Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nurmolda_Bakyt_KBK411.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.4.1 Access-те сұраныстар жасау. Qbe үлгісі бойынша сұраныстар тілі

Сұраныстар таблицадан мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде таңдайтын объект. Сұраныстың көмегімен мынадай амалдар орындалады: сұрыптау, реттеу, сызу. Сонымен қатар сұрыптаудың көмегімен берілген алгоритм бойынша мәліметтерді түрлендіруге болады, жаңа таблица құруға болады, автоматты түрде таблицаны мәліметтермен толықтыруға болады, ол мәліметтерді басқа таблицадан алу арқылы, таблицадағы қарпайым амалдарды орындауға болады. Сұраныстың ерекшеліктері: олар мәліметтерді базалық таблицадан алып, олардың негізінде уақытша нәтижелік таблица құрады немесе бұл таблицаларды жедел сурет деп атайды. Таблицаларға жаңа мәлімет енгізгенде оның құрлымы өзгеруі мүмкін, бұл проблемалар деректер қорын басқару жүйесінде сұраныстардың көмегімен шешіледі. Яғни негізгі таблицаларда мәліметтердің реттеліп орналаспайды, ал қолданушыға олар реттелген түрде қажет болса немесе іріктеп алу керек болса, ол сәйкес сұранысты жасайды. Егер ондай сұраныс болмаса оны жасау керек.

Сурет - 1.12 Сұранысты құрастырушы режимінде құрылуы

Базада сақталған мәліметтерді ДҚБЖ да бар сәйкес амалдар көмегімен кестедегі деректердің бірін қарастырып, жөндестіре отырып қолмен өңдеуге болады. Тиімділікті арттыру үшін мәліметтерді өңдеуді қамтамасыз ететін, яғни бір уақытта жазбалар жиынтығын енгізетін, жөндестіретін, өшіретін, сонымен қатар кестедегі мәліметтерді таңдайтын бірнеше мәліметтерді өңдеуге мүмкіндік беретін сұраныстар қолданылады.

Сұраныс сақталынған мәліметті өшіру немесе модификациялау немесе таңдау бойынша амалдарды анықтайтын арнайы түрде сипатталған талап болып сипатталады. Әр алуан ДҚ басқару жүиесінің көмегі мен сұранысты даярлау үшін екі негізгі тіл бар:

-QBE ( Query By Example)-үлгі бойынша сұраныстар тілі.

-SQL (Structured Query Language)- сұраныстардың құрлымдық тілі.

Сұраныстарды сипаттауда деректерді манипуляциялау мүмкіндігі бойынша келтірілген тілдер эквивалентті болып келеді. Бұлардың арасындағы ең басты айырмашылық сұраныстарды қалыптастыруда: QBE тілі сұраныстарды қолмен немесе визуалды қалыптастырады, ал SQL тілі қолдану сұранысы програмалауды білдіреді.

QBE тілінің характеристикасы.

Доминдер қолданылған реляциялық есептеулер QBE тілінің негізі болып табылады. QBE тілі мүмкін болатын ДҚБЖ да сұраныс формасын толтыру арқылы ДҚ-на күрделі сұраныстар беруге мүмкіндік береді. Сұраныстарды мұндай түрде беру жоғары ұйымдастырылған көрнекілікті және операцияны орындау алгаритімін көрсетуді қамтамасыз етеді. Әрбір жаңа реляциялық ДҚБЖ өзінің QBE тілінің варианты бар.

QBE тілінде бір таблицалық және көп таблицалық (деректерді бірнеше байланыс таблицаларынан таңдайтын немесе өңдейтін) сұраныстар орнатуға болады.

QBE тіліндегі сұраныстардың көмегімен келесі негізгі операцияларды орындауға болады:

-мәліметтерді таңдау;

-деректерге есептеулер жүргізу;

-жаңа жазба қосу;

-жазбаларды өшіру;

-деректерді модификациялау (өзгерту).

Сұраныста орындау нәтижесі жауап деп аталатын кесте немесе жаңартылған бастапқы кесте болып табылады.

Таңдау, қосу, өшіру және модификациялау шартсыз немесе логикалық өрнектер арқылы берілетін шарттарға сәйкес орындалады.

Деректерге есептеулер жүргізу арифметикалық өрнектер арқылы беріледі және жауап кестелерде есептелінетін деп аталатын жаңа өрістер тудырады. Сұраныс формасы өрісінің аты және атаулары бастапқы кесте өрісінің атына және атауларына сәйкес келетін кесте түрінде болады. ДҚ да керекті кестелердің аттарын білу үшін, QBE тілінде кестелердің атын таңдауға арналған сұраныс бар.

Бастапқы кесте өрістерінің атаулары шаблонға қолмен немесе автоматты түрде негізгісін алады.

Екінші жағдайда бағана таңдауға сұраныс жасалады Қазіргі ДҚБЖ да, мысалы MS Acces-те және Visual Foxpro-да, QBE тілінің көмегімен сұранысқа дайындаудағы қадамдар визуалды түрде тышқанның көмегімен орындалады. Сұраныс дайындаудағы кестелерді визуалды байланыстыру мысалдардың элементерімен емес, жай ғана тышқанмен бір кестенің өрісін екінші кестенің өрісіне апару арқылы орындалады.

QBE тілінің бастапқы нұсқасы (вариант)

Көптеген қазіргі ДҚБЖ да QBE тілінің (өз нұсқасы бар). 1975-1977 ж.ж. М.М.Злуфф ұсынған бірінші QBE-ң сипаттамасынан аз ғана айырмашылығы бар өз вариантары бар. QBE тілінің мүмкіндіктерін илюстрациялау үшін, сауда аумағына жататын және тауардың бір неше түрін сататын фирмада қолданылатын, ДҚ-ң кестелерін пайдаланамыз.ДҚ-на келесі төрт өрісті кесте жатады:

-SALES: Отдел бөлімінің атауы, ТОВАР- тауардың аты;

-SUPPLY,ТОВАР-әкелінетін тауардың атауы, ПОСТАВЩИК-тауар әкелетін ұйымның атауы;

-TYPE (тауарлардың типтері):ТОВАР- тауардың атауы, ЦВЕТ-оның түсі, СТОИМОСТЬ-тауардың бағасы.

Кестелерде толық емес және жеңілдетілген мәліметтер келтірілген. Осылайша, TYPE кестесінде тауардың SALES кестесінде келтірілген барлық түрлер көрсетілген. Айнымалыларды жазбаларды таңдау жағдайында сипаттау үшін, сонымен қатар шаблондарда байланыстыру үшін сұраныстарда мысал элементері қолданылады. [21]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]