- •1 Қазақстан Республикасының КонституциЯлық дамуының жалпы сипаттамасы
- •1.1 Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық дамуының алғышарттары
- •1.2 Конституциялық заңнаманың қалыптасуы мен дамуының құқықтық негіздері
- •2 Қазақстан республикасының 1993 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
- •2.1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы туралы түсінік
- •2.2 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарған конституциялық-құқықтық актілері
- •2.3 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарылған Президенттің конституциялық-құқықтық актілері
- •3 Қазақстан республикасының 1995 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
- •3.1 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы туралы түсінік
- •3.2 Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары мен Заңдары
- •3.3 Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлудің негізгі бағыттары
3 Қазақстан республикасының 1995 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
3.1 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы туралы түсінік
1995 жылғы Конституцияның қабылдануымен басталған жаңа кезеңнің конституциялық-құқықтық заңнамасын келесідей топқа бөлуге болады:
1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы;
2. ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар;
3. Конституциялық заңдар;
4. Заңдар;
5. Президенттің жарлықтары.
Оны қабылдаудың себептері, оның негізгі идеялары.
«1993 жылы қабылданған Қазақстанның тұңғыш Конституциясы да бұрыңғы мемлекеттің теориясы мен практикасынан жарты қадам ілгері кеткенімен, сол кездің объективті және субъективті ахуалдарға байланысты қағидаларынан толық арыла алмағанды.
Қазақстан басынан кешіріп отырған серпінді өзгерістер жаңа Конституциялық бағдарламаларды талап етті [52].
«Қазақстанның Конституциясы кезінде референдум негізінде қабылданды. Сайлаушылардың 90 пайызы оны қолдады. Оның алдында талай талқылаулар, қызу пікірталастар болды. Басқа елдердің конституциялары қаралды. Бұл әрине өз нәтижесін берді. Осындай қажырлы жұмыстардың арқасында халықтың талап-тілегіне сай тарихи құжат қабылданды. Сондықтан да оны халық Ата заң деп атайды. Біз қашанда сол Ата заңның аумағында өмір сүруіміз керек. Әйтпесе тұрақсыздық орын алуы ғажап емес. Оған басқа мемлекеттерде болып жатқан оқиғалар куә», - деді С. Сартаев [53].
Әрине, қандай да бір қауіпті дағдарыстардың қайталану мүмкіндігін жоятын немесе әлсірететін аса маңызды шарттар болып: халықтың бірлігін нығайту, тиісті әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлар жасай отырып орын алуы мүмкін әлеуметтік, ұлтаралық, дінаралық қайшылықтарды және саяси күштердің терең саяси келіспеушіліктерін жою табылады. Сонымен қатар, осындай қайшылықтарды болдырмау мен олардың негізінде пайда болатын дағдарыстарды жоюдың Конституциялық механизмдері де ерекше зор маңызға ие. Ондай механизм шынайы жағдайда болмады деуге де болады, ал оның жеке элементтері болған күнде де олар дағдарыстардың алдын-алу, оларды басу және жою үшін қабілетсіз болды. 1993 жылғы Конституцияның мәнді кемшіліктерінің бірі болып онда тепе-теңдік және тежемелік жүйесінің болмауы табылады. Ал мұндай кемістік мемлекетте орын алған дағдарыстық жағдайлардың бірқатарын жұмсартуға немесе жоюға мүмкіндік бермеді. Олай болса, жаңа Конституция осы механизмді (тепе-теңдік және тежемелік) жасауға, тиісінше еліміздің күйреуінің алдын алып, қоғам мен мемлекеттің біртұтастығын нығайтуға тиіс болды.
Жоғарғы өкілді органның құрылымын жетілдіру және оның құқықтық өкілеттігін айқындап беру де - пісіп-жетілген мәселе. Осы органның құқықтық өкілеттігін біршама өзгерткеннен кейін де оның бұрынғысынша бұлыңғырлау қалпында қалғаны жасырын емес. Сондықтан да бұл органның негізгі сипатына сай оның басты міндеті - заң шығару қызметімен шұғылдану екенін айқын анықтау талап етілді, соған қарамастан күні бүгінге дейін Парламент пен оның депутаттарының өкілеттіктері бұл қызметпен ғана шектеліп отырған жоқ, демек Конституциялық даму барысында билікті бөлу арқылы оның белгіленген саладағы рөлін одан әрі арттыру бағытындағы құзіреті әлі де дәлдене түсуі шарт.
Бұл аталғандардың барлығы Жаңа Конституцияны қабылдаудың себептерінің ішінде жоғарғы өкілді органның қызметінің Конституциялық, негіздерін жетілдіру аса маңыздылардың бірі болғанын куәландырады.
1995 жылғы Конституцияның бірінші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары жарияланған. Осыған орай тұңғыш рет біртұтас бөлінбейтін Президенттік басқару ныссанындағы мемлекет екенімізді паш еттік. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Мемлекетіміздің демократиялық мәнге ие болуы да осында [14, 46].
1995 жылғы Конституцияның ең маңызды жетістіктерінің бірі тіл промблемасына көңіл бөлуі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми тұрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекеттік немесе басқа тілді білмедің деп ешкімді кемсітуге жол берілмейді.Қолданылып жүрген Конституцияда бұрындары аса дау тұгызып жүрген азаматтық туралы мәселе де өз шешімін түпкілікті тапқан. Конституцияның 10-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды. «Мұның өзі Қазақстан мемлекетінің барлық азаматтың олардың Конституциялық тұрғыда бірдей қорғалатынын, қос азаматтық принципінің бізге жат көрініс екенін көрсетеді. Мұндай шешім барлық азаматтарды бірлікке, татулыққа, өз Отанын сүйетін патриотизмге баулиды [11, 63].
