- •Мазмұны
- •I.Есептеу жұмыстарын ұыймдастыру және дк ақпаратты өңдеу
- •1.1 Дк құрылымдарының техникалық параметрлері
- •1.2 Программалау тілдерінің мінездемесі
- •1.3 Есептің шешуін табуүшін алгоритмды өңдеу
- •II. Дк қызмет көрсету және пайдалану
- •2.1 Дк аппаратуралық және программалық бақылауының түрлері
- •2.2 Дк конфигурациясы және құрымдылығы
- •3.1 Жүйелік технолониялар
- •Іii.Қазіргі ақпараттық технологиялар
- •3.2 Жергілікті желіні баптау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Қосымша
2.2 Дк конфигурациясы және құрымдылығы
Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:
жүйелік блок;
дисплей немесе монитор;
пернетақта;
тышқан.
Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан. Компьютердің ен негізгі құрылғысы — жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы,енгізу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.
Жүйелік блок мыналардан тұрады:
-микропроцессор
- оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады
- тұрақты есте сақтаушы құрылғы
- қоректендіру блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары.
Информацияны өңдеу, сақтау және беру үшін төмендегідей құрылғылар қолданылады:
Микропроцессор. Микропроцессор бір кристалда дайындалған интегралдық схемалар-БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ-ды жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы рөлінде қолдануға болады. Микропроцессорға жедел, тұрақты жад және енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады.
Процессор- көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен акпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді. Процессор тікелей компьютердің класын аныктайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Іntel Реntium процессорлары х86 топтамасына жатады. Бұлардын негізін қалаушы 16-разрядты Іntеl-8086 процессоры болып табылады. ІВМ РС компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Іntеl 80286, Іntеl 80386, Іntеl 80486, Іntеl Pentium 60,66,75,90,100,133; Іntеl Pentium ММХ, Іntеl Pentium Рго, Іntеl Pentium II, Іntеl Сеіегоп, Іntеl Pentium III процессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Іntеl фирмасы болса, кейінірек ADM, Суrіх фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады. Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері (модельдеріне) мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік — олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерц-пен өлшенеді. Мысалы, Іntеl Pentium типтегі процессорлар 75, 90, 100, 120, 133, 150, 166, 200 және 233 МГц жиілікпен жұмыс істейді. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ процессор баяу, жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы түкке де жарамай қалады. Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады. Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді Кез келген бағдарламаның, амалдық жүйенің де, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті жадының біршама көлемі талап етіледі.
Компьютердің жады — оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады.
Жедел жад - немесе жедел есте сақтау кұрылғысы ақпараттың кез-келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербескомпьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Pentium типтес компьютерлердің жедел жадының көлемі 3 Мбайттан 256 Мбайтқа жетеді. ОЗУ-дың құрылысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.
Тұрақты жад - стандартты програмаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты (ВІОS, таңба генераторларының кестесін және т.б.) энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютержұмысы кезінде бүл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оғанақпарат жазу арнаулы құралдар (программалауыштар) арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін түрін қүрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік программалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу процесі аяқталған соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердің бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады.
Қатқыл диск- үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтауға арналған негізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дискілердің жинағынан тұрады. Қатқыл дискінің негізгіпараметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады. Қазіргі кезде қатқыл дискінің көлемі 40 Гбайтқа жетті және ол одан әрі ұлғайтылуда.
Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дискілермен жабдықталған. Компьютерді сатып ала отырып, сіздер тұрғылықты дискінің сыйымдылығы сипаттаманың алғашқы жолдарында (оперативті жады көлемі және процессордың жылдамдығымен қатар)
келтірілгенін көресіздер. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы тұрғылықты дискілердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан да үлкен болады.
Иілгіш дискілерге арналган дискжетек- бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап кою үшін қажет. Иілгіш магниттік дискілер (дискет) арнауды дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан. Қазіргі дербес компьютерлерде 3,5 дюймдік дискеттер қолданылады. Оған 1,44 байт келеміндегі ақпарат жазылады.
Жинақы-дискіге арналған дискжетек- 1994-1995 жылдары аралығында дербес компьютерлердің құрамынакіретін диаметрі 5,25 дюймдік дискілерге арналған дискжетек алып тасталынып, оның орнына өлшемдері тура осындай болатын СD-RОМ тасуыштарын енгізді. СD-RОМ (Соmpact Disk Read-Memory) сөзінің қазақша аудармасы жинақы-дискіге негізделген түрақты есте сақтау кұрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650 Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы мультимедиялық ақпараттарға (графиктік, музыка, бейне) тән, сондықтан СD-RОМ дискжетегін мультимедия аппараттық құралдар қатарына жатқызады. Лазерлік дискіде таратылатын праграммаларды мультимедиялық басылымдар деп атайды.
Монитор (Дисплей) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.
Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден (ЭСТ) тұратын мониторлар қолданылады. Бұндай мониторларда экрандағы кескін электрондардың ағындарынан пайда болады. Бұл электронды ағындарды монитордың ішінде орналасқан электронды зеңбірек өте жоғары жылдамдықпен экранға қарай бағыттайды. Экранның ішкі қабаты люминофор қабығымен қоршалады. Осы қабық электрондардың әсерінен жарқырап, қажетті кескінді экранда бейнелейді.
Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.
Пернетақтада жоғарыда аталған пернелерден басқа, маңызы осылардан кем емес арнайы пернелер де бар. Оларға (енгізу пернесі), (жою пернесі), (артқа қарай өшіру), (үлкен регистрді қосу) және т.б. пернелер жатады.
Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl және Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін Alt+Shift (кейде Ctrl+Shift) пернелерін қатар басады, яғни алдымен Alt (Ctrl) пернесін басып тұрып, содан кейін Shift пернесін басады да, олардың екеуін де босатады.
Тышқан – «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады. Соңғы кезге дейін ішінде темір шар орналасқан механикалық тышқандар қолданылып келген болатын. Бұл тышқандардың ішінде орналасқан темір шар өзара перпендикуляр орналасқан екі шағын білікті айналдырып, компьютерге «оңға-солға» және «жоғары-төмен» деген жылжыту сигналдарын береді. Бұл тышқандарды арасында тазалап отыру қажет болды. Қазір олардың орнына оптикалық тышқандар жиі қолданылады . Оптикалық тышқанның бұрынғы механикалық тышқаннан айырмашылығы - тышқанды жылжытатын ауыр шариктер мен ролик біліктерінің болмауы. Бұл тышқандардың ортасында орналасқан арнайы жарық сәулелері кілемшенің бетіне шағылысып, экрандағы тышқанның курсорын жылжытатын арнайы командаларға ауысады.Тышқанның жазық беттегі қозғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жак батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.
