Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayyn_Diplom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
763 Кб
Скачать
☆

1.3.2 Жерсеріктік өлшеу арқылы алынған мәндерді алдын-ала өңдеу

Деректерді алдын-ала өңдеу - жерсеріктік қабылдағыштарды дайындаушының стандартты программалық қамтамасыз етуін пайдалана отырып жүзеге асырылады, ол дала базасында орындалады. Бұл кездегі негізгі бақылау критерийлеріне: мәндердің бірдей болмауын; желінің барлық аралықтары бойынша орындау; дәлділікті өңдеу нәтижелерінің ішкі жинақтылығы бойынша бағалау; нәтижелердің желідегі тұйықталған қатары бойынша жинақталуы жатады. Ал бұрын орындалған өлшеулер мен белгілі пункттер арасындағы бақылау - ара қашықтықтары мен жинақтылығы болып табылады.

Жерсеріктік өлшеулерді камералдық өңдеудің қазіргі заманғы көптеген программаларын өңдеу әдістері бойынша былай бөледі:

  • жеке аралықтарды есептеу;

  • көпнүктелі шешімдер.

Жеке аралықтарды есептеу әдісі, қазіргі кезде ең көп таралғаны. Оны кез-келген жағдайда алдын-ала өңдеуді орындағанда, тіпті программалық пакетті көп нүктелі шешімдерді іске асыруға мүмкін болғанда да пайдалануға болады. Жеке аралықтар әдісінің артықшылығы - алдын-ала өңдеуді орындағанда, деректерден жеткілікті мөлшердегі қателерді өңдеуге байланысты, көпнүктелі шешім жағдайында оларды жою қиын.

Жеке аралықтарды өңдеуге есептелген программалық қамтамасыз ету - сапалы аралықтар мен нуктелерді жақсы бақылау мен шектеуді қамтиды. Сапасыз нүктелер осы нүктеге келетін аралық дәлдігін бағалау бойынша шектелуі мүмкін. Әдетте, мұндай аралықтардың дәлдігі, белгілі бір объектідегі орташа дәлдіктен едәуір төмен. Сапасыз аралықтарды шектеуге мүмкіндік беретін басқа бақылау әдісіне: тұйықталған құрылым - үшбұрыштар, векторлық жүріс бойынша бақылау жатады. Егер тұйық векторлық жүріс бойынша координаталардың жалпы өсімшесі аспаптың қүжаттағы дәлдігіне сәйкес келсе, онда осы құрылымға кіретін сызықтар сапалы болады.

Соңғы уақытта іс жүзінде жерсеріктік қабылдағышты жасаушылардың барлығы екі өңдеу әдісін іске асырушы программалық қамтамасыз етуді береді. Бірақ бұл программалар шектеулері бар, өңдеу процесін максимальды автоматтандыру үшін есептеулер мен өлшеудің стандартты жағдайлары мен оның орындаушы біліктігіне қойылатын талаптарды азайтуға бағытталған. Мысалы, мұндай программалардың көбісі жеке сызық әдісін іске асыру кезінде, аралық ұзындығына шектеулер қояды. Ал көп нүктелі шешімді жүзеге асырған кезде, оның бір мезгілде өңделетін нүктелер санына және өлшеу кезеңінің ұзақтығына шектеулер кояды.

Бұл шектеулерді жою үшін жалпы ортақ желіге біріктірілген жеке аралықтардың біріккен теңдеулер процедурасы қолданылады. Сонымен бірге жалпы объектіге біріктірілген көпнүктелі шешімнің жеке блоктарының біріккен теңдеулері қолданылады.

Алдын-ала өңдеудің маңызды кезеңі - нәтижелерді ақырғы өңдеуге жарамды форматта алу болып есептеледі. Іс жүзінде кез келген программаның деректері ASCII мәтіндік форматта берілуі мүмкін. Оларды ұйымдастыру - жасаушы фирмаға, тіпті нақты қабылдағышқа байланысты едәуір ерекшеленеді. Өлшеу нәтижелерін стандарттау әрекеті қабылдағыштардың әр түрлі типтер арасындағы деректер алмасудың тәуелсіз форматын құруға алып келді. Бұл RINEX деп аталатын формат - ASCІІ мәтіндік форматтың үш файлынан тұрады:

  • қашықтық өлшем деректерінен тұратын өлшеулер кезінде алынған деректер файлы;

  • метеорологиялық деректері бар файлдар;

  • навигациялық деректерден құралған файл.

Файлдың ұзындығы әр түрлі, максималь мәні - жатық жолдағы 80 таңбаға тең. Әрбір файл тақырыптар секциясы мен деректер секциясынан тұрады. Навигациялық деректер файлы - тәуелсіз орналасып, өлшеу мен метеорологиялық деректер файлдары, пункті бақылау кезіндегі әрбір қолданылатын файл үшін құрылуы тиіс[2].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]