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы еліміздің Экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуын жеделдетті. Халықтың саяси белсенділігі артты, әл-ауқаты өсті, қоғамдық өзгерудің барлық саласында олардың белсенді араласуы заңдылық сипатқа ие болды. Оның үстіне қазір еліміздің алдында тұрған ең басты міндет - әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену стратегиясы тұр. Осы айбынды істерді жүзеге асыру барысында мемлекетімізде заман талабынан туындап отырған демократиялық реформаларды рет-ретімен жүзеге асыруға тікелей байланысты. Қазақстанда бір жылға жуық жұмыс істеген демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі комиссия жұмысын қорытындылап сөйлеген сөзінде Елбасы 2007-2008 жылдарда өтерілген саяси реформалардың маңызды, басты бағыттарына толық сипаттама берді. Елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың, Конституцияға енгізілуге әзірленіп жатқан өзгерістердің саяси -әлеуметтік маңызының өте құнды екендігіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы 28 ақпанда Қазақстан халқына жолдауында атап өтті. Бұның барлығы Конституциямыздың жақсы жұмыс істеп келе жатқандығының жемісі деп түсінеміз [54].
Ең бастысы Қазақстан Республикасы бұрынғысынша Президенттік Республика болып қалады, оның күшті және функционалдық Парламенті, кемел де өркениетті сот жүйесі өз жұмысын одан әрі конституциялық талаптарға сәйкес жалғастырады [24, 86].
Конституцияға ішінара өзгерістер енгізу мына мәселелерге байланысты болып отыр. Оның біріншісі - Парламент құзіретін кеңейту. Конституциялық Кеңесті, Орталық Сайлау комиссиясын, Есеп комитетін қалыптастыруда Президенттен Парламентке бірқатар өкілеттіктерді беру жолынан Парламент рөлін арттыру мәселесі көтершш отыр. Есеп комитеті Парламенттің бақылауында болуы керек. Орталық Сайлау комиссиясының, Конституциялық Кеңестің жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен де Парламенттің айналысқаны жөн. Өйткені сайлау туралы заң Парламент арқылы іске асады. Конституциялық Кеңес қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін қарауды жүзеге асырады. Есеп комитеті Парламент арқылы бекітілген мемлекеттік бюджеттің орындалуын, жүзеге асырылуын тексереді. Яғни осы көрсетілген мемлекеттік органдардың қызметі Парламентпен өте тығыз байланысты. Парламент Мәжілісі және Сенат депутаттарының санын көбейту мәселесі де ұсынылып отыр. «Бұл мәселеде депутаттар санына емес, сапасына көңіл бөлу қажет. Парламент депутаты сауатты, заң жобаларын оның өзінің тікелей жазуға қабілетті болғаны жөн. Парламент депутаттарының санын үлғайту екінші жағынан мемлекеттік бюджетке де тиімсіз. Осыған байланысты біз депутаттар санын бұрынғыша қалдырып, оның сапалық, сауаттылық, өркениеттілік талаптарға сай болу жағын қарастыруымыз керек шығар»- дейді з.ғ.д., профессор А. Ағыбаев мақаласында [55].
Әр мемлекеттің дамуының белгілі бір кезеңінде заман талабына сай Конституцияға өзгерістер енгізіліп отырады. Мысалы, Қытай Халық Республикасының тарихында 1988 жылы 12 сәуірде, 1993 жылы 29 наурызда, 1999 жылы 15 наурызда, 2004 жылы 14 наурызда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген екен [56].
Конституцияға енгізілген өзгерістер қатарына жататын тағы бір мәселе, ол заң тек қазақ тілінде дайындалса деген ұсыныс. Конституцияда мемлекеттік және ресми тіл - қазақ тілі деп жазатын кез жетті. Бұлай етпейінше біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл болып өркен жая алмайды.
Құқық саласы бойынша өзгерістер енгізу мәселесіне келсек, ауылдық округтерде билік соты болуы керек. Қамауға санкция беруді соттың құзыретіне беру керек. Бұл мәселені Конституцияда нақтылап көрсету дұрыс болар еді.
Жергілікті басқару жүйелерін жетілдіру, мәслихат депутаттарының өкілеттілігін арттыру, жергілікті органдары лауазымды адамдарының жауапкершілігін жетілдіретін өзгерістердің де Конституцияда тиісінше көрсетілгені өте орынды болар еді. Тағы бір айта кететін нәрсе 1995 жылы қабылданған Ата Заңымыз бүкіл халықтық референдум арқылы жүзеге асырылды. Яғни, Ата Заңымызды жасаушы - халық. Демек, алдағы уақытта өзгеріске ұшырайтын Ата Заңымыз да референдум арқылы жүзеге асқаны жөн. Ол үшін Конституцияға «неге өзгерістер енгізілді?» дегенді жұртқа кеңінен түсіндірген жөн. Сонда ғана дауыс беретін жұрт Ата Заңды толығырақ білетін болады. Әрі ол бүкілхалықтық мәртебеге ие болары хақ. Жалпы алғанда, елімізде жүзеге асырылатын саяси реформалар, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекетіміздің халықаралық беделін көтеретініне күмән жоқ [57].
