Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Voprosy_2_GAK_UiA_na_kaz_16-17_g (2).doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆
  1. Кері жал бойынша операциялардың есебі. Кері операциондық және кері қаржылық жал.

Қаржылық лизингісі. Қаржылық лизинг-бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің аммортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:

- лизинг беруші;

- лизинг алушылар болып табылады.

Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг- бұл инвестициялық қызметтің бір түрі, онда:

- лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім-шары бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі аммортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;

- лизинг алушы келісім шартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісім-шарттың мерзімі өткен соң,лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер мұндай жағдай шартта қарастырылған болса.Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары жер телімі т.б. жатады.лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.

Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғаелары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісім-шартымен, сатып алу-сату келісім-шартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісім-шарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналиайжы: келісім-шарт жасалатын нәрсесә; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы; лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері; лизинг нәрсесінің құны; келісім-шарттың әрекет ету мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг нәрсесін суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау мен жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинго нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісім-шарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді.қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу сату келісім-шарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс.Лизинг алушының да, лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы, ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.

  1. Функционалды валюта. Шетел валютасындағы операцияларды бейнелеу (ҚЕХС(IFRS)21). Бастапқы тану. Бағамдық айырмашылықтарды тану. Шетелдік қызмет. Функционалды валютадан бөлек есептіліктегі валютаны қолдану. Ұсыну валютаға қайта есептеу.

Шетел қызметі – еншілес немесе қайымдастырылған ұйым, бірлескен қызмет немесе бөлім ұйымнан есеп алады, олардың қызметі есеп алатын ұйымның елінен үздік елде негізделеді немесе жүзеге асырылады

Валюталық операциялар тҥсінігінің мазмҧны мен мәнін толық ашу ҥшін негiзгi

терминдерге анықтама беру қажет. Соның iшiнде негiзгiсi шетел валютасы. Валюта мемлекеттердiң заңды қҧралы ретiнде қабылдаған ақша бiрлiгi немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар. Сонымен қaтap айналыммен шығарылатын бiрақ, айырбастауға жататын aқшa белгiлерi. ҚР-ның Ҧлттық Валютасы тенге. Шетел валютасы шет мемлекеттердiң валютасы (доллар, евро, рубль). Валюталық қҧндылықтарға:

1. Шетел валютасы.

2. Шетел валютасындағы бағалы қағаздармен тӛлем қҧжaттapы (акция, облигация) және басқа шетел валютасында кӛрсетiлген қарыз міндеттемелері.

3. Бағалы металдар -алтын, кҥмic, платиналық ток металдары барлық тҥрде және жағдайда ювелир бҧйымдары.

4. Табиғи бағалы металдар -алмаз, рубин, изумрудтар, жемжуг және т.б. ҚР-ның валютасына кiредi.

5. Айналымдағы сонымен қaтap айналымнан шығарылған бiрақ айырбастауға жататын ҚР-ның ҦБ-нiң билеттерi мен тиындары тҥрiндегi теңгелер. ҚР-ның банктерiндегi мен басқа да несиелiк мекемелерiндегi орналасқан теңгелей қаржылар.

6. ҚР-дағы валютасындағы бағалы қағаздар, теңгеде кӛрсетiлген тӛлем қҧжаттарымен қарыз міндеттемелер.

Ҧлттық және шетел валютасындағы операцияларды жҥргiзетiн субъектiлерге қосып «резидент пен бейрезиденттер» саналады. «Резидент» - тҥсiнiгiнiң қҧрамына келесi категориялы азаматтар мен мекемелер кіреді:

1. ҚР-ның территориясында тҧратын тҧлғалаp.

2. ҚР заңдарына сәйкес және ҚР территориясында орналасқан заңды тҧлғалар.

3. Заңды тҧлғa ретiнде саналмайтын бiрақ ҚР-ның заңына Сәйкес

қҧрылған мекемелер мен организациялар.

«Бейрезидент» -тҧлғаларға жатады:

1. ҚР-нан тыс мемлекеттерден тҧрақты мекен жайы бар заңды

тҧлғалар, сонымен қaтap ҚР-ның уақытшa тҧлғалары.

2. Шетел мемлекеттерiнiң заңына сәйкес және тҧрақты мекен-жайы жоқ

тҧлғалар.

3. Заңды тҧлғa болып табылмайтын мекемелер мен организациялар.

4. ҚР-ның территориясында шетел дипломатиялық және басқа да ресми

представительствалар.

Банк валюталық операцияларының келесi тҥрлерiн орындайды:

1. Валютаны сату және сатып алу.

2. Клиенттiң валюталық шоттарын жҥргiзу және депозиттер қабылдау.

