- •1.Неолит ескерткіштері шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері.
- •2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •1.Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер.
- •2.Қасым мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.
- •1.Алғашқы орта ғасырлардағы Түрік қағанатының құрылуы мен саяси жағдайы.
- •2. 1822 Ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы,оның мәні мен мақсатын анықтаңыз.
- •1.Қимақ қағанаты (саяси жағдайы, шаруашылығы, мәдениеті)
- •2.«Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары.
- •1.Түркеш қағанатының саяси жағдайы
- •1.Қарақытай мемлекеті (қоғамдық құрылысы, саяси тарихы)
- •2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы.
- •1.Үйсіндердің тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)
- •2. «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясының негізгі мақсаты және тарихи маңызын анықтаңыз.
- •1.Қаңлылардың тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы.)
- •1.Қола дәуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық –мәдени өміріндегі өзгерістер.
- •2.Ж.Нұрмұхамедұлы мен е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ және ерекше белгілерін анықтаңыз.
- •1.Кенесары Қасымұлының бастаған ұлт- азаттық көтеріліс (мақсаты,кезеңдері және сипаты)
- •2.Қазақстан Республикасын нарықтық қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама беріңіз.
- •1.Қазақ хандығының құрылуына байланысты жазылған ортағасырлық деректерді талдаңыз.
- •2. Ф.И.Голощекиннің Қазақстандағы партия ұйымының басшылығына тағайындалуы және оның «Кіші Қазан» идеясы.
- •2.Қазақстандағы социалистік индустриаландыру саясатының мазмұны,нәтижелері мен салдарын ашып көрсетіңіз
- •1.«Анимизм», «тотемизм», «фетишизм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіздер.
- •2.Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты және оған қарсы көтерілістерді талдаңыз.
- •1.«Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.
- •2.1920-1930 Ж.Ж. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз.
- •1.«Протекторат», «геосаясат», «экспансия», «еуроцентризм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіз.
- •2.1867 Ж. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.
- •Жауаптары:
- •Сақтардың мәдениеті, дінинанымдары мен әдет ғұрыптары туралы түсінік
- •2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын жаз
- •Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
- •3. Қазақстан Республикасындағы 14 облысты карта бойынша көрсет.
- •Жауаптары:
- •1.Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі.
- •2.Бөкей хандығының құрылуы (экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы)
- •3.Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар орналасқан облыс.
- •Жауаптары:
- •Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жолындағы әскери қимылдары және оның зардаптары
- •1930 Жылғы Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялық лагерьлерді карта бойынша көрсет.
- •Жауаптары:
- •1.Қазақ халқының мәдениеті (музыкалық аспаптар)
- •2.Кіші жүз Қазақтарының е.И. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуының тарихи маңызы
- •3.Қазақстанда ядролық сынақтар жүргізілген аумақтарды карта бойынша көрсетіңіз және оның зардаптарын талда.
- •Жауаптары:
- •3.1950-1960 Жж Шыңжаңмен сауда жасауда маңызды рөл атқарған Қазақстан қалалары карта бойынша көрсет және оның маңызын анықта.
- •Жауаптары:
- •1.Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек
- •3.«Қалмақ қырылған», «Аңырақай» шайқасы болған өңірлерді карта бойынша көрсет және жылдарын анықта.
- •Жауаптары:
- •1.Әмір Темірдің басқыншылық жорықтарының зардаптары.
- •3.Тәуелсіз қр шектесетін мемлекеттерді карта бойынша көрсет.
- •Жауаптары:
- •1.Мезолит ададарының өміріндегі өзгерістерді анықта.
- •2.Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсеріне талдау жасаңыз.
- •3.Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстарды карта бойынша көрсет.
- •Жауаптары:
- •1.Үйсіндер жайлы жазба деректер
- •2.Қазақстан тарихының әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі екенін нақты мысалдармен дәлелде.
- •3.Түрік қағанатының орналасқан аумағы.
- •Жауаптары:
- •1.Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі жайлы баянда
- •2.Қр Конституциясы және оған соңғы жылдары енгізілген өзгертулер ментолықтыруларға талдау жаса
- •3.Батыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсет.
- •Жауаптары:
- •1.Қазақ халқының этникалық тарихының қалыптасу эвалюциясы мен даумын сипаттап жаз
- •«Жылымық» жылдарындағы қоғамдық саяси және мәдени өмірге талдау жаз
- •3.Шығыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын картаға түсір.