Жалпы тоқталып, тарих беттерін парақтап, талқыға салып, заңгерлер мен тарихшылар, конституционалист ғалымдардың пікірімен өрнектеп алған мәселеміз 1995 жылғы Конституцияның тәуелсіздік алып, мемлекет болып орныққанымыздың жемісі екенін дәлелдеу болатын. Қаншама айтылған қарсы пікірлер, Конституцияға тағылған сындар болса да, Қазақстан мемлекеті болып аяқтан тұрып, басқа мемлекеттермен достық қатынаста өмір сүріп, Әкономикамыз бен ішкі және сыртқы саясатымыздың біркелкі дамып, нәтиже көрсетіп келе жатқандығы, 1995 жылғы Конституцияның арқасында қол жеткізгенімізге ешкім санаса алмайды.
Жаңа Конституцияны қабылдаудың маңызды себептерінің келесі бірі - тұтастай алдыңғы кезең ішінде қалыптаса бастаған президенттік басқару нысанын бекіту қажеттігі болды.
Қазақ ССР-інің 1937 және 1978 жылғы Конституцияларымен салыстырғанда, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жүйесін едәуір кеңейте түсті. Дегенмен, адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясының және 1966 жылғы халықаралық Пактілердің нормаларына толық сәйкестікке әлі де қол жетпеген еді [51, 8].
Жаңа Конституцияны қабылдаудың басқа да себептері болған еді.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорытып, 1995 жылғы Конституцияның қабылданылуына негізінен 1993 жылғы Конституцияның кемшіліктері себеп болды деп айтуға болады. Олай болса, 1993 жылғы Конституцияның кемшіліктерімен қоса 1995 жылғы Конституцияның қабылданылуының келесідей себептерін көрсетеміз:
- орыс тілінің мәртебесін айқындау;
- жерге жеке меншік бекіту мәселесі;
- азаматтық мәселесі;
- жеке адамдардың құкыктары мен бостандықтары жүйесін кеңейту, халықаралық деңгейге көтеру мәселесі;
- жоғары өкілді органның құрылымын жетілдіру және оның құқықтық өкілеттігін айқындап беру;
- Үкіметтің мәртебесі мен оның өкілеттігі туралы мәселесі;
- сот жүйесін реформалау.
Осы аталған барлық себептерге талдау жасап, Н.Ә.Назарбаев Жоғарғы Кеңес таратылғаннан кейін Жаңа Конституцияның жобасы бойынша нақты және қарқынды жұмыс істеуді бастады. Ол әлем елдерінің бірқатар Конституциялары мен Әдебиеттерін зерделеуден өткізді. 1994 жылы желтоқсанда ол Әділет министрін шақыртып, оған жүргізілуі ыктимал Конституциялық реформаның негізгі тұстарын сипаттап берді. Жаңа Конституцияның жобасын жасау жұмысына ол ғалымдар тобын тартты, Жаңа Конституцияның жобасы бойынша Президент жанынан сараптық-консультативтік кеңес құрды. Оның құрамына келесідей ғалымдар кірді: Ю.Г. Басин, В.А. Ким, К.А. Колпаков, А.К. Котов, Б.А. Мұхамеджанов, Е.К. Нүрпейісов, Ғ.С. Сапарғалиев, М.К. Сүлейменов.
Н.А.Шайкенов, С.С.Алексеев (ресейлік профессор), Жак Аттали (Францияның Конституциялық Кеңесінің кеңесшісі), Ролан Дюма (Францияның Конституциялық Кеңесінің өкілі). Президенттің жетекшілігімен Конституцияның жобаларының көп нұсқалары дайындалды.
Елімізде Конституцияның жобасы кеңінен талқыланды. Жобаға 3 миллионнан астам азамат қатысқан 33 мыңдай ұжымдық талқылау өткізіліп, 30 мыңнан астам сұраныстар мен ескертпелер түсті, Конституция жобасының 55 бабына көптеген түзетулер мен толықтырулар енгізілді.
Біз Конституцияның ең түбегейлі қағидаттарын, ережелері мен нормаларын өте қысқа түрде қайырдық. Әрине, Конституцияның мазмұны біз ұы, нормалары экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды жүзеге асыру үшін, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, демократияны дамыту, мемлекетті, тұрақтылықты, еліміздің қауіпсіздігін нығайту және дамыту үшін тиімді, сенімді түрде базалық саяси-құқықтық негіз болып қызмет етулері тиіс. Он жыл ішінде бұл міндеттер сәтті орындалып келді және бүгінгі күнде де олар орындалу үстінде. Конституцияның маңызы міне осында. Осы орайда Н.Ә. Назарбаев: «Біздің Конституциямыз көптеген демократиялық мемлекеттер Конституцияларының өнегісі бойынша мұның бәрін жариялап кана қоймай, керісінше, өзінің бүкіл құрылымдық және техникалық-заңдық негізі, қатаң мемлекеттену, саяси және құқықтық категорияларының жүйесі арқылы нарықтық Экономикаға әлеуметтік бағдарланған қазіргі заманғы мемлекетті құру және дамыту үшін жасалған», - деді [19, 59]. Ол сонымен қатар былай деген еді «Біздің еліміздің халықаралық беделін нығайту мәселесіндегі Конституцияның маңызын айтып жатудың қажеті жоқ. Оның әлем қоғамдастығы алдындағы мән-мағынасы асқан болды. Конституцияның авторлык әзірлеу тәсілі, оны тікелей халықтың қабылдауы, заңгерлік техникасы мен саяси шешімдері, Конституцияның рухы мен бүкіл болмысы біздің тәуелсіз мемлекетіміздің, өркениетті, даму кезеңінің ерекшеліктерін, әлемдік демократиялық құндылықтарды бойына сіңірген Конституция болды. Ендеше біздің Отанымыздың XXI ғасырдағы болашағы нақ осыған байланысты» [19, 55].