3. Валютада халықаралық есеп айырысу.

4. Валюталық несиелер беру. Ұйым өзінің қаржы есептілігін кез келген валютада (немесе валюталарда) ұсына алады. Егер ұсыну валютасы ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше болса, ол өз нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептейді. Мысалы, топ құрамына түрлі қолданыстағы валюталарды пайдаланатын жекелеген ұйымдар кіретін кезде сол ұйымдардың әрқайсысының нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері барлығы үшін ортақ валютамен көрсетіледі, мұның өзі шоғырландырылған қаржы есебін ұсынуға мүмкіндік береді.

Қолданыстағы валютасы гиперинфляциялық экономика валютасы болып табылмайтын ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері төмендегі рәсімдерді пайдалана басқа ұсыну валютасына қайта есептелуге тиіс:

а) ұсынылған әрбір баланс бойынша активтер мен міндеттемелер (яғни, соның ішінде салыстырмалы деректер);

б) пайда мен залал туралы әрбір есеп бойынша кіріс пен шығыс (яғни, соның ішінде салыстырмалы деректер) операциялар жүзеге асырылған күнгі бағамдар бойынша қайта есептеуге жатады; және

в) пайда болатын барлық бағам айырмашылықтары капиталдың жеке компоненті ретінде мойындалуға тиіс.

Практикалық ой-мақсат бойынша, операциялар жүзеге асырылған күнгі айырбастау бағамымен шамалас бағам, мысалы, кезең ішіндегі орташа бағам, кіріс пен шығыс баптарын қайта есептеу үшін жиі пайдаланылады. Алайда, айырбастау бағамдарында елеулі ауытқулар болған жағдайда, кезең ішіндегі орташа бағамды пайдалану орынсыз.

бағам айырмашылықтары:

а) айырбастау бағамдары бойынша кіріс пен шығысты осы операциялар жүзеге асырылған күні, ал активтер мен міндеттемелерді – жабу бағамы бойынша қайта есептеу;

б) таза активтерді кезеңнің бас кезінде бұрынғы жабу бағамынан өзгеше жабу бағамы бойынша қайта есептеу нәтижесінде пайда болады.

Бұл бағам айырмашылықтары пайдада немесе залалда мойындауға жатпайды, өйткені бағам айырмашылықтарының өзгеруі операциялар бойынша ақша қаражатының ағымдағы және болашақ ағындарына шамалы әсер етеді, немесе мүлдем әсер етпейді. Бағам айырмашылығы пайдада немесе залалда да, тікелей капиталда да мойындалған кіріс және шығыс баптары бойынша пайда болады. Бағам айырмашылықтары шоғырландырылған, бірақ толық емес меншікте болатын шетелдік қызметке жататын кезде қайта есептеу кезінде пайда болатын және азшылық үлесіне жатқызылатын жинақталған бағам айырмашылықтары шоғырландырылған баланстағы азшылық үлесінің бір бөлігі ретінде бөлінеді және мойындалады.

Қолданыстағы валютасы гиперинфляциялы экономика валютасы болып табылатын ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері басқа ұсыну валютасына мына рәсімдерді пайдалана қайта есептелуге тиіс:

а) барлық сомалар (яғни, активтер, міндеттемелер, үлестік құралдар, кіріс пен шығыс, соның ішінде салыстырмалы деректер) ең соңғы есепті күнгі жабу бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс;

б) сомалар гиперинфляциялы экономика валютасына қайта есептелген кезде салыстырмалы сомалар ретінде бұрынғы жылғы тиісті қаржы есептілігінде ағымдағы жылға қатысты деп көрсетілген (яғни, баға деңгейіндегі кейінгі өзгерістерге немесе айырбастау бағамдарындағы кейінгі өзгерістерге түзетулер енгізілмеген) сомаларды міндетті түрде пайдалану керек.

Ұйымның қолданыстағы валютасы гиперинфляциялы экономика валютасы болып табылатын кезде ұйым көзделген қайта есептеу әдісін, гиперинфляциялы экономика валютасына қайта есептеуге жататын салыстырмалы сомалардан басқасын қолданардан бұрын өзінің қаржы есептілігін 29-«Гиперинфляция жағадайларындағы қаржы есептілігі» IAS Халықаралық стандартына сәйкес қайта есептеуге міндетті. Экономика гиперинфляциялы болмайтын және ұйым ендігі жерде өзінің қаржы есептілігін 29 IAS-Халықаралық стандартына сәйкес қайта есептемейтін болса, ол ұсыну валютасына қайта есептеу үшін тарихи құн ретінде ұйым өзінің қаржы есептілігін қайта есептеуді тоқтатқан күндегі нақты бағалар деңгейіне қайта есептелген сомаларды пайдалануға міндетті.

