- •1.Неолит ескерткіштері шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері.
- •2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •1.Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер.
- •2.Қасым мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.
- •1.Алғашқы орта ғасырлардағы Түрік қағанатының құрылуы мен саяси жағдайы.
- •2. 1822 Ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы,оның мәні мен мақсатын анықтаңыз.
- •1.Қимақ қағанаты (саяси жағдайы, шаруашылығы, мәдениеті)
- •2.«Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары.
- •1.Түркеш қағанатының саяси жағдайы
- •1.Қарақытай мемлекеті (қоғамдық құрылысы, саяси тарихы)
- •2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы.
- •1.Үйсіндердің тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)
- •2. «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясының негізгі мақсаты және тарихи маңызын анықтаңыз.
- •1.Қаңлылардың тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы.)
- •1.Қола дәуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық –мәдени өміріндегі өзгерістер.
- •2.Ж.Нұрмұхамедұлы мен е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ және ерекше белгілерін анықтаңыз.
- •1.Кенесары Қасымұлының бастаған ұлт- азаттық көтеріліс (мақсаты,кезеңдері және сипаты)
- •2.Қазақстан Республикасын нарықтық қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама беріңіз.
- •1.Қазақ хандығының құрылуына байланысты жазылған ортағасырлық деректерді талдаңыз.
- •2. Ф.И.Голощекиннің Қазақстандағы партия ұйымының басшылығына тағайындалуы және оның «Кіші Қазан» идеясы.
- •2.Қазақстандағы социалистік индустриаландыру саясатының мазмұны,нәтижелері мен салдарын ашып көрсетіңіз
- •1.«Анимизм», «тотемизм», «фетишизм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіздер.
- •2.Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты және оған қарсы көтерілістерді талдаңыз.
- •1.«Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.
- •2.1920-1930 Ж.Ж. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз.
- •1.«Протекторат», «геосаясат», «экспансия», «еуроцентризм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіз.
- •2.1867 Ж. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.
- •Жауаптары:
- •Сақтардың мәдениеті, дінинанымдары мен әдет ғұрыптары туралы түсінік
- •2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын жаз
- •Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
- •3. Қазақстан Республикасындағы 14 облысты карта бойынша көрсет.
- •Жауаптары:
- •1.Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі.
- •2.Бөкей хандығының құрылуы (экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы)
- •3.Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар орналасқан облыс.
- •Жауаптары:
- •Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жолындағы әскери қимылдары және оның зардаптары
- •1930 Жылғы Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялық лагерьлерді карта бойынша көрсет.
- •Жауаптары:
- •1.Қазақ халқының мәдениеті (музыкалық аспаптар)
- •2.Кіші жүз Қазақтарының е.И. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуының тарихи маңызы
- •3.Қазақстанда ядролық сынақтар жүргізілген аумақтарды карта бойынша көрсетіңіз және оның зардаптарын талда.
- •Жауаптары:
- •3.1950-1960 Жж Шыңжаңмен сауда жасауда маңызды рөл атқарған Қазақстан қалалары карта бойынша көрсет және оның маңызын анықта.
- •Жауаптары:
- •1.Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек
- •3.«Қалмақ қырылған», «Аңырақай» шайқасы болған өңірлерді карта бойынша көрсет және жылдарын анықта.
- •Жауаптары:
- •1.Әмір Темірдің басқыншылық жорықтарының зардаптары.
- •3.Тәуелсіз қр шектесетін мемлекеттерді карта бойынша көрсет.
- •Жауаптары:
- •1.Мезолит ададарының өміріндегі өзгерістерді анықта.
- •2.Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсеріне талдау жасаңыз.
- •3.Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстарды карта бойынша көрсет.
- •Жауаптары:
- •1.Үйсіндер жайлы жазба деректер
- •2.Қазақстан тарихының әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі екенін нақты мысалдармен дәлелде.
- •3.Түрік қағанатының орналасқан аумағы.
- •Жауаптары:
- •1.Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі жайлы баянда
- •2.Қр Конституциясы және оған соңғы жылдары енгізілген өзгертулер ментолықтыруларға талдау жаса
- •3.Батыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсет.
- •Жауаптары:
- •1.Қазақ халқының этникалық тарихының қалыптасу эвалюциясы мен даумын сипаттап жаз
- •«Жылымық» жылдарындағы қоғамдық саяси және мәдени өмірге талдау жаз
- •3.Шығыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын картаға түсір.
- •Жауаптары:
- •1.Ерте орта ғасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер
- •2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын талдаңыз.
- •Жауаптары:
- •1.Кейінгі ортағасырлық тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер.
- •3.Шағатай ұлысының аумағын карта бойынша көрсет.
- •Жауаптары:
- •1. Дамыған орта ғасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер
- •2. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жаса.
- •3. Жошы ұлысының аумағын карта бойынша көрсет.
