Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты по казахскому(2017).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
29 Кб
Скачать
☆

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.

Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.

Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді кӛтеруді үйренді. Арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын. Ол – Қазақстандық зілтемірші. Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы(2008,2012), әлемнің үш дүркін чемпионы (2005,2006,2011) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. «Динамо» спорт клубының құрамында ӛнер кӛрсетеді.

2. «Ең жас спорт шеберлері» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз.

3. 1-тапсырмада берілген мәтіндегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

23 - билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.

«Тарлан» сыйлығы – Қазақстанның «Меценаттар клубы» тағайындайтын сыйлық. «Тарлан» сыйлығы отандық және әлемдік мәдениеттің жалпы даму барысына оң ықпалын тигізетін, адамзат қызметінің гуманитарлық салаларында жеткен ірі жетістіктері үшін жыл сайын берілетін тәуелсіз, қоғамдық марапаттау сыйлығы болып саналады. Әдебиет, ғылым, музыка, театр, бейнелеу ӛнері, кинематограф, ағарту номинациялары бойынша беріледі.

2. «Мен білетін өнер адамдары» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз.

3. Берілген төлеу сөзді төл сөзге айналдырып жазыңыз.

А. Әшімов ӛз сұхбатында «Тарлан» сыйлығының түрлі салалардағы ірі жетістіктері үшін берілетіні туралы айтты.

24 - билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.

Ағаш ӛңдеп, одан түрлі бұйым жасайтын адамды «ағаш шебері» деп атайды. Ағаш шеберлері ағаштан саз аспаптарын, ат әбзелдерін, киіз үй жабдықтарын және т.б. заттарды жасайды. Ағаш шеберлері ағаштың ерекшеліктерін, әр ағашқа тән қасиеттерді жақсы білген. Олар ағаштың қаттылығы, тығыздығы, иілгішті, түсі, дәмі, салмағы, дыбыс ӛткізгіштігі және т.б. қасиеттеріне қарап, белгілі бір заттар жасауға пайдаланған.

2. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері» туралы өз ойыңызды айтыңыз.

3. Көп нүктенің орнына тиісті еліктеуіш пен бейнелеуіш сөздерді қойып жазыңыз.

Нұржанның екі құлағы ..... ете түсті. Ағаштар ....... құлап жатты. Ол ....етіп қайта құлады. Жанар күтпеген сӛзге .... етті.

Қажетті сөздер: селк, қираң, сарт-сұрт, шың.

25 - билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.

Шара Жиенқұлова – қазақтың алғашқы кәсіби бишісі. Ал қазақ биі Шарадан бұрын да бар еді. Шара сол ӛнерді жалғастырды.

Шара – би ӛнеріндегі феномен, жарық жұлдыз. Ол кісінің қай биін алсаңыз да халық шығармашылығымен байланысып жатыр. Бишінің билерінен ұршық иіру, алаша тоқу, киіз басудың элементтерін кӛруге болады. Шара Жиенқұлова билегенде, майысқанда бойында сүйек жоқтай кӛрінетін. Ӛте талантты биші еді. Халық оны «Қазақ биінің ханшайымы» деп атаған.

2. «Би өнері – ерекше өнер» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз.

3. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

Оқушылар емтиханға үлкен дайындықпен кірісті. Бұл кітапты қайталап оқи бергім келеді. Әкемнің бұл Мәскеуге алғашқы сапары еді.