Шетелдік қызметтің нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері сол шетелдік қызметтің есеп беруші ұйымның қаржы есептілігіне шоғырландыру, пропорциялы шоғырландыру немесе үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісі арқылы қосуға болатындай болуы үшін ұсыну валютасына қайта есептеледі. Шетелдік қызметтің нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін есеп беруші ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштеріне қосу шоғырландырудың топ ішіндегі есеп айырысулар және еншілес ұйымның топ ішіндегі операциялары бойынша қалдықтарды шығарып тастау сияқты қабылданған рәсімдеріне сәйкес орындалады (қараңыз: 27-«Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» IAS және 31-«Бірлескен қызметке қатысу» IAS). Алайда, топ ішіндегі ақша активі (немесе міндеттемесі), қысқа мерзімдісі де, ұзақ мерзімдісі де, топ ішіндегі тиісті міндеттемеге (немесе активке) қарсы валюталық бағам ауытқулары нәтижелерінің қаржы есептілігінде көрсетпестен шығарып тастауға болмайды. Мұның өзі бұл ақша бабының бір валютаны екіншісіне аудару ниеті болып табылатынының, ал валюта бағамдарының ауытқуы есебінен есеп беруші ұйымға пайда немесе залал келтіретінінің салдары болып табылады. Тиісінше, есеп беруші ұйымның қаржы есептілігінде ондай бағам айырмашылығы бұрынғысынша кірісте немесе шығыста мойындалады, не, егер ол жоғарыда сипатталған жағдайлардан пайда болса, ол шетелдік капитал шығарылғанға дейін капитал ретінде жіктеледі.

Шетелдік қызметтің және есеп беруші ұйымның қаржы есептілігін әзірлеу күні үйлеспейтін болса, шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым көптеген жағдайларда есеп беруші ұйымның есеп беретін күніне дәл келетін күнге қосымша есептілік әзірлейді. Егер осылай істелмесе, 27 IAS басқа есепті күнді пайдалануға рұқсат етеді, бұл жағдайда есепті күнде арасындағы алшақтық үш айдан аспайтын және сол түрлі күндер аралығындағы кезеңде орын алған кез келген елеулі операциялар мен басқа да оқиғаларға түзетулер енгізілген болуы керек. Бұл жағдайда шетелдік қызмет активтері мен міндеттемелері ол есеп беретін күнде қолданылған бағам бойынша қайта есептеледі. Айырбастау бағамдарының елеулі өзгерулеріне түзетулер, 27 IAS-Халықаралық стандартына сәйкес, есеп беруші ұйымның есеп беретін күніне дейін енгізіледі. Үлесті қатысуды есепке алу әдісі қолданылған кезде, сондай-ақ бірлескен қызметке пропорциялы шоғырландыруды қолданған кезде қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен қызметке 28-«Қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар» IAS және 31 IAS-Халықаралық стандартына сәйкес осындай әдіс қолданылады.

Шетелдік қызметті сатып алу кезінде пайда болған кез келген іскерлік бедел және сол шетелдік қызметті сатып алу кезінде пайда болатын активтер мен міндеттемелердің әділ құнына енгізілетін түзетулер оның активтері мен міндеттемелері ретінде есепке алынуға тиіс. Тиісінше, олар сол шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасында білдірілуге және жабу бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс.

Шетелдік қызмет шығарылған кезде бағам айырмашылықтарының осы шетелдік қызметке қатысты капиталдың жеке компонентінде кейінге қалдырылған сомасы шығып қалудан келетін пайда немесе залал деп мойындалатын сол кезеңдегі кірісте немесе шығыста мойындалуға тиіс.

Ұйым шетелдік қызметтегі өз үлесін акционерлік капиталды сату, жою, өтеу немесе сол қызметтен түгелдей немесе ішінара бас тарту жолымен жүзеге асыра алады. Дивидендтер төлеу ол инвестицияларды қайтару болып табылатын жағдайда ғана, мысалы, дивиденд сатып алынғанға дейін алынған пайдадан төленетін кезде төленеді. Ішінара шығарылған жағдайда пайдаға немесе залалға тек жинақталған тиісті бағам айырмашылығының пропорциялы бөлігі ғана қосылады. Шетелдік қызметтің баланстық құнын есептен шығару ішінара шығарту болып табылмайды. Тиісінше, кейінге қалдырылған бағам пайдасының немесе залалының ешбір бөлігі есептен шығару сәтінде пайдада немесе залалда мойындауға жатпайды.

