- •1.Тәрбие әдістері тәсілдері
- •2.Көлем ұғымын оқыту әдістемесі. Текше.
- •3. Оқытудағы интербелсенді әдістердің маңызы
- •Оқушылар ұжымын нығайту жолдары мен қалыптастыру процесі.
- •Дамыта оқыту технологиясы
- •1.Бақылау педагогикалық зерттеу әдісі.
- •Отбасы халық пед-ның негізі. Отбасының ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық педагогикада алатын орны.
- •2. Ш. Аманашвилидің ізгілендіру технологиясы
- •Білім беруді ізгілендіру технологиясы (ш.А.Амонашвили)
- •3.Дене шынықтыру құралдары
- •1.Адамгершілік тәрбиесінің маңызы мен міндеттері. Ұлы адамдаодың ойлары.
- •Мұғалім психологиясы
- •Математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқыту.
2. Ш. Аманашвилидің ізгілендіру технологиясы
Білім беруді ізгілендіру технологиясы (ш.А.Амонашвили)
Мақсаты: баланы оның жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу, жаны мен жүрегіне жылылық ұялату және баланың танымдық күшін қалыптастыру мен біліммен кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау болып табылады. Білім беруді ізгілендіру технологиясының тұжырымының ерекшелігі:
ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдары;
бала-табиғат пен ғарыштың туындысы, сондықтан ол мықтылық, шексіздік сияқты қасиеттеріне ие;
бала психикасы дамуға, есеюге және еркіндікке құштар.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Меңгеруге тиіс барлық білік, икемділіктер:
жазу-сөйлеу қарекеті;
математикалық пайымдау, математикалық түсіну;
әсемдікті, әлемдікті сезіну, қабылдау;
өзге тілді меңгеру;
рухани жетілу т.б әдістері;
ізгілік, жеке қарым-қатынас, қарым-қатынас шеберлігі, ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
оқыту арқылы тәрбиелеу.
3.Дене шынықтыру құралдары
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады. Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды.Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады. Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Билет № Аманкелді Назерке
Отбасы халық пед-ның негізі. Отбасының ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық педагогикада алатын орны.
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата – аналардың борышы.
Кез келген халықтың бүкіл адамгершілік – рухани өмірі халық педагогикасында екендігін әрбір халық мойындайды. Осы заманғы тәрбиенің мәні – халықтардың ғасырлық, прогресшіл, адамгершілік дәстүрлерінің сабақтастығын нығайтуға мүмкіндік туғызып отыр.
Отбасында физиологиялық, экономикалық рухани-психологиялық адамгершілік және эстетикалық қатынастар қабысып жатады. Ғылыми философиялық, психологиялық әдебиеттерде отбасы тәрбиесі жалпы тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі екендігі айқындалған. Отбасы деген ұғым педагогика, психология, философия ғылымындағы арнайы категория. Тарихқа көз жіберсек, отбасы ұғымы көп ғасырлы халық мұрасымен байланысты. Тұтастай алғанда педагогикалық зерттеулердің негізінде отбасы тәрбиесі ұғымына әр қырынан анықтама берілген.
Отбасы күрделі қоғамдық құбылыс болып есептеледі. Қоғамдық ортаның шағын бір бөлігі ретінде балаға өмірге жолдама береді, көзқарасының, әдет-ғұрпының ірге тасын қалайды. Еліміздің өміршеңдігі отбасы жағдайымен тығыз байланысты.
Қоғамның дамуы әрбір адамның дамып, жетілуіне байланысты, яғни оның біліміне, саналылығына, қоғам үшін жан аямай, шексіз беріле қызмет істеуіне тікелей байланысты. Осындай игі қасиеттерді қоғамның болашақ мүшелері, болашақ ата-ана, балаларымыздың бойына жастайынан сіңіріп өсіріп, тәрбиелеуіміз керек. Бұл әлеуметтік, қоғамдық, бүкіл халықтық маңызы бар мәселені жоғары дәрежеде шешуде “отбасы” жетекші рөл атқарады.
