Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OSKE.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

Отоскопия

№

Қадамдар критерийлері

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1.

Өзіңізді таныстырыңыз. Негізгі шағымдарын сұрастырыңыз: құлағында ауырсыну бар ма, бөліністер бар ма, қандай бөліністер, құлағы шулай ма, басы айналама ма.

2

Науқас дәрігерге қарама–қарсы отырады, дәрігердің аяғы мен науқастың аяғы паралельді орналасады.

3

Сыртқы құлақты қарау: құлақ қалқанын, түйінді, құлақ артын, сыртқы есту жолдарын тексеріңіз және пальпация жүргізіңіз: құлақ қалқанының формасы дұрыс, жаңатүзілістер, түйіндер, тофустар жоқ, құлақ арты өзгеріссіз, сыртқы есту жолында патологиялық бөліністер жоқ (бар), түйін аймағы өзгеріссіз. Аталған аймақтар ауырсынусыз.

4

Отоскопты тұтқасынан ұстап, оймақшаны спиртпен өңдеп,отоскопқа кигізіңіз, отоскоптың шамын қосыңыз. Пациенттің басын 45º бұрып, сол қолдың бірінші, екінші саусақтарымен оң құлақ қалқанын артқа және жоғары тартып, отоскоптың оймақшасын сыртқы есту түтікшесіне кіргізіңіз.

5

Көрген көрініске комментарий беріңіз: дабыл жарғағы сұр түсті, перфорация, патологиялық бөліністер, қабыну белгілері, күкірт тығындысы жоқ.

6

Сол құлақты қарау үшін, осылардың барлығын кері жасау керек және комментарий беріңіз.

7

Отоскопты абайлап құлақтан шығарыңыз, шамын сөндіріңіз. Оймақшаны алып спиртпен сүртіңіз, футлярға салыңыз.

8

Құлақтағы көріністі, патологиялық өзгерістерді науқасқа түсіндіріңіз.

«Прием физиологических родов» Физиологиялық босануды жүргізу.

№

Қадамдарды бағалау критерийлері

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1

Босануға дайындық: таза бахила және киім кию, босанушының сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу. Дәрігердің қолын хирургиялық өңдеу.

2

Босануды қабылдауға кірісер алдында ұрықтың жүрек соғысын анықтайды. Әрбір күшенуден кейін ұрықтың жүрек соғысын, бала басының қозғалысын, босанушының толғақ белсенділігін анықтайды.

3

Бимануальды тексеру жатырлық аранның толық ашылуын анықтау үшін жасалады. Жамбас сүйектері мен бастың орнығуы арасында кеңістік барын, ұрықтың түрін, позициясын , орнығу сипатын анықтайды.

4

Аралықты сақтау шараларын басының жарып шығуы кезінен бастайды. Осы мақсатта сол қолмен бала басын ұстайды, ал оң қолымен аралыққа қояды. Сол қолының саусақтарымен алдын-ала қозғалысын және ұрық басының шүйде тесігіне дейінгі шалқаюын ескертеді. Толғақтан тыс уақытта оң қолымен жұмсақ тіндерді ысырады.

5

Шүйде тесігіне дейін бала басының жарып шығуынан кейін сол қолды құлақ қалқаны маңына қояды, оң қолды аралыққа қояды да басын шалқайып, беті туады. Жарып шығу жазықтығы, өлшемі көрсетіледі.

6

Баланың басы бетімен анасының санына қарай қарсы позицияда сыртқы бұрылыс жасайды. Сыртқы бұрылыстан кейін екі қолдың алақанымен баланың құлақ қалқаны маңынан ұстап, алдыңғы иығының жоғарғы үштен бір бөлігі туылғанға дейін сәл артқа бағыттайды.

7

Сол қолдың алақанымен бала басының төменгі жағынан ұстап, сәл жоғары қарай бағыттайды, ал оң қолымен аралыққа қойып артқы иықтың туылуына жағдай жасайды.

8

Жаңа туған нәрестені таза жаялыққа орап, анасының ішіне жатқызады, екі қысқыш арасында кіндік бауы кесіледі, Апгар шкаласы бойынша бала жағдайы бағаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]