Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nurmolda_Bakyt_KBK411.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
    1. Сұраныстар жасау

Сұраныстар – кестеден мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде таңдайтын объект. Сұраныстың көмегімен мынадай амалдар орындалады: сұрыптау, реттеу, сызу. Сонымен қатар сұрыптаудың көмегімен берілген алгоритм бойынша мәліметтерді түрлендіруге болады, жаңа кесте құруға болады, автоматты түрде кестені мәліметтермен толықтыруға болады, ол мәліметтерді басқа кестеден алу арқылы, кестедегі қарпайым амалдарды орындауға болады. Сұраныстың ерекшеліктері: олар мәліметтерді базалық кестеден алып, олардың негізінде уақытша нәтижелік кесте құрады[17].

Кестелерге жаңа мәлімет енгізгенде оның құрлымы өзгеруі мүмкін, бұл проблемалар деректер қорын басқару жүйесінде сұраныстардың көмегімен шешіледі. Яғни, негізгі кестеде мәліметтер реттеліп орналаспайды, ал қолданушыға олар реттелген түрде қажет болса немесе іріктеп алу керек болса, ол сәйкес сұранысты жасайды. Егер ондай сұраныс болмаса оны жасау керек.

«Ұйымдастыру жұмыстары» деректер қорында бірнеше сұраныстар құрылған. Олар: жеке оқушы бойынша, топ тізімі бойынша, жетекшілер бойынша және тағы басқалары болып табылады. Келесі суретте топ тізімі бойынша оқушылар сұранысы көрсетілген.

Сурет - 2.9 Топ тізімі бойынша студенттер сұранысы

Яғни, бұл сұранысты орындау барысында оқушының атын енгізіп, OK батырмасын басамыз. Сонда бізге келесі нәтиже экранға шығады.[31]

Сурет - 2.10 Сұраныс нәтижесі

Келесі сұраныста әрбір жеке топ жетекшісі жайлы мәлімет берілген.

Сурет - 2.11 Топ жетекшілері жайлы сұраныс

    1. Деректер қорында форманың жасалу түрлері

Қолданушыны мәліметтерді кесте түрінде ұсынылуы қанағаттандырмаса, олар мәліметтерді өзіне қажетті түрде экранға шығаратын мүмкіндік беретін форма құруына болады. Форма мәліметтерді іздеуде де пайдаланылады. Форма кестеге қарағанда экранға көбірек мәліметтер шығарады. Бұл әрекет мәліметтердің <<көлемділігін>> қамтамасыз ететін объектілердің көмегімен жасалады. 2.12-суретте Жаңа форма (Новая форма) терезесі көрсетілген. Ол форма құруда пайдаланылатын терезе. [32]

Сурет - 2.12 Жаңа форма терезесі

Форма мастері. Форма мастерінің мүмкіндіктерін зерттеу үшін Ұйымдастыру жұмыстары деректер қорының Студенттер тізімі кестесіне жаңа бағаналар қосып қарастырайық.

Micrоsoft Access деректер қорын басқару жүйесінде «Мұғалімдер» кестесін құруда «Код преподователя» кілттік өрісінің мәлімет типі сандық болады сондықтан «Общие» объектісіндегі «Индексированное поле» өрісінде «Совпадения не допускаются» деп енгіземіз.

Сурет - 2.9 «1» кестесінің құрылымдық түрі

Мастер формасын іске қосу үшін форма қаттамасына көшіп, Құру түймешігін басқаннан кейін, кесте атын белгілеп, Ок түймешігін

Сурет - 2.13 Форма мастерінің бірінші қадамы басу керек.

Мастердің бірінші қадамы 2.13-суретте көрсетілген. Бұнда форма құруда қажет өрістерді көрсету керек оларды кестелерден де, сұраныстардан да алуға болады. Байланысқан кестелердің ішінен өте көп өріс алудың мағынасы жоқ. Мастер бұл жағдайда дұрыс жұмыс істейтін форма құра алмайды. Біз тек қана оқушылар тізімі кесте өрістерін ғана таңдаймыз да (барлық өрістер бірдей оң жақтағы тізімге > белгісі бар түймешікті басу арқылы жылжиды) келесі қадамға көшеміз. Мастердің екінші қадамы 2.14-суретте көрсетілген. Бұнда бізге белгілі формалардың бірнеше түрінің біреуін көрсету керек. Біздің мысалда, бір бағаналы түрі таңдалды.

Сурет - 2.14 Мастердің екінші Сурет-2.15 Мастердің үшінші қадамы қадамы

Мастердің 3-ші қадамы 2.15-суретте көрсетілген. Бұнда қолданушы форманың стилін таңдайды. Мастердің соңғы, төртінші, қадамы 2.16-суретте көрсетілген. Бұнда жаңа формаға атау беріліп, келесі әрекеттің бағыты таңдалады олар: дайын форманы көру, мастердің жұмысын өзгерту немесе өндеу болып табылады.[33]

Сурет-2.16 Мастердің төртінші қадамы

Сурет-2.17 Форма мастерімен құрылған форма

Форма макетін жасап болғаннан кейін оны жауып, берілген ат бойынша сақтау керек. Деректер қоры терезесінде форманы ашқанда онымен базалық кестенің мәліметтерін көріп шығуға немесе өзгертуге болады.

Мысал ретінде тағы да бір форманы көрсетейік. Ол форма сводный деп аталады. Бұл форманың жалпы көрінісі төмендегі суретте көрсетілген:

Сурет-2.18 Іс шаралар сводный формасының жалпы көрінісі

Жалпы деректер қорында келесі формалар құрылған: бас форма, колледж деректері, колледж қызметкерлері, Мұғалімдер тізімі, іс шаралар және тағы басқалары. Осылардың ішінен іс шаралар жоспарына тоқталатын болсақ, онда бізге жалпы жоспар туралы мәлімет берілген. Оны келесі суреттен көруге болады.

Сурет-2.19 Іс шаралар жоспары туралы мәліметтерді енгізу

формасының жалпы түрі

Келесі форма «топтың іс шаралар жоспары» деп аталады. Бұл форма сұраныс көмегімен орындалады, өйткені кестеге толтырылған кафедраның 2016-2017 жылдарға арналған жоспарлары өте көп болғандықтан, әрбір қолданушы екі жылдың біреуін енгізеді.

Сурет-2.20 Формаға кіретін кездегі «жылды енгіз»

сұранысының түрі

Яғни, бұл сұранысқа жылды енгізу арқылы келесі формаға қол жеткізуге болады.

Сурет-2.21 Топтың іс шаралар жоспары туралы мәліметтер атты

форманың жалпы түрі

Бұл форма «топтың іс шаралар жоспары» туралы мәлімет кестесінен және сұранысынан жасалған. Формада кафедра жоспарының қай жылы қандай жоспарлар бар деген ақпарат көрсетілген.[34]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]