Шетелдік валютамен операциялар және бағам айырмашылықтары бойынша ұйымның (соның ішінде шетелдік қызметтің) нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін басқа валютаға қайта есептеу кезінде пайда болатын пайда мен залалдың салыққа әсері болуы мүмкін. Сондай салық әсерлеріне байланысты мәселелер 12-«Пайдаға салынатын салықтар» IAS Халықаралық стандартымен реттеледі. 

  1. Салық базасы. Ағымдағы салық міндеттемелері және ағымдағы салық активтерін тану (ҚЕХС 12) . Тұрақты және уақытша айырмашылықтар.

Активтерді немесе міндеттемелерді мойындаудың өзінен есеп беретін компания осы активтердің немесе міндеттемелердің баланстық құнының орнын толтыруды немесе өтеуді көздейтінін көрсетеді. Егер де баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу бұрынғымен салыстырғанда көбірек (азырақ) салық төлеуге соқтыруы ықтимал болса, егер де мұндай орнын толтыру немесе өтеу салық салдарын тудырмайтын болса, онда бұл Стандарт жекелеген жағдайларды қоспағанда, компания кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін (кейінге қалдырылған салық активін) мойындауын талап етеді.

12 ҚЕХС мақсаты үшін пайдаға салынатын салыққа салық салынатын пайдаға негізделетін барлық ұлттық және шетелдік салықтар кіреді. Сондай-ақ пайдаға салынатын салыққа пайданың көзінен ұсталатын, еншілес компания, қауымдастырылған компания төлейтін немесе есеп беретін компанияға бөлінген пайдадан бірлескен қызмет шеңберінде төленетін салық сияқты салықтар кіреді.  Бухгалтерлік пайда - салық төлеуге кететін шығысты шегерілгенге дейінгі кезең ішіндегі таза пайда немесе залал.  Салық салынатын пайда (салық салу кезінде есептелетін залал) – салық органдары белгілеген ережелерге сәйкес анықталатын кезең ішіндегі пайда (залал), осыған байланысты пайдаға салынатын салық төленеді (өтеледі).  Салық төлеуге кететін шығыстар (салық өтемінен түскен кіріс) - ағымдағы салыққа немесе кейінге қалдырылған салыққа қатысты кезең ішіндегі таза пайданы немесе залалды есептеуге қосылатын жиынтық көлем.  Ағымдағы салық – салық салынатын пайдаға (салық салу кезінде есептелетін залалға) қатысты кезең ішінде төленуге (өтелуге) тиісті пайдаға салынатын салық сомасы.  Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері – салық салынатын уақытша айырмашылықтарға байланысты алдағы кезеңдерде төленуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы.  Кейінге қалдырылған салық активтері - алдағы кезеңдерде өтелуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы. Ол мыналарға байланысты:  есептелген уақытша айырмашылықтарға;  пайдаланылмаған салық залалдарын алдағы кезеңге көшіруге; және  пайдаланылмаған салық кредиттерін алдағы кезеңге көшіруге.  Уақытша айырмашылықтар - активтің немесе міндеттеменің баланстық құны мен олардың салықтық базасы арасындағы айырмашылық. Уақытша айырмашылықтар мынадай болуы мүмкін:  салық салынатын уақытша айырмашылықтар, активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орны толатын немесе өтелетін алдағы кезеңдердегі салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтаған кезде салық салынатын соманың пайда болуына және туындауына әкеліп соқтыратын уақытша айырмашылықтар болып саналатын айырмашылықтар; не  ұстап қалынатын уақытша айырмашылықтар. Тиісті активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орны толатын немесе өтелетін алдағы кезеңдердегі салық салынатын пайданы (салық салу кезінде есептелетін залалды) анықтаған кезде нәтижесі ұстап қалу болып саналатын айырмашылықтар.  Активтің немесе міндеттеменің салық базасы - салық салу мақсатында активке немесе міндеттемеге берілетін көлем.12 ҚЕХС мемлекеттік субсидияны есептеу әдістеріне (20-«Мемлекеттік субсидияны есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету» IAS Халықаралық стандартын қараңыз:) немесе инвестициялық салық кредиттеріне қатысты емес. Алайда осы Стандарт осындай жәрдемақылардан немесе инвестицияланған салық кредиттерінен туындайтын уақытша айырмашылықтарды есептеуге байланысты болады.

Салық төлеуге кететін шығыстарға (салық өтемінен түскен кіріске) ағымдағы салық шығыстары (ағымдағы салықты өтеуден түскен кіріс) және кейінге қалдырылған салық шығысы (салық өтемінен кейінге қалдырылған кіріс) енгізіледі.

