Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayyn_Diplom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
763 Кб
Скачать
☆

1.5 Арнайы геодезиялық мәселелерді шешуде жеpcеріктік өлшеу технологиясын қолдану

Жер бетіндегі пункттердің координаталық анықтамаларымен қатар, жерсеріктік әдістер теңіз геодезиясында әр түрлі қозғалу объектілерінің орнын анықтауға қолданылады. Сондай-ақ, ұшу аппараттарын пайдаланып, жердің топографиялық суреттерді орындау кезінде кейінен пайдаланылады. GPS қабылдағышы бар кез келген тұтынушы, GPS сигналдарын пайдалана алады. Алғашқы кездері GPS қабылдағыштары негізінен, нүктенің орналасу орнын және навигациямен анықтау үшін қолданылды. Қазір GPS қабылдағыштары жер, аспан және теңіздегі әр түрлі тапсырмаларды шеше алады.

Қазіргі кезде жердің жасанды серігін қолданатын көптеген навигациялық жүйе бар. Бірақ ішінде тұрған жерді анықтайтын екі глобалды жерсеріктік жүйе бар: рессейлік ГЛОНАСС және американдық NAVSTAR.

Жерсеріктік жүйе тұрған жердің координатасын, қозғалу жылдамдықты және теңіз, әуе және құрлық пайдаланушысына дәл уақытты анықтауға мүмкіндік береді.

GPS-ты глобалды масштабта қолдану геодезияның қуатты құралдарыболып табылады. Оған глобалды геодинамикалық жағдайлардың мониторингі кіреді.

Геодезисттер жер қыртысын әр түрлі ғылыми бағыттарда өлшеуді қалап еді. GPS-тың тағы біл қолданылуы - жер сілкінісін болжау. Аспаптың арзандығы, ыңғайлылығы және жоғарғы дәлдікті болуы бұндай зерттеулерге ыңғайлы. Мысалы, АҚШ-тың Ұлттық Геодезиялық Ұйымы мемлекеттің шығыс жағында зерттеулер үшін екіжиілікті қабылдағыштар қолданады. Сонымен қатар жер қыртысының жылжуын бақылап отырады. Бұл мәліметтерге сүйеніп, болашақ үлкен инженерлік құрылыстардың (атомды электростанция, суқоймасы) орнын таңдауға, жоғары дәлдікті геодезиялық торды құруға қолданады. Жапонияда тұрақты GPS станциялары бар. Ол жер қыртысының жылжуын қазіргі уақыт жағдайында анқтап отырады. Бұндай станциялар Австрияда да бар.

GPS биіктіктердің айырмашылығын қазіргі уақыт жағдайында анықтайтын дәл аспап. Мысалы, тұрақты және жылжып отыратын тірк нүктелері биіктіктерінің арасындағы айырмашылықты анықтау.

GPS-ті жергілікті қолдануға жергілікті жердің топографиялық түсірісі және кадастрлық түсірісі жатады.

Координаттарды жоғары дәлдікте өлшеуге қамтамасыз ететін GPS және ГЛОНАСС сияқты жерсеріктік жүйелері навигациялық және геодезиялық есептерді шешуде де қолдануда. Осындай жүйелерді қолдануда глобалды, континентальды, аумақты және жергілікті геодезиялық торлар құрылған және құрылу үстінде. Олар бір-бірінен пунктердің орналасу тығыздығымен, координатты анықтау дәлдігіме және көптеген техникалық көрсеткіштері бойынша ажыратылады. Сонымен қатар әлемдік масштабта ғана емес, жер бетінің жеке аймақтарындағы геодинамикалық процесстерді бақылауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, инженерлі геодезияда әртүрлі есептерді шешуге мүмкіндік бар.

Геодезияда глобалды жерсеріктік жүйені қолданудың өз артықшылықтары бар:

  • геодезиялық торап пункттері арасында тура көрінуді қамтамасыз етуге арналған сыртқы сигналдарды құрудың қажеттігі жоқ;

  • базистік қабырғалардың ұзындығы мен геодезиялық тірек торап қабырғалары шексіз;

  • ауа райы жағдайы мен уақытқа тәуелсіз;

  • жерге жақын тұрақсыз атмосфералық қабатты өлшеу дәлдігіне әсердің болмауы;

  • ара қашықтықты біржақты өлшеу әдісін пайдалану;

  • қозғалыста координаталарды жоғарғы дәлдікпен анықтау мүмкіндігі;

  • пландық және биіктік тораптарды құру мүмкіндігі;

  • координаталарды анықтау бойынша жұмыстарды автоматтандырудың жоғарғы дәрежесі.

  • ЖРНЖ-ні геодезияда қолдану - геодезиялық мәселелерді шешудің дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда, еңбек өнімділігі мен оның тиімділігін жоғарылатады да, өлшеу дәлдігі артады.

  • геодезиялық пункттер арасындағы тура көрінуді қамтамасыз етуге арналған сыртқы сигналдарды құрудың қажеттілігі жоқ.

6-сурет. Қабылдағыштар мен жерсеріктің орналасу сұлбасы

  • ауа-райы жағдайына тәуелсіздігі;

  • қазіргі уақыт режимінде өзгерістерің мониторингі;

  • қозғалыста координаталарды жоғары дәлдікпен анықтау мүмкіндігі.

GPS қолданудың кемшіліктері:

  • қиын бағдарламалық қамсыздандыру және қымбат аспаптар.

  • радиошулар мен әртүрлі кедергілерге тәуелді, және т.б.

Қазіргі уақытта жерсеріктік технологиялар, жергілікті жерде түрлі түсірулер жүргізгенде кеңінен қолданылады. Жерсеріктік технологиялармен топографиялық түсіріс жасағаннан басқа:

  • әр түрлі жер құрылысы жұмыстарымен байланысты түсірулер;

  • сызықтық объектілер трассасын түсіру;

  • геологиялық-геофизикалық жұмыстарды геодезиялық қамтамасыз ету;

  • орман шаруашылығын жүргізуге байланысты түсірулер.

Жергілікті жердің нүктесінің координаттарын дәл анықтау үшін, арнайы геодезиялық қабылдағыштар қолданылады. Мұндай қабылдағыштар навигациялық спутниктен сигналдарды ұстап, алынған мәліметтерден координаттарды есептеп шығарады.

Геодезияда нәтижелерді миллиметрлік және сантиметрлік дәлдікпен алу үшін фазалық қабылдағыштар қолданады. Фазалық қабылдағыштармен қатар кодтық қабылдағыштар да бар. Кодтық қабылдағыштарды навигацияда кеңінен қолданады, ал геодезияда оны қолдану шектелген [5].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]