- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
«Хабар» – агенттік телеарна. 1994 жылдың тамызында Қазақстан республикалық телерадио корпорациясы жанынан құрылған Ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттіктен бастау алады. «Хабар» телеарнасы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 20 сағат хабар таратады. Арнада жаңалықтарға басымдылық беріледі. Қазақстанның барлық облыстарында және ТМД-ның 5 елінде телеарнаның тілшілер бӛлімі жұмыс істейді.
2. «Семей полигонының зардаптары» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз.
3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз:
Ағамның туған күні болғандықтан, біз радиодан ән жолдауды сұрадық.
18 - билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
«XXI ғасыр кӛшбасшысы» танымдық бағдарламасына қатысу реті әрбір талапкер үшін іріктеу тестісінен басталады. Тест екі түрлі мерзімде ӛткізіледі: бірі – белгіленген уақыт аралығында еліміздің барлық он тӛрт облысында ӛткізілетін іріктеу ойындары, екіншісі – Алматы қаласында апта сайын ӛткізілетін іріктеу ойындары. Жолы болған және үздік білім кӛрсеткен сайыскер бір маусым ішінде тӛрт ойын сатысынан ӛте алады. Олар: апталық ойын, айлық ойын, маусымдық ойын және ақтық жылдық ойын. Бір ай кӛлемінде үш апталық ойын ӛткізіледі. Әр апталық ойында алты сайыскер ойынға қатысады.
2. «Маған ұнайтын танымдық телебағдарлама» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз.
3. 1-тапсырмада берілген мәтіндегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
19 - билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
«Шалқар» ұлттық арнасы 1966 жылдың 1 қаңтарында ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы ретінде тұсауын кесті. 1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласының кӛлемінде ғана хабар таратты. Кейіннен эфир уақыты ұлғайып, республика аумағына тарай бастады. Қазіргі жағдайда республика бойынша 9 облысқа тарайды.
«Шалқар» ұлттық арнасы – республикадағы қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна.
2. «Хабар» телеарнасы – республикалық арна» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз.
3. Берілген сөздерді пайдаланып, сабақтас құрмалас сөйлем құрап жазыңыз.
«Бетпе-бет» бағдарламасы, ӛзекті мәселе, ой-пікірлер, журналистер, жүргізу.
20 - билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
Ӛмірде мамандықтың түрлері кӛп. Бірі заңгер, бірі ұста, бірі ұшқыш, енді бірі дизайнер. Әр мамандықтың ӛз ерекшелігі болады. Алайда барлық мамандықтарға үйрететін мамандар болады. Олар – ұстаздар. Ұстаз – сол заңгердің де, ұшқыштың да, ғалымның да тәрбиешісі, ақылшысы. Мұғалім тек мектептің ғана тірегі емес, ол – адамзат ӛркениетінің кӛшбасшысы.
2. «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз.
3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз:
Бағдарлама барысында редакцияға жолданған хаттар мен сайтқа келіп түскен құттықтау хаттар оқылып, қуаныш иелеріне арнап әсем әндер жолданады.
21 - билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
Арал теңізі Қазақстанның інжу-маржаны, шӛл белдеуіндегі бірден-бір кӛгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі кӛлемі – 1066 км2, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы әртүрлі бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың тонна балық ауланып, теңіз жағасынан едәуір мӛлшерде бұлғын терісі игерілген. Теңіз ӛңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық ӛңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
2. «Елімнің экологиясы толғандырады» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз.
3. Берілген жай сөйлемдерден аралас құрмалас сөйлем құрап жазыңыз.
Кӛктем келді. Күн жылынды. Егістік басталған жоқ.
22 – билет