Активтің салық базасы – компания активтің баланстық құнын өтегеннен кейін алатын кез келген салық салынатын экономикалық пайдадан салық салу мақсатында есептелетін сома. Егер де осы экономикалық пайдаға салық салынбайтын болса, активтің салық базасы оның баланстық құнына тең болады. Кейбір баптардың салықтық базасы бар, бірақ баланста актив пен міндеттеме ретінде танылмайды. Мәселен, зерттеуге кететін нақты шығын пайда болу кезеңінде бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде шығын ретінде көрсетіледі, бірақ оны салық салынатын пайданы (салық залалын) белгілеген кезде шегеруге көпке дейін рұқсат берілмеуі мүмкін. Салық органдары болашақта шегеруге рұқсат беретін сома болып табылатын зерттеуге кететін шығынның салықтық базасы мен нөлге тең болатын баланстық құны арасындағы айырмашылық кейінге қалдырылған салық активінің пайда болуына жол ашатын шегерілетін уақытша айырмашылық болып табылады.

Активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы онша айқын болмаған жағдайларда 12 ҚЕХС негіз болатын іргелі принципті қарастырған пайдалы: компания белгілі бір шектеулерді есептемегенде активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу болашақ салық төлемдерін, егер де осы орнын толтырудың немесе өтеудің салықтық салдарлары болмайтын болса, олардың қандай боларымен салыстырғанда көбейтетін (азайтатын) болса, кейінге қалдырылған салық міндеттемесін (активін) мойындауға міндетті. С мысалы осынау іргелі принципті қарастырған пайдалы болатындай, мысалы, активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы орнын толтырудың немесе өтеудің қажетті тәсіліне тәуелді болатындай жағдайды көрсетеді.

Шоғырландырылған қаржы есептілігінде уақытша айырмашылықтар шоғырландырылған қаржы есептілігіндегі активтердің және міндеттемелердің баланстық сомаларын тиісті салық базасымен салыстыру арқылы анықталады. Салық базасы шоғырландырылған салық декларациясына, ол есептелетін заңдылықтарға қатысты айқындалады. Басқа заңдылықта салық базасы топтағы компаниялардың әрқайсысының салық декларациясына қатысты анықталады.

Ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін ағымдағы салық төленбеген сомаға тең міндеттеме ретінде мойындалуға тиіс. Егер ағымдағы және алдыңғы кезеңдерге қатысты төленген сома осы кезеңдер үшін төленуге тиіс сомадан асса, онда асып кету мөлшері актив ретінде танылуға тиіс.

Өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін өткен кезеңге көшірілуі мүмкін салық залалымен байланысты пайда актив ретінде мойындалуы керек.

Салық залалы өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін пайдаланылатын болса, компания салық залалы пайда болған кезеңде пайданы актив ретінде мойындайды, өйткені пайда компанияға түсуі және осы пайдалар дұрыс бағалануы тиіс.

Ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін ағымдағы салық төленбеген сомаға тең міндеттеме ретінде мойындалуға тиіс. Егер ағымдағы және алдыңғы кезеңдерге қатысты төленген сома осы кезеңдер үшін төленуге тиіс сомадан асса, онда асып кету мөлшері актив ретінде танылуға тиіс.

Өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін өткен кезеңге көшірілуі мүмкін салық залалымен байланысты пайда актив ретінде мойындалуы керек.

Салық залалы өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін пайдаланылатын болса, компания салық залалы пайда болған кезеңде пайданы актив ретінде мойындайды, өйткені пайда компанияға түсуі және осы пайдалар дұрыс бағалануы тиіс.

  1. Салық салынатын уақытша айырмашылықтар. Шегерілетін уақытша айырмашылықтар. Уақытша айырмашылықтар – бұл салық салу мен есеп беру кезеңіндегі бухгалтерлік кіріс арасындағы айырмашылық, олар кейбір кіріс және шығыс қалдықтары салық салу кірісіне кіретін кезеңнің олар бухгалтерлік кіріске енетін кезеңмен сәйкес келмеген жағдайда пайда болады.

Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері барлық салық салудағы уақытша айырмашылықты мойындаулары тиіс, егер тек ол мыналардан пайда болмаса:

а) іскерлік беделді алғашқы танумен; немесе

б) активті немесе міндеттемені мынадай операцияда:

1) кәсіпорындарды біріктіру болып табылмайтын; және

2) оны жасаған кезде не бухгалтерлік, не салық салынатын пайдаға (салық залалына) әсер етпейтін операцияда бастапқы мойындау.

Алайда еншілес компанияларға, филиалдар мен қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестициялармен және бірлескен қызметке қатысу үлесімен байланысты салық салудағы уақытша айырмашылық үшін кейінге қалдырылған салық міндеттемесі мойындалуы тиіс.

