- •1 Қазақстан Республикасының КонституциЯлық дамуының жалпы сипаттамасы
- •1.1 Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық дамуының алғышарттары
- •1.2 Конституциялық заңнаманың қалыптасуы мен дамуының құқықтық негіздері
- •2 Қазақстан республикасының 1993 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
- •2.1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы туралы түсінік
- •2.2 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарған конституциялық-құқықтық актілері
- •2.3 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарылған Президенттің конституциялық-құқықтық актілері
- •3 Қазақстан республикасының 1995 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
- •3.1 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы туралы түсінік
- •3.2 Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары мен Заңдары
- •3.3 Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлудің негізгі бағыттары
2.2 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарған конституциялық-құқықтық актілері
Алғашқы Конституция кіріспе, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды. Бірақ, уақыт өте келе тұңғыш Конституцияның кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалып, екі жыл өткеннен кейін қолданыста жүрген қазіргі Конституция қабылданды. Десек те, кейбір мамандар әлі күнге дейін Конституцияның алғашқы нұсқасының демократия талаптарына көбірек сай болғанын айтады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Конституция екі рет қабылданып, бірнеше рет өзгеріске ұшырапты. Кейбір мамандардың пікірінше, азаттық алғанына аз болған мемлекет үшін бұл тым көп. Себебі, олардың көзқарасы бойынша, демократиялық елдердің сүйенер Құраны болып табылатын Конституцияның өзгеруі– бұл құндылықтардың тұрақсыздығымен пара-пар. Ал заңгер Еділ Оспанов керісінше, мұндай өзгерістерден секемденудің қажеті жоқ деп есептейді7
Жалпы әлемдік тәжірибені алып қарайтын болсақ, бұл өзгертулерден ешқандай қорқудың қажеті жоқ. Көбіне, АҚШ мемлекетін мысалға алып жатады. Ол елдің Конституциясына 27 рет қана өзгерту енгізіліпті. Бірақ барлық мемлекет АҚШ сияқты тұрақты негізде құрылған емес. Әр мемлекеттің тарихы, тарихи жағдайы, қоғамдық құрылысы өзгеше болғандықтан әртүрлі өзгерістер болып жатады. Тіпті кейбір мемлекеттерде жыл сайын Конституцияның өзгеруін байқауға болады. [48].
Егер республика Конституциясында Конституциялық деп аталған заңдар ҚР Конституциясы күшіне енген кезде дейін қабылданған болса, олар Конституцияға сәйкес келтіріліп, Конституциялық заңдар деп есептеледі.
ҚР Конституциясында аталған өзге заңдар Жоғарғы Кеңес белгілейтін тәртіп пен мерзімде, бірақ ол күшіне енгеннен кейін екі жылдан кешіктірілмей қабылдануға тиіс. Егер мұндай заңдар осы Конституция күшіне енген кезге дейін қолданылып келген болса, олар Конституцияға сәйкес келтіріледі.
Бұл Жоғарғы Кеңес 1990 жылдың басында сайланып, 1990 жылы 24 сәуірде өз қызметін бастады. 1993 жылғы Конституцияның «Өтпелі кезең ережелерінде» 12-ші сайланған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес өзі сайланған мерзім біткенген дейін, яғни 1995 жылдың басына дейін өз өкілеттігін жүзеге асыратындығы карастырылды. Ол кеңестік, коммунистік режим жағдайында құрылды. Оның құрамына партиялық болу бойынша жән коммунистік партия басқаратын қоғамдық бірлестіктерден сайланған депутаттар кірді.
Республика жері – біртұтас, ол бөлінбейді жəне оған қол сұғуға болмайды. Халық – мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Қазақстан халқының атынан билік жүргізуге Республика Жоғарғы Кеңесінің жəне Президенттің құқығы бар. Республика азаматтарына заңды жолмен ақпарат алу, еркін қоныс аудару, жиналыстарға, шерулерге, митингілерге қатынасу, ереуілге шығу, меншік иесі болу құқығы берілді. Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адам басқа елдің азаматы бола алмайды. Шетелде тұратын қазақтарға тарихи отанына оралуға жол ашылды. 1993 жылғы Конституция екі жыл бойы Республиканың Негізгі заңы ретіндегі тарихи міндетін атқарды.
1993 жылдың күзінде кейбір жергілікті кеңестер өзін-өзі тарата бастады. Алматы қаласындағы Алатау аудандық Кеңесі өзін-өзі тарату жайлы алғаш рет мəлімдеді. 1993 жылғы қараша айының соңына дейін 100-ге жуық кеңестер таратылды. Бұдан былайғы кезеңде мәжілістерін өткізуге жергілікті кворумның болмайтындығын білген соң, 1993 жылғы 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің төрағасы С.Əбділдин оның таратылғанын ресми түрде жариялады. Республиканың жаңа парламенті сайлағанша мемлекетті басқару өкілеттігі Президентке тапсырылды. [49].