Отбасы – адам баласы тарихи дамуының барысында қалыптасқан және үздіксіз дамып келген. Ол – алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезінде пайда болған әлеуметтік топ және шаруашылық негіздерінің бірі. Әрқашан қоғаммен, оның көп салалы қатынастарымен рухани байлығымен тығыз байланыста өмір сүрген. Сондықтан жоғарыдағы айтылған міндеттердің ішінде қазіргі кезде отбасы тәрбиесінің өзекті мәселесінің бірі отбасының адамгершілік тәрбиесі болып табылады.Отбасы тәрбие процесінде жеке бастың адамгершілік белгілері гуманизм сезімі, қайырымдылық, сезімталдық, парасаттылық, ұқыптылық, жауаптылық, тәртіптілік, кішіпейілділік, әдептілік, мейірімділік, еңбек сүйгіштілік т.б. қасиет-сапалар қалыптасады.
Отбасының ұйытқысы адамгершілікке негізделген – неке. Еркек пен әйел арасындағы жарасымды шынайы сүйіспеншілік парызды шынайы сезіммен ішкі жансарай байлығымен бағалау бала тәрбиесінде зор орын алады.Сондықтан отбасы некенің табиғи түрлі жалғасы ретінде ұрпақтар қатынастарында қамтиды.
Неке жұбайлар арасында да, ата-ана мен балалар арасында да азаматтық құқықтық, адамдық қатынастармен байланысты. Отбасы өзінің күні бүгінге дейін қоғамға мәлім тарихи формалар арқылы белгілі белгілі бір дәрежеде мемлекеттің тәрбиешісі, ұясы ролін атқарып келді. Себебі әр отбасының тәрбиелілігі азаматтың беделі, ол мемлекеттің тәрбиелілігінің айнасы. Отбасы қоғамдық мақсат негізінде өмір сүретін, адамның алғашқы адамгершілік әліппесін үйрететін адамгершілік мектебі болып есептеледі.
Халықтық педагогика отбасындағы тәрбиенің негізі болып саналады. Өйткені адамның жеке басының мінез-құлқын қалыптастыру, оның бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру көбіне үйде ата-ананың тікелей әсерімен жүзеге асады.От ертеден бері отбасы тұтқасы болып саналады. Ата-бабамыз қазақ халқының тұрмыс тіршілік сөзінде “менің үйім” деген ұғымның орнына “менің отбасым” сондай-ақ бір үйдің орнына “бір түтін” деп үй иесін “отағасы” деп атаған.
Тренингтік технология туралы жалпы түсінік.
Тренинг – жаттықтыру, жаттығу/ ағылшын сөзі. Тренингтің жүйелі бір классификациясы берілмеген. Тренингтер - өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға бағытталған, араласушылық тренингтер, жеке адам дамуын ынталандыратын тренингтер, оқыту тренингі.
ХХ ғасырдың екінші жарытсынан бастап психологияның қолданбалы және тәжірибелік салаларында «тренинг» түсінігі пайда болды және кеңінен қолданыла бастады. Қазіргі таңда «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы болмағанмен, бұл әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылуда.
Ресейлік психолог Л.А. Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», ретінде қарастырады.
Осы пікірлер негізінде тренингті «психологиялық әсер ету» деп негіздеуге болатындығы айтылып жүр. Сондықтан да тренингті студенттің кәсіби үйлесімділігін және ұжымның психологиялық феноменін мақсатты түрде өзгертуде, білім беруде, тәрбиелеуде, жаттықтыруда көпқырлы әдіс ретінде қолдануға болады .
Білім беруде тренингті қолдану арқылы алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» - дамытуға жағдай жасалады.
Сонымен қатар эмоциялық тұрғыдан жекебастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады.
Педагогикалық тренинг жұмысының нәтижелі болуы оқыту барысында шешімін табуға тиіс міндеттерге жүргізушінің ықпал ете алуына байланысты. Нәтижесінде, алға қойылған мақсаттармен бірге, топтың әрбір мүшесі кері байланыс көмегімен өз-өзін жаңа қырынан ашу және өз-өзін түсіну тәжірибесін игереді. Тренинг барысында топ мүшелері өзара үйрену процесіне тартылады, сондықтанда олар әдетте жетекшіге емес бір біріне сенім артады.
Ресей ғалымы Л. А. Петровская тренингті білімге және жеке қабілеттерге үйретудің өзіндік түрі және оларды түзетудің сәйкес формасы ретінде қарастырды. Бұл формалардың алуан түрі үлкен екі класқа бөлінеді:
а) арнайы қабілеттерді дамытуға бағытталған;
б) қатынас жағдайында талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталған.