Активтерді мойындауда компания алдағы кезеңде алатын экономикалық пайда ретінде оның баланстық құнын болашақта өтеу жатыр. Активтің баланстық құны оның салық базасынан асатын болса, салық салынатын экономикалық пайда сомасы салық салу мақсатында шегеруге рұқсат етілетін көлемнен асып түсетін болады. Бұл айырмашылық салық салынатын уақытша айырмашылық болып саналады, ал алдағы кезеңдерде туындайтын пайдаға салынатын салықты төлеу міндеттемесі кейінге қалдырылған салық міндеттемесі болып табылады. Компания активтің баланстық құнын өтеуіне қарай салық салынатын уақытша айырмашылық қалпына келеді, ал компанияда салық салынатын пайда туындайды. Бұл экономикалық пайдалар компаниялардан салық төлемі кейпінде кететін болады дегенді білдіреді. Кейбір уақытша айырмашылықтар табысты немесе шығысты бір кезеңдегі бухгалтерлік пайданың құрамына, ал басқа уақытта салық салынатын пайдаға қосқан кезде пайда болады. Мұндай уақытша айырмашылықтар көбіне мерзімді айырмашылықтар деп аталады. Осындай уақытша айырмашылықтардың мысалдары төменде келтіріліп отыр. Бұларға салық салынады, сайып келгенде, олар кейінге қалдырылған салық міндеттемелерінің пайда болуына әкеліп соқтырады:

а) пайыздық түсім уақытына қарай бухгалтерлік пайдаға қосылады, бірақ кейбір заңды құқықтарда ол ақша қаражатын алған кезде салық салынатын пайдаға қосылуы мүмкін. Осындай түсімге қатысты баланста мойындалатын кез келген дебиторлық берешектің салықтық базасы нөлге тең болады, себебі түсім ақша қаражатын алғанға дейін салық салынатын пайдаға әсер етпейді;

б) салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтаған кезде пайдаланылатын амортизация бухгалтерлік пайдаға қолданылатын пайдадан өзгеше болуы мүмкін. Уақытша айырмашылық - активтің баланстық құны мен оның салық базасы арасындағы айырмашылық, ал ол ағымдағы және мұның алдындағы кезеңдерде анықталған салық салынатын пайданы анықтаған кезде салық органдары рұқсат еткен осы активке қатысты барлық шегерулерді ескергенде активтің бастапқы құнына тең келеді. Салық салынатын уақытша айырмашылық амортизация тездетілген кезде кейінге қалдырылған салық міндеттемесінде пайда болады және көрінеді (егер салық амортизациясы бухгалтерлік амортизацияға қарағанда жай болса, онда шегерілетін уақытша айырмашылық пайда болады. Мұның өзі кейінге қалдырылған салық активінен көрінеді); және

в) әзірлеуге кететін шығындар бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде алдағы уақытта капиталдандырылуы және амортизациялануы мүмкін, бірақ олар пайда болған кезеңдегі салық салынатын пайданы анықтаған кезде шегеріледі. Әзірлеуге кеткен мұндай шығындардың салықтық базасы нөлге тең болады, өйткені олар салық салынатын пайдадан шегерілген. Уақытша айырмашылық - әзірлеуге кеткен шығынның баланстық құны мен олардың нөлге тең салық базасының арасындағы айырмасы.

Уақытша айырмашылықтар сонымен қатар:

а) сатып алу болып табылатын кәсіпорындарды біріктіру жөніндегі шығын алынған теңестірілетін актив пен міндеттемелерге олардың бастапқы әділ құнымен, бірақ салық салу мақсаты үшін эквиваленттік түзетусіз бөлінеді;

б) (салық салу мақсаты үшін эквиваленттік түзетусіз активтер қайта бағаланады;

в) іскерлік бедел кәсіпорындар біріккен кезде пайда болады;

г) активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы бастапқы мойындалған кезде оның бастапқы баланстық құнынан өзгеше болады, мысалы, компания активтерге жататын салық салынбайтын мемлекеттік субсидиядан пайда алған кезде; не

д) еншілес компанияларға, филиалдар мен қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестициялармен және бірлескен қызметке қатысу үлесімен байланысты инвестициялардың баланстық құны инвестициялардың салық базасынан немесе қатысу үлесінен өзгеше болады.

Кейінге қалдырылған салық активі шегерілетін барлық уақытша айырмашылық үшін шегерілетін уақытша айырмашылық қолданылуы мүмкін салық салынатын пайда алыну ықтималдығы бар дәрежеде мойындалуға тиіс, егер тек кейінге қалдырылған актив мынадай мәміле бойынша активті немесе міндеттемені алғашқы танумен байланысты туындамаса:

а) кәсіпорындарды біріктіру болып табылмаса; және

б) мәмілені жүргізген кезде не есептік, не салық салынатын пайдаға (салық залалына) әсер етпейтін болса.