Конституцияның өміршең және тұрақты болуы шарт. Бұл дегеніміз - Конституцияға мүлдем толықтырулар мен өзгертулер енгізуге болмайды дегенді білдірмесе керек. Өйткені мәңгілік ештеңе жоқ, ол табиғи заңдылық, сол себептен Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу оның құндылығын төмендетеді деген сөз емес [18, 15].
1998 жылдың 7 қазанында «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Жалпы алғанда бұл заңмен Конституцияға он жеті түзету енгізілді.
1998 жылғы 7 қазаңдағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң Президенттің ұсынысына сәйкес қабылданды. 1995 жылғы Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар сайлау жүйесін жетілдіру, Президенттің өкілеттігі уақытынан бұрын тоқтатылған жағдайда биліктің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін Сенат пен Мәжілістің рөлін көтеру, партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттар ретінде саяси партиялардың өкілдерінің Парламентке қатысуын кеңейту мәселелеріне байланысты болды. Бұл заң саяси партиялардың да саяси және мемлекеттік өмірдегі, саяси жүйені нығайтудағы рөлін біршама көтерді, олардың халық алдында беделін жоғарылатты, бірінші рет сайлау жүйесіне бара-бар өкілдік қағидасын енгізді.
1998 жылдың 7 қазанында қабылданған Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға сәйкес егер Президент Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаса, онда Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемінде бестен төртінің көпшілік даусымен Парламент осы өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға енгізу туралы заң қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті осы заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады [58].
Өзгертулер мен толықтырулар енгізгенге дейін ҚР Конституциясының 48 бабы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда оның міндетін атқару Парламент Сенатының Төрағасына ауысуы тиіс болатын, Сенат Төрағасы Президент міндеттерін өзіне қабылдауы мүмкін болмаған жағдайда бұл міндеттер Республиканың Премьер-Министріне көшетін. Конституцияның тиісті бабына енгізілген 7 қазандағы өзгертулер мен толықтырулар бойынша Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парламент Мәжілісінің Төрағасына көшеді, тек содан кейін ғана барып ол Республиканың Премьер-Министріне беріледі.
1998 жылдың 7 қазанындағы заң саяси партиялардың да саяси және мемлекеттік өмірдегі, саяси жүйені нығайтудағы рөлін біршама көтерді, олардың ұсынысты алдында беделін жоғарылатты, бірінші рет сайлау жүйесіне бара-бар өкілдік қағидасын енгізді. Заңға сәйкес Мәжіліс депутаттарының саны 77 депутатқа дейін жеткізілді, оның ішінде 10 депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын болды.
1998 жылғы 7 қазанда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жаңа өзгерістер мен толықтырулар қос палата қызметінің мерзімі, депутаттардың сайлануы, Үкімет мүшелерінің құзыреті шегінде анағұрлым кең дербестік беру, әкімдерді сайлау тәртібін бекіту мәселелеріне қатысты болды. Қазақстан саяси партиялардың пропорционалды өкілеттік негізінде партиялық тізім бойынша Мәжіліс сайлауына қатысуына мүмкіндік жасады [59].
Республиканың қоғам мен мемлекет өмірінің салаларында үлкен жетістіктерге жетуі жағдайында қолданымдағы Конституция ары қарай да Негізгі Заң ретіндегі рөлін орындауға қабілетті ме деген мәселе жиі қойылды. Бұл мәселе бірнеше жылдар бойы кеңінен талқыланды. Халықтың, саяси және мемлекеттік қайраткерлердің, ғалымдардың басым көпшілігі бұл Конституцияының негізінде жаңа Қазақстанды құруда, мемлекетті нығайтуда, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын кеңейту мен қорғауда, демократияны дамытуда, азаматтық қоғамды, оның институттарын құруда, экономиканы тұрақты дамытуда, тұрақтылықты қамтамасыз ету мен бекемдеуде, еліміздің әлемдік қауымдастықпен байланысын кеңейтуде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді, әлі де бұл Конституция өзінің әлеуетін жойған жоқ және халық пен мемлекет алдында тұрған барлық міндеттерді шешуге деген мүмкіндігі мен қабілеттігін сақтап отыр деп есептеді.
Қолданымдағы Конституцияның тұрақтылығы жағдайында оған тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін Конституциялық реформаларды тиісті деңгейде жүргізу мүмкіндігі және тіпті жүргізу қажеттігі мойындалды.
Конституцияның негіздерін, оның басты қағидаттары мен базалық идеяларын тұарқты сақтай отырып оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігі көптеген жағдайлармен себептелді. Ең алдымен экономикалық дамудың қол жеткізілген жоғары деңгейі заңды түрде терең саяси реформаларды, саяси жаңаруларды Н.Ә. Назарбаев негіздеген «әуелі экономика, содан кейін саясат» қағидасы бойынша жүргізудің қажеттігі мен мүмкіндігін себеп етті. Экономикамен бірге, оның негізінде халықтың әл-ауқатын көтеру де жүзеге асырылды. Ол өз кезегінде бүкіл қоғамдық-саяси өмірді активизациялау үшін ыңғайлы жағдайлар жасады. Сонымен қоса, азаматтық қоғамның демократиялық институттарын дамыту процесінде де маңызды қадамдар жасалды. Конституция қабылданғаннан кейінгі жылдары саяси өзгерістердің халықаралық тәжірибесі жан-жақты зерттеліп, мемлекеттік механизмді және демократияны жетілдіруде тиімді пайдаланылды.