Болашақ маманды жеке тұлға деп қарастырсақ, ол С.И.Ожегов сөздігінде: «жеке тұлға – адам қандай да бір қасиет, қабілетті тасушы» ретінде көрсетіледі. Жеке тұлға онда екі мағынада қарастырылады: кез келген саналы адам; өзінің психикалық үрдісін, мінез-құлық, жүріс-тұрысын басқара алатын қабілетті адам. Ал, белгілі психолог Қ.Жарықбаектың пікірінше тұлға – өзіне де айналасындағыларға да өзгеріс жасай алатын адам . Олай болса, болашақ педагог маман маңайына, өзі білім беретін жеткіншектерге дамытушылық тұрғыдан әсер ететін, оның өміріне өзгеріс ендіретін адам ретінде дайын болуға тиісті. Педегог маманды қалыптастырып өзінің болашақ ісіне дайындау оңай мәселе емес екені белгілі. Қалыптасу – адам тұлғасының дамуында немесе оның жеке қасиеттеріндегі белгілі бір фактордың әсер етуінен болатын өзгерістер. Қалыптастыру – яғни, адамның өмір сүру әрекетін ұйымдастыру, тәрбие мен білім беруді жүзеге асыру, тұлғаның бойында белгілі бір қасиетті дамтуға ықпал ету.Осы ықпал етудің көптеген әдістері мен формалары бола тұра соның ішінде тренингтің мүмкіндігінің молдығын атап өтуге болады.
Ғылыми еңбектерде «Тренинг – жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара қатынас жаттығулар жүйесі» деген анықтама беріледі.
«Тренинг» сөзі біздің педагогика ғылымына өткен ғасырдың екінші жартысында ғана ене бастады. Бұған дейін осы сөзге мағыналас «жаттығу» сөзі кеңінен қолданылып келді. Қазір осы екі термин де педагогика саласында кеңінен қолданылып келеді. Жай жаттығудан тренингтің айырмашылығы онған біліктілігі жоғары маман басшылық етуге тиісті.
Біз өз тәжірибемізде маманға теориялық білім берумен қатар оларды бастауыш сыныптарға сабақ берудің әдіс тәсілдерімен, білім беруді ұйымдастыру формаларымен таныстырып, оларды сол істі шебер орындаудың жолдарына төселтіп, жаттықтыруға тиіспіз. Бұл көптеген жаттығулардың, қайталанатын іс-әрекеттердің нәтижесінде жүзеге аспақ. Осы жағдайда қолданылатын тренингтердің түрлері көп. Солардың ішінде оқытудың белсенді әдістерін жүйелеуге қарай: оқытуды ұйымдастыруға қолданылатын әдістер мен формалардың тиімділігін анықтауға; нақты міндеттерді шешуге бағытталған. Ол үшін тренингтің мына түрлерін қолдануға тырыстық:
Оқу-жаттығу тренингі;
Белсенді оқыту;
Тренинг-семинар ;
Кәсіби-педагогикалық тренингі.
4 – ші пропорционал шаманы табуға берілген есептермен жұмыс.
4 – ші проп.л шаманы табу қарапайым 3-тік ережесі деп аталады. Бастауыш сыныпта шамалар арасындағы байланысқа есептер шығарылады. Олар 4 – ші проп.л шаманы табу, проп.л бөлуге есептер шығару, екі айырма бойынша белгісізді табу т.б.
4 – ші проп.л шаманы табуға берілген есептерде 3 шама беріледі. Оның біреуі тұрақты шама , екеуі айнымалы. Айнымалының бір мәні беріледі. Екінші мәні белгісіз болады.
4 – ші проп.л есептерді шығарудың 4 түрін қарастырамыз.
1 нәрсенің бағасы, саны, құны бойынша белгісіз айнымалының мәнін табу.
Мысалы: 2 кг сәбізге 30 тг төленді. Бағасы осындай 6 кг сәбіз қанша тұрады.
Есеппен жұмыс
Есеп түрін анықтау.
Дайындық кезең
Есеп мазмұнын таныстыру.
А) есепте не туралы айтылған
В) не белгілі
С) не белгісіз
Д) есепте не жайлы сұрайды
4. Талдау
Билет № Мадина