Алайда еншілес компанияларға, филиалдар мен қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестициялармен және бірлескен қызметке қатысу үлесімен байланысты есептелетін уақытша айырмашылық үшін кейінге қалдырылған салық міндеттемесі мойындалуы тиіс.

Міндеттемені мойындаудың өзі алдағы уақытта компаниядан экономикалық пайда әкелетін ресурстарды шығару жолымен баланстық құнның өтелетінін көрсетеді. Компаниядан ресурсты шығару кезінде барлық сома немесе бір бөлігі салық пайдасын міндеттемені мойындаған кезге қарағанда неғұрлым кешірек кезеңдегі салық салынатын пайданы белгілегенде шегерілуге тиіс. Мұндай жағдайда міндеттеменің баланстық құны мен оның салық базасының арасында уақытша айырмашылық болады. Тиісінше пайдаға салынатын салыққа қатысты кейінге қалдырылған салық активі пайда болады, ол міндеттеменің бір бөлігі салық салынатын пайданы анықтаған кезде шешілетін алдағы кезеңдерде өтелетін болады. Сол іспеттес, егер активтің баланстық құны оның салықтық базасынан аз болса, айырмашылық алдағы кезеңдерде өтелетін пайдаға салынатын салыққа қатысты кейінге қалдырылған актив салығының пайда болуына әкеліп соқтырады.

Мысал

Компания кепілдеме берілген жөндеуге есептелген шығын бойынша міндеттемені 100 мөлшерінде мойындайды. Компания тауар сапасына жасалған шағым бойынша төлем жасамайынша, салық салу мақсатында бұл шығындар шегерілмейді. Салық ставкасы -25%.

Міндеттеменің салық базасы нөлге теңестіріледі (баланстық құны – 100, минус алдағы уақытта бұл міндеттемеге қатысты салық салу мақсатында шегерілетін сома). Міндеттемені баланстық құнына қарай өтеу кезінде компания өзінің болашақтағы 100-ге тең салық салынатын пайдасының сомасын азайтады, демек өзінің болашақтағы салық төлемдерін 25-ке азайтады деген сөз (25% ставка бойынша 100). 100-ге тең баланстық құны мен нөлге тең салық базасы арасындағы айырма 100-ге тең шегерілген уақытша айырмашылықты құрайды. Сонымен компания алдағы уақытта салық төлемдерін азайтудан пайда алу үшін жеткілікті салық салынатын пайда алу ықтималдығы болған жағдайда кейінге қалдырылған 25 пайыздық салық активін мойындайды (25% ставка бойынша 100).

Төменде кейінге қалдырылған салық активтерінің пайда болуына әкеліп соқтыратын уақытша айырмашылықтың мысалдары келтіріліп отыр:

а) зейнетақы төлеуге кететін шығын қызметкерлерге қызмет көрсетілуіне қарай бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде шегерілуі мүмкін, ал салық салынатын пайданы анықтаған кезде компания зейнетақы қорына жарна аударған кезде немесе қызметкерлерге зейнетақы төлеген кезде шегерілуі мүмкін. Уақытша айырмашылық міндеттеменің баланстық құны мен оның салық базасы арасында болады; міндеттеменің салық базасы әдетте нөлге тең болады. Мұндай шегерілетін уақытша айырмашылық кейінге қалдырылған салық активінде көрініс табады, өйткені экономикалық пайда компанияға қорға жарна аударылған кезде немесе зейнетақы төленген кезде салық салынатын пайдадан шегерім түрінде түсетін болады.

б) зерттеуге жұмсалатын шығын ол пайда болған кезеңде бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде мойындалады, бірақ оны шегеруге салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтаған кезде көпке дейін рұқсат етілмеуі де мүмкін. Салық органдары алдағы уақытта шегеруге рұқсат ететін сома болып табылатын зерттеуге жұмсалатын шығынның салық базасы мен нөлге тең баланстық құны арасындағы айырмашылық шегерілетін уақытша айырмашылықты құрайды, ол кейінге қалдырылған салық активінің құралуына алып келеді;

в) кәсіпорындарды біріктіру құны сатып алу күніндегі әділ құнына қатысты сатып алынған және қабылданған бірегейлендірілетін активтер мен міндеттемелерді тану арқылы бөлінеді. Міндеттеме сатып алған кезде мойындалатын болса, бірақ олармен байланысты шығындар көпке дейін салық салынатын пайданы анықтаған кезде шегерілмесе, алынып тасталатын уақытша айырмашылық құралады, ол кейінге қалдырылған салық активінен көрінеді. Сондай-ақ кейінге қалдырылған салық активі сатып алынған теңестірілген активтің әділ құны оның салық базасынан аз болып қалса да пайда болады. Екі жағдайда да барлық кейінге қалдырылған салық активі іскерлік беделге әсер етеді; және

с) анықталған активтер салық салу мақсатында жасалған әділ құнына қарай ескеріледі немесе баламасыз түзетусіз қайта бағаланады. Егер активтің салықтық базасы оның баланстық құнынан асып кетсе, шегерілетін уақытша айырмашылық пайда болады.