Осы жағдайларда Президент өзінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа арнаған жолдауында «саяси реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасын» қамтитын қазақстандық қоғам мен мемлекетті демократияландырудың, жаңартудың жаңа кезеңінің міндеттерін негіздеді. Осы бағдарламаның талқылануын үйлестіру үшін Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия құрылған болатын, кейін ол Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылды.
Осы комиссияның қорытындылары мен ұсыныстарын, тұрғын халықтың әртүрлі топтарының, мемлекеттік қайраткерлердің, ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, әрі алдымызға елімізді неғұрлым бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіргізу міндеті қойылған тұста бүкіл саяси жүйені жалпы қамтушылық сипатта жаңарту қажеттігін және Жаңа әлемде Жаңа Қазақстанды құру міндетін терең ұғына отырып Президент Конституциялық реформа жүргізу туралы шешім қабылдады. 2007 жылдың 21 мамырында Парламент «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Конституциялық реформа Негізгі заңымыздың ешбір бөлімін сырт айналып кеткен жоқ, өзгертулер мен толықтырулар Конституцияның барлық бөлімдеріне енгізілді.
2007 жылы мамырда «Қазақстан Республикасының Конституци- ясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Ол республика халқы тарапынан түсіністікпен жылы қабылданды. Конституциялық реформалардың негізгі мақсаты — қоғамды одан эрі демократияландыру. Бүл жаңа өзгерістер мен толықтырулардың негізгі мэні қандай? Біріншіден, президенттік жүйеден басқарудың президенттік-парламенттік моделіне көшудің конституциялық негізі қаланды. Елбасы өз үсынысымен біраз өкілеттілігін Парламент- ке берді. Конституцияға осыған байланысты бірқатар өзгерістер енгізілді. Парламенттің қүзіреті едәуір кеңейтілді.
Президент Үкімет басшысын саяси партиялардың фракцияларымен ақылдасып- кеңесуден кейін эрі Мэжіліс депутаттары көпшілігінің келісімімен ғана тағайындайтын болды, яғни Президент үкіметті жасақтауды Мәжіліспен келісіп шешеді. Енді Премьер-Министрді бекітуде, де- мек бүкіл Үкіметті де бекітуде басты рөл Мәжіліске беріледі. [59, 12].
42-ші баптағы «бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайтындығын» реттейтін норма өзгеріссіз қалғанымен ол «бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды» деген нормамен толықтырылды [59, 17].
Мұндай косымша елімізде экономиканың дамуына, адамдардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне, демократияның дамуына, адам және азаматтың құқықтарының қамтамасыз етілуі мен қорғалуына, ұлтаралық, дінаралық келісім мен бейбітшілікті, тұрақтылықты нығайтуға, Қазақстанның әлемдік қауымдастықта рөлінің нығаюы мен өсуіне жеткізген қайта құрушылықтарды жүзеге асыру ісінде қазіргі тұңғыш Президенттің жасаған ерен еңбегі ескеріле отырып енгізілді.
Бұл қадам Қазақстанның неғұрлым бәсекеге қабілетті елу әлем елдерінің қатарына қосылуы, Жаңа әлемде Жаңа Қазақстанды қалыптастыру, бүкіл қоғам мен мемлекетті жедел жаңартуды жүзеге асыру секілді міндеттерді осы идеялардың авторы әрі мемлекетті басқаруда сыналған Н.Ә. Назарбаевтың ғана жетекшілік етуімен сенімді түрде жүзеге асырылуы мүмкін екендігіне негізді түрде сенген халықтың сенімімен жасалды.
Жаңартылған Конституция саяси партиялардың рөлін көтерді. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау партиялық тізім бойынша жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжіліс депутаттарының пропорционалдык жүйе бойынша сайлау саяси партиялардың рөлін арттыруда тарихи маңызды қадам болып табылады. Осы орайда академик С.З. Зиманов Қазақстанның парламентінің төменгі палатасы партиялық тізім бойынша ұйымдастыру нысанына жеткенін айта келе оның ескі жүйеден (бірмандатты округ бойынша жеке кандидатқа дауыс беру) бірқатар артыкшылыктары бар екенін көрсетеді. Академиктің есептеуінше ол артыкшылықтар келесілер:
1) партиялык тізім бойынша құру кезінде электораттың талқысы мен шешуіне партияның ресми форумдарында алдын-ала талқыланған және қабылданған жүйелі бағдарламалар шығарылады;
2) сайлаушылар қоғам мен мемлекеттің мүдделері мен азаматтардың Әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін партиялардың бағдарламаларын қарап салыстыру мүмкіндігін иеленеді;
3) сайлаушылардың белсенділігін көтереді және халықтың біртіндеп биліктің алып жүрушісі (носитель власти) болуына ықпал етеді;
Парламент бағдарламалық іс-әрекеттің халықтық орталығы болады, оның халық алдындағы және билік құрылымы жүйесіндегі рөлі мен жауаптылығы өседі [60].
«Парламент» атты бөлімнің 52 бабының бұрынғы нұсқасында Парламент депутатының қандай да бір аманатты мандатпен байланысты емес екендігі бекітілген болатын. Жаңа нұсқада тиісті баптың бұл тармағы алынып тасталды. Конституцияның осы 52 бабының 1 тармағы әрекет етіп тұрған кезде де Парламент депутаттарының сайлаушылардың еркін, пікірлері мен сауалдарын мұқият зерделегенін ұмытпау керек. Сондықтан да Конституцияның осы ережесін алып тастау қажет және демократия, халықбилігі қағидаларына сай деп танылды. Депутаттың қандай да бір аманатты мандатпен байланысты емес екендігі Парламенттің барлық депутаттарына қатысты емес, ол тек Парламенттің Мәжілісі депутаттарына ғана қатысты деп жаза отырып ғалым Сапарғалиев Ғ.С. Істің мәні мынада дейді: Конституцияда тікелей айтылмағанымен аманатты мандат саяси партиялардан сайланған Мәжіліс депутаттарына қатысты [61].