3.Қазақстанда ядролық сынақтар жүргізілген аумақтарды карта бойынша көрсетіңіз және оның зардаптарын талда.
21-билет.
Қазақ хандығының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
Тәуелсіз Қазақстанның мәдени өміріндегі негізгі өзгерістерді талдаңыз.
1950-1960 жж. Шыңжаңмен сауда жасауда маңызды рөл атқарған Қазақстан қалаларын карта бойынша көрсетіңіз және оның маңызын анықтаңыз.
Жауаптары:
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. 1725 жылы шабуылын үдеткен жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды. Оңтүстік ауданның елді мекендері мен дәстүрлі керуен саудасына нұқсан келді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар қолында қалып қою қаупі төнді. Осындай жағдайда халық арасынан шыққан батырлар туған өлкені азат етуге шақырған жалынды үндеу тастады. Жан-жаққа алып қашқан рулардың басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда әсіресе қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Қазақтың үш жүз жасақтарының басқыншыларға қарсы 1726 жылдан бастап біріккен қазақ жасақтары тізе қосып кимылдауға кірісті. 1726 жылы (кейбір деректерде 1728 жылы) Торғай даласында Сарысудың орта ағысы алқабында, Бұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы жоңғарларға ойсырата соққы берді. Зеңбіректермен және мылтықпен қаруланған жоңғардың қалың қолы қазақ батырларының біріккен күшіне төтеп бере алмады. "Қара сиыр" деген жерде болған қанды шайқас қазақ-қырғыз және басқа халықтардың 60 мыңдық қолының толық жеңісімен аяқталды. Қалмақ жасақтары тас - талқан болған сол жер кейіннен "Қалмақ қырылған" деп аталып кетті. Бұл жеңістің қазақ халкының рухын көтеруде орасан зор маңызы болды. Жеңіске жігерленген қазақ руларының үш жүз біріккенде ғана жоңғар қаупінен құтылу мүмкіндігіне сенімі күшейді. Ендігі мақсат - қазақ жерін түгел жаудан тазартып, елдің тәуелсіздігін толық қалпына келтіру еді. "Қалмақ қырылған" шайқасы, негізінен, Қазақстанның солтүстік-батыс өңірін азат етті. Елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде Жетісу өңірінде әлі де жоңғарлар үстем болатын. Қауіп-қатер әлі де жойылмады. Қазақ жерінің шетел басқыншыларынан түбегейлі тазаруы үшін әлі де болса табанды күрес қажет еді. Қазақ билеушілерінің шешімімен жоңғарларға қарсы шайқасқа қолбасшылык жасау Әбілқайырға жүктелді. Көрнекті ұйымдастырушы хан халыққа бас болып, белді батырларды өз туының астына шоғырландыра білді. Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының етегіне барлық қазақ жасақтары жиналды. Осы жер жау қолындағы Жетісуды азат етуге аттануға жақын еді. Бұл мәліметтерге қарағанда, қазақ жасақтары жүздік негізінде ұйымдастырылған сияқты. 1730 жылдың көктемінде Балқаш көлінің оңтүстігінде, Аңырақай түбінде (калмақтардың аңырауы, боздауы), Әбілқайырдың басшылығымен үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Осы қырғын ұрысқа Әбілқайырдың қарсыластары Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да белсене қатысты. Қазақ қолы үлкен жеңіске жетті.Тарихта "Аңырақай шайқасы" деп аталып кеткен бұл тарихи оқиға - қазақ халқының шеттен келген басқыншыларға қарсы күресінде ерекше орын алады. Қазақ әскерінің тегеурініне шыдамаған жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінеді. Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары арасында туған алауыздық жоңғарларды толығынан талқандауға кері әсерін тигізді. Ұлы жүздің ханы Болаттың өлімінен кейін Әбілқайыр мен Сәмеке аға хан деген атаққа таласып, жаңа ғана түбірлі жеңіске жеткен халық жасағының ішінде іріткі туғызды. Әбілқайыр Кіші жүздің әскерін бастап Қазакстанның солтүстік-батысына қайтып оралса, Сәмеке Орта жүздің жасағын бөліп әкетті. Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүздің әскері қайтып оралған жоңғардың жаңа қолына қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды. Сөйтіп, ірі феодалдардың арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен толық құтылуды кешеуілдетті. Халықтың бостандық үшін күресі аяғына дейін орындалмады. Әйтсе де қазақ елі өзінің дербестігін сақтап қала алды. Жоңғар қаупінің жойылмауы, ел билеушілерінен қазақ жерін сыртқы қауіптен құтқаратын басқа да дипломатиялық, саяси жолдарды іздеуді талап етті.
2.Тәуелсіз Қазақстанның мәдени өміріндегі негізгі өзгерістерді талдаңыз. 1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. – Бүкіл әлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды. 2002 жылғы 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. Қазақстандағы компартиялық жүйе. Қазақстанның егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлайуы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. 1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.