- •Жауаптары:
- •1.Ерте орта ғасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер
- •2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын талдаңыз.
- •Жауаптары:
- •1.Кейінгі ортағасырлық тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер.
- •3.Шағатай ұлысының аумағын карта бойынша көрсет.
- •Жауаптары:
- •1. Дамыған орта ғасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер
- •2. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жаса.
- •3. Жошы ұлысының аумағын карта бойынша көрсет.
2. «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясының негізгі мақсаты және тарихи маңызын анықтаңыз.
Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы» деді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы 2014 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.
«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.
«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін – деді Елбасы. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.
Мәңгілік Елдің Жеті тұғыры:
1.Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Астана.
2.Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
3.Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.
4.Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім.
5.Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
6.Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
7.Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
8-билет
1.Қаңлылардың тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы.)
Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрген деп тұжырым айтады.
Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған.
Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан.
Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы.
Жазба деректер бойынша қаңлы елін хан билеген. Елді басқару оның үш орынбасары – уәзір көмектесіп отырған. Қаңлы елі өз ішінде бес иелікке бөлініп, әр иелікте кіші хандардан басқарған.Кіші хандар Ұлы ханға бағынған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған.
Шаруашылығы. Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан.
Аң аулау мен балық қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты.
Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды.
Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер, қол өнер, сауда және ақша айналысы дамыды. Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора – қопсылар болды. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары да пайданылған.
2.Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.
Саммит дегеніміз не?
Жоғарғы деңгейдегі кездесу. Қатысушы елдердің мемлекет және үкімет басшыларының мерзім сайын өткізіп тұратын кездесуі.
Саммитте не мәселелер қаралады?
Сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шаралар мен қаруларды бақылау мен адам құқықтары.
Осы ұйымға қанша мемлекет мүше?
56 мемлекет.
ЕҚЫҰ деген не?
Алғашқы кезде Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің негізі 1973 жылы Кеңестер Одағының ұйытқысымен қаланыпты. 1973 жылы шілде айында Шығыс пен Батыс елдері арасында орын алған шиеленісті жағдайды реттеу үшін Хельсинкиде 33 мемлекеттің басшысы кездесіпті. Сол кездегі келісім-шарттың қорытындысына 1975 жылы қол қойылып, ол тарихта «Хельсинки келісімі» деген атпен қалды.
Жұмыс бағыты
1. Қауіпсіздік
2.Ынтымақтастық
3.Адам құқығы
30 қаңтар 1992 жыл- Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің ішінде алғашқы болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүшелікке кірді.
Қазақстанның Еуропа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастығы Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық еткен уақыты: 2010 жыл,желтоқсан.
Астанада ЕҚЫҰ саммитінің өтуі — бұл:
Қазақстанның халықаралық беделі мен Мемлекет басшысының бейбітшілікті нығайту жолындағы ерен еңбегін мойындау.
Еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімнің бірегей моделінің. ҚР тәуелсіздік жолындағы әлеуметтік – экономикалық, саяси жетістіктерінің нәтижесі мен танылуы.
Елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тәуелсіздікті нығайтуға қосқан үлес.
Қазақстандық экономикаға инвестицияларды молайтудың, туризмді дамыту мен іскерлік байланыстарды кеңейтудің факторы.
Орталық Азия өңіріндегі мәселелерді шешуге әлемдік қауымдастықтың назарын аударуға мүмкіндік берді.
Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды.
Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет. Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын және «Ванкуверден Владивостостокке дейінгі ортақ кеңістік» доктринасының пәрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалуының айғағына айналды.
Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс. Елдер арасындағы өзара сенімге құрылған қарым-қатынас пен ұдайы үнқатысып отыру ұжымдық қауіпсіздіктің заманауи жүйесінің негізін құрайды. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың барған сайын артып отырған маңызын түйсіну.
Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын.
Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Cильвио Берлускони, т.б бар.
Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық саясатта алдын ала байқалған поляризация нышандарын еңсерудегі және Ұйымға қатысушы елдерінің өзара алыстау бағытына қатысты саяси жігерінің айқын көрінісі болды.
Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғаныстан түйткілі, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды.
Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді.
Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. Сонымен қатар, қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға, ұйымның жауапкершілігі аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді артыруға, адам құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, жаңа қатерлерге лайықты түрде қарсы тұру мүддесі жолында Ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді.
Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Мәселен, Ұйымның Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдер ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасауға ықпал ететінін атап өтті. БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екікүндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді.
9-билет