Шегерілген уақытша айырмашылықтың қайтарылуы алдағы уақытта анықталған салық салынатын пайданың азаюынан көрінеді. Алайда компания экономикалық пайданы салық төлемдерін қысқарту түрінде алады, тек ол үшін шегерімдер өзара есептелуі мүмкін жеткілікті салық салынатын пайда табуы керек. Сонымен компания кейінге қалдырылған салық активтерін шегерілетін уақытша айырмашылық қолданылуы мүмкін салық салынатын пайда ықтималдығы бар болған жағдайда мойындайды.

Компанияда шегерілетін уақытша айырмашылық қолданылуы мүмкін салық салынатын пайда ықтималдығы белгілі бір салық органына және де белгілі бір салық салынатын заңды тұлғаға жататын жеткілікті салық салынатын уақытша айырмашылықтар бар болған кезде орын алады. Оларды мынадай жағдайларда қайтару көзделген:

а) шегерілген уақытша айырмашылықты қалпына келтіру болжамдалған кезеңде; не

б) кейінге қалдырылған салық активтерінен пайда болған салық залалы өткен немесе алдағы уақытқа аударылуы мүмкін кезеңдерде.

Мұндай жағдайда кейінге қалдырылған салық активтері шегерілген уақытша айырмашылықтар пайда болған кезеңде мойындалады.

Белгілі бір салық органына және де белгілі бір салық салынатын заңды тұлғаға жататын жеткіліксіз салық салынатын уақытша айырмашылықтар бар болған кезде кейінге қалдырылған салық активі мынадай жағдайда мойындалады:

а) компанияның шегерілген уақытша айырмашылықтар қайтарылған кезеңде (немесе шегерілген салық активтерінен туындайтын салық залалы өткен немесе болашақ кезеңдерге аударылуы мүмкін кезеңдерде) белгілі бір салық органына және де белгілі бір салық салынатын компанияға жататын жеткілікті салық салынатын пайдасы болады деген ықтималдық бар. Алдағы уақытта салық салынатын пайданың жеткіліктілігін бағалаған кезде компания болашақ кезеңдерде күтілетін шегерілетін уақытша айырмашылықтарды құрайтын салық салынатын соманы есептемейді, өйткені осы шегерілетін уақытша айырмашылықтар құрайтын кейінге қалдырылған салық активі болашақта өзі пайдаланатын салық салынатын пайданың болуын талап етеді; не

б) компанияда салықты жоспарлау мүмкіндіктері бар, мұның өзі тиісті кезеңдерде салық салынатын пайда түсіруге жәрдемдеседі.

Салықты жоспарлау мүмкіндіктері – тиісті кезеңде салық залалын немесе салық кредитін мұның алдындағы кезеңнен көшіру мерзімі біткенге дейін салық салынатын пайда жасау немесе көбейту үшін компания жасайтын әрекеттер. Мысалы, кейбір заңдылықтарда салық салынатын пайда мыналардың көмегімен жасалуы немесе көбейтілуі мүмкін:

а) пайыздық табысқа салық салудың екі нұсқасының бірін таңдау: алынған сома бойынша немесе алынатын сома бойынша;

б) салық салынатын пайдадан белгілі бір шегерім жасауға талап мерзімін ұзарту;

в) қымбаттаған, бірақ салық базасы құнның бұлайша артуын көрсету үшін түзетілмеген активтерді, сатулар, қайта жалға беру мүмкіндігі; және

с) салық салынатын пайда түсіретін басқа инвестицияны сатып алу үшін салық салынбайтын пайда әкелетін активті сату (кейбір заңдылықтарда - мемлекеттік құнды қағаздар).

Салықты жоспарлау мүмкіндіктері салық салынатын пайданы неғұрлым бұрынғы кезеңнен ертерек кезеңге көшірілген кезде салық залалын немесе салық кредитін көшіруді пайдалану әлі де болса болашақта уақытша айырмашылықты тудыратын көзден өзгеше болатын болашақтағы салық салынатын пайданың болуына байланысты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]