Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед гос кам.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

1.Адамгершілік тәрбиесінің маңызы мен міндеттері. Ұлы адамдаодың ойлары.

Адамгершілік тәрбиесі- жастардың қоғамға,отбасына,еңбкке,білімге,Отанға,жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады.Адам-ең әуелі адамгершілігімен,парасатының биіктігімен көрікті.Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы,принциптері,мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдендіреді.Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдың негізгі міндеті-адамның мінез-құлқын тәрбиелеу,осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру,адам мен қоғам арасындағы қатынастарды реттеу.

Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері әл-Фараби,Ыбырай,Абай т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.әл-Фараби «Адам өз өмірінің қожасы,сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек.Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап,жиған-тергенін орынсыз шашпай,кез-келген адамға сырын ашпай,өзінің мақсат-мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек.Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады» деген.

Абай адамгершілік,әдептілік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырған.Оның бірінші қоятын талабы-мораль жағынан ұсамды,таза болу,сыпайы мінезді,жақсы құлықты,әділетшіл,шыншыл болу. «Әдепсіз,арсыз,байлаусыз,сұрамсақ,өсекші,өтірікші,кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден,жарамсыз қылықтардан сақтанып,өзін одан ары жоғары санаса ғана адам парасатты болады»

Екінші талабы-тұрақтылық. «қылам дегенін қыларлық,тұрам дегеніне тұрарлық,мінезде азғырылмайтын ақылды,арды сақтарлық беріктігі,қайраты бар болсын»дейді.

Үшінші талабы-әділетшілдік.Әлеуметтік міндеті-дүниені белсене құрушы адамның бірі болып,халқы,Отаны үшін қызмет жасауы.

Ақын мейірімділік қасиетке терең мән берген (төртінші қара сөзі)

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті-ыстық қайрат,нұрлы жол,жылы жүрек.

Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек деп Абай атамыз айтып кеткен.

С.Көбеев. «Өлкетану мұражайларына және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа апару,еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен бірге мәдени-әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек» дейді.Оның пікірінше ,жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек.

Адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөлігі-ұлтжандылық,елжандылық,отаншылдық қасиеттер.

Ұлы адамдардың айтқан пікірлері

Арам табақтан адал ас өтпейді. Жанақ Сағындықұлы

«Сіз»-әдеп, «Біз»-көмек. Мақал

Алдымен адамның адам сипаты болуы тиіс. Міржақып Дулатов

Келген қонаққа достық көңіл,қонақжайлық пейіл таныту-үй иесінің борышы. Төле би

Шешен сол-сөйлер сөзден қамалмаса,

Жақсы сол-істер ісін тәмамдаса. Шал Құлекеұлы

  1. Мұғалім психологиясы

Жанерке жібереді бұның жауабын С\м Камооо

  1. Математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқыту.

«Математиканың бастауыш курсының негіздері»пәні болашақ мұғалімдерге математиканы табысты оқып үйретуге,оқушыларды математика курсы ұғымдарының негізгі мектепте қолданылу мүмкіндіктерін көре білуге қажет болатын даярлықты қамтамасыз етеді.Математиканың бастауыш курсының негіздері пәні бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби даярлығы жүйесіндегі арнаулы пән ретінде өткен ғасырдың ХХ жылдары жоғары мектеп жұмысын ұйымдастырудың бір ыңғай мемлекеттік принциптері анықталған кезде қалыптаса бастады. Бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби теориялық білім педагогика, психология, әдістеме ғылымдарын оқытумен бірге бастауыш сыныптардағы негізгі пәндер – қазақ тілі, математика, ана тілі, бейнелеу өнері, дүниетану, музыка, т.б ғылымдардың негіздерін меңгерту арқылы да белгілі. Мектептің бастауыш сатысында берілетін математикалық білім мазмұны қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, алгебра элементтері, сандар нумерациясы, геометрия элементтері, шамалар және оның өлшем бірліктері деп аталатын бөлімдерден тұрады. Математика білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер білім мазмұнының жетекші компоненттері және білім, түсіну, қолдану, жоғарғы сипаттағы бірліктер деп аталатын категориялар арқылы бейнеленген оқу материалдарын меңгерту деңгейлерін ескере отырып анықталады. Мұнда есте болатын нәрсе – оқушылардың математикалық мәдениетін көтеру, математиканы оқып – үйренуге ынталандыру, нақты дағдыларды бекіту. “Математиканың бастауыш курсының негіздері пәнінің” білім мазмұның қысқаша кесте түрінде көрсетейік.

№

Тараудың аты

Берілетін теориялық білім мазмұны

1

Жалпы ұғымдар

Жиын ұғымы, жиындардың берілу тәсілдері

2

Теріс емес бүтін сандар жиыны

Натурал сан, 0 ұғымдары. Теріс емес бүтін сандар мен оларға қолданылатын амалдар, қасиеттері

3

Есеп және оны шығару

Жай және құрама есептер. Есепті шешу тәсілдері мен әдістері

4

Алгерба элементтері

Өрнектер, теңдік, санды теңдік және санды теңсіздік, теңдеу және оны шешу тәсілдері

5

Геометрия элементтері

Қарапайым геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері. Геометриялық фигуралардың ауданы мен көлемін есептеу

6

Шамалар және оларды өлшеу

Шамалар (Ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт, жылдамдық, баға) және өлшем бірліктері, олардың арасындағы байланыс, шамаларға қолданылатын арифметикалық амалдар