Кеңестік сайлау құқығында мұндай ереже болған жоқ. Бұл тәртіп ұсынылған кандидаттарға қатысты сайлаушылардың еркін неғұрлым терең айқындауды қамтамасыз етті және сайлаушылардың сеніміне ие болмаған, өзінің кандидатурасын Президенттікке және сайланбалы органға депутаттыққа жеңіл ойлылықпен ұсынған кандидаттар үшін белгілі бір қиындықтар тудырды.
Заңмен Жоғарғы Кеңес депутаттығына кандидаттарды сайлаудың екі түрі белгіленді - 135 депутатты бір мандатты аумақтық сайлау округінен, ал 42 депутатты Жоғарғы Кеңестің депутаттығына кандидаттардың ҚР Президенті жасайтын мемлекеттік тізімі бойынша сайлау. Сайлау туралы заңға сәйкес Жоғары Кеңестің мұндай депутаттары екі-екіден әр облыстан және республикалық маңызы бар қаладан сайланды. Мұндай тәртіптен жоғарғы сайланбалы органның депутаттарының бір бөлігін әкімшілік-аумақтық бөлініс қағидасы бойынша сайлау идеясы туындалды. Ол кейін Парламент Сенатының депутаттарын сайлау тәртібін анықтау үшін қолданылды. Айырмашылық мынада болды: Жоғарғы Кеңестің депутаттарының бір бөлігін әр облыстан және республикалық маңызы бар қаладан екі адамнан сайлаушылар сайлады, ал Сенат депутаттары әр облыстан, Астана мен республикалық маңызы бар қаладан екі адамнан, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралды, яғни жаңама жолмен сайланады.
Заң тағы бір жаңалық енгізді - кандидаттар сайлау кепілін төлейтін болды. ҚР Президенттігіне әрбір кандидат өзінің он айлық жалақысы (айлықақысы) мөлшерінде, ал Жоғарғы Кеңестің депутаттығына кандидаттар өзінің бес жалақысы (айлықақысы) мөлшерінде сайлау кепілін төлеу белгіленді. Жоғарғы Кеңестің депутаттығына кандидат сайлау кезінде тізімге енгізілген сайлаушылардың кемінде 5 процентінің дауысын алса, ал Президенттікке кандидат Президент болып сайланған ретте төленген кепіл оларға қайтарылатын болды . Бұдан сайлау жарнасын сайлау процесі үшін ақша қаражатын толықтыру мақсатында енгізілмегенін байқаймыз.
Заңның кемшіліктері де болды. Жалпы алғанда, сайлау туралы заң сайлау заңнамасының дамуының жаңа кезеңіне бастау болды және сайлау туралы кейінгі заңдар қандай да бір шамада оған негізделеді.
Заңның сәтті, оң тұстарымен қатар, кемшіліктері де болды. Мысал түрлі буындагы өкілді органдар арасында багынушылық болмаса да от бірлескен шаралар өткізу, өзара пікір алысу, әдістемелік көмек корсету т.б. нысандарда өзарабайланыс жасау мүмкіндігін де белгілеу дұрыс болатын ба еді. Маслихат депутаттарының санын анықтауда олардың тек жоғарғы шегін ғана емес, төменгі де шегін көрсету мақсатты болар еді. Өйткені, депутаттардың санының аз ғана, шамалы болуы себепті өкілді органдар өз жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмайды [50].
XII шақырымдағы Жоғарғы Кеңеспен қабылданған келесі конституциялық-құқықтық акт - «Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақты құрылысы туралы» 1993 жылы 8 желтоқсанда қабылданған заң.
Тиімді басқаруды, мемлекет органдарының халыққа жақын болуын қамтамасыз ету үшін, халықтың мемлекеттік басқаруға қатысуына және орталық пен жергілікті мемлекеттік органдардың өзара әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін, демократияны дамыту үшін әкімшілік-аумақты ққұрылыс мәселелерін дұрыс, сәтті шешу маңызды шарт болып табылады. Әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу жолдары мен нысандары туралы, оларды шешуге құқылы органдар туралы мәселе де маңызды. Бұлардың барлығы егемен мемлекеттің маңызды атрибутын құрайды. Сондықтан да 1993 жылдың 8 желтоқсанында жоғарыда аталган заң қабылданды. Заңда Әкімшілік-аумақтық бірліктер жүйесі нақты анықталды: ауыл (село), поселке, ауылдық (селолық) округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс. Онда «аймақтың», қалалық және селолық болып бөлінетін елді мекендердің нақты белгілері баяндалған. Қалалар: республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар болып үш категорияға, сондай-ақ поселкелерге бөлінеді.
Заңмен Үкімет жанынан құрылған Ономастика комиссиясының рөлі анықталды. Соңғы уақытта ол өзінің қызметін күшейтті. Сол себепті де ол әділетсіз, жөнсіз жойылган елді мекендердің, әкімшілік-аумақтық бірліктердің аттарын қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады. Заң әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу жөніндегі органдардың өкілеттіктерін анықтап берді [45, 9].
Жоғарыда атап кеткеніміздей, осы кезеңде Жоғарғы Кеңеспен «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы», «Кәсіптік одақтар туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» және т.б. заңдар қабылданып, жарық көрді.
