндірді. Астық өндірудегі кеңшарлардың үлесі - 80%. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудегі кеңшарлар үлесі - 52,8% болды. 1970 жылға дейін ғылыми-зерттеу институттары жанында оқу-эксперименттік кеңшарлар, 104 мал бордақылайтын кеңшарлар құрылды. Жүргізіле бастаған реформалар шеңберінде республикада 586 кеңшар толық шаруашылық есепке көшті.1965 жылғы наурыз пленумында ұжымшарлар мен кеңшарлардың экономикасын көтеруге бағытталған шаралар жүйесін іске асыру көзделді. Ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы 2 есеге өсіріліп , жоспардан тыс өнім өндіргені үшін үстеме ақы төленетін болды. Табыс салығы ережелеріне өзгеріс енгізілді. Ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы техникасы артты. Өндірісті мамандандыру қанат жайды. Дәнді дақылдар өндіретін шаруашылықтардың жартысы жуығы тауарлы астық өндіруге мамандандырылды. 1960 жылдардың соңында ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді. 50-ден астам кəсіпорын ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер шығарды. Қуатты тракторлар мен өздігінен жүретін комбайндар алдырылды. Ауыл шаруашылығының энергетика қуатымен жабдықталуы төмен болатын. Ірі жылу орталықтары мен СЭС-тер салудың нәтижесінде ауыл шаруашылығын электрлендіру ісі жақсара бастады. Бұл жұмыс электр станцияларына жақын жатқан Шығыс Қазақстан, Семей, Солтүстік Қазақстан облыстарында жақсы жүрді.
1970 жылдары Қазақстан Одақ көлемінде өндірілетін бидайдың 23,9%-ын, күріштің 24,6%-ын өндірді. Тауарлы астық өндіруден 2-орын, ет пен жұмыртқа өндіруден 3-орын, сүт өнімінен 4-орын, қаракөл дайындаудан 2-орында болды. Ауыл шаруашылығын интенсивтендірудің, шаруашылық жүргізудің тиімді əдістерін пайдаланудың орнына тиімсіз шаралар қолдану жиіледі. Жоспарды қол жеткен жетістіктерге қарай құру асыра сілтеушілікке апарды. Мерейтой өткізу, көтеріңкі міндеттемелер қабылдау жолындағы қозғалыстар ұйымдастыру дағдыға айналды. 1970 жылдары ауыл шаруашылығының салалық өндірісін, материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандандыру мен шоғырландыру жұмыстары жүргізілді. Жерді суландыру мен химиялық жолмен тыңайтуға көп көңіл бөлінді. Сонда да ауылшаруашылық өнімдерін өндіру қарқыны төмендей берді. 1971-1975 жылдары ол 13%-ға дейін құлдырады. Шаруашылықты жүргізудің қалыптасқан жүйесін өзгертуге әрекеттенгендер болды. Алматы облысының Еңбекшіқазақ жəне Күрті аудандарында кеңшар директоры болған И.Н.Худенко басқарудың жаңа түрлерін енгізуге тырысты. Ол фермерлік шаруашылықты құруға әрекеттеніп, қағазбастылыққа шек қойды. Шаруалардың еркін еңбектеуіне жағдай туғызды. Нəтижесінде еңбек өнімділігі артып, тəртіп нығайды.
Мал шаруашылығы.Қазақстан қой саны жəне қой өнімдерін өндіруден Ресей Федерациясынан кейінгі екінші орында тұрды. 1975 жылдың соңында 34,6 млн. қой мен ешкі болды. Одақ бойынша республикада өндірілген өнім үлесі: жүн - 24%, қой еті - 23,3%, қаракөл елтірісі - 34%. Қазақстанда ет өндіру мен дайындауда қой етінің үлесі 25-30% аралығында болып отырды. 1960 жылдардың соңында қой өсірумен айналысатын 1285 шаруашылықтың 587 –сі осы салаға арнайы мамандандырылды. 1971 жылы Семей облысы Шұбартау ауданының комсомол ұйымы мектеп бітіретін жастарды қой шаруашылығына келуге шақырып, бастама көтерді. Қой өсіруші комсомол-жастар бригадалары жаппай құрыла бастады. Бригада отармен емес, 3-5 мың қойды бір жерде, ауысыммен бағуға тиіс болды. Мал шаруашылығы еңбегін ұйымдастырудың бұрын болмаған түрлері дүниеге келді. Компартия жастардың алдына қой санын 50 млн-ға жеткізуді мақсат етіп қойды. Жастар бригадалары бұл міндетті орындай алмады. Республикада мал басы көбеймей, керісінше азайып кетті.