Парламентті реформалау қажетті қадам болды деп айтуға болады. Оның себебін реформаға дейінгі парламенттің жұмысының ақсауынан байқауға болады. Бүгінде де Әзірге парламенттің тындырып отырған ісі күтілген нәтижеге қол жеткізе қойған жоқ. Дегенмен, реформалауға дейінгі жағдайға көз салсақ парламент іс жүзінде президент Әкімшілігінің, одан да соракысы үкімет кеңесінің қолбаласы болып кетті. Осындай қолбала Парламенттің «арқасында»әр жыл сайын үкімет мемлекет пен халықтың мүддесіне сай келмейтін бюджетті қабылдады. Зардабын әлі талай ұрпақ тартатын Жер кодексі осындай қолбала Парламенттің арқасында қабылданды. Бұл Парламент халықтың мүддесін қорғамайды, билікке толық тәуелді, - деп толмас көңілін білдірген азаматтар болды [29, 50].
Парламентті жетілдіруге байланысты Конституциялық өзгерістер қоғамды біріктіріп, түйіні күрделі стратегиялық және тактикалық мәселелерді шешуге бағытталған деп айтуға болады.
«Үкімет» бөліміндегі Үкіметтің Конституцияның 53 бабының 6)-тармақшасында көзделген ретте Республика Парламентіне есеп беруінің бұрынғы ережесі Үкіметтің Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты болуы ережесімен ауыстырылды. Бұл Үкіметтің Парламент алдындағы, тиісінше халық алдындағы жауаптылығын көтереді.
Ел Конституциясына енгізілген өзгерістер Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық қоғам инситуттарының рөлін арттыра түсті....»- деп бастады [57, 12].
Бұл сөздерден ұғынарымыз Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекет үшін қыруар еңбек еткенін, соның негізінде елдегі ішкі және сыртқы саясатымыздың біршама түзелгендігін байқаймыз. Жаңа Конституция талаптарына сай мемлекеттегі органдардың халыққа қызмет етіп келе жатқандығы куантарлық жәйт.
Қанша жылды артқа тастаған Қазақстанда Конституция қабылданғалы не өзгерді деген сұраққа біз басымызды көтеріп, үлкен мақтанышпен қысылмай жауап бере алатын күйге жеттік. Жоғарыда Конституциямыздың қабылдану тарихын, оның қиын-қыстау заманнан қалай ілгері басып шыққандығын, елімізде сол кездері қандай өтпелі кезең болғанын талқыға салдық. Ендігі кезекте Конституциямыздың елге сыйлаған жетістіктер мен жемісіне тоқтала кетпек ойымыз бар.
Он төрт жыл мемлекетпен қатар тыныс алып, талай өзгеріске ұшыраған Конституция әлі де еңбек етуін тоқтатпай келе жатыр. Экономикамыздың ірі мемлекеттердің экономикасымен қалыспай дамып, елдегі әлеуметтік, саяси жағдайларды шешуге өз көмегін беріп келе жатқандығы да баршамызға мәлім. Осы жылы бүкіл әлемді шарпыған дағдарыс біздің мемлекетімізге де сол әсерін тигізіп жатыр. Бірақ та, қолданыстағы Конституцияның дұрыс қолданылуы негізінде біз бұл дағдарысқа төте беріп келеміз. Басқа мемлекеттердің нарықтық экономикасы күрт төмендеп, жұмыссыздар саны көбейіп, зәулім зауыттар жабылып, дағдарысқа төзе алмаған халықтары көтеріліп жатса, біздің мемлекетте мұның бірде-біреу қорқыныш туғызбады. Барлық кедергілер мен қаржы мәселелерін демократиялы жолмен шешіп, дағдарыстың мемлекетке, оның ішінде Конституцияда белгілегендей, қымбат қазынасы - халыққа зиянын тигізбес үшін қарқынды жұмыс жасап жатыр.
Бүгінгі Қазақстан қоғамның конституциялық барысындағы гуманистік даму мен қол жеткізген нәтижелерін ел Президенті сөзімен айтсақ: «Біз баршаға барынша мүмкіндіктер беретін қоғам: әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз [11, 70].
Конституциямызды жоғары құқықтық нысанымыз деп белгілеп ағғанымыз қателік болмас, себебі болашақ заңгер мамандығын алғалы отырған мен, конституцияда белгіленген заңнамалар негізінде құқық қорғау органдарының жұмысының реттеліп, адам мен азаматты қорғауда үлкен рөл атқарып келе жатқанына куәмін. Құқық қорғау органдарының Конституция негізінде дамып, халыққа өз пайдасын тигізіп жатқаны, әрине, қуантады. Себебі, жоғары да айтып кеткеніміздей өз дегенін орындата алмаған Конституция - нағыз Конституция емес.
Жеке адамның құқығын қандай да бір қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күрес және сот төрелігіне көмектесу - адвокаттық қызметке үлкен саяси-әлеуметтік маңыз береді [10, 69].
Адвокатураның өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді қаншалықты тиімді атқаратындығы белгілі бір дәрежеде әрбір азаматтың ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғамның құқықтық қорғалу дәрежесіне де байланысты. Әрбір азамат заңға қайшы емес барлық әдістермен, соның ішінде заңгерлік білімі және азаматтар мен ұйымдарды қорғау мен өкілдік ету бойынша қажетті дағдылары бар кәсіби заңгерге өзінің жүгіну құқығын пайдалана отырып, сотта өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқылы.
Адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін түбегейлі жүзеге асыру, олар істі қисынды жете біле отырып қорғалған жағдайда ғана ықтимал. Мұндай қорғауды екінің бірі жүргізе алмайды. Бұл жағдайда заңдарды жақсы білумен қатар нормативтік құқықтық актілердің қолданылу практикасын білу, құқық қорғау органдарында іс жүргізу тәжірбиесі талап етіледі. Басқаша айтқанда, тиімді көмекті көрсету үшін білікті маман қажет. Азаматтар, әдетте, заңнаманың негізгі қағидаларын біледі, ал субъектілік құқықтарды қорғау үшін терең білім мен заңдарды қолдану тәртібін білу талап етіледі.
Білікті заң көмегін алу құқығын конституциялық принцип деңгейіне көтеру аса маңызды мән-жайдан туындайды. Өйткені түлғаны заң көмегін алу құқығынан айыру кемсітушілікке, айтарлықтай шектеуге, ал кейде азамат пен қоғамды орны толмас залалға алып келеді. Конституцияның Қазақстанның бүкіл аумағында міндетті күші мен тікелей пәрмені болғандықтан, заң көмегін алу құқығын қосымша баянды ету міндетті емес: кез келген мемлекеттік орган, лауазымды түлғалар, адвокаттардың өздері және азаматтар осы конституциялық нормадан туындайтын міндеттер мен өкілеттіктер туралы біледі. Қазіргі қоғамда адвокатура институтының тиімді жұмыс істеу заңдылықты сақтау мен жеке адамның құқығын қорғауға өз әсерін тигізеді. Сондықтан адвокат қызметі нақты азаматтың немесе ұйымның мүддесіне де, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның жария-құқықтық мүддесіне де сай келеді. Мұны соңғы уақытта көпшілік сезінді, сондықтан адвокатураға қоғамдағы көзқарас баяу болса да өзгеріп келеді. Құқық қорғау мамандарының беделі де өсіп келеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы тек сот әділдігінің принциптерін жүзеге асыруға ғана кепілдік беріп қана қоймайды. Ол әділ соттың тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңдарды іске асыру - тура қазіргі кздегі міндетіміз екенін, бүгінгі күннің болмысы, билікті бөлісудегі негізгі конституциялық принципті неғұрлым толығырақ іске асыруды талап етеді [23, 43].
Сот бақылауының Конституция заңдылығын қамтамасыз етудегі құқықтық ұйымдастырудың сапасын арттырып, нығайтуда толық құқығы бар аса маңызды құрал ретінде көрсетілгені содан. Сот билігінң қалыптасуы соңғы жылдардағы жаңа көзқарастағы конституциялық принцип негізінде өркен кайып келеді.
Сондықтан азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы мен бостандығына Катысты сот қорғауының тиімділігін арттыруда Конституциялық құқықтық ережелерін одан әрі бұлжытпай көрегендікпен жүзеге асыра бер қажет [13, 72].
Ең маңыздысы, тәуелсіз де күшті сот билігі - еліміздегі азаматтардың жақсы емір сүруіне анық та айқын мақсат қойған әлеуметтік хал-ахуалын, құқықтық қатынастарын, Конституциялық заңдылықпен бекітілген ел тұтастығы мен ұлт бірлігін сақтау жолындағы мемлекет артқан сенімді әділдікпен жүзеге асыруда баянды қызмет көрсете бермек.
Ата Заңда міндеттері мен құқықтары белгіленіп, сол құқықтарға сүйеніп қызмет етіп келе жатырған тағы да бір органның бірі - прокуратура.
Көріп отырғанымыздай, құқықтарды сақтау үшін құқықтық нормалар бар. Міндет Конституция талаптарын қатаң орындауда қол жеткізуде ғана. Жекеленген пысықтай шенеуніктер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің негізгі Заң нормаларын, соның ішінде азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету нормаларын бұзуға жол беретіні жасырын емес.үкімет қатаң бақылауға алып, мұндай фактілердің жұртшылық алдындағы бағасын беруге, ең алдымен – заң бұзушыларды да аз емес. Промблеманың басқа да жағы бар. Халықтың Елбасына: «Бүкіл әлемде демократияға оқып-үйретуге әдеттенген жекелеген өзнің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнгенде бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын мемлекеттік саясатпен ынтымақ көтеруге бағыттайтын құқықтық және моральдық құралдар таба алатыны неліктен?»-деген сауал қоятын кездері бар. Ал, біз неғұрлым үлкен қауіптің алдында тұрған транзиттік ел, неліктен бұл жағдайда әңгіме қозғаудың өзін ұят санаймыз? Ресей, ең бірінші кезекте, ақпараттық саясатта мемлекеттік мүдделерді күшейту үшін неліктен бұл жағдайда әңгіме қозғаудың өзін ұят санаймыз?ресей, ең бірінші кезекте, ақпараттық саясатта мемлекеттік мүдделерді күшейту үшін неліктен БАҚ туралы жаңа заң әзірледі? Ал біз журналистке Отанды да, ар-ожданды да кейде өресі тар мүддесін көздейтін құрылтайшының бәсіне тігетін ережелерге мойынсұнып отырмыз. Мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, бүқаралық ақпарат құралдарының, лауазымды тұлғалардың, барлық азаматтардың демократия дамуының басты шарты - заңдылық екенін ұмытуына болмайды [33, 44].
Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын соттан тысқары қорғаудың тетіктерін дамытудың халықаралық тәжірбиесі Адам құқықтар жөніндегі уәкіл институтының қалыптасуына жәрдемдесті, ол көптеген демократиялық мемлекеттерде, соның ішінде ТМД-да табысты жұмыс атқаруда. Адам құқығын қорғаудың ұлттық жүйесін табиғи толықтырушы мұндай институт таяу уақытта Қазақстанда да ашылатын болады.
Бұл ретте адам құқығын қорғау жөніндегі міндеттерді өз мойына ала отырып, мемлекеттің ол адамнан тиісті мінез-құлық пен өз міндеттерін адал атқаруын талап ету құқығы бар екенін ұмытуға болмайды.
Экономикада табыстарға қол жеткізген бұрынғы социалистік елдердің, соның ішінде ТМД-ның тәжірбиесінен туындаған мынадай фактіні айрықша атап өткен жөн: ол өтпелі кезеңде экономиканы ырықтандыру үшін қоғамда жеткілікті қатаң саяси құрылым мен тәртіп орнатудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Бұл кірделі, көбінесе жұртқа жаға бермейтін экономикалық реформалар жүргізуге, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, таяу жылдардағы міндеттің мәні әлдебір дәйексіз саяси ырықтандыруда емес, қолданыстағы Конституция әлеуеті брынша пайдалануда болып табылады. Оның үстіне экономиканы өсіруге және төрешілдіктен арылтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге нақты жәрдемдесетіндей етіп пайдалану керек [10, 42].
Біз онымен барынша бітіспес күрес жүргізіп келдік және жүргізе береміз. Шеніне, лауазымына және саяси бағдарына қарамай, заң алдында барлығының бірдей екендігін және тиісінше жауапкершілікті мойнына алуға тиіс екенін барынша мықтап түсінуге тиіспіз.
Қоғамда өкінішке орай әлі де болса кездесетін құқықтық нигилизмді жоюда судьялар жұмысының сапасы маңызды рөл атқарады. Соттар қоғамда заңға құлықтылықты, азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыратын органдар болуға тиіс. Екінші жағынан алсақ, соттардың заңды тұрғыда қабылданған шешімдерін әрбір азамат қолдауға тиіс. Нақты істер бойынша қабылданған актілерді көпшілік сынына салу арқылы соттардың беделіне нұқсан келтірудің қандай да бір әрекеттеріне жол берілмейді. Бұл азаматтардың соттар мен сот төрелігіне деген сенімін азайтып, ол түптің түбінде қоғам мүдделеріне қайшы келеді. Осыған байланысты соттардың қызметін қамтамасыз етудің құқықтық кепілдіктерін жүзеге асыру пәрменділігін арттыру керек. Сотқа, сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтіргені үшін жауаптылық деген де бар ғой.
Біз осынша қысқа мерзім ішінде мұрат тұтарлықтай мемлекетті, нақ сондай мұрат еткендей қоғамды құрудың мүмкін еместігіне ой тоқтатамыз. Дегенмен Конституциялық нормалар мен принциптерді қолдану өкімет пен қоғамның тұрлаулығын қамтамасыз етіп, тәуелсіздікті нығайту мен Экономикалық реформалар жүргізудің басты құралы болғанын атап айта аламыз.
Еліміздің Ата Заңы реформа жылдарында екі рет - 1998 жылы қазанда және 2007 жылы мамыр айында оған уақыт талабынан туындаған түзетулер енгізілгенде өзгергені өте маңызды. Бұл сол кезде азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамытудың, саяси жүйені ырықтандырудың және демократиялық реформаларды жалғастырудың нақты қажеттігіне байланысты жасалған қадам болатын. Заң шығарушылық аса сақтық пен мұқияттылықты талап ететіне сүйеніп келеміз, себебі Ата Заңның нормаларына енгізілген кез келген өзгеріс күллі қоғам мен мемлекеттің өзіне әсерін тигізеді.
1995 жылғы Конституцияның бойына салынған әлеует әлі де толық пайдаланылған жоқ. Қазіргі кезде қолданыстағы Конституцияның аясында мемлекеттілікті нығайту мен құқық жүйесін дамыту үшін қажетті мүмкіндіктер бар. Айталық биліктің барлық тармақтары бірдей ел Конституциясында берілген өкілеттіктерін толығымен іске асырып отырған жоқ. Мәселен, Парламеттің Конституцияда белгіленген рөлі мен мәнінің қоғам өмірінде зор маңызы бар, алайда олар толығымен пайдаланылмай келеді. Депутаттардың қолында Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндамаларын, есептерін тыңдау, сондай-ақ Үкімет мүшелерін оларға жүктелген мәселелер бойынша тыңдау арқылы атқарушы билікке ықпал етудің түткасы бар. Олардың бұл мүмкіндіктерін пайдалана білетінін де айтқан жөн: өткен сессия кезінде Парламент депутаттары Үкіметтің бес мүшесін тыңдады.
Бүгінгі күні біз экономикадағы қазіргі табыстарымзға, еліміздегі тұрақтылыққа, ұлттық татулыққа, билік төңірегіндегі қайшылықтарды конституциялық жолмен шешуге халқымыз осыдан он төрт жыл бұрын қабылданған Конституцияның негізінде жеттік десек, әділдіктен қия баспаймыз. Осы орайда белгілі ағылшын философы, заңгері Бентам Иеремияның: «Ең үздік Конституция халықтың бойы үйренген Конституция» деген сөздерін еске ала кеткен жөн [18, 77].
